ОқУ Әдістемелік кешен қҰҚЫҚ ЖӘне экономика негіздерін


«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ » КУРСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ



жүктеу 0,83 Mb.
бет3/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#17139
түріСеминар
1   2   3   4   5   6



«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ » КУРСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ




Семинар тақырыптары

Талқыланатын мәселелер

1

Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың ғылыми-әдістемелік, әдіснамалық негіздері.

  1. Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудағы түбірлі өзгерістер.

  2. Мектепте құқықтық және экономикалық білім негіздерін оқытудың әдіснамалық мәселелері.

2

Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мақсаты, мазмұны, міндеттері мен құрылымы.

1.Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мақсаты.

2.Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының міндеттері.

3.Мектептегі құқық және экономика негіздері курсының мазмұны.


3

Оқушыларда құқықтық және экономикалық білімді қалыптастыру сатылары.

1.Құқықтық білім беруді қалыптастыруға қойылатын талаптар. 2. Құқықтық және экономикалық білім берудің халықаралық – құқықтық аспектілері.

4

Құқық және экономика негіздерін оқытуды ұйымдастырудың нысандары.

1.Құқық және экономика негіздерін оқытудың негізгі нысандары. 2.«Азаматтану», «Қаржылық білім негіздері» курсы.

3. Факультативтік сабақтар.



5

Құқықтық және экономикалық құжаттар мен өзге де дерек көздерін оқытудың әдістері

1.Құқық пен экономика бойынша мемлекеттік құжаттарды оқыту әдістемесі.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де құқықтық актілерді оқыту.

3.Оқушыларда алғашқы деректермен жұмыс істеу шеберліктерін дамыту.


6

Құқық және экономика негіздерін оқу саласындағы бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттерді талдау тәсілдері.

1.Бағдарламалардың басты мақсаты. 2.«Экономикаға кіріспе» курсы бағдарламасы.

3. Экономика және құқық негіздері курсы бойынша бағдарламаларды талдау.

4.Курстық идеялар, ұғымдар жүйесін қалыптастыру бойынша мұғалім жұмысын жоспарлау.


7

Оқушылардың біліміне, біліктілігіне, тәрбиелік дәрежесіне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары.

1.Құқықтық білім берудегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының алатын орны 2.«Қолданбалы экономика» бағдарламасының талаптары.

8

Курс бойынша сабақта және сабақтан тыс оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың нысандары.

2.Оқушылардың негізгі шеберліктерін қалыптастыратын рационалды тәсілдер мен құралдарды таңдау.



  1. 3.Оқушылардың құқықтық және экономикалық мағлұматтарды меңгеруі бойынша түрлі өзіндік жұмыстарын өңдеу.

4. Экономика және құқық сабағына дидактикалық материалдарды даярлау.

9

«Құқық және экономика негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама.

1.«Құқық және экономика негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламалардың мазмұны.

2.«Экономикаға кіріспе» курсы бағдарламасының мақсаты мен міндеттері.

3. «Құқықтану» курсының бағдарламасы: жалпы сипаттама.


10

Құқықтық және экономикалық білім берудегі курсішілік, курс және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.

1.Пәнаралық және ішкі курстық байланыстар.

2. Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды жүзеге асыру үшін әдістемелік тәсілдер мен ұйымдастыру формалары.

3.Пәнаралық және ішкі курстық байланыстарды анықтау үшін әдістемелік тәсілдер мен құралдарды таңдау, курстың негізгі идеялары мен ұғымдарын қалыптастырудағы рөлдерін анықтау.

4.Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.



11

Құқық және экономика негіздері сабағында баспа деректермен жұмыс істеу тәсілдері.

1.Құқық және экономика негіздері оқулығы – құқықтық білім берудің негізгі құралы.

2.Мұғалімнің оқулық мәтінімен және мәтіннен тыс компоненттермен жұмыс істеу тәсілдері.

3. Нормативті – құқықтық актілерді құқық және экономика негіздері сабағында қолдану әдістемесі.


12

Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары.

1.Оқыту технологиясы - ғылыми зерттеу аясы ретінде.

2.Құқық және экономика негіздері сабағында жаңа технологияны қолданудың қағидаттары мен тәсілдері.


13

Құқық және экономика негіздері сабағында оқылған материалдарды қайталау, тексеру және бағалау әдістемесі.

1.Құқық сабағында алынған білімді қайталау – құқықтық білімді тереңдетудің жолы.

2.Құқықтық білімді тексерудің жолдары.

3.Білім тексерудің мақсаттары мен қызметтері.


14

Мектепте құқық және экономика негіздері кабинеттерін жарақтандыру.

1.Мектептегі құқық және экономика кабинетінің міндеттері.

2. Кабинет жұмысының үйлестірілуі.

3. Кабинетке жауаптылық.


15

Құқық және экономика негіздері мұғалімі.

1.Курсты оқытуға мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығы.

2.Мұғалімнің шеберлігінің шыңдалуы.

3.Экономика және құқық негіздері мұғаліміне қойлатын негізгі талаптар, дамытушылық оқыту жағдайындағы оның ерекшеліктері.

4.Мұғалім біліктілігін арттыру жолдары.




ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Белова В.Б., Северухин В.А. Правовое образование и воспитание будущих учителей.//Советская педагогика, 1986, №7, С.80 – 85.

  2. Білім туралы. – Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы. «Литера», 1999.

  3. Барихновская Е.Г. и др. Система правового образования в школе. Концепция. М.: 1995.

  4. Баймырзаева Р. Жалпыға бірдей құқықтық оқудың өзекті мәселелері. // Қазақстан заңдары. – 1998.- №8, 39 – 44 бб.

  5. Воспитание в духе прав человека. //Поиск, 1997, №2.

  6. Жарықбаев Қ. Психология.Алматы: Білім, 1993.

  7. Жұмабаев М.Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992.

  8. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Ана тілі, 19 маусым, 1987.

  9. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана. 26 желтоқсан, 2003.

  10. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. Алматы, 1998.

  11. Білім туралы. – Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы. «Литера», 1999.

  12. Газизова Н.С. Азаматтық білім – құқықтық мемлекет болудың кепілі. // Қазақстан мектебі, №3, 2004.

  13. Газизова Г.С. Құқық дегеніміз не? // Қазақстан мектебі, №4, 2004.

  14. Құқық пен жаңғырудың әлеуметтік мәдение мәселелері. // Ақиқат,1999, №5.

  15. Құнантаева К. Жаңа ғасырға лайық жақсы адам тәрбиелейік. //Бастауыш мектеп, 2000, №1.

  16. Құнантаева К. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы. /1917 – 1990/ Алматы: РБК, 1998.

  17. Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Оқу құралы. Алматы: РБК, 1995.

  18. Барихновская Е.Г. и др. Система правового образования в школе. Концепция. М.: 1995.

  19. Баймырзаева Р. Жалпыға бірдей құқықтық оқудың өзекті мәселелері. // Қазақстан заңдары. – 1998.- №8, Б.39 – 44.

  20. Голикова Н.И., Куриленко Т.Ф. Из опыта правового обучения и воспитания учащихся. // Начальная школа, №7, 2001, .С.4 – 19.

  21. Газизова Н.С. Құқық негіздері қалай оқытылуда? //Қазақ тарихы, №4, 2002, Б.69 – 71.

  22. Инновациалық оқытудың педагогикалық шарттары. Қ.АқИассауи атындағы ХҚТУ Шымкент ғылыми - әдістемелік конференцияның материалдар жинағы. 2004.

  23. Мендыгалиева Г.К. Новое в системе правового образования в школе. //Менеджмент в образовании, №1, 1998, С.21 – 23.

  24. Марковичева Е.В.Актуальные проблемы воспитания и гражданского образования. //Стандарты и мониторинг в образовании, №2, 2000, С.11 – 14.

  25. Махкамов У. Жоғарғы сынып оқушыларында адамгершілік мәдениетті қалыптастырудың педагогиалық жайлары.// Қазақстан жоғары мектебі, 1998, №4,Б.168 – 171.

  26. Сабыров Т.А. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, Мектеп, 1978.

  27. Сборник научно – методических статей по правоведению. М., 1979.

  28. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. / Көмекші құрал/ - Алматы,1999.




  1. Гиниятуллина А.А.Опыт организации групповой работы на уроках. //Начальная школа, 2004, №1, С.15 – 17.

  2. Голикова Н.И., Куриленко Т.Ф. Из опыта правового обучения и воспитания учащихся. // Начальная школа, №7, 2001, С.14 – 19.

  3. Кабанов Л. Учебные игры как средство повышения эффективности уроков. // Преподаватель истории в школе, 1999, №8.

  4. Құқық пен жаңғырудың әлеуметтік мәдение мәселелері. // Ақиқат,1999, №5.

  5. Кенжанова А. Құқықтық тәрбие. //Бастауыш мектеп, 1999, №10,Б. 54 – 88.

  6. Сабыров Т.А. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, Мектеп, 1978.



ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ БОЙЫНША ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ (СОӨЖ)




СОӨЖ тақырыптары

Нысаны

Орындалу мерзімі

Жинақтайтын балл

Сағат саны

1

Мектептегі құқық және экономика пәндері бойынша оқулықтарға сипаттама.

Ауызша

1 апта

5

1

2

«Адам.Қоғам. Құқық» оқулығы бойынша жүргізетін сабақ тақырыбын, сабақтың мақсаттарын анықтау,


Жазбаша

2 апта

4

1

3

Анықталған сабақтың жоспарын құрастыру.

Жазбаша

3 апта

3

1


4

Сабақты өткізу.

Ауызша

Жазбаша


4 -6 апта

4

3


5

Сабақты талдау барысындағы кемшілікпен жұмыс.

Жазбаша



7 апта

3


2


6

Дәріс тақрыптары мен курсты анықтау.

Жазбаша


8 апта

3

2


7

Дәріс конспектісін құрастыру.

Жазбаша



9 апта

3

2

8

Дәрісті оқу.

Жазбаша

10-11 апта

5

3



9

Құқық және экономика негіздері мұғаліміне қойылатын талаптар.

Кесте құрастыру

12 апта

5

1


10

Құқық және экономика кабинетін рәсімдеу

Суреттеу

13 апта

3

2


11

«ҚР Білім туралы» Заңына талдау

Кесте

14 апта

3

2


12

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сипаттама

Кесте


15 апта

5

2,5



5. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫНЫҢ СТУДЕНТПЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ (СӨЖ)




Тапсырма мазмұны

Тапсырма нысаны

Мерзімі

Сағаты

Жинақ

талған балл

1

Мұғалім туралы қанатты сөздер

Жазбаша

1

апта


7, 5


3


2

«Қазақстанда құқықтық және экономикалық білім беру: теория және практика» тақырыбы бойынша материалдар жинақтап, жоспар құрастыру

Жазбаша


2-4

апта


10

1


3

Кіріспе бөлімін құрастыру

Жазбаша

5-7

апта


15

1


4

Негізгі бөлімдерді аяқтау

Жазбаша

8-11 апта

15

1

5

Қорытынды бөлімін аяқтау

Жазбаша

12-13 апта

10

1

6

Жұмысты қорғау

Презентация

1415

апта


10

3

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ:

7.Бақылау түрі.

Ағымды бақылау:

  • бағдарламадағы тақырып бойынша өз көзқарасын блдіру;

  • ситуациялық жағдайларды шешу;

  • жазба жұмыстарын, тестер, бақылау жұмыстарын орындау;

  • пән бойынша сөзжұмбақ құрастыру;

  • іскерлік ойын;

  • шептік бақылау.


Қорытынды бақылау:

  • аттестация;

  • есеп.


6. Студенттер білімін бағалау:

1.Дәріске қатысқаны үшін – 1 балл

2.Практикалық сабақтағы белсенділігі 0,25-1 балл
3.СӨЖ – 3*5=15 балл

өте жақсы – 5 балл

жақсы - 4 балл

қанағаттанарлық – 3 балл


4.СОӨЖ -

өте жақсы – 1 балл

жақсы - 0,75 балл

қанағаттанарлық – 0,5 балл


7. Пәннің саясаты:

  • Сабақтарға уақытында келу;

  • Сабақ үстінде басқа істермен шұғылданбау;

  • Себепсіз сабақтан қалмау;

  • Босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру;

  • Тапсырма орындалмаған жағдайда, қорытынды баға төмендейді;

  • Оқу процессіне белсенді қатысу;

  • Күнделікті сабақтарда өз ойын ерікті, дұрыс жеткізе білуге дағдылану;

  • Шыдамды, жауапты болу, курстастармен және оқытушылармен тиісінше дұрыс қатынаста болу.



Студентке қойылатын талаптар:

  • сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысу үшін, студенттің пәнге деген қызығушылығының болуы;

  • барлық тапсырмаларды уақытында орындау;

  • сабақта материалды талдау үшін, сұрақтар қойып, сын көзқарас білдіру;

  • ұялы телефонды сабақ барысында өшіріп қою;

  • сабақ барысында мәселе көтеру үшін алдын - ала дайындалып келу.



Сабақты талдаудың шамалық мөлшері:

  1. Орындалған жұмыстың жоғарғы сапалы үлгіде болуы. Жазбаша жұмыстарда қолданылған әдебиеттер тізімі, дерек көздері көрсетілуі міндетті түрде болу керек.

  2. Жұмыста толық мәлімет беру үшін, студент жоғары ойлау қабілеті арқылы тақырыпты жан – жақты ашуы қажет. Жауаптар ғылыми – теориялық, әдіснамалық сипат алуы қажет.

  3. Өздік жұмыс орындаған кезде оқулықтармен бірге ғылыми монографияларды және дәрістен алынған бағыттарды қолдану шарт.

  4. Нормативті құжаттарды талқылауға ерекше мән берілу қажет.


8. Дәріс пен практикалық сабақтарға дайындық:

  • Берілген материалды оқып, талдау;

  • Дәріс пен семинар сабақтарының конспектісінің міндетті түрде болуы;

  • Ұсынылған тақырыптар бойынша тапсырмаларды (кестелер, ситуациялар т.б.) дайындау;

  • Іскерлік ойындарға қатысу;

  • Оқытушы көтерген мәселені немесе ситуациялық жағдайды шешу және жазбаша орындау;

- Пән бойынша көтерілген мәселеге жан – жақты сипатама беру;

- Өз көзқарасын білдіру;

- Глоссарии құрастыру(терминдер сөздігі);

Студент өздік жұмыс берілген тақырыпқа шолу жасап, қосымша әдебиеттер мен деректер қолданып, глоссарий мен түсініктерге қысқаша сипаттама беруге міндетті. Одан кейін оның презентациясын ұйымдастырып, студент 10-15 минутта өз көзқарасы мен пікірін білдіруі қажет.



«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»

КУРСЫ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
ДӘРІС 1

«ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫНЫҢ ПӘНІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

Мақсаты:.Студенттерге «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәнінің маңызы мен мәнін теориялық тұрғыда түсіндіру және пәннің болашақ құқық және экономика пәні мұғалімі үшін алатын ролін ұғындыру.

Жоспар:

  1. Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні және оны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

  2. Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.


1. Еліміз құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатқандығын паш етіп, оны Ата заңымыздың бірінші бабында заңдастырғаны бәрімізге белгілі. Құқықтық мемлекет – ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі, қиын, әрі сан – салалы. Мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі ұйымдық – құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр – қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауында негізгі бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі – жоғарғы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.

1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамызда білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.

Қазіргі «Білім туралы» заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық- материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық -–нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Бүкіл қоғам, жалпы жұртшылық болып күш салатын істер шаш етектен. Солардың ішіндегі ең күрделісі, ең маңыздысы – құқықтық сауатты азаматтарды дайындап шығару. Құқықтық сауатты адамдар қылмысқа ұрынбауға әрекет жасайды. Өмір сүрудің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренеді. Азаматтық құқығын жете меңгергендер ғана қолайсыз көріністерге бой алдырмайды.

Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек. Құқықтық білім берудің міндеті – дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау. Осындай мақсаттарға жетуде Қазақстан мемлекеті және құқығы негіздері курсын мектеп қабырғасында оқытудың қажеттігі артуда.

Қазіргі кезде жас оқытушылар тобы өз жұмыстарын жаңа қоғамға, яғни қоғамдық жаңа өзгерістерге лайықтап бастап отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында: «Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықтың Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан тарихи сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдануда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда. Елдің әлеуметтік даму болашағы анықталған.

Қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезеңінде білім беру ісіне ықпал етеді және оны жаңа тарихи кезеңнің шақыруына жұмыла үн қосуды, әрі соған сай жауап беруді талап етеді және де тұтастай алғанда экономикалық даму қажеттіліктеріне сай болуы тиіс».Қазіргі көтеріліп отырған білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауап , шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғалар қалыптастыру. Қазақ халқы Жолдауда көрсетілген бағыттарды сәтті іске асыруға талпынуда. Мектеп өмірінде құқықтық білім беруге бағытталған қайта құрулар жүргізіліп жатыр. Құқық пәнін оқытудың рөлі артты. Орта мектептердің оқыту жоспарларына жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын одан әрі көтеруге бағытталған «Адам.Қоғам.Құқық», «Қаржылық білім негіздері» арнайы пән ретінде енгізілді. Пәнді оқытудың нысандары мен әдістері таңдалып алынды.

Құқықтық мемлекеттің талабына сай жаңа азаматты және жоғары дәрежелі, білікті мамандарды қалыптастыру мектеп қабырғасында алған білімге байланысты. Мектепте «Құқық және экономика негіздері» пәнін оқытудың сапасын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәнінің ғылыми тұжырымдалуы және әрбір мұғалімнің осы теорияны меңгеру дәрежесі болып табылады. Тек қана дұрыс анықталған әдістемелік теория мұғалімді құқықтық – нақты іс –тәжірибе жолына бағыттайды. Сондықтан «» курсының пәнін, міндеттерін, қызметтерін анықтап алу қажет.

«Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» пәні өзінің міндеттері етіп мыналарды қояды:



  • оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып құқықтық және экономикалық білім беруді жүйелеу;

  • құқықтық және экономикалық ғылым материалдары негізінде оқушыларды тәрбиелеу.

жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау