Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет10/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61

 
30 
1998-99  жылдары  физика,  математика,  информатика,  эконо-
мика  және  сызу  пәндері  лабораториясына  педагогика  ғылым-
дарының  докторы,  прфессор  Б.Баймұқанов  жетекшілік  етті.  Бұл 
уақыт  ішінде  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім  академия-
сында  ғылым-әдіскерлердің  жұмылуымен  пән  мазмұнына,  оның 
құрылымы мен құрамына түзетулер мен толықтырулар енгізіліп, 
физика  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік  кешеннің  құрылымы 
анықталды,  бұл  Қазақстан  Республикасы  мектеп  физикасынан 
білім беру тұжырымдамасын (1998 ж.), физикалық білім стандар-
тын  (1998  ж.),  физика  пәні  бойынша  дәстүрлі  бағдарламалардан 
елеулі  өзгешелігі  бар  жаңа  оқу  бағдарламаларын  (2000  ж.)  жа-
риялауға мүмкіндік берді. Осы кезде физикадан негізгі мектепке 
арналған жаңа буын оқулықтарын жазу ісі қолға алынды. 
Жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі 
Д.М.Қазақбаеваның  «Жалпы  білім  беретін  мектептің  физика 
курсының  базалық  мазмұны  және  оны  оқытудың  әдістемесі» 
тақырыбында (1998 ж.), У.Қ. Тоқбергенованың «Физиканы оқыту 
барысында  оқушылардың  экологиялық  білімдерін  қалыптастыру 
(Х-ХІ сыныптар)» тақырыбында (1998 ж.) қорғаған кандиданттық 
диссертацияларында көрніс тапты. 
2000-2003 жылар аралығында институтта «Қазақстан Респуб-
ликасындағы  жалпы  білім  мазмұнын  жетілдірудің  ғылыми-
әдістемелік  негіздері»  проблемасы  бойынша  зерттеу  жүргізілді. 
2000  жылы  физика,  математика,  информатитка  пәндерін  оқыту 
лабораториясында  «Негізгі  орта  мектепте  физиканы,  математи-
каны  және  информатиканы  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін 
жетілдірудің  дидактикалық  және  әдістемелік  негіздері»  тақы-
рыбы  бойынша  жүргізілген  зерттеу  жұмысына  педагогика 
ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Қазақбаева жетекшілік етті. 
Осы жылы 7-9 сыныптарға арналған «Физика және астрономия» 
төл оқулықтары жарыққа шығып, байқаудан өткізу үшін респуб-
ликадағы  тірек  мектептерге  таратыла  бастады.  Ал  2001  жылдан 
бастап  институттың  құрылымы  өзгеріп,  одан  жаратылыстану  – 
математика  пәндерін  оқытудың  мазмұны  мен  әдістері  лабора-
ториясы  құрылды.  Оған  педагогика  ғылымдарының  докторы, 
профессор  С.Шакілікова  меңгеруші  болып  тағайындалды.  Бұл 
кездегі  зерттеу  жұмысының  мақсаты  физикадан  ОӘК  дайын-
далудың  тұжырымдылық  тәсілдері  мен  әдіснамалық  негіздерін 
жасау  болды.  Осыған  орай  физикадан  оқу-әдістемелік  кешеннің 


 
31 
неғұрлым  тиімді  болатын  мынадай  құрамы  анықталды:  оқулық, 
әдістемелік,  есептер  мен  жаттығулар  жинағы,  дидактикалық 
материалдар.  Бұл  кешенді  дайындау  барысында  келесі  ұстаным-
дар  басшылыққа  алынды:  оның  әлеументтік  тиімділігі,  практи-
калық  бағдарлығы,  оқытудың  дамытушылық  қызыметін  күшей-
туі, пәнге қызығушылықты арттыруы, ақпараттық толымдылығы.  
2001-2002  жылдарда  «Физика»  пәні  бойынша  1998  жылы 
жарияланған  Қазақстан  Республикасы  орта  білім  мемлекеттік 
стандартын  өңдеп,  жетілдіру  бағытында  жұмыстар  жүргізілді. 
Бұл  өңделген  стандарттың  1998  жылғы  стандарттан  басты 
айырмашылығы  сол,  мұнда  базалық  білім  мазмұны  іргелі 
теориялар  төңірегінде  топтастырылды,  ал  алдынғы  құжатта  ол 
бес мазмұндық желімен берілген болатын. 
Стандартта берілген базалық білім негізгі мектепке арналған 
«Физика  және  астрономия»  байқау  оқулықтарында  жүзеге 
асырылды. Қазақ және орыс тілдерінде дайындалған бұл «Физика 
және астрономия» оқулықтар (Р.Башаров, Д.Қазақбаев, У.Тоқбер-
генова, 7 сынып; Б.Дүйенбаев, Ғ.Ғ.Байжасарова, А. Медетбекова 
8  сынып),  оны  оқытуға  арналған  әдістемелік  ұсыныстар  «Ата-
мұра» және «Мектеп» баспаларынан жарыққа шығып, 2000 жыл-
дан бастап республикадағы трек мектептерде байқаудан өткізілді. 
Бұл  оқулықтарды  тәжірибелік  байқаудан  өткізу  және  олардың 
қортындыларын жинақтау үшін жадынама дайындалып, оқулық-
тармен  бірге  таратылды.  Осы  оқулықтарға  трек  мектептерден 
келіп  түскен  ұсыныс-пікірлер  негізінде  жаңа  буын  оқулықта-
рының  теориялық  және  әдістемелік  аппаратын  жетілдіру 
бағытында жұмыстар жүргізілді. 2003-2004 оқу жылынан бастап 
7  сыныпқа  арналған  «Физика  және  астрономия»  оқулығының 
қазақша және орысша нұсқаулары жаппай мектептерге енгізілді.  
2002  жылы  жүргізілген  зерттеу  жұмысының  нәтижелері 
бойынша  «Физикалық  білімнің  жаңарған  мазмұны»  (мақала, 
Д.Қазақбаева),  «Жалпы  білім  беретін  негізгі  мектепке  арналған 
«Физика  және  астрономия»  оқулықтарының  ерекшеліктері» 
(мақала,  Д.Қазақбаева),  қазақша  және  орыс  тіліндегі  7-9  сынып-
тарға арналған «Физика және астрономия» пәннің оқыту бойын-
ша  әдістемелік  ұсыныстар  (Р.Башарова,  Д.Қазақбаева,  У.Тоқ-
бергенова)  сияқты  ғылыми  мақалалар  мен  әдістемелік  құралдар 
дайындалып, жарияланды.  


 
32 
2003  жылдан  бастап  лабораторияда  «Жаратылыстану-
математика  цикліндегі  пәндерді  оқытудың  сапасын  күтілетін 
нәтиже  тұрғысында  жетілдірудің  ғылыми-әдістемелік  негіздері» 
тақырыбындағы зерттеу жұмысы жүргізілді. 
 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар 
1. 
Физиканы  оқыту  әдістемесі  курсының  негізгі  мақсаты 
және міндеттерін ашып көрсетіңіз? 
2. 
Физикалық білім берудің мақсаты неге байланысты? 
3. 
Әдістемелік жүйенің құрылымы қандай? 
4. 
Оқыту технологиясы деген ұғымды қалай түсінесіз? 
5. 
Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының  мәнін 
ашып көрсетіңіз. 
6. 
Базистік  оқу  жоспарындағы  инвариантты  және 
вариативті бөліктердің мәнін ашып көрсетіңіз. 
7. 
Педагогикалық  зерттеудің  кезеңдеріне  сипаттама 
беріңіз? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІ тарау 
МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚ ЫТУДЫҢ  
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау