Балалар, қараңдаршы мына ойыншықтар неден жасалған?
Иә, дұрыс айтасыңдар, ағаштан жасалған.
Ағаш қатты ма, әлде жұмсақ па?
Бұл ойыншықтың пішіні кандай геометриялық фигураға ұқсайды?
Ағаштан тағы қандай ойыншықтар жасауға болады екен?
Қалай ойлайсыңдар, ағашты біз қайдан аламыз?
Иә, ағашты біз табиғаттан аламыз. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Сондықтан біз табиғатты қорғауымыз керек.
№ 2 слайд.
Пласмассадан жасалған ойыншықтармен таныстыру
Мына куыршақтар неден жасалған деп ойлайсыңдар?
Пласмасса жұмсақ па, әлде қатты ма?
Қуыршақпен ұлдар ойнай ма, жоқ қыздар ойнай ма?
Пласмассадан жасалған тағы қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар?
Ойыншықтармен біздер қалай ойнауымыз керек?
№3 слайд
Темірден жасалған ойыншықтар
Балалар, мына ойыншықтар темірден жасалған. Темір өте қатты.
Ондай ойыншықтармен ойнаған кезде өте абай болу керек.
№ 4 слайд
Матадан жасалған ойыншықтар
Ал, мына қонжыққа қараңдаршы, ол неден жасалған деп ойлайсыңдар?
Матадан жасалған ойыншықтар жұмсақ па, қатты ма?
Матадан тағы қандай ойыншықтар жасауға болады екен?
Матаны біздер мақтадан аламыз
Матадан сол сияқты қуыршақтарға арнап неше түрлі көйлектер тігуге болады.
№ 5 слайд
Шыныдан жасалған ойыншықтар.
Бұл ойыншықтарды әйнектен жасайды.
Шыныдан жасалған ойыншықтарға
қандай ойыншықтар жатады?
Иә, ойыншық ыдыс-аяқтар, әдемі сувенирлер жатады. Шыныдан жасалған ойыншықтармен ойнағанда өте сақ болу керек. Егер байқаусызда қолыңнан түсіп кетсе, ол сынып қалады. Сынық ойыншық қолыңды немесе басқа жерлеріңді жарақаттауы мүмкін.
«Не жоқ?» ойыны
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
«Не артық?»
Сергіту сәті:
Саусақтар жаттығуы
Мазмұнды – рольді ойын:
«Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: Балаларды мамандыққа баулу, сыпайы сөйлеуге үйрету, ойыншықтарға ұкыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар ішінен бір бала сатушы, қалған балалар сатып алушылар болады.
Дидактикалық ойын:
«Сиқырлы дорба»
Мақсаты:
Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Сонымен, балалар біздер бүгін қандай ойыншық түрлерімен таныстық?
Ойыншықтар неден жасалады екен?
Ойыншықтармен ойнаған кезде қандай қауіпсізлік ережесін сақтау керек?
Жақсы, ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Топта ойыншықтар шашылып жатса не істейміз?
Топтағы ойыншықтарға таласамыз ба?
Өйткені, топтағы ойыншықтар бәрімізге ортақ.
Ойыншықпен ойнағанда тату-тәтті болуымыз керек.
Ән: «Ойыншықтар»
|