Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет18/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61

 
54 
 6.  Бірқатар  түсіндіруге  қиын  физикалық  құбылыстарды 
баяндауды  оңайлату  мақсатында  сабақта  абстракты  ойлау 
(қиялдау,  ойша  тұжырымдау)  тәсілін  қолдануға  мәжбүрміз. 
Мысалы,  идеал  газ,  Карноның  идеал  циклы,  абсолют  қара  дене 
сияқты  ұғымдар,  процестер,  объектілер  -  абстракты  ойлаудың 
жемісі.  Физикалық  құбылыстар  мен  объектілерді  нобайлау 
(модель)  арқылы  да  оқушылардың  абстракты  ойлауын  дамы-
тудың ескерерліктей мүмкіндігі бар (мысалы, атом  мен ядроның 
моделі, кемтіктік өткізгіш, Галактика, Метагалактика, т.т.). 
Оқушыларды  физикалық  ойлаудың  осындай  түрлері  мен 
тәсілдеріне  үйретудің  нәтижесінде  олардың  физикаға  қызығу-
шылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі 
белсенділігі  жоғарылайды,  мұның  бәрі  оқытудағы  формализм 
мен  догматизмді  жоюға  ықпал  жасап,  жастарды  тапқырлыққа, 
ебдейлікке, бақылай білушілікке,  ізденушілікке, дәлел келтіруге, 
оқудағы  қиыншылықты  жеңе  білуге,  ғылыми  құмарлыққа 
тәрбиелейді. 
Физиканы  оқыту  әдістемесіне  ғылыми-шығармашылық 
процестің мынадай негізгі компоненттері кіруі тиіс:  
1) фактыларды жинап, талдап, қорыта білуді үйрету; 
2) фактыларды интуитивті жолмен нобайлауға баулу;  
3) салдардан логикалық қорытынды шығаруға тәрбиелеу
4) оны эксперименттік жолмен тексеруге дағдыландыру
       5)  эксперименттің  нәтижесін  белгілі  бір  теориялық  негізде 
дәлелдей білуге бағыттау. Мұның бәрі, әрине, бір сабақта жүзеге 
асырылмайтынын  мұғалім  түсінуі  тиіс.  Мұндай  сабақтардың 
әдістемесін  "Газдардың  қасиеттері"  тарауы  негізінде  талдап 
көрсетейік. 
1.  Бастапқы  фактылар  жиынтығы:  алынған  ыдыстың 
барлық  көлемін  газ  толық  толтырады,  газ  қатты  сығылады  және 
шапшаң ұлғаяды, газда диффузия құбылысы байқалады (тәжірибе 
көрсетіледі). 
2. Гипотеза - модель: бақылаулар мен тәжірибенің негізінде 
серпімді  шар-молекулалардан  тұрады,  олар  ұдайы  ретсіз 
қозғалыста  болады  деп  жорамалдаймыз.  Мұндай  модель-
гипотеза,  газ  қысымының  болатындығын  және  газдың  күйін 
сипаттайтын  параметрлердің  шамасын  есептеуге  мүмкіндік 
береді.  Егер  газ  толтырылған  ыдыстың  көлемі  V,  ондағы  газ 
молекулаларын  саны  N,  массасы  m,  молекулалар  қозғалысының 


 
55 
орташа  жылдамдығы  V  болса,  онда  газдың  ыдыс  қабырғасына 
түсіретін қысымын (р) есептеп шығаруға болады: 
рV = 2/3 N mv
2
/2; 
3.  Логикалық  салдар:  бұл  фомула  бойынша,  егер  газ 
молекулаларының  орташа  кинетикалық  энергиясы  өзгермейтін 
болса,  онда  газдың  берілген  массасы  үшін  газ  қысымы  мен 
көлемінің көбейтіндісі тұрақты болып қалады, яғни рV - const. 
4. Эксперименттік тексеру: алынған қорытынды рV - const 
Бойль-Мариотт  заңы  деп  аталады,  ол  1662  және  1676-жылдары 
ашылған.  Сабақта  бұл  заң  туралы  демонстрациялық  тәжірибе 
көрсетіліп, рV - const екендігі дәлелденеді. 
 5.  Теориялық  негізі:  молекула-кинетикалық  теория  тұрғы-
сынан модель-гипотеза дәлелденіліп, түсіндіріледі 
Кулон  және  электролиз  заңдары,  электромагниттік  және 
фотоэффект  құбылыстары,  т.т.  осындай  шығармашылық  заңды-
лықар негізінде айқындалып ашылғандығы түсіндірілуі тиіс. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда,  оларға 
эксперименттік  есептер,  шығармашылық  жаттығулар,  зерттеу-
шілік лабораториялық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызық-
ты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструк-
циялық сұлбалар орындаттыру қажет. Физика сабақтарында және 
үйірме  жұмыстарында  ғалымдардың,  конструкторлардың,  өнер-
тапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық 
іс-әрекеті  жайлы  ұдайы  оқып,  олардың  шығармашылық  ерекше-
ліктерімен  таныстырып  отыруды  дағдыға  айналдырған  жөн. 
Сонда  физиканы  оқытудың  міндеттерінің  де  дұрыс  шешілуіне 
қолайлы жағдай туғызылатын болады. 
 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
 Мектепте  физиканы  оқытудың  негізгі  мақсаттары 
қандай? 
2. 
 Әртүрлі 
бағдарлы 
оқытатын 
мектептердегі 
физиканы оқытудың ерекшеліктері қандай? 
3. 
 Физиканы оқыту үдерісінде политехникалық білім мен 
кәсіби бағдар берудің әдістерін ашып көрсетіңіз? 
4. 
 Оқушылардың  логикалық  ойлауының  қандай  түрлері 
қалыптастырылады? 
5. 
 Физикалық ойлауды қалай түсінесіз? 
 


 
56 
ІІІ тарау 
МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ МАЗМҰ НЫ МЕН 
Қ Ұ РЫЛЫМЫ 
 
3.1. Мектептің физика курсындағы әлемнің  
физикалық бейнесі 
Қазіргі  уақытта  физикалық  білім  беру  жүйесі  қалыптасқан. 
Физикалық  білім  беру  жүйесінің  нұсқалары  базистік  оқу  жоспа-
рында  көрсетілген,  физикалық  білім  жүйесін  талдай  отырып, 
физика  бойынша  білімдерді  оқушылар  сонау  бастауыш  мектеп-
тен бастап алатынын ескеру қажет. 
Бүгінгі  уақытқа  дейін  физиканың  негізгі  курсы  2  сатыдан 
тұрады: 
1. Пропедевтикалық (7-8 сыныптар) 
2. Жүйелі (9-11 сыныптар) 
Қазіргі  уақытта  физикалық  білім  беру  жүйесі  негізгі  мек-
тептің  7-9  сыныптарындағы  физика  курсында  және  бағдарлық 
мектептің  10-11  сыныптарындағы  физика  курсында  дамуда. 
«Білім беру туралы» Заңға сәйкес, орта білім беру мектептерінің 
жоғары  сыныптары  бағдарлық  сыныптар  болып  табылады. 
Қазіргі кезде ҚР-да екі бағдарлық бағыт жұмыс істейді: Жараты-
лыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық. 
Қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  мектептерде  оқушылар 
материалды  берілген  стандарттарға  сәйкес  игерулері  керек,  осы 
сыныптарда  физикаға  аптасына  бір  сағат  берілген.  Біршама 
жоғары  деңгейде  физика  материалы  математикалық  бағыттағы 
сыныптарда игеріледі. Бұл деңгей арнайы бағдарламамен беріліп, 
оған  аптасына  үш  сағат  беріледі.  Мектептің  физика  курсының 
мазмұнын  қоршаған  әлем  туралы  білім  беретін  физика 
ғылымының негіздері құрайды. 
Өзіне  физиканың  жалпы  түсініктері  мен  ұстанымдарын, 
жорамалдарын  енгізген  және  оның  дамуының  нақты  кезеңін 
сипаттайтын  табиғаттың  тамаша  моделін  әлемнің  физикалық 
бейнесі деп атайды. Әлемнің физикалық бейнесінде материя мен 
қозғалыс,  кеңістік  пен  уақыт,  өзара  байланыс  пен  өзара 
әрекеттесу туралы философиялық ұғымдар нақтыланады.  


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау