Оқу әдістемелік материалдары 5В072900 “Құрылыс” мамандығының студенттеріне арналған


Дәріс 2. Фанера. Ағашты қорғау шаралары және конструкциялы пластмассалар



жүктеу 5,35 Mb.
бет3/43
Дата07.12.2017
өлшемі5,35 Mb.
#3323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Дәріс 2. Фанера. Ағашты қорғау шаралары және конструкциялы пластмассалар.

  1. Ағаштың ұзақ мерзімді кедергісі.

  2. Құрылыс фанерасы.

  3. Ағашты оттан және шіруден қорғау шаралары.

  4. Конструкциялы пластмассалардың негізгі түрлері және қасиеттері.

1 Ағаш беріктігіне жүктеудің әсер ету ұзақтығы көп ықпалын тигізеді. 13,7 а суретіндегі қисық ағаштың ұзақ әсер етуге кедергі қисығы д.а., ал ордината σдлұзақ әсер етуге кедергі шегі д.а.. σдлмәні деп, жүктеудің қалай ұзақ әсер етсе де бұзылмай тұру қалпындағы шектік кернеуді айтамыз.


Сурет 13,7. Ағаштың ұзақ жүктеуге кедергі қисығы

Қисықтағы асимптота жүктеудің өзгеру диапазонын екі аймаққа бөледі: асимптота астындағы аймақ σ<σдл, бұл жерде үлгі бұзылуы байқалмайды, жүктеме қалай ұзақ әсер етсе де, және асимптота үстіндегі аймақ σ>σдл, бұл жерде бұзылу уақыт өтуімен бәрі бір орын алады. Ұзақ жүктеменің асимптотикалық қисығы басқа ағаш түрлеріне де келеді.

σ<σдлболғанда деформациялар уақыт өткенмен өшеді, және белгілі бір шекке ұмтылады (сурет 13,7 б, ирек сызық).

σ>σдлболғанда деформация жылдамдығы кішкене азайғаннан кейін, деформация тұрақты жылдамдықпен өседі. Содан кейін, t1 уақыты кезінде деформация күрт өсіп, бұзылу басталады.



2Фанера деп шпон деп аталатын сансыз қабаттардан құралған жазық бетті материалды айтады. Оны түзу сызықтық ағаш қималарын кесу арқылы алады.

Фанерлі шикізат зауыттарға чурак немесе кряж ретінде келеді. Бір кряжада бірнеше чурактар болуы мүмкін.

Пакеттағы шпондар бір біріне перпендикулярлы бағытталған талшықтардан құралған, ыстық немесе суық пресстеу әдісімен алынады. 15мм-лік фанераларды фанерлі плита д.а.. Фанера аз анизотропты сипаттамаларымен ерекшелінеді, табиғи ағашқа қарағанда, ал кебу мен ісіну талшықтардың бойы бағытында ағаштікі сияқты болып келеді.

Фанера жоғары беріктігі бар, және массасы аз болып келеді (алюминийге қарағанда 4 есе аз), жылу және дыбыс өткізгіштігі төмен, зиянды орталарға жақсы төтеп бере алады және суға жақсы төзімді болып келеді.

Көп артықшылықтарына байланысты фанераны құрылыста кеңінен пайдаланады. Құрылыс фанерасына желімделген ФСФ маркалы фанера жатады (фенолформальдегидті), ФК (карбомидті), бакелизделген ФБС (спиртте еритін шайырмен сіңдірілген)және ФБСВ.

Құрылыс фанерасына, сонымен қатар, ПФ-Амаркалы фанерлі тақталар жатады. Желімделген фанера және плита сорттары көбінесе, ағаш сапасымен және шпонның сыртқы қабатының өңделуымен анықталады.

Бакелизделген фанераны немесе суға өте төзімді фанераны құрылымды темірбетон жасауға арналған дерелерде қолданады. Құрылыс фанераларда профильді элементтерді жасауға қолданады.

3 Қорғау шаралары конструктивті және химиялық болып табылады. Конструктивті шаралар қызудан және ылғалданудан қорғауға арналған.

Оттан қорғау үшін массивті тұтас элементтерді қолданады, жанбайтын қоршаулар, қорғау сылақтары қолданылады.

Химиялық шараларға антипиренмен өңдеу жатады (отқа қарсы арнайы заттар). Отқа қарсы құрамдар және қорғаулар түрлері СНИП-те келтірілген.

Ағашты шіруден қорғаудың негізгі шаралары кептіру және ылғалданудан сақтау болып табылады,

Конструктивті шаралар:


  • Атмосфералық жауындардан қорғау, төбе жағынан қорғау;

  • Төбеден суды алудың дұрыс түрлерін пайдалану;

  • Топырақ суынан қорғау;

  • Ылғалды бөлмелерден ылғалды алу (жертөле және шатырды вентиляциялау, терезе немесе арнайы тесіктер арқылы);

  • Конденсациялық ылғалдың пайда болуын болдырмау шаралары.

Био қатерлерден қорғау үшін антисептик атты заттарды қолданады. Заттарды таңдауда эксплуатациялық шарттарын ескереді (ашық немесе жабық ғимараттарда және т.б.), сонымен қатар, жағу түрін таңдауын ескереді (сырлау, шаңдатып, қысым арқылы сіңдіру)

4 Пластикалық массалар жасанды материал болып табылады, синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстардан жасалған.

Пластмасса құрамына байланыстырғыш зат, толтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, бояулар және т.б. кіреді. Байланыстырғыштар ретінде әртүрлі синтетикалық шәуірлер қолданады: полиэфирлі, фенолформальдегидті, эпоксидті, карбомидті және басқалар. Байланыстырғыштың пластмассада үлесі массамен алғанда 5 тен 30%-ға дейін жетеді, және 60%-н құрайды.

Толтырғыштар пластмассалардың механикалық қасиеттерін құрайды, сонымен қатар, жылуға төзімділік, отқа төзімділігін береді және отыруды азайтады.

Пластификаторлар иілімділік және серпімділік сипатын көбейтеді.

Стабилизаторлар материалдың ескіруін азайтады және жоғары температурадан болатын бүлінуді тежейді.

Құрылыста кеңінен қолдану себебі, олар әмбебапты, жеңіл өңделеді, антикоррозиялық қасиеттері бар және сыртқы әдемі түрі үшін. Пластмассаларды құрылыста конструкционды, әрлеу, жылу және дыбыс изоляция үшін қолданады.

Көп пластмассалар жеңіл өңделеді, оңай кесіледі, тесіледі және созылады.

Конструкционды синтетикалық материалдарға шыны пластикті, органикалық шыны, қатты винипласттар, сонымен қатар, ағашпен араласқан пластик (ДСП), ағаш жоңқалы және ағаш талшықты плиталар жатады.



Ағаш қабатты пластиктарды қайың, бүк және липа ағаштарының шпонының жұқа беттерінен жасайды, бір-бірімен синтетикалық шәуір арқылы жоғары температурада және қысыммен желімделген және пресстелген болады.

ДСП жоғары берікті болып табылады, табиғи ағаштан 2-5 есе көп. ДСП-ң созылуға және иілуге беріктігі ст.3 маркалы болаттан және жеңіл қорытпалардан жоғары болады.

Іргелес жатқан талшықтардың бір-бірімен орналасу бағытына байланысты құрылыс мақсатына арналған пластик маркалары ДСП-Б және ДСП-В болып бөлінеді, және физико-механикалық қасиеттері әртүрлі болып келеді.

ДСП-ні конструкция элементтерін жалғайтын құрылғыларда қолданады, буат, сына, косынка, қосымша бет; қорғау қабаты ретінде суық және жылы төбе жабындарында қолданады; үш қабатты конструкцияларда, көтергіш және ілінген панельдерде қоданады.



Ағаш жоңқалы тақталарын(ПС және ПТ) синтетикалық шәуірмен жоңқаларды қысыммен ыстық пресстеу арқылы алады.

Тақталарды бір немесе екі жағынан ағаш шпонымен, фанерамен, қағазбен, пленкамен қаптайды. Сыртқы тақталардың механикалық көрсеткіштері жоғары болып келеді, сырты жазық және түрі жақсы болып келеді.

Ағаш жоңқалы тақталарды жиһаз жасауда қолданады, төбелерді бекітуде, қабырғаларды өңдеуде және дерелерде де қолданады.

Ағаш талшықты тақталарды (ДВП) сортты емес ағаш қалдықтарынан жасайды, оларды жоңқаларға езіп талшықты материалға дейін жеткізеді. 5% синтетикалық суға төзімді шәуірді қосу арқылы қатты тақталарды алады, ал 10%-ке дейін жеткізгенде аса қатты тақталарды алады.

Қабырғаларды, ара жабын және жабындарды жылыту, дыбыс изоляциясы және өңдеуде, есік жасауда қолданады.

Шыны пластиктар деп аса берікті бетті материал, байланыстырғыш ретінде синтетикалық шәуірлерді, ал толтырғыш ретінде шыны талшықтары, шыны маталары болып келетін материалды айтады. Бұл талшықтар шыны пластиктарын берік етеді.

Құрылыста шыны пластиктар өзінің беріктігі үшін аса көп таралған, сонымен қатар, олардың сызықтық тығыздығы аз, жақсы электро-, жылу-, және дыбыс изоляция сипаттарына ие, гигроскоптік көрсеткіші аз және химиялық төзімді материал болып табылады.

Құрылыста қоршау конструкцияларында (қабырға және төбе панельдерінде), санитарлы-техникалық бұйымдарда, декоративті қаптау материалдарында, бетон консрукцияларының дерелерінде қолданады.

Дәріс 3. Бірқалыпты қималы конструкцияларды есептеу.



  1. Ортасынан созылуға есептеу.

  2. Ортасынан қысылуға есептеу.

  3. Иілетін элементтер

1 Ортасынан созылуға жұмыс істейтін элементтер ең әлсіз қима бойынша есептеледі:

σр=N/Fнт≤Rpmo

(4.1)

mo=0,8 коэффициенті әлсіз жерлерде пайда болатын кернеу концунтрациясын ескереді. Fнт–ні анықтаған кезде ағаштың талшықты құрылымын ескеру қажет.


Сурет 14,1. Элементтің ортасынан созылуы.

Элементтің бұзылуы зигзаг тәрізді болады (сурет 14,1).



2 Беріктікке есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

σс = N/Fнт ≤ Rс

(4.2)

Аса ұзын сырықтар үшін бойлық иілуді ескеру қажет

φ = 1- а (λ/100)2

(4.3)

Ағаш үшін а= 0,8, фанера үшін а = 1.

Сурет 14,2. Қысылуға есептеу үшін.



а- кернеуге байланысты деформациялар; б- бойлық иілу коэффициенті; в- элементтердің әлсіз жерлері.


жүктеу 5,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау