24
(Б.Белесов, К.Кенжеғалиев, Ә.Кәрімова, Ж.Асқарова, Ә.Жолдас-
беков, т,т.), мектепте физикалық экспериментті жетілдіру (Б.Тас-
болатов, О.Нүрманов), Франция мектептерінде физикалық есеп-
терді шығарудың тәсілдері мен тәжірибесі (Ә.Кәрімова, О.Нүр-
манов, Б.Тасболатов, Ә.Файзуллаев т.т.), физика сабақтарында
техникалық құралдар мен телевизиялық орталықты пайдалану
(Т.Нұрғалиев, А.Горбунов, Б.Белесов т.т.), пединституттар мен
мектеп үшін түрлі факультативтік курстардың бағдарламалары
мен оқу құралдарын жасау (М.Құдайқүлов, Т.Кенжебаев,
Р.Брайнингер, Қ.Намазбаев, П.Фролон т.т.), физика мұғалімінің
әдістемелік шеберлігі (М.Құдайқұлов, Ғ.Кертаева), физика әдісте-
месінің ғылыми негіздері (Қ.Әлімбаев), проблемалық сабақтарды
өткізу жайындағы мұғалімнің әдістемелік іскерліктері (М.Құдай-
құлов, Б.Асылбаев, О.Мусабеков) жөніндегі ғылыми зерттеулерді
жүргізді. Ғ.Әбдіғаппаровтың, В.Володарскийдің, А.Анарбаева-
ның, Б.Дәмитовтың алғашқы физикалық есептер жинақтары
шығарылды.
Қазақ тілінде қолтума физика оқулықтары да жасалынды.
(П.Полатбеков, Б.Арызханов, Қ.Жаңабергенов, Ж.Тобаяков, т.т.)
Келешекте факультативтік курстар, шығармашылық сабақ-
тар, өндірістік-техникалық нысандарға экскурсиялар өткізу,
кәсібибағдар, физика сабақтарында компьютерді және техни-
калық құралдарды пайдалану, физика кабинетінің жұмысын
нәтижелі ұйымдастыру, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін
насихаттау, т.с.с. мәселелер бойынша кең көлемді зерттеу
жұмыстарын жүргізу және толтума әдістемелік кұралдар даярлау
қажет.
ССРО-да физиканы оқыту әдістемесі жайында 600 ден астам
(1936-1938 жж. - 4, 1938-1958 жж. - 146, 1959-1990 жж. - 450) кан-
дидаттық диссертация қорғалған, ал 1951 ж. - 1, 1968-1990 жж. –
15-тен астам докторлық диссертациялар орындалған. Ал,
Қазақстанда болса алғашқы ондай кандидаттық диссертация-
ларды қорғау (Айманов, М.Құдайқұлов, Б.Арызханов) 1960-
жылдардан басталыпты. Қорғалған докторлық диссертациялар-
дың біреуі 1970-ші жылдары, ал қалған алтауы 1990-шы
жылдары орындалған.
Қазақстандықтардың қорғалған алғашқы қандидаттық дисер-
тациаларды пәнаралық байланыс, техникалық құралдармен
бағдарламалармен оқытудың әдістемесі мәселелерін шешуге
25
арналған (М.Ысқақов, Қ. Айманов, М.Құдайқұлов, С.Левин,
Б. Арысханов).
Қазақстандық әдіскер-ғалымдардың 1970-ші жылдардағы
өздігінен жұмыс істеу (А. Горбунов), факультативтік курстарды
өткізу (Б.Вахольский, Т.Кенжебаев, Қ.Намазбаев), сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру мен техникалық құралдарды пайда-
лану (Н.Демина, К.Нұрымжанова, Б.Белесов), пәнаралық байла-
ныс (В.Кириллов, К.Әзібаева) мәселелеріне арналды.
Республикадағы физик-әдіскерлердің 1980-ші жылдарғы
диссертациялық ізденушіліктері, негізінен политехникалық, экс-
перименттік, кәсібибағдарлық және өлшеу іскерліктерін қалып-
тастыру (О.Нұрманов, Ә.Кәрімов, О.Сәлімбаев т.т), физикалық
есептерді шығару әдістемесін жетілдіру (Б.Волдарский, Б.Одияк,
Н.Ильясов), физиканы оқытудың әдіснамалық (Е.Әбдуғалиев),
проблемалық сабақтарды өткізу (Б.Асылбаев), кристалдар
физикасы мен термодинамиканы оқытуды жақсарту (З.Мәжитова,
А.Маженова) мәселелерін шешуге бағытталды.
1990-шы жылдарғы кандидаттық зерттеулердің нәтижесінде
мектеп телевизиялық орталығын құру және техникалық құрал-
дарды пайдалану (Т.Нұрғалиев, Т.Мәмбетәлиев, Ә.Файзуллаев),
физикалық есептер жүйесі (Б.Мұқышов, Ғ.Байжасарова), студент-
тер мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру
(Л.Жеребятова, М.Ахметов, Н.Жаманқұлова), компьютерлік және
кәсіби бағдарлық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру
(Ә.Жолдасбеков, Ж.Асқарова, А.Әмірбеков), пәнаралық байла-
ныс пен экологиялық білім беру (О.Мұсабеков, А.Болтаев,
У.Тоқбергенова), энергетика негіздерін физика сабақтарында
түсіндіру (Қ.Намазбаев), физика мұғалімінің әдістемелік
шеберлігін (Ғ.Кертаева), физикалық білімдерді гуманизациялау
(Ә.Қаймолдина) мәселелерін жақсартуға мүмкіндік туғызылды.
Қазақстан әдіскер-ғалымдары ішінен М.Құдайқұлов физика
мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік іскерліктерін қалыптастыру-
дың дидактикалық диссертация қорғады. (1977 ж., Киев). Физик
мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дайындығын жақсартуда
пәнаралық байланысты пайдаланудың теориялық негіздерін
Б.Кириллов өзінің докторлық зерттеулерінде қарастырған (1990 ж.
Мәскеу) Кәсіби мамандық беруге бағытталған физика оқу
құралдарын жасаудың дидактикалық проблемалары Б.Арызха-
новтың докторлық диссертациясында зерттелді (1991 ж.,
26
Ташкент). Жамбылдық Т.Кенжебаевтың докторлық ізденісі
техникалық жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың
нәтижелілігін артыруды педагогикалық негіздерін шешуге
арналды (1992 ж., Мәскеу).
Одан кейінгі Абай атындағы АлМУ-да қорғалған доктордық
дессертациялар физиканы оқыту процесінде оқушылардың кәсіби
мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық
негіздеріне (Л.Мәжитова,1995ж), ғылыми-жаратылыстану білім
беруде оқушылардың оқу іскерлігі мен дағдыларын қалып-
тастыруға (О.Сәлімбаев, 1995 ж.), физика-техникалық және эсте-
тикалық пәндерді оқыту негізінде еңбек пәні мұғалімінің кәсіби
әдістемелік дайындығын жетілдірудің дидактикалық мәселеле-
ріне (М.Қозыбақов, 1998 ж.), болашақ мұғалімдердің функцио-
налды-әдістемелік білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға
(Ғ.Жүсіпқалиева, 1999 ж.) арналды.
Казақстанда 1920-1997 жылдары аралығында физиканы
оқытуға қатысты 170-ке жуық қазақ тіліндегі әдістемелік және
ғылыми-көпшілік әдебиеттер шығарылыпты. Физикадан қазақша
қолтума оқу құралы алғаш 1923 жылы басылған, сонан соң 1960-
шы жылдардан бастап төл тіліміздегі оқулықтар мезгіл-мезгіл
шығарылып тұрған.
1920-шы жылдан 1950-ші жылдарға дейін, 30 жыл бойы
біздің республикада қазақ тілінде физикадан ешқандай әдісте-
мелік, не ғылыми-техникалық әдебиеттер шығарылмай келген.
Алғашқы әдістемелік құрал да орысшадан 1955-жылы
(Т.Әбдісадықов т.б. қатысуымен) аударылған, ал физика мұғалімі
үшін өзіміздің қолтума әдістемелік әдебиеттеріміз 1960-шы
жылдардан бері ғана жарық көре бастаған.
Осы 78 жыл ішінде қазақ тілінде 60 тан астам физика-
техникалық әдебиеттер шығарылған, олардың үштен екі бөлігі
төл тілімізде жазылыпты. Мұғалімдер мен оқушыларға көмекші
алғашқы физикалық-астрономиялық ғылыми-көпшілік әдебиет-
тер 1950-ші жылдары (20 тақырып бойынша) орыс тілінен
аударылып, ал мұндай қолтума басылымдардан, 1960-шы
жылдары - 30, 1970 ж. - 45, 1980-ші жылдары - 50 кітаптар әр
түрлі тақырыпта жазылған.
2003 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы
өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлады. Осыған байланысты
қазіргі кезде академияның мектепте және мектепке дейін білім
Достарыңызбен бөлісу: |