Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



жүктеу 2,82 Mb.
бет15/19
Дата23.11.2018
өлшемі2,82 Mb.
#24390
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

8 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен, ал 1-сыныптарда ҚР БҒМ № 233 бұйрығымен реттеледі.
Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму бұзылыстары түрлері бойынша сараланады:


  1. есту қабілеті бұзылған балалар үшін;




  1. көру қабілеті бұзылған балалар үшін;




  1. сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;




  1. тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;




  1. психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;

  2. зияты бұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі).

Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында бөледі.
Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын да және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын да пайдалану арқылы іске асырылады.
2014 жылы бастауыш білім беру деңгейінің арнайы білім беру бағдарламалары келесідей бағыттарда әзірленіп, Академияның сайтына орналастырылды (www.nao.kz):
1) есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушылар үшін; 2) есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған)
оқушылар үшін; 3) көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін) оқушылар үшін;
4) сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушылар үшін;

5) психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін;


196


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


  1. жеңіл ақыл-ойы кем балалар үшін;




  1. орташа ақыл-ойы кем оқушылар үшін.

Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. 0 (дайындық) және 10 сыныптар есебінен мектептегі оқу ұзақтығын арттыру білім алушылардың даму ауытқушылықтарымен байланысты оқу процесінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты.


Зияты зақымдалған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі , сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл -ойы кем білім алушыларды оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.
Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда РФ әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігін және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.
Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағаты оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).

Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратын тұлғалармен) бірге зерделенетін пәндер тізімін анықтайды, сыныптар бойынша олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде оқытудың Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сағаттарды бөледі.

Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесс мектеп штатындағы мамандардың (арнайы психолог, логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) психологиялық-педагогикалық қолдауымен іске асырылатын баланы зерделеудің психологиялық -медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.
Мамандардың өзара іс-әрекет нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.
Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету-педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген

197


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сағаттар аясында психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін фронтальды, топ бөлігінде және жеке сабақтарда алады (түзету компоненті). Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.


Арнайы мектептердегі жұмыс алдын-алу бойынша қажетті жағдайларды құратын, бұзылған қызметтердің орнын толтыратын және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде 0-4 сыныптарда, ал 5-9,10 сыныптарда мектеп басшылығы қарауымен ұйымдастырылады.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Типтік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.


Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топты жиынтықтау олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Қатар және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. Сабақты өткізу барысында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сынып екі топқа бөлінеді.
Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілі күрделі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады.
1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:


  1. бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;




  1. негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.


Дайындық (0) және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі. 5 сыныптан бастап қазақ әдебиетін зерделеу

198


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра және «Геометрия» пәндерін оқыту 8 сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.

Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:


    1. «Заттық – тәжірибелік оқыту» (0-4 классы). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық түсініктерді игеру;

    2. «Түзету ырғағы» (0-4 сыныптар). Міндеті – электроакустикалық аппараттарды қолдану арқылы естіп қабылдауын қарқынды дамыту жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту;




    1. «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. ҚР естімейтін оқушыларды оқыту есту-көру негізінде іске асырылады, оқыту процесіндегі ыммен сөйлеу оқушыларға бағдарламалық материалды сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

    2. «Ауызекі және тұрмыстық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – еститін адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын күнделікті қатынас сөз қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту;




    1. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту және (ДАҚ және ЕҚД). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.

0 мен 4-сыныпқа дейін ДАҚ және ЕҚД сабақтары бір сыныпқа апталық жүктемемен 18 сағат көлемінде жүргізіледі. 5-6-сыныптарда жеке сабақтарға бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда сөйлеу дыбыстарын қою және машықтандыру аяқталады деп болжамдалады және тек сөйлеу тіл дыбыстарын ажырату жүргізіледі және естіп қабылдауын дамыту және сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру жұмысы жалғасады, сөйлеуде жұппен жұмыс жасау және әдіби мәтіндерді естіп қабылдау жұмысы басталады. 7-9-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД бойынша сабақтар аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10-сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады. Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.


Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.


  1. Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:




  1. бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар;




  1. негізгі орта білім - 5-10-сыныптар.

199


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.


Дайындық (0) және 1-4-сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін және негізгі мектепте оқыту мерзімінің артуын ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі.
Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.
Оқу жоспарына түзету курстары қосылған: «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10-сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7-сыныптар), «Айналамен таныстыру» (0-2-сыныптар ). Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.


3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:


  1. бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар;




  1. негізгі орта білім - 5-10-сыныптар;




  1. жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады . 1-4-сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.

200


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Екінші сатыдағы оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, пән мұғалімдерімен іске асырылатын әр оқу пәнінің аясында жылдық оқыту бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.


11-12-сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады.
Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.
Білім беру процесінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.
Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін , арнайы курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін оқушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.
4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:


  1. бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар;




  1. негізгі орта білім - 5-10-сыныптар;




  1. жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін әрі қарай бастауыш мектепте оқытуға дайындық және психикалық даму деңгейін анықтау мақсатында пропедевтикалық-диагностикалық дайындық сыныбы ұйымдастырылады.


1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары шешіледі (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру). Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.
Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.
Бейімдік дене тәрбиесі сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.
5-10-сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

201


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

11-12-сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.


Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушылар топ бөлігінде және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:


    1. емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-3 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;




    1. тіл дамуының кемшіліктерін дамыту бойынша сабақтарды ұқсас тіл бұзылыстары бар оқушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

    2. танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.

Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігі ойын формасында өткізу мақсатты.


Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.
Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсымаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін. Факультативтік сабақтарды анықтау барысында оқушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.


  1. Сөйлеу күрделі бұзылыстары бар оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқыудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:




  1. бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;




  1. негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.


Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:


  1. ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;

  2. сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.

202


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген 1 жастан 4 жасқа дейінгі кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.


Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.
Сөйлеу тәртібін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыс айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке-топтық логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы » сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.
Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық көмекті жеке, топ бөлігінде және фронтальды сабақтарда алады.
Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған ( ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 реттен кем емес өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Топ бөліктеріне сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді . 5-10 сынып оқушыларымен логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың топ бөлігі формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.
Фронтальды сабақтың ұзақтығы (0, 1-4 -сынып) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.
6. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:


  1. бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;




  1. негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде бұзылыстары)айқын көрінетін балалар қабылданбайды.


Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Оқушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде бұқаралық типтегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.

203


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.


Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін зерделеу сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, бағдарламаны бейімдеу және оқушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске асырылады.
Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.
Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.
Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті «Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ). Арнайы кіріктірілген түзету курсы «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» түзету курсы (0-4-сыныптар) психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәні бойынша сабақтар үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.
Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін оқушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде топ бөлігімен (2-4 оқушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен оқушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінен сағаттар мен пән мұғалімдері арасында үлестіріледі. Қандай топта болсын білім алушының сабақта отыру уақыты


204


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір оқушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылар үшін логопед жеке немесе топпен сабақ өткізеді.


Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар оқушылармен логопед жеке-шағын топтық сабақтар жүргізеді.
Жеке және топтық түзету сабақтары оқушылардың максималды жүктемесі шегінде көрсетіледі. Типтік оқу жоспарында көрсетілген әрбір сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке оқушының жүктемесіне емес, педагогтардың жүктемесіне кіреді. Әрбір оқушы үшін оқытудың бірінше сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.
Факультативтердің сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және қарым қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға ( Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ), болмаса еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.
7. Танымдық қабілеті бұзылған балаларды оқытудың ерекшеліктері (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі)
Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту мақсаты – танымдық және эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім беру және еңбекке дайындау құралдарымен дамыту, қоғамдағы бітірушілерді келесідей кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.
Дайындық сыныбына сондай-ақ білім беру процесінде және тәрбиелеу жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады.

Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:




  1. бірінші саты – дайындық деңгейі (0, 1-4-сыныптар);




  1. екінші деңгей – 5-9-сыныптар.

Сәйкес материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлық шарттар болған жағдайда білім беру ұйымдарында терең кәсіби-еңбекке даярлау 10-өндірістік сыныпта ұйымдастырылады.


Бірінші деңгейде ақыл-ойы кем оқушыны жан-жақты психологиялық-медициналық-педагогикалық зерделеу, оның мүмкіндіктері мен білім беру процесін ұйымдастыру формасы мен әдістерін қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.
Екінші деңгейде балалар тәжірибелік бағытқа ие және еңбектің әртүрлі профилі бойынша дағдылары бар жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады. Әлеуметтік бейімдеу мен кәсіби-еңбекке даярлауға назар аударылады.
Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалау болмайды. Оқушылардың білім алудағы алға басу нәтижесі олардың өнімді қызметіне талдау жасау

205


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сөйлеу тілінің, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған ұсақ-түйектерінің даму деңгейі негізінде анықталады.


Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке ықпалды қолдану арқылы іске асырылады. Сараланған ықпал негізінде ақыл-ойы кем оқушыларды (В.В.Воронкова бойынша) педагогикалық топтастыру жатыр. Осыған байланысты І-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін баллдық бағалау критериалдық болып табылады және жеке мониторинг негізінде іске асырылады. ІІ-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін бағалауда білім беру процесін дараландыруға негіз болатын критериалдық сипаттап бағалау қолданылады (Ақыл-ойы кем балаларды критериалдық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (www.nao.kz) қарауға болады).
5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін үйренуге бөлінеді.
«Түзету технолгиясы » циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедиялық сабақтар), «Танымдық әрекетін түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Жеке және топ бөлігімен жүргізілетін түзету сабақтардың ұзақтығы – 20-25 минут. Топ бөліктері сөйлеу тілі мен психофизикалық бұзылыстарының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі сабағына арналған топ дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды түрде жүргізіледі. Түзету компоненттерінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау баллмен бағаланбайды, ол сипаттама түрінде болады.
4-тен 6 сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні ендіріледі.

7 және 9-сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке оқыту іске асырылады. Мектепке жеке еңбек түрі бойынша бағдарлама әзірлеу құқығы ұсынылады.


Жазғы еңбек тәжірибесі оқу жылының аяқталысымен немесе оқу мерзімін ұзартқан жағдайда ағымдағы жылдық мөлшерлеме бойынша жүреді.
5-6-сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9-сыныптарда мектеп шеберханаларының базасында іске асырылады . Еңбек тәжірибесінен өткізу мерзімі мен тәртібі жергілікті жағдайларға байланысты мектеп Кеңесімен (педагогикалық кеңес) анықталады. Мектепте білім алу еңбекке оқыту бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатыла алады. Факультативтік сабақтарға бөлінген сағаттар еңбекке оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда мектепте осы оқушыларға арналған арнайы сыныптармен екінші бөлім ашылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту аталмыш катеориядағы оқушыларға арналған Типтік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке оқу бағдарламалар бойынша іске асырылады. Ол баланы жарты жылдан

206


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

аспайтын мерзім аралығында сынып педагогының және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық кешенді зерделеуі негізінде құрылады . Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір оқушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартжылдыққа жоспар құрылады.

Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы және тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторигілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.
Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны мыналарды: өзі туралы түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік бағыттылығына ие және тәриеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.
Бірінші сатыда оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу, сенсорлы) дамуына бағытталған. Оқушылардың жеке дамуын алға бастыру шаралары пәндік оқытуға өтумен іске асырылады.

Екінші бөлімде оқыту мектеп ресурстары мен оқушылардың психофизикалық даму ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту профилі өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойынша бітіру емтиханын 2-бөлім оқушылары тапсырмайды.


Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың) оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.
Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектеп (сынып) бітірушілері облыстың (қаланың) білім басқармасы органдарының келісімімен мектепте әзірленген форма бойынша мемлекеттік үлгідегі куәлікке ие болады.

207


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жаңа оқу жылындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру ерекшеліктері келесідей факторлармен байланысты:


  1. «Білім туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу (ҚР 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы);




  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы);




  1. Бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңарту (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 Қаулысы);

«Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге қатысты қоолданылатын терминдер мен ұғымдар халықаралық қауымдастықпен қабылданған түсіндірме мен нақты сипатқа ие болды.


Мысалы, жаңадан енгізілген «ерекше білім беруге қажеттілік» термині тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, сонымен бірге емханада немесе үйде ұзақ мерзімге емделетін оқушыларға, мінез-құлқында эмоцияналдық проблемалары бар балаларға, жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, озбырлық көрген балаларға да және т.б. қатысты тиімді қолданылатын болды.
Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім беру» - бұл ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке -дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық балаларды оқыту үшін оңтайлырақ тәсіл ретінде халықаралық қауымдастықпен танылған білім берудегі инклюзияның мәнін ашады. Бұл жағдайда инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды, соның ішінде мигрант, оралман балалар, сондай-ақ қоғамға әлеуметтік бейімделуі қиын балалар сияқты басқа да санаттағы білім алушыларға сапалы білім берудің тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін.
Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.
Қазіргі уақытта негізгі және жоғарғы мектеп оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленді.

208


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


Инклюзивті білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оларды психологиялық-педагогикалық түзете қолдау:


  1. инклюзивті оқыту сыныптарында;

  2. жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда іске асырылады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге

қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған.


Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ҚР МЖМБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады.
Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай -ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.
Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Инклюзивті және арнайы сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын психологиялық-педагогикалық қолдаудың Жеке бағдарламаларымен сәйкес мамандар іске асырады.
Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.
Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады.
Психологиялық-педагогикалық қызмет жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы педагогтар

209


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

(тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.


Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі.
Мигрант, оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар , тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.



Мұғалімдерге арналған ұсынымдар

Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемшіліктерін ескеріп, сөздердің дұрыс дыбысталу, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу дамуының деңгейіне назар аударған жөн. Сонымен қоса мұғалімге жасына сай тұрмыстық міндеттерді шешу үшін балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қолдану іскерлігін дамытқан дұрыс.
Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерін ескеру қажет.
Адам және қоғам білім саласына қатысты пәндердің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда оларды қоғамға бейімдеу және мінез-құлықтарын түзету үшін бұл пәндердің жағымды әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттерін ескереді.
Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту процесіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін, жалпы және ұсақ моториканы дамытуын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескерген жөн. Сонымен қоса, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда жасырын таланттар мен шығармашылық әлеуетін таныту ықтималдығы жоғары болғандықтан , олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлген маңызды.
Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы білім алушылардың сенсорикасын (сезімталдығын) және ұсақ моторикасын, танымдық әрекеті мен қабілеттерін ескерген дұрыс.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеріп, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы қажет. Сонымен

210


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек.


Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің ерекшелігі мектеп деңгейінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі құндылықтармен таныстыру, білім беру процесінің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беруге жағымды көзқарасын қалыптастыру, ересектердің ұстанымын «ерекше балаларға» өзгерту болып табылады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердегі тәрбие процесі дені сау балалар мен олардың өз балалары мен ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды бірге оқыту тәжірибесіне жағымды қарым-қатынас танытпайтын ата-аналарының психологиялық дайын болмауының алдын-алуға арналған тақырыптық сынып сағаттарын қарастырады.

Сондай-ақ тәрбие, мәдени-іс-шараларды, спорттық-сауықтырушы және басқа да бос уақыттағы іс-шараларды жүргізуде барлық ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың, оның ішінде даму бұзылысының айқындық дәрежесіне байланыссыз мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады.


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
2016-2017 оқу жылында 1 сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады. Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.
Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ , оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.
Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда бағалануы керек:


  1. арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;




  1. білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;




  1. әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс

211


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.


Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.
Білім беру ресурстары мен технологиялары
Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22:

  1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.




  1. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау.




  1. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.




  1. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.




  1. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.




  1. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.




  1. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.




  1. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.

212


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


10 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кешкі (ауысымды) мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Кешкі мектепте және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы) және сырттай жеке оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады.


Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асырыуы мүмкін.
Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылады.
Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды.
Күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды аттестаттау жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.
Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі оқу нысаны бойынша қазақ тілдінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдері және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.
Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.
Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып оқыту қарастырыған. Технология, бейнелеу, дене тәрбиесі сабақтары оқытылмайды. Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады.
Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде , бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.

жүктеу 2,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау