Оқу -әдістемелік кешен


Өзін -өзі тексеру сүрақтары



жүктеу 1,07 Mb.
бет4/7
Дата14.11.2017
өлшемі1,07 Mb.
#348
1   2   3   4   5   6   7

Өзін -өзі тексеру сүрақтары

1. Оқулықпен жұмыс.

2. Байқау күнделігі.

3. Табиғат календары

4. Қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеу.

5. Дүниетану пәніндегі сарамандық жұмыстар, оларды жүргізудің әдістемесі.



Әдебиет Молдагалиева
Дәріс №9

Тақырып. «Дүниетану» пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары және түрлері.

Дәріс мазмұны: 1. Оқыту формасын ұйымдастыру жүйесі.

2. Сабақ – оқу кезінде оқу жұмысының негізгі ұйымдастырылуы.

3. Дүниетану пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары және түрлері.

4.Практикалық жұмыстың мазмұны: Сабақ құрылымын көрсету.



Дәріс мақсаты. «Дүниетану» пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары және түрлері.
1. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысының танымды және тәрбиелік мәні зор. Үй тапсырмасын күнделікті орындаудың нәтижесінде оқушылардың дербестігі артады, олар өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Баланың үйдегі оқу жұмысы сабақтағы жұмысты жалғастырып, толықтырып отырса, оқушылардың алған білімдерінің терең және берік болуына әсер етеді. Баланың үйдегі оқу жұмысының тәрбиелік мәні мынада: оқу тапсырмаларын күнделікті өздігінен орындау оқушыларды еңбекқорлыққа, жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға тәрбиелейді. Баланың үйдегі оқу жұмысы сабақтағы жұмысымен ойдағыдай ұштасса оқушының жалпы дамуына жақсы әсер етеді. Баланың үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

1/ Үй тапсырмасын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы нұсқау беруі қажет.

2/ Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай, өмірмен, балалардың іс – тәжірибесімен байланысты болғаны жөн.

3/ Үй тапсырмасы барлығына бірдей біртүрлі мазмұндағы емес, балалардың қызығулары мен қабілеттеріне қарай жекеленген түрде, бірнеше вариантта берілгені пайдалы.

4/ Үй тапсырмасының мазмұны біркелкі емес творчестволық сипатта болғаны жөн, түрлі графикалық, практикалық, тәжірибе жасау, бақылау сияқты жұмыстарға байланысты орындалуы керек.

5/ Үйдегі баланың оқу жұмысының жемісті болуы ең алдымен сабақтың сапасына байланысты: оқушылар жаңа материалды сабақта жақсы түсініп алса, оларға тапсырмасын орындау барысында ауыртпалық және үдкен қиындық тумайды.

6/ Үй тапсырмасын оқушылардың шамасы мен жас ерекшеліктерін ескеру негізінде ұйымдастыру керек.

7/ үйге берілген тапсырманың орындалуына мұғалім мұқият бақылау жүргізіп, бағалап отыруы тиіс.

8/ жүйелі бақылау арқылы мұғалім оқушылардың білімдері мен біліктеріндегі кемшіліктерді дер кезінде байқап, түзетіп отыруы керек.

9/ Үйге берілген тапсырманы бағалауда оқушылар жауаптарының дұрыс немесе теріс, толық, терең немесе шала, үстірт екенін түсіндіріп отыру пайдалы. Сондай-ақ оқушылар тапсырманы орындауда өздерінің ықыласын, дербестігін көрсете білсе оны мұғалім ерекше атап бағалауының тәрбиелік маңызы зор.

10/ Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса, ол оқушының үй тапсырмасын жақсы орындауына себеп болады.

11/ Білімді бағалауда әр оқушыға жекелеп қарау қажет. Мұғалім оқушыға баға қоймай-ақ оның оқудағы табыстарын сөзбен мадақтап отыру пайдалы.

12/ Мұғалім өзінің бағалау жұмысын оқушылардың өзін-өзі бағалау әрекетімен ұштастырып отырса, бағаның тәрбиелік күші артады.
2. Үй жұмысы - өзіндік жұмыстың бір түрі. Бұл жұмысты оқушылар өз беттерімен үйде мұғалімнің көмегінсізорындайды. Сондықтан үй тапсырмасының мақсаты айқын болуы негізгі шарт. Сонда оқушы берілген тапсырманы ынтамен орындай алады.

Сондықтан үйге тапсырма бергенде не істеу керектігін айтып, оның орындалын түсіндіруден гөрі қысқаша нұсқау беріп бағыттау керек. Үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға байланысты оқу жоспарымен аяқталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немесе уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындауы мұғалімнің оны тексеру әдісіне байланысты. Егер мұғалім оны оқушыға ауызша оқытып, тексеретін болса, онда оқушы үй тапсырмасын ата-аналарының көмегімен шығарып, оны жете түсінбей, тек таза көшірумен шектеледі.

Үй жұмысын тексеру тек бақылау функциясын ғана емес, оқыту, үйретуміндетін де атқаруы керек. Тапсырманы тексеру – сабақтың бір бөлігі. Яғни ол жаңа жаңа материалды түсіндіруге не өткен материалды пысықтауға негіз болады.

Жалпы класқа ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Оқу материалының орташа үлгерімді оқушыларға лайықталған деңгейі математиканы меңгеру қарқыны баяу немесе оған қабілетті оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай келе бермейді. Себебі, үлгерімі төмен оқушылар қиындыққа ұшыраса, қабілетті оқушылар өз мүмкіндіктерінен төмен жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемдігін көрсетуіне жағдай жасау. Бұл оқытудың сипаты мен оқушылардың дербес ерекшеліктерін ұштастыру принципі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан үй тапсырмасын бергенде әр оқушының қабілетін ескеру қажет.


1. Мұғалім материалды оқыту процесінде өткенді жүйелі түрде пысықтайды. Бұл оған балалардың білімін тексеруіне, дүниетанудан негізгі түсініктер мен ұғымдардың қалыптасу барысын қадағалауына, меңгерген білімін тиянақтап, құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі. Пысықтаудың жақсы меңгеріліп, оқылып өткен материалдарға сүйенетіні де сондықтан. Пысықтау оқылатын объектілер мен құбылыстарды жаңа байланыстарды қарастырып, оларды тереңірек ой елегін өткізуге одан әрі жүйеге келтіріп, жинақтап қорытындылауға жәрдемдеседі.

Пысықтау өткен сабақтарды оқытылған материалдарға байланысты болуы мүмкін. Мұғалім сонымен бірге бұрын оқытылған тақырыптарды да пысықтауды ескергені жөн.

Пысықтау кезінде оқытылатын объектілерді оқушылар бұрын біліп алғандарымен салыстыра өткен жөн.

Жүйелі пысықтау әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланумен тығыз байланысты жаңа тапсырмалардан , жаттығулардан, сұрақтардан да қаралуға тиіс. Алайда мұнда оқытылатын объек тілердің негізгі қасиеттерін, оның балаларға белгілі басқа объектілерін ашып көрсетуге назар аударған жөн. Сондықтан тек осы жұмысты өткізуге мүмкіндік беретін көрнекі құралдар ғана пайдаланылады. Диафильммен жұмыс істегенде аса маңызды мәселелерді пысықтауға жәрдемдесетін жеке кадрлар мен үзінділерді көрсетеді.

Мұғалім, бұл сабақтарда ең алдымен оқушылардың білімін бір жүйеге келтіріп қызықты тапсырмаларды іріктеп алу арқылы балалардың алған білімін бекітуге және кеңейтуге тырысады, сондай-ақ практикалық іскерлігі мен дағдысын анықтау бойынша оқушылар меңгерген ұғымдарды нақтылап, жалпы қорытындылау бойынша жұмыс жүргізеді.

Пысықтау сабақтарында өтілген материалды жинақтап қорытындылаған кезде оқушылардың тікелей бақылауларын, тәжірибелер жүргізген езде алынған нәтижелерді, осы тақырып бойынша олардың оқыған кітаптарынан алынған мәліметтерді кеңінен пайдаланған жөн.



2. Оқушылардың білімін тексеру.

Білім тексеруде дұрыс ұйымдастыру, мұғалім бүкіл кластың дүниетану түсініктер мен ұғымдарының қалай қалыптасатынын үнемі көріп, біліп, бағалап отыруына, ал оқушыларға оқу материалын меңгеру процесінде олардың алға қарай жылжитындарын ұғынуға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижесінде балалар білімінің объективті бағасы жинақталады, ал оның тәрбиелік маңызы зор.

Дүниетанудан білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеруді ұйымдастыруға қойылатын талаптар мына төмендегідей:

А) Оқушылардың білімін жеке тексеру, мұғалім мұнда ұсынылған талаптарды арттырмастан және кеітпестен олардың әр-түрлі даму деңгейін ескертеді.

Б) Балалардың білімін тексеруге ұқыпты түрде дайындалу, сабақтың әр-түрлі кезеңдерінде оның мақсатын, түрлерін жеке формаларын анықтау.

В)Оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар әзірлеу.

Білім тексеру процесінде материалисттік көзқарастың негіздерін қалыптастыру мақсатында өзара байланыс пен өзара тәуелділік беогілеу қажет.Мысалы: оқушылар мұғалімнің сұрақтарына тек алған білімді талдап.Салыстыра отырып қана жауап бере алады, олар мыналар: құстар неге оңтүстікке ұшып кедеті? Өгейшөп неге ерте көктемде гүлдейді? Тиін неге қыста ұйқыға жатпайды? Аю неге қыста ұйқтайды? Және т.с.с.

Оқушыларға ұсынылған сұрақтар ойды оятып, олардың танымдық қабілетін дамытатын, ойлауға, талдай білуге, жинақтап қорытындылап, салыстыруға мәжбүр ететін болуы қажет. Мысалы: мұғалымнің мынадай тапсырмалар беруіне болады: дала мен шөл өсімдіктерін салыстырып, олардың ұқсастық және айырмашылық ерекшеліктерін атап көрсетіңдер; күзде ағаштар мен бұталардың жапырақтары неліктен түседі және т.б.

Картамен жұмыс істегенде картаны оқуды талап ететін сұрақтар қою керек: Қазақстан қай материкте орналасқан? Мұғаожар тауы қай бағытта созылып жатыр.

Оқушыларды тікелей бақылауларына жергілікті жердегі практикалық жұмысына байланысты сұрақтарды пайдаланған пайдалы, мысалы: жергілікті жерде өзеннің ағу бағытын қалай анықтайды? Қазан караша айларында біздің жерге қай құстар ұшып келеді? Біздің жерде қай өсімдіктер алғашқы болып гүлдейді?

Білім тексеру кезінде көрнекі құралдарды: картиналарды, таблицаларды, табиғи объектілерді, экрандық құралдарды пайдалану қажет.

Оларды бір-бірімен: картина картинамен, таблицаны коллекциямен, гербарийді суретпен үлестірген жөн. Мысалы: тундра туралы айта келіп, оның қазбаларды көрсете келіп, оны өндіруді таблица бойынша әңгімелеп беру және т.б. қажет.

Мұғалім оқушылардың білімін тексеруді әр-түрлі жаппай әңгімелесу формасында өткізуге болады, мұғалім сол кезде барлық оқушыларға сұрақ береді. Мұндай кезде мұғалімнің класпен тікелей байланысы пайда болады. Оқушылардың бірінен сұраған кезде қалған оқушылардың барлығы берілген жауапты мұқият қадағалап, түзетіп, толтыра отыруға тиіс. Жаппай ауызша тексеру меңгерілген түсініктерді толық анықтауға мүмкіндік бере алмайды, бірақ аз уақыт ішінде мұғалім оқытылған объекті немесе құбылыс туралы бүкіл кластың қаншалықты дәрежеде негізгі түсініктерді меңгергенін , балалардың білімді жинақтап қорытып және жүйеге келтіріп, қарапайым байланыстарды анықтай ала ма екенін нақтылайды. Мұғалім жаппай сұрау кезінде сабақ соңынан баға қояды.

Жек сұрау әдісі дүниетану түсініктері мен ұғымдарының жүйесін, сол оқушының өз ойын тұжырымдап, айта алатынын айқындауға мүмкіндік береді. Табиғи объектінің немесе құбылыстың негізгі сипаттарын, маңызды жақтарын айқындауға жәрдемдесетін негізгі сұрақ бүкіл класқа беріледі. Оған белгілі бір оқушы ғана жауап береді. Қосымша сұрақтар оқушылардың негізгі сұрақ мазмұнынан алған білімі мен түсінігінің қаншалықты тереңдігін айқындауға көмектеседі. 5 сыныпта қосымша тапсырмалар белгілі бір объектілерді картадан көрсетуге байланысты болады.Көмекші сұрақ оқушылардың дұрыс ойлауына бағыт беруге көмектеседі. Мұғалім оқушылардың жауабын үзбеуге тиіс, әңгімені мұқият тыңдауға және жолдасы жауап беріп тұрғанда қол көтермеуге бүкіо класты үйрету қажет.

Жеке сұрау кезінде жаңа материалдың бұрын оқытылған материалмен байланысын анықтап, оқушының материалды өз бақылаулармен байланыстыра білуі өте маңызды болып табылады. Мұнда бақылаулардың қаншалықты дәрежеде өз бетімен істеліп, қорытындының қаншалықты дұрыс жасалғаны ескерілуге тиіс. Салыстыруды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау-ды, негізгі ерекше белгілер мен қаситтерді, қорытындылар мен жинақтап қорытуларды талап ететін сұрақтарды пайдалану қажет. Мұғалімнің оқулық текстін ойланбай жатқа айтып беруді қажет ететін сұрақтарды қоймауы керек. Мұны болдырмау үшін ауызша тексеру кезінде оқушыларға құралдарды: карта, картина, таблица, коллекция, гербарий, сурет, схемаларды және т.б. пайдалануды ұсыну керек.

Оқушылардың сұраққа жауап берген кезде негізгісін ашып көрсете білуі үшін бастапқыда белгілі пункттерінен жауап берумен шектей отырып, жоспарлы түрде әңгімелеп беруге үйрету қажет.

Шағын жазбаша тексеру жұмысы сирек жағдайларда өткізіледі.

Мұндай жұмыстың ұзақтығы 5 минуттан артпаған жөн.

Оқушылардың өз білімін практикада тексеріп, іскерліктерін айқындап, бағалайтын сұрақтардың маңызы өте зор. Дүниетану сабақтарында мұндай сұрауды табиғаттағы маусымдық құбылыстарды жүйелі түрде бақылау нәтижелері бойынша ұйымдастыруға зор мүмкіндік бар.”Бақылау күнделігі” практикада меңгерген іскерлік пен дағдыларды қолдануға сүйене отырып, осындай жұмысты жүйелі түрде өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, Қыркүйекте 3 сынып оқушыларына мынадай жұмыстарды ұсынуға болады:

1.Мектеп клумбасынан гүлдеп тұрған бір өсімдікті қазып алып, оны қыш құмыраға отырғызыңдар да күтіңдер. Бақылау нәтижелерін жазып алыңдар.

2.Компастың жәрдемімен мектептің, магазиннің, сквердің, орманның өз үйлерінен қай тұста орналасқанын анықтаңдар.


  1. Сағалары бар өзендердің және көлдердің схемаларын сызыңдар.

  2. Бақылаулардың жиынтық таблицасын толтырыңдар.

Оқушылардың практикадан алған білімін қолдана білу іскерлігін тексеруде практикалық жұмыстар жүйесі мен тапсырмалардың маңызы өте зор. Оқушылар 2сыныпта өсіп тұрған объектілерден өсімдіктің бөліктерін көрсетіп, жапырақты өсімдіктердің қандай да бір сабағын іріктей алады, термометрді пайдалана алатын көрсетеді. 4 Сынып оқушылары картадан географиялық объектілерді тауып, картаны шартты белгілері бойынша оқып, объектілердің арасындағы қашықтарды өлшейді. Мұғалімдер сыныпта топографиялық диктант ұсына отырып, бағыттарды чертежбен бейнелей алуын , шартты белгілерді білуін , оларды қағазға бейнелей алуын тексереді.Мұғалім тәжірибелерді көрсету кезінде балалардың білімін бір оқушы тәжірибе жасап, қалғандары оны қадалағанда жеке, ал тәжірибені бүкіл сынып жасағанда жаппай тексереді.

Мұғалімдер білім тексеру кезінде табиғат объектісін схема түрінде бейнелей білуді көрсететін графикалық сипаттағы жұмысты қолданады. Оқушылар төбенің , өзендерінің, жыралардың схемасын, әр-түрлі ағаштардың контурын, қардағы жануарлар ізін және т.б. суретке салады. Графикалық жұмыстардың жәрдемімен білім тексеру өткен материалды меңгеру сапасын, оны көрнекі түрде кескіндеу іскерлігін, ұғымын тексеруге мүмкіндік береді.Қарапайым приборлармен (компаспен, термометрмен, флюгермен және т.б.) жұмыс істеу іскерлігін тексерген дұрыс. Мұндай тексеру практикалық сабақтарды орындаған кезде тек сыныпта ғана емес, сондай-ақ оқу жұмысын үйде орындағанда, экскурсия кезінде, ашық жерде өткізілген практика кезінде және сабақтан тыс жұмыс кезінде де өткізіледі.

Бастауыш сыныптарда қандай да бір сабақта тексеру түрлерінің біріне неғұрлым көбірек орын бере отырып, сабақтың мақсатын, оның мазмұны мен жұмыс әдістерін басшылыққа ала отырып, тексерудің барлық түрлерін ұштастыру керек екенін еске ұстау қажет.

Мұғалім тоқсандық немесе жылдық баға қойған кезде мектеп оқушысының дүниетану сабақтарындағы күнделікті жұмысы, оны ауызша сұрау, теориялық білімдерін жалпы деңгейі және оларды практикада қолдана білуі (Ең алдымен “Бақылау күнделігімен ” жұмыс істегенде және практикалық сабақтарды өткізген кезде) жөніндегі өз бақылауларының нәтижелерін ескереді.



3. “Дүниетану” сабақтарында тест қолдану.

Тестпен сынаудың программасы оның мақсатына байланысты, ерег ол кішігірім тақырып бойынша білімдерін , дағдыларын тексеру болса, онда программа осы тақырып бойынша тексеретін тесттерден тұрады, ал тақырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80%-тен кем болмауы керек. Тесттік жүйенің беретін нәтижесі:

А) оқушылардың тақырпты қалай меңгергенін анықтау;

Б) оқушыларға өтілген тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білуге;

В) оқушылардың оқуға жауапкершілігін арттарып , олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға;

Г)оқушылардың іскерлігін артырып , дүниені тануға, ұқыптылығын дамытуға;

Д) ең басты тексті құрастыру қиында көп уақыт алатын жұмыс болғанымен, ол оқушы білімін тексерудің теңдігі арасында мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Текст арқылы сынау мұғалімге әрбір оқушының бағдарламаға сәйкес білімдер мен біліктерді меңгерудегі жетістіктерінің жеткілікті түрде толық беейнесін береді.

Тест арқылы сынау мұғалімге әрбір оқушының білімдерінің қандай тақырып бойынша қанағаттанғысыз екенін анықтап, оқушының әр-қайсысына жекелей көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Тесттің тапсырмаларын табысты орындаудың маңызды белгісі уақыт болып табылатындықтан , қиындық келтіретін тапсырмаларға көп тоқталып уақыт жібермей әуелі жеңіл тапсырмаларды тезірек орындап , соңынан қалған уақытта қиын тапсырмаларға қайта оралу ұсынылады.Тест бойынша тапсыруға дайындық кезінде оқушы қиналмас үшін мұғалімдер тақырып өтерде алдын-ала дайндалып оқушылардың есіне ұзақ сақталардай негіз қамауға тиіс.

Сонымен тест-оқушы білімінің деңгейін ғана анықтай қоймайды, оның ойын жүйелеп логикалық ойлау дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына әсер етеді.

Ал бастауыш сыныптарда бағдарламалап оқытудың элементтерін пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырады. Бағдарламалап оқытуды қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады. Бағдарламалап оқытуды қолдану арқылы қазіргі кезде көңіл бөлініп отырған тесттік жүйемен жұмыс ісатеу мүмкіндігі іске асырылады.Тест мақсаты:мектепке алғаш келген бүлдіршіндердің логикалық қабілетін арттыру, үйге берілген тапсырмаларды оқушылардың орындап келгендерін үшін дәстүрлі әдістерге қоса, тест арқылы оқушы білімі есепке алынып, бақылау жүргізіліп отырудың пайдасы көп.

Соңғы жылдары қоғаммдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер ағарту саласының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр, әсіресе білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін, ескірген стандарттардан бас тартып, білім деңгейін басқаша бағалайтын болды. С ондай прогрессивті тәсілдердің бірі тест тәсілі.Оқу процесін жетілдіруді оның құрамды бөліктері болып табылатын оқудың мақсатын , пәннәң мазмұнын., Әдістері мен түрлерін, оларды оқытуда қолданылатын дидактикалық құралды өзара байланыстыра оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.

Тест- оқушының білім дәрежесін қандай екенін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін, тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Тест қолдану үшін.

1. Тапсырманың жауабы мен сұрағы қысқа әрі анық болу қажет 1 сұрақта 3-5 жауап болып, оның 1-еуі ғана дұрыс болу керек,

2. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы керек.

3.Тестте ерілген сұрақ әр адамға түсінікті болатындай етіп жазу керек.



  • Тестпен сынауды программалау

  • Тесттердің жоспарын жасау

  • Тесттердің мазмұнын жасау

Тест бойынша үй тапсырмасын тексерсе, сыныптағы барлық оқушылар толық қамтылады.Жауап тез алынады.

Сонымен қатар күрделі тақырып та, тарау өткенде, не тоқсан, оқу жылы соңынан да тест арқылы сынақ өткізуге болады. Тест материалдарын әр сабақта жаттығу ретінде де пайдалануға болады. Тест дайындаудың мақсаты оқушының білімін тексеру, есепке алу. Тест оқушылардың жас ерекшелігіне, шама-шарқына лайықты, оларды ойландыратындай қызықты етіп құрастырылуы керек. Тест сапалы да нәтижелі болу үшін оқулықпен қатар әр-түрлі сұрақтар жинағын қолдануға болады. Тест қорытындысы бойынша мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді жою үшін жеке жұмыстар ұйымдастыруға болады. Нәтижесінде өтілген тарауды оқушылар жақсы игеруіне мүмкіндік туғызады



Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы тәрбие көп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды ауыл тұрмысымен таныстырып тәрбие жолдарын көрсету.

Дамытушылығы: ой - өрісін, алған білімін іс жүзінде дамыту

Тәрбиелігі: оқушыларды имандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

IV. Жаңа сабаққа кіріспе.

V. Жаңа сабақты түсіндіру; Оқулықпен жұмыс.

VI. Жаңа сабақты бекіту.

VII. Үйге тапсырма.
Өзін -өзі тексеру сүрақтары

1. Оқыту формасын ұйымдастыру жүйесі.

2. Сабақ – оқу кезінде оқу жұмысының негізгі ұйымдастырылу

3. Дүниетану пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары және түрлері.

4.Практикалық жұмыстың мазмұны: Сабақ құрылымын

Әдебиет Молдагалиева
Дәріс №10

Тақырып Заттық сабақтар.

Дәріс мазмұны: 1. Заттық сабақтар, оларды жүргізудің әдістемесі.

2.Заттық сабақтар, олардың ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар.


Дәріс мақсаты. Заттық сабақтар, оларды жүргізудің әдістемесі
Заттық сабақтардың мақсаты – оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен, заттарымен нақтылы танысып, олардың арасындағы байланысты анықтайды. Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы пән туралы оқушыларға қаншалықты нақты түсініктер мен ұғымдар беретіні айқын елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр түрлі сарамандық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Заттық сабақтар топсаяхатынан кейін өткізіледі. Топсаяхат кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстарымен байланысын көрулеріне мүмкіндік береді.

Мұғалім заттық сабақтың мазмұны мен барысын, оның білімділік және тәрбиелік мәнін мұқият ойластырады. Сабаққа жабдықтар және табиғи объектілер дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалім объектіні өзі мұқият қарап, белгіленген жұмыстардың бардық түрін, әсіресе тәжірибеге байланысты жұмыстарды жасап шығуы керек. Жұмысты жүргізуге кететін уақытты дәл анықтауға, бұл жағдайда пайда болатын қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сабақта қарастырылған зат әрбір оқушының алдында болғаны жөн. Ол балаларды қарастырылатын заттарды тиімді қарауға баулиды. Олар заттардың әрқайсысының белгілі бір айқын белгілерін, көлемін, түсін, қозғалуын формасын байқайды. Оқушылардың затты қабылдау белсенділігі әр түрлі болуы мүмкін. Егер мұғалім затты көрсетіп отырып, оқушыларды сабаққа белсенді араластырмай,бәрін өзі айтып берсе, онда балалар тез шаршайды, материалды нашар ұғынады. Мұғалім балаларды ойландырып, сұрақтар берсе, бұл сыныпың жұмысы жандандырылады, оқушылар зейінін күшейтеді, оларды ойлануға, өздігінщше қорытындылар жасауға мәжбүр етеді, түсінуін және есте сақтауын оңайлатады.

Кезеңдері:


  • затты көрсету және оның атын анықтау;

  • заттың жалпы көрінісін байқау және оның негізгі бөліктерін белгілеу;

  • затты жан-жақты қарап, басты және екінші дәрежедегі белгілерін анықтау;

  • оқушыларға жақсы таныс басқа заттармен ұқсастық және айырмашылық белгілерін ашу;

  • зат туралы алған білімді қорыту және онан әрі жетілдіру.



Өзін -өзі тексеру сүрақтары

1. Заттық сабақтар, оларды жүргізудің әдістеме

2.Заттық сабақтар, олардың ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар.

Әдебиет Молдагалиева
Дәріс №11

Тақырып .Сабақтан тыс істелетін жұмыстар.

Дәріс мазмұны: 1.Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу бағытына жеке, топқа тапсырма.

2. Дүниетану пәніне байланысты істелетін жұмыстар, класта, мектепте, тірі табиғат бұрышында, участокте, оның маңызы, ұйымдастыру



Дәріс мақсаты. Сабақтан тыс істелетін жұмыстар.

Сабақтан тыс жұмыстар оқу бағдарламасымен тікелей байланысты және оқушылар үшін міндетті жұмыстар болып табылады. Мысалы, оқушылардың адам еңбегі мен табиғатты жүйелі бақыларулары, тірі табиғат мүйісіндегі, мектеп учаскесіндегі жұмыс және т.б.



Өзін -өзі тексеру сүрақтары

1.Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу бағытына жеке, топқа тапсырма.

2. Дүниетану пәніне байланысты істелетін жұмыстар, класта, мектепте, тірі табиғат бұрышында, участокте, оның маңызы, ұйымдастыру.

Әдебиет. Молдагалиева
Дәріс №12

Тақырып. Кластан тыс істелетін жұмыстар.


жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау