ҚАЛАЛЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ ЛИЦЕЙ-ЮНЕСКО КЛУБЫ
«СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР
«КҮМІС ЛАЛАГҮЛІ»
ТАҚЫРЫБЫНА
ШЕБЕР-КЛАСТЫҢ ӨҢДЕМЕСІ
Дайындаған: шығармашылық пәндер мұғалімі
Амитова Айжан Адилгерейовна
Ақтөбе 2015 жыл
Шебер - сыныптың тақырыбы: «Гүл шоғыры» ( фольгадан гүл шоғырын жасау әдісі )
Шебер - сыныптың мақсаты: Сәнді қолданбалы өнері тарихымен, жасалу әдіс-тәсілімен таныстыру;
Міндеті : - тыңдаушыларды жұмыстың негізгі әдістері мен орындалу
еркімен таныстыру;
- эстетикалық талғамы мен көркемдік елестетудің дамуына
көмектесу;
- тапсырманың жүйелі орындалуымен таныстыру және тәжірибе
кезінде игерту;
- қолданбалы сәндік өнерге қызығушылықтарын арттыру;
Шебер - сыныптың көрнекілігі:
Мұғалім үшін – көрнекіліктер, жіңішке таяқшалар, жіңішке асхана фольгасы, қайшы,скоч,түсті қатырма А-3 көлеміндегі қағаз, тұсаукесер көрсетілімі;
Тыңдаушылар үшін- көрнекіліктер, жіңішке таяқшалар, жіңішке асхана фольгасы, қайшы,скоч,түсті қатырма А-3 көлеміндегі қағаз, тұсаукесер көрсетілімі;
Шебер - сыныптың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқу материалын түсіндіру.
а) мақсаттары мен міндеттері.
ә) кіріспе әңгіме.
б) гүл жасау кезеңіндегі жұмыстың ерекшеліктері.
3. Тәжірибелік жұмыс.
4. Шебер - кластың қорытындысын жасау.
Тарихы
Фольга (лат. folіum — бет, табақ) — әртүрлі металдар мен қорытпалардан өте жұқартылып (2 — 100 мкм) жасалған қабыршық таспа. Алюминий Фольгасы тамақ өнеркәсібіне (шай, темекі, кондитер өнімдерін, т.б. орауға) және техникада (конденсаторлар дайындауда, жылу өткізбеу үшін, т.б.) пайдаланылады. Қалайы және қалайы-қорғасын Фольгалар әртүрлі приборлар жасауда; мыс Фольга динамомашиналарда, баспа сұлбаларында, т.б., қорғасын Фольга темекі өнімдерін орау үшін пайдаланылады. Кабель өндірісінде қолданылатын алюминий Фольганың бір жағына жұқа оқшаулауыш қағаз жапсырылады. Полиграфияда таспа тәрізді калькадан немесе целлофаннан жасалған Фольга, сондай-ақ қола және алюминий Фольгалар қолданылады.
«Күміс лалагүлдер»
(өз қолымызбен жұқалтырдан жасалған гүлдер) қолөнер шебері
Өз қолымызбен жұқалтырдан жасалған гүлдер.
«Күміс лалагүлдер» қолөнер шеберінің суреті
Автор: Амитова Айжан Адилгерейовна, шығармашылық пән мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |