Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында


Жалпы білім беретін мектептердегі алтыншы күнді (сенбі) өткізу туралы ұсынымдар



жүктеу 2,82 Mb.
бет18/19
Дата23.11.2018
өлшемі2,82 Mb.
#24390
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Жалпы білім беретін мектептердегі алтыншы күнді (сенбі) өткізу туралы ұсынымдар.
Алтыншы күннің (сенбі) басты мақсаты – сенбі күндері білім алушының бос уақытын оқушының әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған падалы етіп өткізуді қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру.
Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері болып келесілер табылады:


  1. қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын максималды түрде қанағаттандыру;




  1. балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін өзі басқаруды жетілдіру;




  1. білім алушылардың бос уақыттарын максималды қамту есебінен жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен қызмыстардың тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;




  1. «отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;

  2. салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Алтыншы күннің (сенбі) бағыттары бола алады:



237


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Зияткерлік Патриоттық жән азаматтық-құқықтық Адамгершілік-рухани Ұлттық тәрбие


Экологиялық, экономикалық Спорттық-сауықтыру Ақпараттық мәдениет
Көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық)
Оқушылардың кәсіби бағдарлары (әр айдың екінші, төртінші сенбісі). Бес күндік оқу жағдайында алтыншы күн (сенбі) оқушылардың
денсалығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өз бетімен білім алуға және дамуға уақытын көбірек бөлуге бағытталуы қажет және балалардың қызығушылықтарын ескеріп, сондай-ақ оларды ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жобаларды іске асыруға араластыру арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет.
Бұл Күн балалардың жалпы мәдени, көркемдік, әлеуметтік, тұрмыстық, кәсіби және басқа да қызығушылықтары негізінде түрлерінің, формаларының және бағыттарының түрлі болуымен, оған педагогтер мен ата-аналардың мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады.

Жұмыстың формалары оқушының сабақтан тыс қызметін шектмеуі қажет


(музыка, аспаздық, спорт, фестивальдер, олимпиадалар, «Алло, біз таланттарды іздейміз» байқаулары, жарыстар, КТК, қашықтықтан өткізілетін бағдарламалар, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын әзірлеу және басып шығару және т.б.).

Алтыншы Күн мектепке келесідей өткізілуі мүмкін:



Оқушыларға арналған ісшаралар: факультативтер, дайындық курстары, пәндік олимпиадалар, танымдық, байқаулық-көңіл көтеру байдарламалары, экскурсиялар, мәдениет мекемелері мен мектептен тыс жұмыс орталықтарына бару, тақырыптық би кештері, спорттық жарыстар, бейін бойынша іс-шаралар, қызығушылықтары бойынша мектеп студияларының, клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер:


  1. журналистикалық, жас репортер мен редактор жазбаша және ауызша жанрда өз күшетірін сынап көреді;




  1. психологиялық, ол жерде балалды өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған

ортамен аралсуды үйретеді, өз қабілеттерін дамытуды және кемшіліктерін жеңуді үйретеді;




  1. тарихи-археологиялық, теорияны оқу мен музейлерге баруды, саяхаттарда жергілікті жерлерді зерттеуді үйлестіреді;




  1. техникалық шығармашылық, пайдаланушының компьютерлік,

компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;

- үштілділік жағдайындағы шет тілдері;


238


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

- қисынды ойлауды, ден қоюды, өз бетінше әрекет етуді және т.б.

дамытуға арналған шахматтық үйірмелер.
Бұл өз кезегінде қызмет түрін ауыстыруды қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ стилін, араласу ортасын, қоршаған жағдайды өзгертуді қамтамасыз етеді . Алтыншы күнді (сенбі ) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.
Мұғалімдерге арналған ісшаралар: кәсіби байқаулар, сынып жетекшілерінің шығармашылық есеп берулері, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінң презентациялары мен есептері, тренингтер, көркемдік қолдан жасалған бұйымдардың байқаулары, мектептің психологиялық қызметінің кеңестері, мектеп жобалары: «Сенбілік қарқын», «Қосымша білім күні», «Бос уақытты бірге өткізу күні», «Мектеп сенбісі», «Шығармашылы және дамыту күні» және т.б.
Ата-аналарға арналған ісшаралар: ата-аналардың құқықтық жаппай оқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.
Алтыншы күнді (сенбі) ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдерімен және мектептегі өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мектептің алтыншы күнінің жоспарын әртоқсан сайын әзірлеп отырғандары жөн. Осы күннің барлық іс-шаралары педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Алтыншы күннің (сенбі) қорытындысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.
Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

239


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


14 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапханалық жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы – оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады. Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі түрлерімен қатар инновациялық формалары де енгізілуде. Мектеп кітапханаларының қызметі кітап қоры мен оқулықтар қорының маңайында ғана болатын. Білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу бұл жағдайды өзгертті. Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға негізделген , қазіргі қоғам өміріне ойдағыдай қатысу үшін ең маңызды болып табылатын, ақпараттарды алу және идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Оқытуға байланысты қызмет көрсетіп, кітаптар мен материалдар, мектеп қоғамдастығының барлық мүшелеріне сыни тұрғыдан ойлауға, дағдылануға мүмкіндік береді және барлық тасымалдағыштар мен әртүрлі форматтағы ақпараттарды қолдануға тиімді болып табылады. Әр кітапхана өзінің даму стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Осыған байланысты кітапханашының да рөлі өзгереді: оқушыға жақсы кітапты ұсынушы және беруші, ақпараттық жаңа технологиялар саласындағы маман, оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімдермен бірлесіп жүйелі тәсіл әзірлеуші. Мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты – білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, рухани -адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.


Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханасы жұмысының мақсаты алдыңғы қатарлы педагогикалық тәсілдерді, жаңа ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу көрініс табады. Осы негізде мектеп кітапханасы:
– пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар мен педагогтерге қолда бар барлық оқу-әдістемелік және қосымша қолданыстағы немесе медиа ресурстармен тегін және еркін қолдану құқығын қамтамасыз етеді;

– жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхана ұсынған қызметтер номенклатурасын жетілдіру, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;


– экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге тәрбиелеу;

240


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

– қолданушының шығармашылық әлеуетін дамыту, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту;


– білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру.
Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты:

1. Мектептің алдына қойылған және оның оқу бағдарламасымен бекітілген


білім беру мақсаттарын қолдау, нығайту.


  1. Анықтамалық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету арқылы білім алушылар мен педагогтерге өздігінен білім алу мен оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету. Білім беру жобаларында білім алушылар мен оқушыларға көмек көрсету.




  1. Оқырмандарға тәуелсіз кітапханалық пайдаланушы дағдысын қалыптастыру: кітапты және басқа да ақпараттық тасымалдағыштарды пайдалана білуге, іздеу, іріктеу, ақпаратқа сыни баға беруге үйрету.




  1. Жаңа кітапханалық технологияны игеру және дәстүрлі технологияны жетілдіру. Құжаттарға неғұрлым толық және тез қол жеткізуге мүмкіндік жасау. Ақпараттарды алуда білім алушылар, ата-аналар, педагогтарға әдістемелік консультациялық көмек беру.




  1. Оқушыларға шығармашылық ойлау, кітапхананы пайдалана білу, кітап оқу мәдениеті, кітапқұмарлық, ақпараттық мәдинетін дамытуға тәрбиелеу. Балаларға оқуға әдеттенуін қолдау және дамыту, оқу және одан қанағаттану. Өздігінен оқуына ықпал ету.

  2. Барлық білім алушыларға коммуникацияның әртүрлі түрлерін қоса, тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру.




  1. Ақпаратты өңдеу мен жинақтау, жинау және оны пайдаланушыға жеткізу. Кітапханада бар ақпараттық деректер базасында кітапханалық іс-шаралар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізу.




  1. Оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету мақсатында мектеп кітапханасының кітап қорын қалыптастыру;.




  1. Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, пайдаланушылар арасында мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту.




  1. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа халықтардың тілінде және мемлектеттік тілдегі әдебиеттерді насихаттау.




  1. Кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру.

  2. Әлеуметтілік және мәдени қабілеттілік пен білгірлігін жетілдіруге мүмкіндік беру, іс-шараларды ұйымдастыру. Мектеп іс-шараларын өткізуде АКТ пайдалану болып табылады.

Бүгінгі таңдағы мектеп кітапханашысының қызметі мен болашақтағы мектеп кітапханасы рөлінің тәжірибесі мен педагогика ғылымындағы үш көзқарас, үш басты тәсілдер байқалды.


Бірінші тәсіл мектеп кітапханасы базасында жаңа медиатека-бөлімшесін жасау қажеттілігін негіздеу немесе мектептің кітапханалық медиаорталығына, кітапханашыға қосымша функция медиамаман міндетін атқару.

241


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


Екінші тәсіл кітапхана мектептің ақпараттық орталығы болуы керек, ал кітапханашы ақпар беруші функциясын өзіне алуы керек.
Үшінші тәсіл білім беру мекемелерінің өзіндік міндеттерімен педагогикалық құрылымдық бөлімшесі ретінде қарастыру керек.
Мектеп кітапханаларының айрықша белгілері – басқа әлеуметтік жүйелер аясында оны әлеуметтік жүйе ретінде жұмыс істету. Жаңартылған білім мазмұны контексінде білім беру ұйымдарын олардың алдына мынадай міндеттер қояды-оқушының шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. Кітапхана оқу-тәрбие процесінде көмек беретін, шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін тиімді жандандыруға қабілетті және осы жерден барлық мектеп кітапханасының басты міндеті шығатын, білім беру ортасының элементі болып табылады.
Қазіргі заманғы кітапхана пайдаланушыларына барлық оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу бағдарламалары, әртүрлі баспа шығармалары, аудио, бейне материалдары, электрондық тасымалдағышта ақпараттар (сонын ішінде электрондық оқулықтар) кешендерін ұсынады. Сол арқылы ақпараттың барлық түрлерін тиімді қолдану мен сыни ойлауын дамытуға себептеседі.
Мектеп кітапханасын жаңғырту мектеп кітапханасы функциясын күрделендіру мен кеңейту, кітапханалық-ақпараттық қызметтерін өзгертумен бірге жүреді. Мектеп кітапханасы тек ағымдағы оқу процесін және оқушының кітап оқуына жетекшілігін қамтамасыз етпейді, енді ол жаңартылған білім мазмұнының ресурстық базасы, мұғалімдердің ақпараттық орталығы болып табылады. Кітапханашы пән мұғалімдерінің күрделі сауалдары мен ақпараттық ресурстар арасында делдал болады.
Кітапханашы мен мұғалімнің бірлестігі білім алушылардың сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалана білуге дағдылану, есте сақтау, оқу дағдыларын, дамытуға көмектеседі. Оқу бағдарламаларына ақпараттық қолдау білім беру мекемелерінің құрамдас бөлігі ретінде мектеп кітапханасы үшін басымдық болып табылады. Кітапханаға ақпараттық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету жолымен мектептің оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Сонын ішінде кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын тиімді жүргізе отырып, кітапхана қорын сапалы жинақтау негізінде білім беру процесінің вариативті әртүрлі мазмұнын қамтамасыз ету т.б.
Қазіргі кезде кітапханалардың технологиялық қызметін жүзеге асыруға көмектесетін түрлі электронды бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың мүмкіндіктері (АБИС) кең, олардың жинағы Академия сайтында орналастырылған «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту бойынша» атты әдістемелік ұсынымдарда берілген.

242


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


1-қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі





Облыстардың,

Білім беру ұйымының атауы

Білім беру

Оқыту тілі



Астана және










ұйымының







Алматы










түрі







қалаларының



















атауы
















1.

Ақтөбе облысы,

«Арман» мектепке дейінгі ұйым

қалалық

қазақша,




Ақтөбе қаласы













орысша







№39 балабақша




қалалық

қазақша,



















орысша







№32 мектеп-гимназия

қалалық

қазақша,



















орысша







Ақтөбе

көлік,

телекоммуникация

қалалық

қазақша,







және жаңа технологиялар колледжі




орысша







Ақтөбе гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша,



















орысша

2.

Қарағанды

«Мерей» балабақшасы

қалалық

қазақша,




облысы,













орысша




Қарағанды













«Бәйтерек» балабақшасы

қалалық

қазақша,




қаласы













орысша







№53 жалпы орта білім беретін

қалалық

қазақша,







мектеп










орысша







№92 гимназия




қалалық

қазақша,







Қарағанды гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша,



















орысша

3.

Астана қаласы

№29

балабақша




қалалық

қазақша







№9 балабақша




қалалық

орысша







№59 мектеп-лицей

қалалық

қазақша,



















орысша







№ 22 мектеп-гимназия

қалалық

орысша







Гуманитарлық колледж

қалалық

қазақша,



















орысша

4.

Алматы қаласы

№27

балабақша




қалалық

орысша







№156

балабақша




қалалық

қазақша







№35 гимназия




қалалық

орысша







№131 мектеп-лицей

қалалық

қазақша,



















орысша







№172 жалпы орта білім беретін

қалалық

қазақша







мектеп



















№55 жалпы орта білім беретін

қалалық

орысша







мектеп



















№1

Алматы

қазақ-мемлекеттік

қалалық

қазақша







гуманитарлық-педагогикалық













колледжі










243







№2

Алматы

қазақ-мемлекеттік

қалалық

қазақша,







гуманитарлық-педагогикалық




орысша







колледжі










5.

Алматы облысы,

Есік

гуманитарлық-экономикалық

қалалық

қазақша,




Есік қаласы

колледжі







орысша

244


2-қосымша
Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже
1. Жалпы ережелер


    1. Күнделік – оқушының мектептегі негізгі құжаты.

    2. Күнделік 2 – 11-сыныптарда жүргізіледі.




    1. Күнделіктің негізгі міндеті – ата-аналарды және оқушыларды келесі мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады:




  1. мектеп әкімшілігінің құрамы;

  2. сыныпта сабақ беретін педагогтер;

  3. аптадағы және тоқсандағы сабақ пен қоңырау кестесі;

  4. үйірмелер, секциялар, факультативтер кестесі;




  1. үйге берілген тапсырмалар;

  2. оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі;

  3. босатылған сабақтар және кешігулер;

  4. ескертулер мен марапаттар.

2. Оқушылардың күнделік толтыру бойынша қызметі


      1. Күнделік көк түсті сиямен анық, ұқыпты, уақытылы, сауатты толтырылуы тиіс.




    1. Күнделіктің алғашқы үш беті (оқушының Ф.А.Т., мұғалімдердің тізімі,

  1. тоқсанның күнтізбесі, үйірмелер мен факультативтер, қосымша сабақтар және консультациялар) алғашқы екі апта ішінде, яғни 15 қыркүйекке дейін толтырылуы тиіс.




    1. Оқушылар күн сайын үй тапсырмасын тапсырылған күннің бағанына, мектеп каникулдары кезінде – сыныптан тыс және мектептен тыс шаралар жоспарын жазады.




    1. Күнделікте өзге жазбалар мен суреттер болуға жол берілмейді.

    2. Оқушылар алған бағасын естігеннен кейін күнделікті пән мұғаліміне

береді.

    1. Оқушылар әкімшіліктің, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің талабы бойынша күнделікті ұсынады.


3. Пән мұғалімдерінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру


      1. Пән мұғалімі оқушының жауабын бағалағаннан кейін бағаны сынып журналына және бір мезгілде күнделікке қояды, оны қол қою арқылы растайды.




    1. Пән мұғалімі оқушының күнделігіне оның оқу әрекеті бойынша ескертулер, ұсыныстар жаза алады. Күнделіктегі жазу қысқа әрі сыпайы болуы тиіс.


4. Сынып жетекшісінің күнделікпен жүргізетін жұмысын
ұйымдастыру

  1. Сынып жетекшісі осы Ережеде берілген күнделік жүргізуге қойылған талаптардың орындалуын апта сайын тексереді.




  1. Оқушының апта ішінде алған бағаларының күнделікке қойылуын қадағалайды; қажет болған жағдайда қойылмаған бағаларды қойып, өзінің қолымен растайды. Апта ішінде қатыспаған сабақтардың санын көрсетеді.

245


  1. Оқушылардың күнделікке баға қоюына жол берілмейді.




  1. Сынып жетекшісі ата-аналар тарапынан оқушы күнделігіне бақылау жасауын қатаң қадағалайды.




  1. Тоқсан аяқталғаннан кейін сынып жетекшісі күнделіктің жинақ ведомосына тоқсандық бағаларды қояды, өзінің қолымен растайды.




  1. Каникулдан кейінгі бірінші аптада сынып жетекшісі тоқсандық бағалардың төменгі жағында ата-аналардың танысқанын растайтын қойған қолдарын тексереді.




  1. Сынып жетекшісі күнделікте оқушының сынып және мектеп өміріне қатысудағы белсенділігін және нәтижелілігін көрсете алады.


5. Ата-аналардың қызметі

    1. Ата-аналар апта сайын күнделіктегі жазбалармен танысады және қол

қояды.
5.2. Күнделіктің соңындағы жинақ ведомосына тоқсанына бір рет қол қояды.


5.3. Ата-аналар күнделікке жазылған әрбір ескерту, хабарландырудан кейін қол қояды.


  1. Мектеп әкімшілігінің қызметі

    1. Мектеп әкімшілігі күнделік жүргізу бойынша Ережеде бекітілген

талаптарға сәйкес 2-11-сыныптар оқушыларының күнделік жүргізуіне жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Күнделікке әкімшілік бақылау жасау кезінде келесі жағдайлардың болуы тексеріледі:


– сыныптағы педагогтер туралы ақпарат;

– тоқсан (жарты жылдық) және ағымдағы тоқсанның сабақ кестесі;

– сабақ қоңырауларының кестесі;

– секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және т.б. жұмыс кестесі;


– үй тапсырмалары;

– пән мұғалімдері және сынып жетекшісі қоятын ағымдық бағалар;

– ата-аналардың қолдары.


  1. Әкімшілік бақылаудың қорытындысы бойынша күнделіктерді тексеруші анықтама жазады, онда анықталған кемшіліктер көрсетіледі, ескертулер жазылады және белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген қателерді жою бойынша ұсынымдар беріледі.

  2. Әкімшілік күнделіктің жүргізілуін бақылау нәтижелері бойынша сынып жетекшілерін және пән мұғалімдерін марапаттауға және тәртіптік жазалауға құқылы.

246





Тәрбие жұмысын жоспарлау формасы

3-қосымша






























Қызметтің

Шара

Күні

Жауапты

Өткізу

Нәтижелерінің




бағыттары










формасы

жіті талдауы






















1

Ұйымдастыру



















шаралары және



















талдау-



















диагностикалау



















қызметі
















2

Қазақстандық



















патриотизм және



















азаматтық.



















Этникалық



















мәдениет
















3

Рухани-



















адамгершілік



















мәдениет
















4

Зияткерлік



















мәдениет
















5

Экономикалық



















мәдениет
















6

Салауатты өмір



















салты және және



















тәрбиесі
















7

Ата-аналармен



















жұмыс

















I. « Ұйымдастыру шаралары және талдау-диагностикалау қызметі» бағыты
Мақсаты: өмірдің ағымдағы мәселелерін шешуге қабілетті сынып ұжымын ұйымдастыру; тұлғаны зерделеу және қажет болған жағдайда оқушылардың тәрбиесін түзету.
Міндеттері:

  1. оқушылар туралы ақпарат жинау және талдау;




  1. оқушылардың даму деңгейін анықтау (ойлау, шығармашылық қабілеттері, физикалық және психологиялық денсаулығы және т.б.);




  1. тұлғалық-бағдарлық көзқарас негізінде әрбір баланың дамуы мен тәрбиесі үшін тиімді жағдайлар жасау.


Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

1. Оқушылармен танысу ("Сынып картасы", "Импульс", "Қар жентегі",


"Күн", өзара танысулар).


  1. Тапсырмаларды бөлу. Сынып белсенділерімен жұмыс. Өзін-өзі басқару. Жеке жұмыс. Сынып жиналыстары, оқушылар конференциясы. Апталық газетті шығару. Тазалап жинау. Сыныптың ақпараттық стенді.




  1. Оқушылар сауалнамасы ("Мен Қазақстанның азаматымын", "Мен кіммін? Мен қандаймын?", "Маған өзің туралы айтшы", "Оқушылардың

247


мотивация біліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау", "Оқу мотивацияларын және оқу пәндеріне қатынасын зерделеу", "Алаңдаушылық деңгейін айқындау", "Біз таңдаймыз, бізді таңдайды" және т.б.).


  1. Диагностика: адамгершілік басымдықтар (аяқталмаған сөйлемдер әдісі); "Ағаш, немесе мен өз бойымда қандай қасиеттерді қалыптастырдым (тәрбиелілікті зерделеу әдісі); "Адами қасиеттерді сақтайтын орын"; оқушылардың шығармашылық белсенділігінің деңгейін болжау әдісі, сыныппен жүргізілетін жұмыстың нәтижелілігін зерделеу әдісі және т.б.

  2. Ойындар: "Өзім туралы айтып беремін", "Әлеуметтік драма", "Елсіз аралға барамыз".




  1. Тестілеу: "Маған қалай қарайды? ", "Менің оқуым", "Сіз өзіңізді білесіз

бе?".

  1. Социометриялық зерттеулер.




  1. Психологиялық тренингтер: пікірталастар, дебаттар, КТК, "Менің жан дүнием", "Мен және қоршаған әлем", "Достық сауалдар конверті" және т.б.


II. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.
Этникалық мәдениет. Мақсаты:


  1. өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету;

  2. азаматтық белсенділік, құзыреттілікті қалыптастыру;




  1. сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету;

  2. азамат-патриоттың егемен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие-білім беру жүйелері жағдайында тұлғаны этникаландыру.


Міндеттері:

    1. тұлғаны әлеуметтердіру үшін жағдай жасау;

    2. азаматтық өзіндік сананы қалыптастыру;




    1. ұлттық келісім негізі ретінде ізгілікке, бейбіт сүйгіштікке тәрбиелеу;

    2. құқықтық сананы және заңға бағынушылықты тәрбиелеу;

    3. әлеуметтік дағдылар қалыптастыру;

    4. жеке адамдар мен халықтар арасында ынтымақтастыққа қабілетті тұлғаның өзіндігін нығайту;




    1. оқушыларда әлемдік мәдениеттің және Қазақстан мәдениетінің алуан түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың этникалық тәрбиесі ерекшеліктерін ескеру негізі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінде этнос субъектісін қалыптастыру.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

1. Мемлекеттік және халықтық мерекелер (ҚР Тәуелсіздігі күні, ҚР

Конституциясы күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Наурыз және т.б.).


  1. Тақырыптық сынып сағаттары, линейкалар, әңгімелер ("Менің Қазақстаным", "Мәңгілік Елдің мызғымас жеті негізі", "Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасы", "Қазақстанның даму кезеңдері", "ҚР-ның әлемдік экономикалық дамудағы орны", "ҚР рәміздері", "Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!").




  1. Музейлерге саяхаттар, Қазақстанның тарихымен танысу.

  2. Дебаттар "Қазақстандық патриотизм – бұл ..."

248


  1. Саяхат-ойын "Менің Атамекенім", "Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлері".




  1. Пікірталас "Мәңгілік Ел – бұл Тарих, Мәдениет және Тіл ортақтығы".

жүктеу 2,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау