Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында


ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



жүктеу 10,12 Mb.
бет13/29
Дата14.11.2018
өлшемі10,12 Mb.
#19598
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

3.2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Арнайы оқытуды талап ететін қағидалар мен ережелер – білім алушылардың тілге саналы көзқарасы мен жауапкершілігін қалыптастырады. Келешекте тілдің иесі болатын жастардың тілдік сезімін күшейту, әсіресе, қазіргідей жаһандану өріс алған қоғамда өткірлене түсуде.

Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:

1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдылық беру. Тілдік білімді оқушының сөйлеу тілінің базасы ретінде меңгерту және тәжірибелік машықтарды қалыптастыру бағытында жетілдіру.

Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру жолы – «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қазақ тіл білімінің дамуына сәйкестендіру арқылы тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту, тілді оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.

Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті. Ғаламды танытып отырған барлық ғылым табыстары қазақ тілі пәнінде жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.

10-11-сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.

Пән бойынша оқу жүктемесі:


  • қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.



  • жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім білім алушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол білім алушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.

Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар.

34-кесте – 10-11- сыныптарда ұсынылатын жазба жұмыстарының саны




Сыныптар



Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

10



2

2

2

2

8

11



2

2

2

2

8

Жаратылыстану-математикалық бағыты

10



1

1

1

1

4

11



1

1

1

1

4


Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);



- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);

- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8);

- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.

Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:

1) сөзді тасымалдауда;

2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;

3) әлі меңгерілмеген ережелер;

4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.

Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.

Жеңіл қатеге:

- ережеге бағынбайтын сөздер;

- автор сөзін берудегі тыныс белгілері жатады.

Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.

Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:



  • «5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;

  • «4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;

- «3» бағасы -оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ;

- «2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.

Ескерту:қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.

Емлелік қателерді түзету әдістері.Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.

Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескеретін жағдайлар:



  • мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;

  • орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;

  • түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;

  • емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;

  • сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.

«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс.

10-11-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен арнайы дәптерлер болуы тиіс және дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет.


35-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны


Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Барлығы

Қазақ тілі

1

1

2

«Қазақ тілі» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстары келесі тәртіппен орындау ұсынылады:



  • дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

  • дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

  • ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  • күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;

  • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

  • жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);

  • сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

  • мәтін азат жолдан басталады;

  • сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

  • талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

  • ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;

  • баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады;

  • талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау);

  • төл дыбыстарды дұрыс жазбаса жиек жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс;

  • дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;

  • дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.

Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:

  • орфографиялық қате - /.

  • тыныс белгілер қатесі – ۷

Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:

1. «Оқытуды ізгілендірудің мақсаты- оқушылардың өздігінен танымдық іс- әрекетін жүргізу»;



2. «Білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету және олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту – деңгейлеп, саралап оқытудың басты қажеттілігі»;

3. «Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйену»;

4. «Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері»;

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру»;

6. «Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы туралы»;

7. « Эссе жазу стратегиясы туралы».


Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.



Пән бойынша оқу жүктемесі:

  • қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.



  • жаратылыстану-математика бағыты бойынша:

10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.



Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.

Жазба жұмыстарына (эссе) қойылатын талаптар.
36-кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстары мен сыныптан тыс оқудың саны


Сыныптар

Жазба, сыныптан тыс оқу жұмыстарының түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10

Эссе

2

2

2

2

8




Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4




Барлығы:

3

3

3

3

12

11

Эссе

3

3

3

3

12




Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4




Барлығы:

4

4

4

4

16

Жаратылыстану-математикалық бағыт

10

Эссе

2

2

2

2

8




Сыныптан тыс оқу

1

1







2




Барлығы:

3

3

2

2

10

11

Эссе

2

2

2

2

8




Сыныптан тыс оқу

1

1







2




Барлығы:

3

3

2

2

10


37-кесте Эссе көлемі


Сынып

Көлемі (оқушы дәптерінің беті)

10

6-8 бет

11

6-8 бет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілді. Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) - сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы. 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауда ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан тапсырады.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (http://nao.kz) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу туралы мұғалімдер мен оқушыларға көмекші құрал ретінде әдістемелік ұсынымдама әзірленді. Әдістемелік ұсынымдамада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілген. Сонымен қатар, эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылды.

Эссе –шығарма жанрының бір түрі

Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін стильде жазылуы оның ең негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе - автордың жеке басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты.



Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жанрында жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс.
38-кесте – Эссе мен шығарманың айырмашылығы.





Эссе

Шығарма

Анықтамасы

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. 

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі

Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.

Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссежеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелергенегізделеді.

Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.

Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.



Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Эссенің әдеби тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады. Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет. Әдеби эссенің мақсаты, өзіндік жазылу ерекшеліктері бар. Мақсаты, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. Мысалы, «М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін талдап жаз». Әдеби эсседе автордың тосын және қатыгез эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазады.

Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына, сондай-ақ, өзінің өмірлік тәжірибесіне (жеке әсерлеріне, өзіндік ойларына, біліміне және т.б.) сүйенуімен дәйектеуге болады.

Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде білім алушы көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибесіне де (сезімі мен тақырыпқа қатысты ойларына және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.

Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.

Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша көлемі 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады.

Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет.

Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.

Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің мақсаты – өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту. Эссе мазмұнында ең алдымен ойды нақты және сауатты тұжырымдау, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдану, себеп-салдар байланысын және тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.

Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:

- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;

- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.

Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.

Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):

- кіріспе;

- тезис, дәйектер;

- тезис, дәйектер;

- қорытынды.

Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.

Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуымен ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін. Дәйектеме мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін. Мәселені тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.

Эссе жазу барысында мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі:

- ұзақ кіріспе;

- детальдар санының жетіспеушілігі;

- мысалдары суреттелмей берілген пайымдаулар;

- көпсөзділік, себебі, эссе көлемі нақты мөлшермен шектелген;

- автордың шынайы ойын көрсете алмайын ұзын сөйлемдердің болуы, қайта керісінше қысқа сөйлемдер үлкен әсер қалдырады. Эсседе ұзын сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болады;



- ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады, эссенің мәні төмендейді.
39-кесте – Эссе мазмұнын бағалау өлшемшарттары


Өлшемшарттар

Дескрипторлар

Балдары

Тақырыпты ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі

2 балл

ұсынылған тақырыпты ұғынуы

1

эссе тақырыпқа сай келмейді

0

Проблеманы көрсетуі

1

эссе проблемасы ашылмаған

0

Дәйектемелер

3 балл

эссе тақырыбына сәйкес келетін көркем шығармадан алынған дәйектердің болуы,

1

көркем шығармадан алынған дәйектердің болмауы

0

автордыңұстанымыннақтылайтынбасқадереккөздерденалынғандәйектердіңболуы

1

автордың ұстанымын нақтылайтын басқа дереккөздерден алынған дәйектердің болмауы

0

автордың жеке көзқарасының болуы

1

автордың жеке көзқарасының болмауы



Композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі

3 балл

композияциялық тұтастықтың болуы, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды

1

тезистік бөлімнің болмауы

0

ішкі логиканың болуы, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге өту дағдысының болуы

1

логикалық байланыстың болмауы мағынасын түсінуге кедергі келтіреді

0

сонылық, ерекшелік (қызықты байланыстар, ойламаған бұрылыстар)

1

шығармашылық көрініс жоқ

0

Сөйлеу мәдениеті

2 балл

көркем – бейнелеу құралдарды және

стилистік сөздерді, бай лексикасын қолдану



1

сөйлеудегі бірыңғай грамматикалық құрылым

0

эмоционалдылық, тіл шешендігі

1

сөйлеу тілінің жұтаңдығы

0




Барлық балдардың жиынтығы

10

Әдеби тақырып және еркін тақырып бойынша эссенің сауаттылығы келесі кестеде көрсетілген өлшемшарттармен бағаланады


40-кесте – Сауаттылықты бағалау өлшемшарттары


Өлшемшарттар

Дескрипторлар

Балдары

Орфография

3 балл

Орфографиялық қате жоқ, немесе

1 жеңіл қате



3

1-2 қате жіберілді

2

3-5 қате жіберілді

1

5-тен көп қате жіберілді

0

Пунктуация

3 балл

пунктуациялық қате жоқ,

немесе 1 қате жіберілді



3

2-3 қате жіберілді

2

4-5 қате жіберілді

1

5-тен көп қате жіберілді

0

Грамматикалық

норманысақтау

2 балл

грамматикалық қате жоқ немесе,

1 қате жіберілді



2

2-3 қате жіберілді

1

4-тен көп қате жіберілді

0

Стилистикалық

норманнысақтау

2 балл

стилистикалық қателері жоқ, немесе 1 қате жіберілді

2

2-3 қате жіберілді

1

3-тен көп қате жіберілді

0




Барлық балдардың жиынтығы

10

Төменде бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау шкаласы келтірілген


41-кесте – Бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау


Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Мазмұны

0–3

4–6

7–8

9–10

Сауаттылығы

0-3

4-6

7-8

9–10


Назар аударыңыз!

Осылайша, эссеге екі баға қойылады: мазмұнына және сауаттылығына. Бірінші баға «Қазақ әдебиеті» пәніне, екіншісі– «Қазақ тілі» пәні бойынша журналға қойылады. Қорытынды баға жылдық және емтихан бағасы негізінде қойылады.

Егер мектеп бітіруші таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнін таңдаса, әдебиет пәні бойынша алған бағасына емтихан тапсыру барысындағы тестілеу бағасы қосылады. Қорытынды баға жоғарыдағы принцип бойынша қойылады.

Кітап оқу тілдік іс-әрекет ретінде коммуникация тәсілінің маңызды бір түріне жатады . Осыған байланысты сұраққа жауап беру ғана емес сұрақты қою дағдыларын дамытуға, драмалық шығармаларды рөльге бөліп оқуға қатысуға, сондай-ақ, мәтінді толық, қысқаша, таңдап, айтушының жағын өзгертіп айтып беруге ерекше мән беріледі. Жоғары сыныптарда оқудың негізгі түріне дауыстап оқу жатады. Дауыстап оқу оқудың қарқынын өңдеу үшін өнімсіз, сондықтан оқылатын мәтін көлемін біртіндеп көбейту арқылы білім алушылардың «іштен оқу» дағдыларын қалыптастыру қажет.

Жоғары кезеңде зерттеушілік және көз жүгірте оқу (қарап шығу) біліктіліктері жетіле түседі. Мәтін ақпарат алу көзі ретінде қолданылады.

Оқу стратегиялары

Оқушының білім жолы мен іс-әрекет бағдарламасы оқу стратегиясы деп аталады. Оқу стратегияларын үйрену ақпараттық деңгей иерархиясын ашу біліктілігі ғана емес (дәлел, пікір, пайымдау), мәтін мағынасының иерархиясы (негізгі ой, тақырып, тақырыпшалар, шағын тақырып және т.б.), және әрине, түсіну процесі (рефлексивтік ақпарат), яғни оқу барысындағы түсіну рәсімі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін дамытуға аналитикалық, интерпретациялық және сыни оқу өнерін меңгеру көмектеседі. Мәтіннің мағынасын түсініп оқу қабілетін меңгеру әр уақытта кітап бойынша өнімді оқуға мүмкіндік береді.

Стратегияны меңгеру барысында білім алушылардың тілдік қана емес, коммуникативтік құзыреттілігі де топта және жұпта іске асады.

1 стратегия. Бағытталған оқу.

Мақсаты: оқу мәтінін мақсатты түрде оқу біліктілігін қалыптастыру.

Проблемалық сұрақтар қою, топта талдауға қатысу.

1. Өзектілігі.

«Ассоциативті бірлестік» тәсілі: мұғалім тақтаға түйінді сөзді немесе мәтін тақырыбын жазады, білім алушылар бірінен кейін бірі өздерінің ассоциацияларын айтады, мұғалім тақтаға жазып отырады. Бұл тәсілді қолдану білімді өзектендіреді, келесі іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырады әрі жұмыс жасауға ынталана түседі.

2. Білім алушылар шағын көлемді мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды да белгіленген жерде тоқтайды.

3. Мұғалім оқылған мәтін бойынша проблемалық сұрақ қояды.

4. Бірнеше оқушының жауаптарын сыныпта талдайды.

5. Білім алушылар оқиғаның одан әрі қарай қалай өрбитінін болжайды.

2стратегия. Жұппен оқу жұпта талдап қорыту.

Мақсаты: негізгі ойды табу, оқығанын тезис түрінде талдап қорыту, проблемалық сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру.

1. Білім алушылар мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды.

2.Мұғалім білім алушыларды жұпқа бөліп, нақты нұсқау береді. Әрбір білім алушы екі рөлді орындайды: баяндамашы – бір тезис түрінде мазмұнын қорытындылайды және оқиды ; респондент – баяндамашыны тыңдайды және нақты екі сұрақ қояды . Одан әрі рөлдермен алмасады.

3.Мұғалім талдауға барлық оқушыларды тартады.

3.стратегия Оқимыз және сұраймыз.

Мақсаты: баспа ақпараттарымен өз бетінше жұмыс жасау, сұрақты тұжырымдау, жұпта жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру.

1. Білім алушылар ұсынылған, мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін бөлігін іштерінен оқиды.

2. Білім алушылар жұптасып оқылған мәтіннен қандай негізгі ойды алуға болатынын талдайды. (Мәтінде қандай сөз жиі кездесті? Неше рет? Қандай сөз қалың шрифтпен белгіленген? Неге? Егер сіз мәтінді дауыстап оқысаңыз , осы сөйлемнің басты сөйлем екенін қалай түсіндірер едіңіз? Фразаны дауыс арқылы бөліп көрсету туралы. Бұл жерде жаттап оқу бар).

3. Білім алушылардың бірі кілт сөзді пайдаланып сұрақты тұжырымдайды, екіншісі оған жауап береді.

4.Кілт сөзді, сұрақтар мен жауапты сыныпта талдау. Түзету жұмыстары.

4 стратегия. Екі түрлі жазбаларға арналған күнделік.

Мақсаты: оқу барысында сұрақ қою, ақпаратты сын көзбен қарап бағалау, оқылғанды өз тәжірибесімен салыстыру біліктілігін қалыптастыру .

1. Мұғалім білім алушылардың дәптерін екі бөлікке бөлуіне нұсқау береді.

2. Оқу процесінде білім алушылар дәптердің сол жағына таңғалдырған, әсер берген, фактілерді еске түсірген, көз алдына келтірген бір ассоциация кезеңдерін жазады; оң жағына – бұл кезеңнің несімен таңғалдырғанын , қандай ойға жетелегенін, қандай ассоциация туғызғаны туралы ықшамды түсініктеме жазады .

5. стратегия Белгілеп оқу.

Мақсаты: ойланып оқуын, ақпараттарды бағалап, автордың ойын өз сөзімен тұжырымдап оқу біліктілігін қалыптастыру.

Мұғалім білім алушыларға келесі қадамдар бойынша ақпаратты жұлдызшалармен дәптердің жиегіне жазуға тапсырма береді :

v

Таныс ақпарат.



+

Жаңа ақпарат.

--

Мен басқаша ойлап едім.



?

Бұл мені таңғалдырды, одан да көп білгім келеді.

Бұл стратегия мұғалімге белсенді оқу іс-әрекетіне сәйкес қолайлы жағдай туғызуға, ал оқушыға алған ақпаратын жүйелеуге , автордың ойын өз сөзімен тұжырымдауға, ойланып оқуға мүмкіндік береді

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:



4 мамыр - әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдеби шығармашылығының көрнекті өкілі Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл (1668);

25 маусым - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл(1893 -1937);



15 тамыз - Ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халықтар Достығы» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл (1928);

28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл(1893);

Қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан Сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 175 жыл (1843).

Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:



  1. http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

  2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;

  3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;

  4. http://abai.kz - ақпараттық-танымдық сайт;

  5. http://u-s.kz - ұстаздар сайты;

  6. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;

  7. http://sabak - сайт творческих учителей Казахстана;

  8. http://ojarovaroza.ucoz.kz - қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы

  9. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;

  10. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты;

  11. http://u-s.kz/publ/ - ұстаздар сайты;

  12. http://sabaq.kz - ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;

  13. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;

  14. http://oqu-zaman.kz - ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді сайт;

  15. http://tarbie.org - ұстаздар сайты;

  16. http://kazbilim-edu.kz - оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;

  17. http://bilimtime.kz - Ұстаздарға арналған сайт.

18. https://kundelik.kz/
жүктеу 10,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау