Ерте жастағы балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық аспектілері. Балаларға математиканы білгізу қазіргі таңда үлкен мәнге ие болып отыр. Өйткені математика ғылымы білімнің түрлі салаларына тереңдеп енуде. Балалардың бойында алғашқы математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру барысында оның тікелей тәжірибелік нәтижесі ғана көрінбей кең көлемді дамытушылық нәтижесі де айқындауы керек.Балаларды математикаға үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері мен түрлі жолдары бар. Ойынға баланы тартатын нәрсе – оның оқулық міндеттері емес, ойындағы іс – әрекеттерді орындауға деген белсенділіктері, нәтижеге, жетуге деген қызығушылық. Алайда ойынға қатысушының окулық міндетінде көрсетілген білімі, ақыл – ойы болмаса, ол ойындағы іс – қимылдарды дұрыс орындай да алмайды, нәтижеге де жетпейді. Сондықтан ойынға қатысатын балада ынта – ықылас, есте ұстау, салыстыру, өз білімін нақтылау сияқты қабілеттер болуы керек. Балаларды математикаға үйрету туралы психо – педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай келе, мынадай тұжырымға келдім: - Жұмысты балалардың жас және жеке бастарының ерекшеліктеріне қарай жоспарлау және жүргізу; - Баларарға математиканы оқыту үрдісіне дидактикалық ойындарды енгізу; - Дидактикалық ойындарды әзірлеу мен жүргізуге балалардың өзін араластыру. Балалардың математикалық ұғымын дамыту үшін : 1. Оның мақсаты – балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту (жеке тұлғаның дамуы) 2 . Мазмұны дәстүрлі: Математикалық іс – әрекет түрлері: Салыстыру – санау Теңестіру – өлшеу Топтастыру – азайту 3. Әдіс – тәсілдер: Тәжірибелік (ойын үлгісінде) Эксперименттік; Модельдеу (үлгілеу); Қайта жасау; Құрастыру 4. Дидактикалық құралдар: Көрнекі құралдар (кітаптар, компьютер) Дьенеш блоктары; Кюизенер таяқшалары; Модельдер (үлгілер) 5. Балалар әрекетін ұйымдастыру формалары: Жеке шығармашылық әрекет; Шағын топтағы (3-6 бала) шығармашылық жұмыс; Оқулық ойын іс – әрекеттері (танымдық ойындар, сабақтар) Ойын тренингтері. - Көлемдер мен пішіндерге арналған тапсырмалар.
- Дидактикалық ойын: “Пирамиданы жина”
- “Пошталық жәшіг”
Ерте жастағы балалар оларды кубик немесе таяқшаларретінде қолданып әртүрлі пішіндер,суреттер құрайды. - Ерте жастағы балалар оларды кубик немесе таяқшаларретінде қолданып әртүрлі пішіндер,суреттер құрайды.
Кюизенер таяқшаларымен санау дағдысында есептерді шығаруға болады. - Кюизенер таяқшаларымен санау дағдысында есептерді шығаруға болады.
Ойын барысында маман бұрын әзірлеп келген сұрақтарын ғана қоймай, ойынның тақырыбы мен мазмұнына қарай балалармен еркін әңгіме ұйымдастырады, сөйтіп баланың ойынға кірісіп кетуіне жағдай туғызады. - Ойын барысында маман бұрын әзірлеп келген сұрақтарын ғана қоймай, ойынның тақырыбы мен мазмұнына қарай балалармен еркін әңгіме ұйымдастырады, сөйтіп баланың ойынға кірісіп кетуіне жағдай туғызады.
- Балалармен мұндай жұмыстар жүргізу белгілі бір математикалық ұғым қалыптастырумен қоса, олардың ойлау қабілеттерін дамытып, түрлі міндеттеріді шеше білуге үйретеді.
-
-
Күтілетін нәтиже Заттардың қасиеттерін біледі, сан үйренеді, заттардың формасы мен көлеміне байланысты қарапайым өзгерістер еңгізеді; Заттарды салыстырады, сәйкестендіреді, кезегімен қоюды, өзі елестеткендей тұрғыда жасауды үйреніп, шығармашылыққа ұмтылады; Іс – әрекетте бастамшылдық танытады, нақтылауда дербестікке ұмтылады, нәтижеге жетуде, тапсырманы орындауда өз күшін сынап байқады; Оны орындағаны, не орындап жатқаны туралы үлкендермен әңгімелеседі, ойын мазмұны жайлы құрбы – құрдастарына айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |