ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ



жүктеу 6,86 Mb.
бет5/22
Дата23.11.2018
өлшемі6,86 Mb.
#24274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Деректерді жіберу – шиналық топологияда аумақтық желінің сигналдарының қосылысы.

  • Көпірлер мосты – бөлек желілер арасында графика жолымен өнімдерді көтеру мақсатында аумақтық желінің бір арнаға біріктірілуі.

  • Модем – телефон желісінде компьютерлердің генераторларының сандық сигналдарын сәйкестендіру.

  • Анализатор – желі орындарын бақылау.

  • Желілік тестерлер – орналасқан сымдар жүйесінде кабельдерді бақылау

    Жергілікті есептеу желісінің негізгі мінездемелері:

    • Желінің территориясының ұзындығы;

    • Мәліметтерді жіберу жылдамдығы;

    • Абоненттердің жүйе санының көптігі;

    • Сигналдарды жіберу типі;

    • Желіге абонентерді кіру әдістері;

    • Программалық қамтамассыздандыру құрылғысы

    • Сөздер жіберу мүмкіндігі;

    • Жергілікті есептеу желісінің мүмкіндіктері;

    Жергілікті есептеу желісінің облысына қарай төмендегі анықтамалардан тұрады.

    Мәтінді өңдеу - жергілікті есептеу желісі қолданатын өте кең тараған ақпаратты өңдеу функциясы.

    Электрондық пошта құру - жергілікті есептеу желісінің бір түрі, мекемелердің барлық қызметіне және басқаруына өндірістік шаруашылық, коммерциялық жұмыстарына қажетті барлық мүмкін мәліметтерді жедел алуды қамтиды.

    Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олап: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.

    Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің генізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.

    Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққын. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгетпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмасада болады.Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп аоады да , керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы – көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны бірге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдалануы мүмкін.

    Баспа сервері (принт – сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пйдаланылады.

    Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін Web – серверлер пайдаланылуы мүмкін.

    Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір – бірімен қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.

    3. Клиенттер

    Барлық клиенттер – инфотелекоммуникациялық қызметтің пайдаланушылары – екі үлкен лагерьге бөліп тастауға болады: бұқаралық дара клиенттер және бірлескен клиенттер.

    Бірінші жағдайда тұтыну орны қызметі пәтер немесе жер үй болып табылады, ал клиенттер болып – осы пәтерде тұрушылар, ең алдымен базалық қызметтерді қажет ететін – телефон байланыстары, теледидар, радио және (бірақ әлі бәріне емес) Интернетке өту. Бұқаралық клиенттерге қызметтің үнемділігі өте маңызды – төмен айлық төлемдер, стандартты терминалдық құрылғыларды қолдану мүмкіншілігі, сондайлардың бірі телефон аппараттары, теледидарлық қабылдағыштар, дербес компьютерлер, сонымен қатар пәтерде болатын телефондық булар және теледидарлық коаксиальды кабельдерді де қолдануға болады. Күрделірек қолдануда және қымбат терминалдық құрылғылар, мысалы, солардың біріне компьютерленген теледидарлар немесе ІР-телефондар, қарапайым теледидар немесе телефондар бағасымен бірдей болғанға дейін бұқаралық болуы мүмкін емес. Біздің үйімізде бар желілер – жаңа компьютерлік желілер қызметі мен Интернетке өту рұқсаты қызметіне бұл қатаң шек қоюлуы, өйткені ол мәліметтер алмасуына есептелмеген, ал әрбір үйге жаңадан сапалы кабельдер, мысалы оптикалық-талшық – қымбат іс.

    Сондықтан Интернетке өту үшін көбінесе телефон желісі арқылы байланысатын аз мөлшердегі жылдамдықтағы модем арқылы жүзеге асады, бірақ бірте-бірте жаңа технологияларға ие болады – сандық абоненттік линиялар технологиясы деп аталатын, әдеттегі модемдерге қарағанда көбірек жылдамдықпен жібере алатын телефон желілері.

    Бірлескен клиенттер – бұл әртүрлі бағыттағы кәсіпорындар мен ұйымдар. Ұсақ кәсіпорындар артық көрінетін қызметтердің терімімен бұқаралық клиенттерден аса айырмашылығы жоқ – бұл базалық телефония және теледидар, бірақ сондай кәсіпорынға бір емес, екі-үш телефон номерлері қажет етеді. Бірнеше территориялық бөліп жайғастыру бөлімдер мен филиалдардан тұратын ірі кәсіпорындар, сонымен бірге жиі үйде жұмыс істейтін қызметкерлері бар, қызметтердің кеңейтілген терімінде мұқтаж етеді. Ең алдымен бұндай қызмет виртуальды жеке желісі (Virtual Private Network, VPN) болып табылады, оператор байланысы кәсіпорынға оның барлық бөлімдері мен филиалдары меншік желілермен байланысқаны туралы қиял құрса, яғни толығымен кәсіпорын клиентіне тиесілі болу және толығымен кәсіпорын клиентімен басқарылуы, сол кезде шын мәнінде де оператор байланысы пайдаланады, яғни арзан желі, бір мезгілде көп клиенттердің мәліметтерін жібереді. VPN қызметі телефонияға ғана емес, сонымен бірге мәліметтерді жіберу желісіне де мүмкіндік жасайды. Соңғы кездері бірлескен тұтынушылар коммуникациялық қана емес, операторлардың ақпараттық қызметтерімен де пайдаланады – мысалы, өздерінің web-сайттарын көшіре алады және оператор аймағындағы мәліметтер қоры, соңғысына олардың жұмысын қолдауын жұмсайды, кәсіпорын қызметкерлеріне, басқа оператор байланыс тұтынушыларына да олардың желілеріне еркін кіруге болады.

    Ірі бірлескен клиенттер кеңейтілген қызметтер терілімін міндет етеді және стандартты терілімге қарағанда, сол үшін көп төлеуге дайын, егер қызметтер жоғары сапада берілетін болса.

    Жаппай көпшілікке ғана емес, сонымен қатар бірлескен абоненттерге де, арнайы бір клиент категориясына қызмет көрсете алатын операторлар бар.

    Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір колмпьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға – клиеттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді. Бір днеңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбәр жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі – әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдаланушы үшін бөліп береді. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады. Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурсиарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс жжұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.
    Бақылау сұрақтары:


    1. Желілік файлдық жүйенің құрылу принциптері қандай?

    2. Сервер түсінігі?

    3. Клиент түсінігі?


    Дәріс №3

    Тақырыбы: Желілер қызметі, желіні топтастыру және негізгі мінездемелері. Топологиялар.

    Сабақтың мақсаты: Желілер қызметтерімен танысу, желілік мүмкіндігі және топологиялар түрлерімен, адрес принциптерінің атқаратын қызметтерімен танысу.

    Жоспары:

    1. Желілер қызметі, мінездемелер

    2. Негізгі топологиялар

    3. Желіде қолданатын аттар мен адрес принциптері

    Сабақтың барысы:

    1. Желілер арқылы ұсынылатын қызметтер. Internet- арқылы ұсынылған қызмет түрлерінің бәрін 2 категорияға бөлуге болады: желі тұтынушылары арасындағы ақпарат алмасу тұтынушылар арсындағы байланыс қызметіне төмендегілер жатады:

    Тelnet – Internet желісіндегі кез – келген ЭЕМ – н жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни программаларды қосады, оның режимін өзгертеді.

    FTP – (File Transfer Protocol) – мәліметтерді файдарды жіберу хаттамасы. Бұл хаттама тұтынушыға кез келген компьтерлік желімен екілік және мәтіндік файлдармен жұмыс істеуін жүзеге асырады. Осы қызмет түрі арқылы қолданушы өз комьютерінен кез келген файлды өңдеп, жойып, өзгерте алады.

    NFS (Network File System) - өте кең тараған файлдық жүйе. Тұтынушыға алыстағы компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    Электронды пошта - Internet- желісінде әртүрлі хат, ақпарат алмасу процесі. Хаттарды мәтіндік және екілік файлдарда жіберу мүмкіндігі бар. Ескеретін бір жағдайы пошталық хаттың көлемі 64 килобайттан аспауы керек.

    Жаңалықтар – желіден жаңалықтар алу. Хабарландырудың электронды тақтасы. Электронды тақтаға ақпараттар жеке тақырып бойынша орналастырылады. Тұтынушы кезкелген уақытта өз таңдауы бойынша жаңалықтарды ашып, оқи алады.

    RSH (Remote Shell) – Telnet – тің қосымшасы. Ол тек компьютерде OC UNIX болса ғана жұмыс істейді.

    Rexec (Remote Execution) – UNIX машинасында бір команданың орындалуын көрсетеді.



    Lpr - желілік жазба. Желілік принтерде құжаттарды қол қоюға жіберу қызметі.

    Lpq – желілік жазба. Желілік принтерде құжаттарға қол қоюға очередте тұрған файлды көрсету қызметі.

    Ping – желі бойынша. ЭЕМ- нің қосылуын тексеру қызметі.

    Talk – ЭЕМ-нің тұтынушысына ашық «әңгімелесу» мүмкігдігін береді.

    Iptunnel – тек Internet желісі байланысы ғана бар, ал АВС Net Ware серверлары жоқ. Компьютерге тұтынушының қызметін іс – жүзіне асырады.

    Whois – Internet желісінің мекен – жай кітабы. Сұраныс жіберу арқылы тұтынушы компьютер арқылы мүмкіндігін жіне оны қолданушы клиенттер туралы ақпарат ала алады.

    Finger – есептеуіш машина қолданушылары туралы ақпараталу.

    Осы айтылғандардан басқа Internet тұтынушылырға төмендегідей специорикалық қызмет түрлерін ұсына алады.

    Webster ағылшын тілінің желілік нұсқасы. Факс – сервер – желінің факс – сервер қызметі арқылы тұтынушыға хабарламаны факсимильді байланыс жүйесін жіберуге мүмкіндік береді.

    Электрондық тілмаш - өзіне келіп түскен хаттарды бір тілден екінші тілге аудару қызметін атқарады.

    Шлюздер – ТСР/ІР хаттамаларымен жұмыс істей алмайтын байланыс желілердің тұтынушыларына хаттар жіберу қызметін атқарады.

    Internet желісінде ақпаратты түрде іздеу жүйесіне келесідегі жүйелер жатады:

    Gopher – Internet желісінде ақпаратты автоматты түрде іздеу қызметінің ең көп тараған түрі. Бұл қызмет түрі кез – келген ақпаратты бір сөз немесе сөйлем бойынша тез арада табуға мүмкіндік береді. Gophe қызметі ақпаратты алатын немесе авторын енгізбей – ақ табуды қамтамасыз етді. Осылайша тұтынушы өз уақытын үнемдей алады. Ол тек қана Gopher жүйесіне не керектігін хабарлайды, ал жүйе сәйкес мәліметтерді табады.

    Wals – Gopher жүйесінен де жақсы жетілген ақпарат іздеу қызметінің түрі. Ол іздеу барлық мәтіндік құжаттардан бастайды. Сұраныстар Wals жүйесіне қысқартылған ағылшын тілінде енгізіледі. Wals жүйесімен жұмыс істеу кезінде тұтынушы көп уақытын кетірмейді.

    WWW – гипермәтінмен жұмыс істеуге арналған. Бұл мәлімет іздестірудің ең күшті жүйесі болып табылады. Гипермәтін әртүрлі құжаттарды алдын ала құрылған сөздер жиынтығына қосады. Мысалы, мәтінде жаңа түсініксіз сөз немесе түсінік кездессе, онда осы гипермәтінмен жұмыс істейтін жүйе. Осы сөз толық қарастырылған құжаттарға ауысуға мүмкіндік береді.

    Барлық желілік програмамен қамтамасыз етуі екі топқа бөлуге болады:



    1. Тұтынушылық

    2. Серверлік

    Желілік мүмкіндігі – ол операциялық жүйесінің міндетті желінің мүмкіндігі. Екі үйлесу бар тірек қабылет, компьютер бір-бірімен қатынасу. Бірінші – желілі құрал автоматикалық MS DOS операциялық жүйенің типі. Екінші – қазіргі кездегі үлкен ең бастысы операциялық жүйенің желісі көмегімен нақты шешімді аламыз. Жақындалған жүйе Windows95, Windows NT, OS/2, Novell NetWare, UNIX, хатамада да Apple Talk мына Macintosh басқа да операциялық жүйенің қолданылуы болады. Операциялық жүйе желілі функциясының екі әр түрлі көрсетілмеген: Серверлік және клиентік шығарылған мына әр түрлі функциялары дербес компьютер мүмкіндіктері сервер және клиентік жергіліктері шақырылады. Серверлік операциялық желілі басқарылған ресурстар, ал клиенті – қанағаттандырылған қажеті ие, орындалған тапсырма максималдық жылдамдығымен және эффектілік бар.

    Таңдау северлік операциялық жүйе коорпаративтік желілі корда дербес копьютер кеңейтілген: Windows NT, OS/2, Novell NetWare, UNIX және Mac Os желілік қызметпен Apple Share және Apple Talk.



    2. Желілік сызба-құрылымы (топологиясы) деп желінің геометриялық нысанын емесе есептеу машиналарының бір-біріне қарағандағы орналасуын айтады. Желілік сызба-құрылымдары желінің түйіндерінің байланыс арналарына жалғану тәсілінен анықталады. Қазіргі кезде олардың бірнеше сызба –құрылымдары қолданылады. Мысалы:

    • «Жұлдыз» сызба-құрылым (2-сурет);

    • «Сақина» сызба-құрылым (3-сурет);

    • «Шина» сызба-құрылым (4-сурет);

    • «Бұтақ немесе иерархиялық» сызба-құрылым (5-сурет).

    Таңдалынып алынған желі сызба –құрылымы ЛЕЖ желісінің географиялық орналасуына, желінің сипаттамаларына бекітілген талаптарына сәйкес келу керек. Сызба-құрылым байланыс желісінің ұзындығына әсер етеді.

    «
    2-сурет.

    «Жұлдыз»

    сызба-құрылым
    Жұлдыз» сызба-құрылым
    («Star») Есептеу желісінің қалған түйіндерінің әрқайсысымен деректер тасымалданатын жеке арна арқылы байланысқан сызба-құрылым.(2-сурет). Орталық түйінді кейде көп портты қайталауыш немесе шоғырлауыш (Hub, хаб) деп атайды. Жұмыс бекеттеріні арасында байланыс жасау, оны қолдау және үзу міндетін орталық түйін атқарады. Жағымды жақтары:

    - «Шина» сызба-құрылымымен салыстырғанда шапшаңдылығы жоғары құрылым болып саналады. Себебі: екі жұмыс бекетінің арасында деректер тасымалдау орталық түйін арқылы өтеді және осы жұмыс станциялары ғана пайдаланатын жеке желілер бойынша жүзеге асырылады;

    - деректер тұтастығын сақтау мәселесі жақсы шешілген. Рұқсатсыз қатынас құруға қарсы бағытталған әрекеттер тетігі орталық түйін арқылы жүзеге асырылады. Есептеу желісі толығымен осы орталық түйінінен басқарыла алады;

    - мекендету үрдісі қарапайым;

    - бұзылған түйінді есептеу желісінің құрамынан шығарып тастау немесе жаңа жұмыс бекетін қосу жеңіл;

    Бұзылған жерді (ақауларды) іздеу үрдісі жеңілдетілген. «жұлдыз» тәрізді сызба-құрылымның жағымсыз жақтары: желінің сенімділігі шоғырлауыштың жұмысына тәуелді (егер басқару орталығы бұзылса, онда желі түгелімен жұмыс істеу қабілетін жоғалтады) және кәбіл кө жұмсалады.

    «Жұлдыз» тәрізді сызба- құрылымы бар есептеу желісіне мысал ретінде Ethernet (10Base-T, 10Base-F) және Fast Ethernet (100Base-TX, 100Base-FX) жергілікті есептеу желілерін келтіруге болады.

    «


    Сақина» сызба-құрылым (“Ring”) Әрбір жұмыс бекеті тек екі ғана жұмыс бекетімен байланысқан есептеу желісінің сызба-құрылымы. Деректер бір жұмыс бекетінен екіншісіне бір бағытта тасымалданады (шығыршық бойыша). Сондықтан, ақпарат желінің барлық түйіндеріне кезектесіп жетеді. Бұл кезе әрбір есептеу машинасы, келген хабарды келесі есептеу машинасына жолдайтын қайталауыш міндетін атқарады.

    «Әрбір түйіннің ақпарат тасымалдауға белсенді қатысуының екеректігі және оның біреуі бұзылған кезде есептеу желісі толығымен (егер тиісті шаралар көзделмесе) істен шығатындығы «сақина» сызба-құрылымы кезіндегі негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Кәбілдік байласудағы ақаулар жеңіл жөнделеді.

    Желінің ұзындығы тек екі жұмыс бекетінің арақашықтығына байланысты болғандықтан желінің ұзындығына шектеу қойылмайды «Шина» сызба-құрылымBus») Барлық жұмыс бекеттері бір кәбілге қосылатын есептеу торабының сызба-құрылымы. Бұндай желіде кез келген бекеттен шыққан деректер қалғандарының барлығына бір уақытта жетеді. Келген хабардың ішіндегі мекендік ақпаратты пайдалана отырып әрбір жұмыс бекеті өзіне тиісті деректерді таңдап алады. «Шина» тәрізді құрылымы бар желі – ең қарапайым және ең көп тараған желі. Оны кейде «Магистралдық» деп те атайды. ұрсым» тәрізді сызба-құрылымы бар жергілікті есептеу торабының мысалы ретінде Ethernet торабын келтіруге болады. Онда CSMA/CD қатынас құру әдісі және коаксиалды кәбіл қолданылады. 10Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді;

    Жаңа технология ашалық қораптарды пайдалануды ұсынады. Бұл кезде жұмыс істеп тұрған уақытта қосуға және шығарып тастауға болады. Екінші жағынан, желідегі ақпаратпен рұқсатсыз танысуға (пайдалануға) мүмкіндік береді.



    «Бұтақ немесе иерархиялық» сызба-құрылым («Tree»). Кез-келген екі түйіні бірақ жолмен байланысқан есептеу желісінің сызба-құрылымы. Бір түбірден тараған ағаштың бұтақтарыан ұқсайды.

    Есептеу желісінің көп тараған «сақина», «жұлдыз» және «Шина» тәрәзді сызба-құрылымдарынан басқа тәжірибеде олардың аралас түрі де, мәселен, «бұтақ» тәрізді сызба-құрылымы қолданыалды. Ол жоғарыда аталған сызба-құрылымдарды («жұлдыз» және «Шина») біріктіру негізінде алынады.

    «Бұтақ» тәрізді сызба –құрылым есептеу желілерінің негізгі сызба –құрылымдарын таза түрінде қолдануға болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Бейімдеуіш тақшаларға көптеген жұмыс бекеттерін қосу үшін желілік күшейткіштер және коммутатаорлар қолданылады. Күшейту қабілеті бар коммутатор белсенді шоғырлауыш деп аталады. Бейбелсенді шоғырлауыш ажыратқыш ретінде пайдаланылады. Оған күшейткіштің қажеті жоқ және жұмыс бекетіне дейінгі ең үлкен қашықтық бірнеше ондаған метрден аспауы керек.

    Деректерді тасымалдау ортасы деп компьютерлер арасында ақпарат айырбастау жүргізілетін байланыс арналарын атайды. Әрбір компьютерлік желіде деректер тасымалдау ортасы деректерді электрлік немесе электромагниттік сигнал түрінде тасымалдайды. Тасымалдау үшін әртүрлі физикалық орталар қолданылады. Жалпы жағдайда деректер тасымалдау ортасы шектелген (сымды немесе кабілдік) және шектелмеген (сымсыз) болып екіге бөлінеді.



    3. Желіде қолданатын аттар мен адрес принциптері

    Internet-тің негізі болып ІР – адресінің жүйесі алынады. Internet-ке қосылға әрбір компьютер (анығырақ айтсақ әрбір желілік интерфейс) барлық Internet адрес ішінде ерекше (адрестерді ұлттық комитет Internet қарайды). ІР – адресі – бұл 4 байтты бірінен соң бірі, әрбір байт ондық сан түрінде жазылады. Мысалы, 195.19.19.19 – Воронеж мемлекеттік педагогикалық уңниверситетінің бір машинасының адресі.



    Жіберуші ІР адресінің жолы (Sourse IP Adress ) және қабылдаушы ІР адресінің жолы (Destination IP Adress) бірдей (32 бит) ұзындыққа және бірдей құрылысқа ие.

    Параметрлер жолы (IP Options) міндетті емес және желінің бұзылуында ғана қолданылады. Параметрді беру механизмі анықталған ситуацияларда керек басқару функцияларын көрсетеді, бірақ ол кәдімгі коммуникацияларда қажетсіз. Бұл жол бірнеше жоластынан тұрады. Әрқайсысы анықталған 8 типтің біреуі болуы мүмкін. Бұл жолдарда маршрутизаторлардың нақты өту маршрутын, пакеттің өтетін маршрутизаторларларын тіркеу, қауіпсіздік жүйелерін орнату және уақыт белгілерін көрсетуге болады. Жолдар саны еркін болғандықтан Параметрлер жолының соңында бірнеше байттар пакет тақырыбын 32 биттік шекараға түзету үшін қосылу қажет.

    Түзету жолы (Padding) нөлдермен толтырылады және ІР тақырыптың 32 биттік шекараға бітуін қашыру ушін қажет.




    Бақылау сұрақтары:
    1. Желінің қызметі қандай?

    2. Қандай желі топологиясын білесіз?

    3. Адрес принциптері қандай?


    Дәріс №4 (2 - сағат)

    Тақырыбы: Хаттама, интерфейс, коммуникациялық хаттамалар стегі.

    CGI деңгейлерінің мақсаты, функцияларының келісімдері



    Сабақтың мақсаты: Хаттамалардың қолданыстағы орны, интерфейс түсінігі, функцияларының келісімдерінің жүзеге асыру жолдарымен танысу

    Жоспары:

    1. Хаттама, итерфейс

    2. Коммуникациялық хаттамалар стегі

    3. CGI деңгейлерінің мақсаты, функцияларының келісімдері

    Сабақтың барысы:

    Хаттама – компьютерлер өзара байланысатын ережелер жиынтығы. Халықаралық стандарт OSI/ISO (Open Systems Interconnect, ISO- стандартизация бойынша ұйымдастырудың халықаралық аты) хаттамадардың 7 деңгейін қарастырады солардың ішінде деректерді жіберудегі желілік режимді қамтамасыздандыратын желілік деңгейдегі хаттамадар (ең көп таралғаны Х.25 деп аталады), желінің әртүрлі хост-машиналар арасындағы байланысқа жауап беретін транспорттық хаттамалар. Бұл жағдайда ауысу пакеттер арасында дәлірек айтсақ тортастырылған хаттамалар бойынша жүргізіледі.



    Қолданбалы хаттамалар өзінің жұмысын OSI моделінің жоғарғы деңгейінде атқарады. Олар мәлімет алмасуды және қосымшалармен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Белгілі қолданбалы хаттамалар тізіміне төмендегілер кіреді:

    АРРС (Advanced Program-to-Program Communication) — IBM фирмасының SNA-бір рангілі хатамасы, көбінесі ол AS/400® - де қолданады;

    FTAM (File Transfer Access and Management) — файлдарға рұқсат етілетін OSI хаттамасы;

    Х.400 — халықаралық электрондық почтамен байланысқа арналған ССIТТ хаттамасы;

    X.500 — бірнеше файлдар мен каталогтар жүйедегі ССIТТ хаттамасы;

    SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) — электронной почтамен аламсуға арналған Интернет хаттамасы;

    FTP (File Transfer Protocol) — файлдарды тасуға арналған Интернеттік хаттама;

    SNMP (Simple Network Management Protocol) — желілік санау және желі компоненттері үшін Интернеттік хаттама;

    Telnet — жойылған мәліміеттерді тіркеу және оларды өңдеу үшін аранлған Интернеттік хаттамалар;

    Apple Talk и Apple Share® — Apple фирмасының желілік хаттамалар жинағы;

    DAP (Data Access Protocol) — DECnet желісі файлдарына рұқсат хаттамалары.

    Транспорттық хаттамалар компьютерлер арасындағы байланысты қолдайды және олардың арасындағы мәлімет алмасуға кепілдік береді.

    Белгілі транспорттық хаттамаларға мыналар жатады:

    TCP (Transmission Control Protocol) — TCP/IP- хаттамасы мәліметтерді жеткізуге кепілдік береді;

    SPX— мәліметтерге арналған IPX/SPX (Internetwork Packet Exchange/Sequential Packet Exchange) хаттамалар жиынының бір бөлігі;

    NWLink — Microsoft фирмасының IPX/SPX хаттмасы орындалуы;

    NetBEUI [NetBIOS (Network Basic Input/Output System) Extended User Interface — қолданушының кеңейтілген интерфейсі] —(NetBIOS) компьютерлері арасында байланысты орнатады және жоғарғы деңгейлерге (NetBEUI) транспорттық қызметін атқарады;



    Желілік хаттамалар байланыс қызметін қамтамасыз етеді. Бұл хаттмалар мәліметтердің бірнеше типтерін басқарады: адрестеу, қатені тексеру, маршруттеу т.б. одан басқа желілік хаттамалар нақты бір желілік ортада байланысты орнатуға арналған ережелерді анықтайды, мысалы Ethernet немесе Token Ring. Белгілі желілілік хаттамаларға мыналар жатады:

    IP (Internet Protocol) — TCP/IP-пакеттерді тасымалдауға арналған хаттамалар;

    IPX (Internetwork Packet Exchange) — пакеттерді тасымалдауға және маршруттауға арналған NetWare фирмасының хаттамсы;

    DDP (Datagram Delivery Protocol) — AppleTalk-мәліметтерді тасымалдау хаттамасы;

    Қолданбалы хаттамалар қолдануға желілік ресурстарға кіруді және мәліметттерді жіберуді жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Желіаралық хаттамалар әртүрлі аумақтық желілер арасындағы хаттамаларды жіберуді ұйымдастыруға көмектеседі. Солардың ең көп таралғаны әлемдік ғажап желісі Internet- ті қолданылатын IP(Internet protocol).

    Желілік интерфейс тақшалары. (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

    2. Желіде бір мезгілде бірнеше хаттамалар жұмыс атқарады. Олар мынадай мәліметтерді қамтамасыз ету операциясын орындайды: дайындауды; тапсыруды; қабылдауды; келесі әрекеттерді орындауды.

    Аяқталмаған немесе даулы операцияларды болдырмау үшін, әртүрлі хаттамалардың жұмысы тиісті координацияланған болу керек. Оған деңгейлерге бөлшектеудің арқасында жетуге болады.

    Хаттамалардың стегі (protocol stack) дегеніміз — бұл хаттамалардың қиысуы. Әрбір деңгей байланыс функцияларымен басқаруға арналған әртүрлі хаттамалар немесе олардың ішкі жүйелерін анықтайды. Әрбір деңгейде ережелердің өз жинағы бар.


    Қолданбалы деңгей

    Өкілдік деңгей

    Сеанстық деңгей

    Транспорттық деңгей

    Желілік деңгей

    Каналдық деңгей

    Физикалық деңгей




    Қолданбалы деңгей

    Инициация немесе сұраныс қабалдауы

    Өкілдік деңгей

    Ақпаратты форматтайтын, бейнелейтін және шифрлеуші пакетіне қосу

    Сеанстық деңгей

    Трафик туралы ақпаратты пакетті жіберілу кезеңінің нұсқауымен қосу

    Транспорттық деңгей

    Қателерді өңдеу үшін ақпаратты қосу

    Желілік деңгей

    Адрестік ақпараттың қосылуы және тізбектеліп тапсырылған пакеттердің ішіндегі ақпарат пакетінің орны

    Каналдық

    Қателерді тексеру үшін ақпараттардың қосылуы және физикалық қосуға тапсырыс алу үшін мәліметтерді дайындау

    Физическалық деңгей

    Биттердің потоктары сияқты пакеттерді тапсыру

    Байланыс деп аталатын процесс – қажетті иілгішпен желіні күйге келтіруге мүмкіндік береді, яғни талапқа сай хаттамаларды және желілік адаптерлердің тақташаларын біріктіреді. Мысалы, IPX/SPX және TCP/IP хаттамалардың екі байланысы желілік адаптердің бір тақташасында жалғанған болуы мүмкін.

    Егер компьютерде желілік адаптердің тақташасы біреуден көп болса, онда хаттамалардың байланысы біуіне қалай жалғанған болса, сол сияқты бірнеші желілік адаптердің тақташасына да жалғануы керек.

    Жалғану реті кезектілікті анықтайды, сол арқылы операциялық жүйе хаттамаларды орындайды. Егер желілік адаптердің бір тақташасымен бірнеше хаттамалар байланысқан болса, онда жалғану реті кезектілікті анықтайды, сонымен қосуды орнату барысында хаттамалар қолданылады. Әдетте операциялық жүйені немесе хаттаманы орнату кезінде жалғауды қолданады. Мысалы, егер TCP/IP – жалғау тізімі ішіндегі бірінші хаттама болса, онда ол байланысты орнату әрекетінде қолданылады. Егер әрекетіміз сәтсәз болса, онда компьютер байланысты орнатуға жалғау тізіміндегі хатамалардың келесі ретін қолдану арқылы өзі әрекет жасайды

    Байланыс (binding) желілі адаптер тақташасына хаттмалардың қиысу сәйкестіктерін құрумен шектелмейді. Хаттамалардың қиылысуы, яғни стегі, компоненттерге байланысы (немесе сұрыпталуы) олардың деңгейінен қайсысы жоғарырақ және төмен болуы керектігін анықтайды. Осылайша, TCP/IP жоғарғы жағынан NetBIOS Желілік деңгейіне, ал төменнен желілілік адаптер тақташасының драйверіне байланысты (қосулы) болуы мүмкін. Драйвер өзі желілілік адаптер тақташасына байланысқан.


    Қалыпты (стандарты) қиысулар

    Компьютерлік өнеркәсіпте хаттамалардың қалыпты (стандартты) моделі ретінде стегтердің (қиысулардың) бірнеше түрі өнделген. Солардың ішіндегі ең маңыздылары: ISO/OSI; IBM System Network Architecture (SNA); Digital DECnet; Novell NetWare; Apple AppleTalk хаттамалар жинақтары; TCP/IP Интернет хаттамаларының жинағы.



    Бұл стегтегі хаттамалар өзінің деңгейіне сай жұмыс жасайды. Бірақта желіге қойылған коммуникациялы мақсаттар хаттамалардың үш түрге бөлінуіне әкеліп соқтырады. Олар: қолданбалы, траспорттық және желілік.
    Қ

    • Локальдық топтар
    осымшалар



    1 – сурет. Желінің логикалық құрылысы



    2
    – сурет. Қауіпсіздік серверін күйге келтіру

    1 – кесте.

    Secret Net NT жүйесіндегі жұмыс парағының ағымдағы бейнелейтін

    күйі және символдары



    Түрі

    Жұмыс парағының күйі

    Қара

    Компьютер активти емес

    Жасыл

    Компьютер активті

    Сары

    Бір рет те жұмыс парағы өзінің жұмыс істеп тұрғандығын дәлеледемеді

    Символ

    Жұмыс парағының күйі



    Жүйеге қолданушы енді



    Шифрленген қосу режимі орнатылды



    Қатал аутентификацияға тәртіп анықталған



    Компьютер қоршауға алынған



    Компьютердің кескін үйлесімі өзгертілген



    Экранды қорғаушы қосулы тұр



    Жүйелік журнал толып тұр



    НСД оқиғасы болды



    Рұқсатпен басқару серверінде НДС оқиғасы болды


    жүктеу 6,86 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау