Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет15/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61

 
45 
Физика  курсын  оқыту  барысында  оқушыларда  дүниетаным-
дық көзқарасты қалыптасыру оларда табиғат пен тұлғаның таным 
процесі  туралы  белгілі  бір  философиялық  тұрғыда  саналы 
меңгерілген  білімдер  жиынтығын  құру.  Соның  нәтижесінде 
дүниетанымдық  көзқарастың  ғылыми-жаратылыстану  мен  гно-
сеологиялық  аспектлеріның  фундаминті  қаланады.  Оқушылар-
дың  дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыруда  физиканы 
оқытудың әсері болса, керісінше философиялық білім физикалық 
білімнің  қалыптасуына  әсер  етеді.  Себебі  жаңа  білім  филосо-
фиялық  тұрғыдан  талданып  берілген  де  ғана  оны  тұлға  саналы 
түрде  терең  меңгереді.  Нақты  ғылыми  білім  маңызды  филосо-
фиялық  идеялармен  байланыста  боуы  мүмкін.  Оқушылардың 
дүниетанымдық  көзқарасы  диалектико-материалистік  көзқарасы 
тұрғыдан  қалыптастырылса,  онда  оның  фундаментіне  әлемнің 
материалдылығына,  диалектилығына  және  танымдылығына 
байланысты  философиялық  жалпылама  қорытындылаудың  үш 
тобы жатады. 
Бірінші  топқа  материя  мен  қозғалыс,  олардың  өзара  байла-
нысы,  олардың  жоқтан  пайда  болмайтындығы  және  жойыл-
майтындығы,  кеңістікте  уақытқа  байланысты  өмір  сүретіндігі, 
өзара  әсерлесуі,  дүниенің  материалдық  бірлігі  туралы  идеялары 
жатады.  Екінші  топқа  құбылыстардың  өзара  байланысы  туралы, 
материяның  қозғалысы  бағынатын  диалектиканың  белгілі  бір 
заңдарының  болуы  туралы  идеялар  жатады.  Үшінші  топқа 
шындықтың категориясы, таным  процесінің заңдылықтары және 
т.б. жатады.  
Егер  оқушы  Ньтонның  заңдарының  оқылуын  білсе,  бұл 
физикалық білім. Ал егер оқушы Нюьтонның екінші заңы құбы-
лыстардың  себеп-салдарлық  байланысын  сипаттайтынын  білсе, 
онда бұл білім философиялық дүнитанымдық  мазмұнда болады.  
Физика  сабақтарында  оқушылардың  физикалық  құбылыс-
тардың  бірлігі  мен  қарама-қайшылықтарын  «көре  білуге» 
үйретіп, оны таным процесінде қолдану қажет.  
 
 
 
 
 
 


 
46 
2.3. Оқушыларды физикалық ойлау және  
шығармашылық кабілеттерін дамыту 
Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамыту  –  мектептің  білім 
берудегі  басты  міндеттердің  бірі.  Ойлаудың  даму  проблемасы-
ның  ерекше  мәнділігі  білім  берудің  мақсаты  мен  міндеттерінің 
өзгеруімен  байланысты.  Білімдер,  іскерліктер  және  дағдыларды 
меңгеру осы дамудың құралдары болып табылады. 
Мектеп  жағдайындағы  белсенді,  мәдениетті  жеке  тұлғаны  
қалыптастыру талаптары жөніндегі қоғамның тапсырысы педаго-
гикалық қауымдастықтың білім мазмұнына, оқытудың жүйесіне, 
құралдарына деген көзқарасты өзгертті. Білімнің шығармашылық 
тәжірибені,  әлемге  деген  эмоционалды-құндылықтық  қатынас 
тәжірибесін  беру  мектеп  оқушысының  дамуы  үшін  үлкен 
маңызға  ие.  Сонымен  қатар  оқушының  тұлғалық  дамуы  үшін 
оның  өзінің  оқу-тәрбиелік  процесінің  объектісінен  мұғаліммен 
белсенді  өзара  әрекеттесетін  субъектіге  айналғандығы  қажет. 
Оқушының жеке тұлғасының дамуы, ең алдымен,  оның ойлауы-
ның дамуын болжайды. Ойлау – бұл объективті болмысты бей-
нелеу процесінің, адамзаттың танымның ең жоғары сатысы. 
Жалпы  айтқанда,  мектеп  оқушыларының  ойлауының  дамуы 
оқытудағы  басты  міндеттердің  бірі  болып  саналады,  мұғалім  оны 
шеше  отырып,  нақты  бір  оқу  материалында  мектеп  оқушыларын 
салыстыруға, талдау жасауға, топтастыруға, жинақтауға үйретеді.   
Ғылымдар  дамуының  тарихы,  бірінші  кезекте,  физиканың 
дамуы,  ғылыми  дамудың  қалай  дамығандығын,  байытылған-
дығын көрсетеді; көп уақыт бойы жаратылыстануда үстемдік етіп 
келген  метафизикалық  ойлаудың  орнына  біртіндеп  диалекти-
калық  ойлау  келеді.  ХХ  ғ.  Физика  саласындағы  төңкерістер 
(жаңалықтар) шынайы болмысты тепе-тең бейнелеу үшін диалек-
тикалық  ойлау  заңдарын  қолдану  қажеттілігін  дәлелдей  түсті. 
Әдістемелік  әдебиеттерде  пайдаланылатын  ғылыми  ойлауға  тән 
негізгі көріністерді бөліп көрсетейік. Олар, ең алдымен: 
-  объектінің  диалектикалық  қарама-қарсы  қасиеттерінің, 
құбылыстардың  бірмезгілде  болуы  мүмкіндігін  түсіну,  диалек-
тикалық қарама-қайшылықтарға сүйене білу; 
-  объект  немесе  құбылыстың  үнемі  қозғалыста,  дамуда 
екендігін қарастыра білу
-  білімнің  нақтылығын,  оның  белгілі  бір  жағдайларда 
шындық екенін түсіну; 


 
47 
- сапалық және сандық өзгерістердің өзара байланыстылығын 
түсіну; 
- ғылыми білімнің дамуындағы теріске шығаруды көре білу. 
Оқушыларда  ғылыми  ойлаудың  дамуының  бір  маңызды 
шарты -оларда табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы 
мен  өзара  келісімділігі  туралы  түсініктерінің  қалыптасуы  болып 
табылады. Табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы мен 
өзара  келісімділігі  жөнінде  айтқанда,  физикаға  оқыту  кезінде 
оқушыларға физикалық құбылыстар мен процестердің ішкі, мәнді 
өзара келісімділігін көруді және ұғынуға үйрету керектігін естен 
шығармаған  жөн.  Мысалы,  мынадай  құбылыстардың,  күннің 
күркіреуі мен найзағайдың өзара байланыстылығы төмен сынып-
тағы  оқушыларға  да  түсінікті.  Алайда  бұл  табиғат  құбылыс-
тарының қасиеті  құбылысты анықтап тұратын мәнді  сипаттарды 
талдау  мен  салыстыру  арқылы  ашылуы  мүмкін.  Басқаша 
айтқанда, физикалық құбылыстардың өзара байланыстылығы мен 
өзара  келісімділігі,  олардың  дамуы  мен  бағытының  сипаты 
физикада  ең  алдымен  физикалық  шамалардың  арасындағы 
байланыспен  анықталады.  Физика  ғылымының  басты  түсінік-
терінің  бірі  –  физикалық  объектінің  немесе  оның  әртүрлі 
қасиеттерінің  сапалық  әрі  сандық  (мөлшерлік)  әралуандылығын 
анықтап тұратын физикалық шама ұғымы болып табылады. 
Орта  мектептің  жоғары  сыныптарында  оқушылар  көптеген 
физикалық  шамалармен  танысады.  Өкінішке  орай,  бірқатар 
жағдайларда  шаманың  физикалық  мәні  оқушыларға  түсініксіз 
болып  қала  береді.  Мұндай  кемшіліктердің  себептерінің  бірі 
оқушылардың  физикалық  шамалардың  өздері  анықтайтын 
объектілердің (құбылыстардың) қасиеттерімен байланыстылығын 
түсінбеулерінде,  мұндай  байланыстарды  талдай  алмауларында, 
яғни  берілген  физикалық  объектінің  (құбылыстың)  күйінің  оны 
сипаттайтын  физикалық  шамаларға  тәуелділігін  көре  білмеу-
лерінде жатыр. 
Механика  тарауын  оқығанда  (жоғары  сыныптарда)  оқушы-
лардың ойлау үлгісінің қалыптасуының, меңгерілген білімдерінің 
метафизикалық  сипаты  ерекше  анық  көрінеді.  Бұл  тарауда  саны 
өте  көп  физикалық  есептерді  шешуді  алгоритмдеу  кез-келген 
физикалық  жағдайды  талдағанда  (мысалы,  Ньютон  заңдарын 
қарастырғанда)  оқушыларды  сол  немесе  басқа  бір  физикалық 
объектіге немесе объектілер жүйесіне әсер ететін күштерді және 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау