Коммутациялық түйін
Желіні коммутациялау панелі
Станcа(Станция) – ақпаратты беру немесе қабылдау функцияларын орындайтын аппаратурасы.
Абоненттер мен станцалар арасында өзара іс-әрекеттестікті үйымдастыру үшін физикалық беру (передающая) ортасы болуы қажет.
Физикалық беру ортасы – бұл электр сигналдар таратылатын байланыс линиялар немесе кеңістік және деректерді беру аппаратурасы. Физикалық беру ортасы негізінде коммуникациялық желі құрастырылады.
Компьютерлік желі – бұл абоненттік жүйелер мен коммуникациялық желілер жиынтығы.
Абоненттік жүйелердің аумақтық орналасуына байланысты ақпараттық желілерді 2 негізгі түрге бөлуге болады:
Ауқымды (глобальные) желілер;
Жергілікті (локальные) желілер.
Жергілікті желілер (ЖЖ) әдетте 2 - 2,5км аумақ аралығында орналасқан абоненттерді біріктіреді. Жергілікті компьютерлік желілер жеке кәсіпорындар мен мекемелердің соның ішінде білім беру мекемелердің жұмыстарын, жалпы техникалық және ақпараттық қорларға қатынас құруды үйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ауқымды желі бір бірінің арасы елеулі қашықтықты қамтыйтын: қаланың әр түрлі аудандарында, әр түрлі қалаларда, мемлекеттерде, әр түрлі континенттерде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Осындай желіде абоненттерді өзара әрекеттестіру телефон желісі, радиобайланыс және спутникалық байланыс жүйелер арқылы жүргізіледі. Ауқымды компьютерлік желілер бұкіл адамзаттың және мекемелердің ақпараттық қорларды біріктіру проблемасын шешуге және осы қорларға қатынас құруды үйымдастыруына мүмкіндік береді.
Коммуникациялық желінің негізгі компоненттері:
беру құралы (передатчик);
қабылдағыш құралы (приёмник);
хабарлар (белгілі фоматтағы сандық деректер: деректер базалар файлы, кестелер, сұратуға жауабы, мәтін немесе бейнелер);
беру құралдары (физикалық беру ортасы және ақпараттардың берілуін қамтамасыз ететін арнайы аппаратурасы).
Компьютерлік желідерде байланыс арналар арқылы хабарлармен алмасу процесін сипаттауға келесі тұсініктер пайдаланады:
беру режимі;
беру коды;
синхронизациялау типі.
Берудің үш режимі бар:
симплекс режимі – бұл деректерді тек қана бір бағытпен беретін режим;
Жартылай дуплекс режимі – ақпаратты кезектесіп беру, беруші және қабылдаушы құрылғылар тізбекті түрде орын ауыстырып отырады;
дуплекс режимі – бұл хабарларды бір уақытта беру және қабылдау режимі.
Деректерді беру үшін арнайы кодтар пайдаланады. Дүниежұзінде қолдануға алынған байланыс арналар арқылы ақпараттармен алмасуды жұргізуге пайдаланатын кодтар ASCII және UNICODЕ болып табылады.
Есептеу желілерде беру және қабылдау процестері белгілі бір уақыт аралығына байланысты болуы мүмкін. Бір процесс екінші процестен деректерді толық қабылдап алғаннан кейін басталуы мүмкін. Осындай процестер синхронды болып табылады. Егер мұндай байланыс жоқ болса, онда процестер асинхронды деп есептеледі.
Деректерді синхрондау – бұл әр түрлі процестерді өзара уақытқа қарай келістіру.
Ақпараттардың компьютерден коммуникациялық ортаға берілуін қамтамасыз ету үшін компью-тердің ішкі интерфейс сигналдарын байланыс арналар арқылы берілген сигналдар параметрлерімен келістіру қажет. Байланыс арналармен компьютерді түйідестіру функцияларын орындайтын техникалық құрылғыларды адаптер немесе желілік адаптер деп атайды.
Жергілікті желілерде физикалық беру ортасы кабельдерді үш түрімен анықталады:
Өрілген екі сым (витая пара) өзара өрілген және оқшауланған екі сымнан тұрады. Өрілімі сырты электромагниттік өрістің әсер етуін төмендетеді.Ең арзан кабель.Ақпаратты беру жылдамдығы 0,25–1 Мбит/сек;
Коаксильді кабель (коаксиальный кабель) жоғары механикалық мықтылығымен, кедергілерден қорғалуымен ерекшелінеді және ақпараттардың 10–50 Мбит/сек жылдамдығын қамтамасыз етеді;
Оптоволокондық кабель (оптоволоконный кабель) мінсіз беру ортасы, оларға электормагниттық өрістер әсерлерін тігізе алмайды. Ақпараттарды беру жылдамдығы 50 Мбит/сек жоғары.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Мамандықтың басқа пәндермен байланысы қандай?
Компьютерлік желілердің қысқаша даму тарихы?
Компьютерлік желілердің жіктелуі қандай?
Жергілікті және ауқымды желілердің айырмашылығын атаңыз?
Дәріс №2
Тақырыбы: Желілік программалық қамтамасыздандырудың құрылу принциптері.
Сабақтың мақсаты: Желілік программалық қамтамасыздандырудың құрылу принциптерінің қызметі және сервер, клиент түсінігімен танысу
Жоспары:
Желілік программалық қамтамасыздандырудың құрылу принциптері
Сервер
Клиент
Сабақтың барысы:
1. Желілік файлдық жүйенің құрылу принциптері.
Кез келген жүйелердің кілттік компоненті болып файлдық жүйе табылады. Орталықтанған жүйе сияқты файлдық жүйеде де құжаттарды сақтау және оларды қолдану мүмкіндіктері бар. Бөлінетін файлдық жүйе бір немесе бірнеше компьютерлер арасында сақталған құжаттармен байланыса алады. Бұл компьютерлер қолданушының өз файлын желі арқылы еркін пайдалана алуын әдетте файлдық жүйе деп атайды.
Файл серверлері оқуға, файлдарды жазуға сұраныс құрады. Жүйе арқылы басқа компьютерлерден түскен мәліметтер клиенттің қызмет файлы деп аталады. Әрбір жіберілген сұраныс тексеріледі, орындалады және жауабы алынады. Файл сервері әдетте иерархиялық, файлдық жүйе құрады, олардың әрбіреуі түбірлі каталог және ең төменгі каталог деңгейінен тұрады. Көптеген желілік файлдық жүйеде клиенттің компьютері жергілікті файлдық жүйеге қосады, яғни қолданушы жойылған каталогтармен файлдарға еркін кіре алады. Бұл жағдайда файлдық жүйені құрушы мәліметтерді ешқайда араластырмай, сол серверде қалтырады. Программалық көзқарас бойынша қаралған файлдық жүйе – бұл типтік құрылымы бар желілік қызмет. Файлдық қызмет программа - серверді және клиент программасын іске қосады. Осы жағдайда файлдық сервер деп тек компьютер емес, сонымен қоса программада файлдармен, каталогтармен жұмысты айтады. Клиенттің компьютерінде жұмыс істеп тұрған программа және файлдық серверлер арқылы файлдардың сұранысы клиенттің файлдық жүйесі деп аталады.
Желіде бір уақытта бірнеше программалық файл – серверлер жұмыс істеуі мүмкін, олардың әрқайсысы түрлі файлдық қызметті ұсынады.
Мысалы: Бір жүйеде екі сервер болуы мүмкін. Бұған Unix және Windows файлдық әртүрлі қызмет көрсете алады. Ол үшін бұл компьютерде бірнеше процесс жұмыс істеуі керек. Файлдық қызметтің екі функционалдық бөлігі: негізгі файлдық қызмет және файлдық жүйе каталогының қызметі бар. Оның біріншісі – жеке файл операциясымен, ал екіншісі - файлдық каталогтармен жұмыс істейді. Көптеген коммерциялық операциялық жүйелерде қолданушы файлдық сервер ресурстарын пайдалану үшін оның атын міндетті түрде көрсетуі керек.
Ауқымды компьютерлік желілердің пайда болуы ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктері болып табылады. Ауқымды желі мемлекеттер арасында программалық қызметтестіктің бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырылады. Ауқымды компьютерлік желілердің абонентік түріне жергілікті желі жатады, яғни онда бір – бірінен бірдей қашықтықта орналасқан абоненттер қажетті ақпараттармен алмаса алады. Ауқымды компьютерлік желі қызметімен жеке компьютерлер де қолдана алады.
Ауқымды компьютерлік желіні құруда әдетте үлкен телекомуникациялық компаниялар ішкі қажеттіліктері үшін жұмыс істейді. Компаниялардың желінің орташа жұмысына қолдау көрсетуін оператор деп атайды, ал ақылы қызмет көрсетуі желі абонентін провайдер деп атайды. Абонент иесі операторы және провайдер бір компания болуы мүмкін. Ауқымды компьютерлік желіден басқа да территориялық ақпарат жіберу желісінің түрлері – телефондық, телеграфтық. Желілік құрылымның дамуы бір үлкен кезеңді, яғни барлық дүниежүзілік компьютерлік желілер тенденциясының дамуын қамтиды.
Көптеген қызметтің таралуы, қазіргі ауқымды компьютерлік желілер:
телекоммуникациялық (транспорттық): электрондық пошта режимінде хабарламалармен бірінші желідегі қолданушылар сияқты, әртүрлі желідегі қолданушылар да алмаса алады,; Телеконференция немесе телесеминар қатысушының арасындағы хабарламалармен алмасу; электрондық бюлетендер жаңалығын ұйымдастыру; сұраныс – жауап режиміндегі екі диалогтың диалог ретінде хабарламамен алмасуы; үлкен арнайы массивін жіберу алдын-ала даярланған тізім бойынша хабарламаларды көбейтіп жіберу; жабық топ абоненттерін ұйымдастыру, яғни ақпараттар мен топ арасындағы алмасу; хабарламалардың көшірмесін абоненттің сұранысы бойынша беру және тағы сол секілді.
Есептеуіш: Желідегі абоненттің қанағаттандырылуы. Ақпараттарды өңдеуде үлкен жұмысты қажет етеді.
Ақпараттық: ақпараттарды сұрақ бойынша өңдеу;
Консультациялық: Желіні ақпараттық және программалық қамсыздандыруды жалпы желілік ресурсты техникалық қолдану консультациясы. Компьютермен және басқа да техникалық құралдарды оқытужәне тағы басқа.
Техникалық: программалық қамтамассыздандыруды орнату, модемдерді орнату және сынақтан өткізу,
Жарнамалық: электрондық конференциялармен семинарларды, жарнамаларды орналастыру.
Негізінен бұл АКЖ транспорттық қызметін пайдалану үшін қолданылады.
Бұл ең бірінші интернет желісінің дамуы мен қолданылуына байланысты. Бұл желінің жоғары дәрежедегі қызметі өндіріс жұмысына үлкен кедергі келтірген сияқты жеке қолданушы желісіне де кері әсерін тигізеді. Интернет технологиясы жергілікті және корпоративті желі қатарына кіреді. Жергілікті желіден айырмашылығы өзінің жоғары жылдамдықта ақпарат жіберуі.
Қолданушы клиент жұмыс істеп отырған компьютер жұмыс станциясы деп аталады.
Ауқымды желінің типтік құрылымы 2.1 суретте көрсетілген. Территориялық желілік байланысты коммуникациялық желі қатарына қосуға болады.
Сурет 2.1. Ауқымды желінің типтік құрылымы
Жергілікті желі дегеніміз – шағын бір территорияда орналасқан абоненттерді біріктіреді. Кеңейтілген құрылымда жергіліктіесептеу желісінің абоненттік торабы жиынтығымен ерекшеленеді, яғни серверлер жүйесі және коммутативтік желілер.
Желінің негізгі компонеттері:
Сымдар, жұмыс станциясы, желінің интерфейстік тақтасы, желілік адаптер, желі сервері.
Жергілікті есептеу желісінің жұмыс станциясы болып дербес компьютерлер табылады. Жұмыс станциясы желі қолданған тапсырмаларды іске асырады. Олардың орындлуы есептеуіш процестермен байланысты. Желілік сервер – кәдімгі абоненттік жүйелер сияқты жұмыс істейтін жалпы көлемдегі желілк ресурстарды таратудан басқа функцияларды орындайтын аппараттар – программалар жүйелері. Сервердің аппараттық бөлімі дегеніміз – дербес компьютерлер, мини ЭЕМ, үлкен ЭЕМ және компьютерлер.
Желілік адаптердің негізгі функциялары:
Жұмыс станциясының дерек қабылдауын ұйымдастыру;
Ақпаратты жіберу жылдамдығы;
Мәліметтер пакетін формализациялау;
Кодтеу және декодтау;
Ақпаратты жіберу дұрыстығын тексеру;
Мәліметтермен алмасуды ұйымдастыру;
Жергілікті есептеу желісінің жіберу ортасы болып қос бұралмалы сымдар, коаксиалды сымдар, автоколоконды сымдар қолданылады.
Жергілікті есептеу желісінің келесі желілк құрылымы қолданылады.
|