Оқу әдістемелік материалдары 5В072900 “Құрылыс” мамандығының студенттеріне арналған



жүктеу 5,35 Mb.
бет1/43
Дата07.12.2017
өлшемі5,35 Mb.
#3323
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ПОӘК 042-18-14.1.42/03-2014

№1 баспа

6.01.2014



беттің беті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ

3 дәрежелі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-14.1.42/03-2014



«Құрылыс конструкциялары 3» пәнінен

оқу- әдістемелік материалдары



№1 баспа

6.01.2014ж





Оқу әдістемелік материалдары




5В072900 “Құрылыс”

мамандығының

студенттеріне арналған




“ Құрылыс конструкциялары 3”




ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Семей 2014



Мазмұны











1

Дәрістер




2

Зертханалық жұмыстар




3

Студенттің өздік жұмысы





Лекция 1. Ағаш материалының сипаттамалары және қасиеттері.

  1. Ағаштағы ылғал.

  2. Физика-механикалық сипаттамалар.

  3. Ылғал мен температураның беріктікке әсері.

  4. Ағаштың иілуге, созылуға, сығылуға және жаншылуға жұмысы.

1 ТМД елдеріндегі ормандар 750 млн га жерді алып жатыр, ағаш қоры 82 млрд м3. Қазақстанда 47% орман ресурстары ШҚО-да шоғырланған.

Қылқан жапырақты ағаштар көп бөлігін құрайды: - 37%, қарағай – 19%, шырша мен самырсын – 20%, кедр – 8%, қайың – 13%.



Ағаштың артықшылықтары:

  • Жоғарғы салыстырмалы беріктік;

  • Химиялық төзімділік;

  • Қалпына келгіштік;

  • Аз жылу өткізгіштік;

  • Жақсы акустикалық сипаттамалар;

  • Ұзақ мерзімділік;

  • Өндірістік артықшылықтар;

  • Сәулеттік артықшылықтар;

Кемшіліктері:

  • Отқа төзімсіз;

  • Биологиялық ақаулықтар;

  • Гигроскопия, кебу және ісіну;

  • Құрылымының бірқалыпсыздығы (анизотропия және ақаулықтар: бұтақтар және т.б.);

Ағаш құрылыс конструкциялары көбінесе қылқан жапырақты ағаштардан жасалады, сондықтан тек қана қылқан жапырақты ағаштың құрылымымен танысумен шектелеміз, ол жапырақты ағаштардан қарапайымдылығымен және бірқалыптылығымен ерекшеленеді.

Сурет 13,1. Діңгектің басты қималары (а); құрылымы (б)

Бүкіл ағаш (ішкі аймақ), екі әртүрлі түсті бөліктен тұрады: қаралау жағы ядро д.а., ал ақшыл жағы шел қабық д.а. Уақыт өткен сайын ядро бөлігі өседі, яғни шел қабық ядроға айнала бастайды. Ағаштың үстіңгі жағында шел қабық көбейе бастайды.
Көлденең қимада шоғырлану сақиналары орналасқан. Әрбір сақина бір жылды білдіреді.

Ағаштар құбыр-талшық құрылымды болады, олар талшықтардан тұрады. Қылқан жапырақтыларда олар трахеидтер д.а. Олар діңгек бойымен орналасқан, сондықтан оның беріктігі бойлық бағытта және бұрыштық бағытта әртүрлі болады. Бұл жағдай механикалық анизотропия д.а.. Мысалы, ағаш беріктігі бойлық бағытта созу кезінде σв0=1000 кг/см2; көлденең бағыттаσв90=50 кгс/см2.

Анизотропия дәрежесі n= σв0/ σв90=20.

2 Ағаштағы ылғал еркін (капилярлы) және байланған (гигроскопиялық) болып бөлінеді. Байланған ылғал жасушалы қабықтарды толтырады, оның үлесі 0 ден 30%-қа дейін. Байланған ылғалдың максималды мәні гигроскопиялық шек д.а. және 30%-ті құрайды. Ылғалдың әрі қарай толуы еркін ылғал әсерінен болады, ол кеуектерді толтырады.

Еркін ылғалдың мөлшері ағаш көлеміне әсер етпейді. Байланған ылғалдың төмендеуі кебуге әкеп соғады (көлем кішіреуі), ылғалдың көбеюі көлемнің үлкеюіне әкеледі, (ісіну). Ағаш неғұрлым тығыз болғанда ісіну мен кебу мөлшері де көп болады. Ісіну мен кебу ішкі кернеудің пайда болуына әкеп соғады, сондықтан ірі бұйымдарда (бөренелерде)кебу сызаттары пайда болады, ал жіңішке бұйымдарда (тақтай) бүрісу орын алады (сурет 13,2).



Сурет 13,2. Ағаштың кебу кезінде деформациясы.

Бүрісуді жою үшін кептірудің тиімді жолдары табылған, табиғи және жасанды. 

3Ағаштың физикалық және механикалық сипаттамалары оның құрылымымен жасуша құрылысымен анықталады.

Тығыздығы ағаш түріне, кеуек санына, жасуша қабырғасының қалыңдығына және ылғал мөлшеріне байланысты болады.

Жылу өткізгіштігі металлға, темірбетон және тас қалауына қарағанда 40, 10 және 6 есе аз. Жылу өткізгіштігі талшық бойымен көп болады, көлденең бағытқа қарағанда. Тығыздығы және ылғалдылығы неғұрлым жоғары болғанда жылу өткізгіштігі де жоғары болады.

Температуралық кеңею бойлық және бұрыштық бағытта әртүрлі болады. Температуралық сызықтық кеңеюбойлық бағытта 7-10 рет кем болып келеді көлденең бағытқа қарағанда және болатқа қарағанда 2-3 есе аз. Бұл жағдай ғимарат бойында температуралық тігістердің керексіздігін көрсетеді.

Құрылымының ерекшелігіне қарай ағаш анизотропты материал болып келеді. Механикалық сипаттамалары әртүрлі бағытта әртүрлі болып келеді, және күш бағыты мен талшық бағытына байланысты болады. Күш бағыты мен талшық бағыты сәйкес болса ағаш беріктігі максималды мәнге ие болады, керісінше, күш бір бұрышпен әсер етсе беріктігі азаяды.



Әртүрлі ағаштардың беріктігін, таза ақаулықсыз үлгілерді қысқа мерзімді сынақ арқылы сынау арқылы табады (сурет 13,3).

Сурет 13,3. Беріктікке сынауға стандартты үлгілері.

Бұл көрсеткіштер нағыз беріктікті көрсетпейді және ағаштың шын жұмысын көрсетпейді. Ағаш кейін әсер ету сипаттамасымен ерекшелінеді, яғни жүктеу артынан деформацияның өсуі байқалады.

Беріктіктің нағыз көрсеткіші болып ұзақ мерзімді кедергі болып табылады, ол беріктік шегін ұзақ мерзімді кедергі шамасына көбейтумен сипатталады(0,5 – 0,6).





жүктеу 5,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау