13
мамандардың жəрмеңкелеріндегі эпизодтық кездесулер, жоғары оқу
орындарының кəсіпорындармен ынтымақтастық туралы шарттары
бастамашыл-жеке сипатта көрінеді жəне жалпы реформалар саясаты-
на елеулі ықпал етпейді. Өкінішке орай, жұмыс берушілер жоғары оқу
орындарының білімін дамыту міндеттерін шешуден босатылған. Осы-
дан келіп екі параллельді əлем – білім берудің жоғары оқу орны жүйесі
жəне еңбекпен қамту саласы бар сияқты көрінеді. Бұның дұрыс шешімі
диалог арқылы мүмкін болатын білім берумен қатар, əлеуметтік про-
блемаларды тудырады» [108, 21 б.].
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да үлкен назар аударылуда,
оның ұйымдастырылуы сандық өзгерістермен қатар, сапалы да өзгеретін
болады. Келешекте мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу уақыты 3
айға дейін артады, оның базасында біліктілікті арттыруды жүргізетін
оқу мекемелерінің тізімдері де өзгереді, - бұл жерде педагогтардың
біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы мен Назарбаев зияткерлік
мектептері маңызды рөл атқаруы тиіс. Білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жұмыстарында облыстық
институттардың қызметтері біршама өзгереді.
Соңғы жылдары білім берудің барлық деңгейлерінде мазмұнды
жаңарту бойынша едəуір қадамдар жасалды, бұл жаңа мемлекеттік
жалпыға міндетті білім стандарттарын əзірлеуде жəне енгізуде
іске асырылған. Білім стандарттарын енгізу өз уақытында білім
кеңестігінде білім беру мекемелерінің, оның ішінде, мемлекеттік жəне
мемлекеттік емес (жеке) мекемелер типтерінің сан алуандығымен си-
патталатын бірыңғай міндетті нормаларын (ең аз талаптарын) тапсы-
ру қажеттілігіне негізделген болатын. Нормативтік құжаттар ретінде
стандарттарды енгізу анархияға жол бермей, қарама-қайшылыққа
позитивті ауысуы мектептің демократияландыру үрдістерін реттеуге,
білім қызметтерінің барлық тұтынушылары құқықтарының сақталуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Білім жүйесін технологиялық
қамтамасыз ету барысында компьютерлік техника, мультимедиа
құралдарын қолдану сияқты инновациялық өзгерістер кеңінен өріс
алып келеді.
Инновациялық білім технологияларын, оның ішінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану білім үрдісіне
қатысушылар қызметінің сипаты мен мəнін өзгертеді. Соңғы уақытта
оның үлесі, əсіресе, жоғары кəсіби білім беруде едəуір артқан,
қашықтықтан оқытуда студент пен оқытушының қызметі, оқу барысын
ұйымдастыру түбегейлі өзгеруде.
Білім беру барысын ұйымдастырудағы жəне білім мазмұнын
жетілдірудегі жаңа көзқарастар білім беру сапасын бағалау межелерінде
14
бағалаудың əдістері мен технологияларын жəне т.б. өзгерту қажеттілі-
гіне əкеп соқты.
ҚР-ның білім беру жүйесінің даму динамикасын талдау оның өткен
жолын хронологиялық құрылымдауға мүмкіндік береді. Азиаттық даму
банкімен жоғары білімге қатысты басталған жобада келесі мерзімділік
əзірленген [дəйексөз бойынша: 108, 10-11 б.]:
Бірінші кезең (1991-1993 ж.ж.) – Қазақстанның білім беру
жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының құрылуы – Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңын (1992 ж.) жəне «Жоғары білім
туралы» Заңын қабылдаумен сипатталады (1993 ж.). Осы заңдар білім
беру мен басқаруды демократияландыру, əсіресе, жоғары оқу орнының
ашықтығының негіздерін қалады.
Екінші кезең (1993-1995 ж.ж.) – жоғары білімді қосқанда, білім
беру мазмұнын барлық деңгейде тұжырымды қайта қарастыру. ҚР
Президентінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» (1995
жылғы 30 тамыз), «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен
толықтыруларды енгізу туралы» (1995 жылғы 5 қазан) Жарлықтары
заңнамалық негіз болды. Осы кезең, біздің ойымызша, білім беруді
орталықтандыруды күшейтумен жəне мемлекеттік бақылауды артты-
румен ерекшеленеді.
Үшінші кезең (1996-1997 ж.ж.) – білім беру мəнінің тұжырымды
жаңартылуы жəне ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардың іске
асырылуының басталуы. Осыған басқаруды орталықсыздандыру жəне
білім беру жүйесін қаржылдандыру, оқу мекемелері типтерін жəне
олардың меншік түрлерін диверсификациялау жөніндегі шаралардың
жүзеге асырылуын жатқызуға болады. Оған ҚР Президентінің
«Қазақстан Республикасының білім мəселелері жөніндегі кейбір
заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы»
Жарлығы негіз болуда (1996 жылғы 27 қаңтар).
Төртінші кезең (1998-2007 ж.ж.) – білім беру саласында болған
өзгертулерді бекіту, жоғары білімді қосқанда стратегиялық даму
негіздерін бекіту жəне енгізу.
ҚР «Білім туралы» (1999 ж.) Заңы, «Білім» Мемлекеттік
бағдарламасы (2000 ж.) «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жыл-
дарда білім беруді дамыту» (2004 ж.) бағдарламасы қабылданған.
«Білім туралы» жаңа Заң қабылданды (2007 жылғы 27 шілде).
Жоғары оқу орнының əлемдік білім беру кеңістігіне енуіне ықпал
ететін халықаралық келісімдерді, оның ішінде Лиссабон конвенция-
сын, Сорбон жəне Болон декларациясын жүзеге асыру үрдісі бастал-
ды. Жоғары оқу орындары студенттерді кредиттік технология бойын-
15
ша оқытуға жəне бакалавр академиялық дəрежесін беру мен жоғары
білімді жүзеге асыруға, сондай-ақ магистрлерді, философия докторла-
рын (PhD) жəне бейін бойынша докторларды дайындауға ауысуда.
Білім сапасының менеджменті - білім жүйесінің, оның кезеңдерінің
ажырағысыз құрылымдық элементі, сонымен қатар, «уақыттың нақты
ауқымында» оның жемісті қызмет етуі жəне көз жетерлік болашақта
дамудың негізі бағыттарын болжау факторы.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
жетілдірудің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында көрсетілген.
Осы Бағдарламада басты мақсат болып білімнің бəсекеге
қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға
арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ада-
ми капиталды дамыту көзделген. Бағдарламалық мақсаттардың ішінде
мыналар көрсетілген:
– білім беру қызметіне тең қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағыт-
талған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
– педагог кəсібінің беделін арттыру;
– білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалып-
тастыру;
– жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының
интеллектуалды, дене жəне рухани жағынан дамыған азаматын
қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз
ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің
экономикалық əл-ауқаты үшін бəсекеге қабілетті адами капиталды да-
мыту;
– қоғамның жəне экономиканың индустриалдық-инновациялық
даму сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіби білімнің (əрі
қарай ТжКБ) жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру кеңістігіне кіргізу;
– еңбек нарығының, еліміздің индустриалдық-инновациялық даму
міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын
жəне білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай келетін
жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;
– өмір бойы білім алу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
– жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік
жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Аталмыш бағдарламаның мақсаттары бірқатар міндеттерді
көздейді:
– жоғары білімнің еуропалық аймағына кіргізуді қамтамасыз ету;
Достарыңызбен бөлісу: |