ОқУ Әдістемелік кешен қҰҚЫҚ ЖӘне экономика негіздерін



жүктеу 0,83 Mb.
бет6/6
Дата25.05.2018
өлшемі0,83 Mb.
#17139
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:


ДӘРІС 16

МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КАБИНЕТТЕРІН ЖАРАҚТАНДЫРУ

Мақсаты: Мектепте құқық және экономика кабинеттерін қазіргі кезең талаптарына сай жарақтандырудың жолдары туралы мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Мектептегі құқық және экономика кабинетінің міндеттері.

  2. Кабинет жұмысының үйлестірілуі. Кабинетке жауаптылық.

Мектепте құқық кабинеті болуы керек. Құқық кабинеті өз міндетіне сәйкес:

  • құқықтық тәрбие жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді;

  • бұл шараларға құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің және тағы басқа саланың қызметкерлерін қатыстыра отырып, дәрістер, әңгімелер, сұрақ – жауап кештерін,құқықтық білімнің олимпиадалары мен жарыстарын, диспуттар, викториналар өткізуді адамгершілік – құқықтық тақырыптағы кинофильмдерді көру және талқылауды ұйымдастырады;

  • оқушыларды, ата – аналарды қабылдайды, заңдарды түсіндіреді, кеңестер береді, ғылыми көпшілік заң әдебиетін қолдануды қамтамасыз етеді;

  • құқық бұзушылықпен күрестің жағдайы туралы мәліметтер ала отырып, құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста болады;

  • оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды тәрбиелеу кеңесінің штабы ретінде қолданылады.

Құқық кабинетінің жақсы жабдықталған кітапханасы, заңға қатысты мол әдебиеті, көрнекті құралдары, заң мәселелері жөніндегі стенділері болуы тиіс.

Кабинетке басшылық жасау, үйлестіру құқықтану пәні оқытушыларына жүктеледі. Егер құқық пәнінің мұғалімі бірнеше болса, олардың біреуі сол кабинетке жауапты болады.

Құқық кабинетін - құқық бұзушылықьың алдын алу, құқықтық білім беру, тәрбиелеу және құқық пәні оқушыларының арасындағы құқықтық тәрбие жұмысы тәжірибелерімен алмасу орталығы болатындай етіп жабдықтау қажет.

Жалпы, құқық пәніне қатысты әдебиеттер, зерттеулер соңғы кезде көптеп шығарылып жатыр, бірақ оларды кез келген мұғалім немесе оқушы сатып ала алмайды. Себебі, құқықтық әдебиеттер қымбат тұрады және таралымы аз болады. Сондықтан қажетті құқықтық әдебиеттердің құқық кабинетінде сақталғаны дұрыс. Бұл оқушының да, оқытушының да оны пайдалануына мүмкіндік береді. Құқық кабинетіндегі кітапхананы оқушыларды қатыстыра отырып реттеп қоюға болады. Мәселен, кабинеттегі кітап қорларын бөлімдерге бөлу. Мысалы, мынандай бөлімдерден тұруы мүмкін:



  • Қазақстан Республикасының Заңдары;

  • құқық салалары бойынша нормативті – құқықтық актілер;

  • құқық салалары бойынша зертеулер;

  • оқулықтар мен оқу құралдары;

  • әдістемелік құралдар;

  • баспа материалдары (журналдар, газеттер).

Құқық кабинеті мүмкіндігінше техникалық құралдармен де жабдықталуы керек, яғни диафильмдер, оқу фильмдері. Оқу киносы, дыбыс жазатын құралдар, электронды оқулықтар т.б. Құқық кабинетінде графопроектордың болғаны дұрыс, ол әр түрлі слайд – кестелерді көрсетуге өте тиімді. Әрине, техникалық құралдарды пайдаланғанда техника қауіпсіздігін сақтаған жөн, ол туралы құқық кабинетінде арнайы нұсқау жазылып, көрнекі жерде ілініп тұрса артық болмас еді.

Құқық кабинетінің дұрыс жабдықталуы, құқық сабағының сапалы өткізілуіне қолайлы жағдай жасайды және ол мұғалімнің сабақты өткізу барысындағы көрнекі құралдарды пайдалану үшін техникалық құралдарды іздеуден босатады. Толық, дұрыс жабдықталған құқық кабинеті сабақтан тыс жұмыс жүргізуге де өте қолайлы. Құқық үйірмелерінің, клубтардың мәжілістерін де осында өткізуге болады.



Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:
ДӘРІС 17

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ МҰҒАЛІМІ

Мақсаты: Құқық және экономика негіздері мұғалімінің қазіргі кезеңдегі бейнесі және оған қойылатын талаптар туралы мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Курсты оқытуға мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығы.

  2. Құқық және экономика негіздері мұғаліміне қойлатын негізгі талаптар, дамытушылық оқыту жағдайындағы оның ерекшеліктері.

  3. Мұғалім біліктілігін арттыру жолдары.

Мектеп - мұғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тәрбие мәселелерін жүзеге асыратын оқу – тәрбие мәселесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны.

Мектепте оқу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі нысаны – сабақ, сабақта басты рөлді атқаратын – мұғалім.

Мұғалімнің алдында тұрған зор мақсат ғылым негізін жақсы білетін, жігерлі, төзімді адамдарды тәрбиелеу, жоғары идеялы, қандай да болсын қиыншылықтарды жеңе білетін, өз Отанына шексіз берілген, бетбұрыс ісіне батыл кірісуге қабілеті жететін, еңбек сүйгіш адамдарды тәрбиелеу болып табылады.

Мұғалім өзіне тапсырылған істі абыройлы да нәтижелі етіп орындау үшін жатпай тұрмай оқиды. Ол мұның сүйегіне сіңген қасиет. Сонымен қатар мұғалім өз басына ең жақсы деген адамгершілік қасиетті дарытып отырады. Өйткені ол шәкірттерінің ғана ұстазы емес, ауылдағы, қаладағы барша халыққа үлгі - өнеге болатын үлкен инабатты адам.

Мұғалімнің дүние танымы – оның өмірі мен, оның әрбір құбылысқа қалай қарайтындығы, қалайда барлық оқушыға әсер етеді. Сондықтан да мұғалім өзінің мінез – құлқы, әрекеттері «күшті» бақылауда екендігін сезе біліп, өзін өзі ұстай білуі керек.

Оқушылардың мінез – құлқын, олардың сана – сезімінің жетілу дәрежесін танып, білу оңай нәрсе емес.

«Мұғалімдік мамандық ұсақ – түйегі көп, жалықпай жұмыс істеуді қажет етеді», - деген болатын Макаренко.

Осындай қоғамға қадірлі тұлғаны даярлап шығуда жоғары оқу орындарының алатын орны ерекше. Жоғары оқу орындарында мұғалімді өз мақсатында, өз бағытына дайындайды. Бұл саланы зерттеушілер өз саласының мұғалімі қандай болуы керек екендігін айқындап көрсетуде. Солардың ішінде мұғалімге қойылатын талаптар:



  • сабақтың ғылыми және құқықтық дәрежесіне қойылатын талаптар, яғни сабақтың ғылымилық сипат алуы, ғылыми мазмұндық толықтығы, оқу материалының ұғынықтылығы, құқықтық мәселелердің ашылып түсіндірілуі, құқықтық құбылыстардың, фактілердің дұрыстығы және дәлдігі, сабаққа берілген тұжырымдаманың дұрыстығы, мұғалім әңгімесінің жүйелілігі, оқушылар назарын өзіне аудару, оқушылардың сабаққа белсене қатысуын қамтамасыз ету;

  • сабақтың әдістемелік дәрежесіне қойылатын талаптар: сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің дұрыс анықталуы, сәтті және ойдағыдай жүзеге асуы, сабақтың қажетті элементтерін тиімді жүзеге асыру, курсішілік, пәнаралық байланыс жасау, жаңа материалды қазіргі жағдайлармен салыстыру, жаңа технологияларды, көрнекі құралдарды тиімді қолдану, уақытты ұтымды пайдалану, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, нормативті – құқықтық актілермен жұмыс жүргізу, ситуациялық жағдайларды тудырып, оны шешуге оқушылардың белсенділігін арттыру, қорытынды жасаттыру, қорыта айтқанда мұғалім сабақтың оқушылардың естерінде қалуына барлық жағдайды жасауы, сабақта нәтижеге жету;

  • оқушылардың біліміне, даму дәрежесіне қойылатын талаптар: мұғалімнің мемлекеттік стандарттағы құқықтық білімге қойылатын талаптарды ұстануы, оқушылар білімін объективті, жүйелі бағалау, оқушы білімінің дәрежесі, оқушылардың білім деңгейлерінің ара салмағын қадағалап отыруы;

  • мұғалімнің педагогикалық мінез құлқына қойылатын талаптар: мұғалімнің сыныпты ұйымдастыра алуы, сынып оқушыларына талап қоя білуі, кішіпейілдігі, ұстамдылығы, оқушыларды жақсы білуі, оқушымен тең қатынас жасауы, сөйлеу шеберлігі, дауыс ырғағы, сыртқы пішіні, өзін оқушылар арасында орынды ұстауы. Әрине, жоғарыда айтылғандар барлық мұғалімдерге ортақ айтылған ойлар. Ал, құқық негіздері пәнінің мұғалімі қандай болуы керек? Құқық пәнінің мұғалімі де жоғарыда аталған талаптарды ұстанады.

Құқық пәнінің мұғалімі – құқықтық мемлекет азаматтарын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Ол құқықтық білім беру жүйесін құқықтық тәрбие ісімен толықтырып отырады. Құқық пәні мұғалімінің басты мақсаты – оқушыларға құқықтық білім беріп қана қоймай, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, дамыту.

Құқық пәні мұғалімі Қазақстан Республикасы заңдарымен толық қаруланған, құқықтық мәселе көтере алатын, оның шешімін табуға оқушыларды қатыстыра отырып, әр түрлі шараларды шеберлікпен ұйымдастыра білетін тұлға болуы қажет. Оқушылар арасынан белсенді, жауапкершілігі мол балаларды іріктеп алып құқықтық тәрбие мақсатында ұйымдар құруы қажет. Ол мектепте құқықтық оқуды ұйымдастырумен қатар оқушы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының жүйесін де құрады.

Құқық пәнінің мұғалімі :


  • тәрбие жүйесін құқықтық негізде ұйымдастыра отырып құқықтық мемлекет адамдарын, олардың өркениетті өзара қарым – қатынасын қалыптастырады;

  • оқушыларды мемлекет заңдарын қастерлеуге, заң нормаларын сақтауға және орындауға, өз құқығын заңға сәйкес қорғай білуге, өзгелердің құқықтарын қастерлеуге, өзінің іс - әрекетіне жауапкершілікпен қарауға баулиды;

  • құқықтық сипаттағы кездесулер, дебаттар, олимпиадалар, т.б. құқықтық шараларды ұйымдастырып, өткізеді;

  • тәрбие нысандары арқылы құқықтық мәдениет дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларды полицияның жас достары, оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымдары, қоғамдық ұйымдардың жұмысына тарта отырып, сол ұйымдардың жұмысын құқықтық негізде ұйымдастыру арқылы оқушының іс - әрекетін заңдылыққа бейімдейді;

  • мектептегі құқықтық профилактикалық шараларды ұйымдастыруға, құқық күндерін, апталығын, айлықты өткізуге оқушыларды кеңінен араластыру, оқушылармен өткізілетін құқықтық тәрбие шараларына міндетті түрде тақырыпқа сай Республика заңдарын пайдалану, заң және құқық тақырыбына сайыстар, шығармалар, конкурстар т.с.с. тәжірибеге енгізеді;

  • оқушының құқықтық мәдениет деңгейін анықтап бағалаудың диагностикалық жолдарын қалыптастыру және оны құқықтық мәдениет қалыптастыруда басшылыққа алады.

Құқық пәні мұғалімінің басты мақсаты - оқушыларға құқықтық білім беру. Міне, осы бағытта мұғалім әрқашан да өзінің құқықтық білімін жетілдіріп отырады. Сонымен қатар ол білімнің оқушыларға берілу нысандарын да ойластырып отыруы қажет. Құқықтық білімді берудің нысандарына оқытудың жалпы әдістерімен бірге сабақтан тыс әдістері де жатады.
Талқылау сұрақтары:
Ұсынылған әдебиеттер:


ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (СОЖӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
СОЖӨЖ – студенттің дәріс, практикалық сабақтар барысында алынған білімдерін бекітуге мүмкіндік беретін әдістердің бірі. Болашақ маман ретінде студент игерген білімді өз бетімен жүзеге асыра білуі керек. Бұл үшін студент талмай ізденіп, білім деңгейін тереңдету үшін ұсынылған әдебиеттерді жете саралап, сабаққа мұқият дайындалуы қажет.

СОЖӨЖ тапсырмаларын орындау барысында студент нормативті актілермен тығыз жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Бұл салада түсініксіз сұрақтарды оқытушыдан сұраған жөн, себебі заңның тілі қиын тіл, ол талқылауды қажет етеді, ол студенттің жоғары деңгейдегі білімін қажет етеді.

СОЖӨЖ тапсырмалары студенттің логикалық терең ойлауын өажет етеді. Тапсырмалар жүйесі әр түрлі: ситуациялық есептер, кестелер құрастыру, заңнамаларға талдау жасау т.с.с.

СОЖӨЖ тапсырмаларын студент грамматикалық сауатты орындауы қажет. СОЖӨЖ тапсырмаларын орындағаннан кейін студент оны оқытушы алдында қорғайды. СОЖӨЖ тапсырмалары бойынша слайдтар құрастырып, презентация ретінде қорғауға болады. СОЖӨЖ тапсырмаларын қорғауда студенттің ғылыми терминдерді қолдануы қажет, яғни студент өзінің ғылыми ойлау дәрежесін арттыруы керек.

Құқықтық білім құрғақ сөзді қажет етпейді. Сол себепті студенттің білімі арнайы деректерге сүйеніп, дәлелденуі қажет.

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА (СӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Өзіндік жұмыс дәріс және семинар сабақтарынан тыс беріліп отыр. Себебі өздік жұмыс студенттердің терең ойлап, мемлекет және құқық саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Сондықтан өздік жұмысты жүргізудің әр түрлі нысандары таңдалып алынды. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с.



Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек.

Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар:

  • Жазбаша баяндамалардың сауатты, ұғынықты түрде, тақырыпты аша отырып жазылуы;

  • Реферат қойылған талаптарға жауап бере отырып жазылуы керек (көлемі, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жоспары, кіріспе және қорытынды т.с.с.);

  • Кроссворд , сканвордтар 50 сұрақтан кем болмауы керек;

  • Ғылыми мақаланы басқа мақалалардан ажырата білу, талдау жасай білу, яғни сол мақалаға қатысты өз пікірін айту;

  • Белгілі бір мәселеге қатысты сұрақ – жауап жүргізіп, қорытынды жасай білу.






жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау