Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет12/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61

 
36 
Физиканы  оқытудың  басты  міндеттері  негізінде  типтік  оқу 
бағдарламасында  неғұрлым  нақты  дидактикалық  міндеттер 
айқындалады  оның  ішіндегі  аса  маңыздысы-оқушыларға  білім 
алу тәсілдерін үйрету. 
Физиканы  оқыту  мақсаттарын  білім  беру,  тәрбиелеу  және 
дамыту деп жүктеуге болады. 
Физиканы оқытудың білімділік мақсаты: 
1. 
 Физика 
ғылымының 
негізімен, 
оның 
негізгі 
ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру. 
2. 
 Оқушылардың 
санасында 
қоршаған 
әлемнің 
жаратылыс-тану-ғылыми  көрнісін қалыптастыру. 
3. 
 Жаратылыстану-ғылыми 
зерттеулердің 
негізгі 
әдістеме-лерін меңгерту. 
4.   Политехникалық білім беру. 
Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты: 
1. Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру. 
2.  Оқушыларды  танымдық  және  практикалық  іс-әрекетте 
дұрыс методологиялық тәсіл жасауға үйрету. 
3.  Еңбекке,  ынталылыққа  және  қиындақтарды  жеңуде 
табандылыққа тәрбиелеу. 
 
Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты: 
1.Оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту,  индук-
тивтік,  дедуктивтік,  ұқсастық  бойынша  ой  қорытуды  пайдалана 
білу. 
2.Физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру. 
3.Физикалық  теориялардың,  олардың  элементтерінің:  ұғым-
дардың,  модельдердің,  заңдардың  қолдану  шекаралары  туралы 
білімді қалыптастыру. 
4.  Белгілі  теориялық  қағидаларды,  математикалық  аппарат-
тарды,  графиктік  әдістерді,  анықтамалық  әдебиеттерді,  есептеу 
техникасын және т.б. пайдаланып, есептер шығара білуді дамыту. 
5.Физикалық  құбылыстардың  жұмыс  принципін,  құрылысын 
біліп, оларды пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және 
өлшеулердің  қателіктерін  анықтап,  эксперименттен  алынған 
шамалар  бойынша  қорытынды  жасап,  эксперименттер  жүргізу 
икемдігін дамыту. 
6. Қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту. 


 
37 
Оқытудың  қарастырылған  жалпы  мақсаттары  физиканы 
оқыту процесін құрудың негізі, іргетасы болады.  
Оқыту  үрдісінде  білімді  жинақтауға  ғана  емес,  білімге  ие 
болу  икемділігін  қалыптастыру  көзделінеді.  Осыған  байланысты 
қазіргі мектепте мұғалім сабақта оқушылардың алдарында тұрған 
проблемалар  мен  проблемалық  жағдайларды  шешуде  барлық  іс 
әрекеттерін  өз  бетінше  жоспарлап,  шығармашылық,  танымдық 
қабілеттерін  дамытуға  бағыттау  керек.  Оқушылардың  жұмысын 
осы бағытта ұйымдастыра білген мұғалім -дарынды мұғалім. 
Физиканы  оқытуда,  оқушылардың  тек  ғылымның  негізін 
біліп  қана  қоймай,  ғылыми  таным  әдістерін,  қазіргі  заманғы 
өндірістің,  техниканың,  адамға  тұрмыстық  қызмет  көрсетудің 
практикалық  тәсілдері  мен  икемділіктерін  игере  білуі  тиісті. 
Осыған  байланысты  қазіргі  мектептерде  оқу  әдістемелерін 
жетілдіруге  көбірек  көңіл  бөле  бастады,  оларды  әлеуметтік, 
ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қолға алынуда. 
Физика  курсында  әрбір  тақырып  бойынша  міндетті  меңге-
руліге тиісті білім элементтерімен қатар қосымша материалдар да 
бар.  Олармен  мұғалім  таныстырып,  түсіндіреді,  бірақ  оны 
оқушылардың барлығынан бірдей сұрай бермейді. Негізгі қажетті 
оқу  материалын  оқушылардың  есте  сақтауын  талап  етіп,  соған 
жағдай жасау керек.  
 
Оқушыларда физикалық білімді қалыптастыру 
Жалпы  білім  беру  мектептеріне  арналған  бағдарламаның 
түсініктемелік  жазбасында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім 
элементтері:  экспериментальдық  фактылар,  ұғымдар,  заңдар, 
теориялар,  физика  ғылымдарының  әдістері,  әлемнің  физикалық 
бейнесі,  физика  заңдарының  техника  мен  технологияда 
қолданылуы көрсетілген. 
Бұл  білім элементтерін оқушылар әр түрлі деңгейде меңгеруі 
мүмкін. Практикалық мақсаттарға біршама ыңғайлысы оқытудың 
мақсатын  анықтайтын  американ  ғалымы  Блумның  таксономия-
сына  негізделген  игеру  деңгейлерінің  жүйесі  болып  табылады. 
Оған сәйкес:  
1-деңгей – білімдерді есте сақтау;  
2-деңгей – білімдерді түсіну;  
3-деңгей – таныс жағдайда білімдерді қолдану;  


 
38 
4-деңгей  –  жаңа  жағдайда  білімдерді  қолдану  болып  бөліп 
көрсетіледі.  
3-деңгей  білімді,  іс-әрекетті  үлгі  бойынша  орындай  білуді,      
4-деңгей  білімді  –  шығармашылық  іс-әрекетті  орындай  білуді 
көрсетеді.  Сонымен  білімді  меңгеру  деңгейлерін  енгізу 
оқушылардың меңгерген физикалық білім элементтерінің оларды 
әр түрлі жағдайларда: есеп шығаруда, табиғаттағы құбылыстарды 
түсіндіруде,  машиналардың  жұмыс  істеу  принципін  т.б. 
қарастыруда қолданумен тығыз байланысты екенін көрсетеді. 
Мысалы оқушыларға Ньютонның  екінші заңы туралы білімді 
қалыптастыруды қарастырсақ: бұл заңды меңгерудің І деңгейіне-
заңның  формуласының  жазылуын,  оқылуын  білу,  бұл  заңды 
дәлелдейтін тәжірибені түсіндіру, заңның қолданылу шегін айту. 
Білім  меңгерудің  ІІ  деңгейіне  заңның  мағынасын  түсіндіруді,  
заңдағы себеп-салдардың байланысын түсіндіре білуді көздейді. 
Білім  меңгерудің  ІІІ  деңгейіне  белгілі  алгоритм  негізінде,  осы 
заңды  қолданатын  есептерді  шығару;  мұғалімнің  берген 
нұсқауының көмегімен дененің үдеуінің оған әсер ететін күшпен 
оның  массасына  тәуелділігін  тағайындауға  эксперимент  жасау; 
өмірде кездесетін құбылыстарға заңды қолдана білу жатады. 
Білім  меңгерудің  ІVдеңгейіне  оқушылардың  стандартты  емес 
есептерді  шығара  білу,  заңды  зерделеуде  өз  бетімен  жұмысты 
жоспарлап, өткізу жатады. 
ІVдеңгейге  сәйкес  білім  меңгеру  жеке  тұлғаның  даму 
мүмкіндігіне  байланысты.  Сондықтан  барлық  оқушылардың  бұл 
деңгейге сәйкес білімді бірдей меңгеруі мүмкін емес. Білімнің бір 
деңгейінен  келесі  деңгейлеріне  өту  бірте-бірте  жүреді.  Жаңа 
материалды  қарастырғанда  білім  әуелі  бірінші  деңгейде  меңге-
ріліп,  кейін  түсініліп,  сосын  білімді  қолданудың  іскерліктері 
қалыптасады.  
Жалпы білім беру мектептеріне арналған бағдарламаның түсі-
ніктемелік  жазбасында  барлық  курс  материалдарының  негізіне 
сақталу  заңдары  (энергияның,  импульстің,  электр  зарядының) 
жатқызылады;  ал  негізгі  мектептің  физика  курсына  молеку-
лярлық-кинетикалық  және  электрондық  түсініктер,  масса, 
тығыздылық,  күш,  энергия,  Паскаль  мен  Ом  заңдарының 
ұғымдары;  механика  үшін  –  қозғалыстың  салыстырмалық 
идеялары,  кинематиканың  негізгі  ұғымдары,  Ньютон  заңдары 
жатады;  молекулярлық  физикаға  -  молекулярлық-кинетикалық 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау