Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. «Дүниетану» мәніндегі қоршаған дүниені танудағы қарапайымнан күрделінуінің бірізділігі.
2. Пәннің интегративті маңызы. Адам, табиғат, қоғам мен адам еңбегі блогінің жүйесі.
3. «Дүниетану» пәнін мектеп бағдарламасы мен оқулықтарға анализ жасау. 1 – 4 сынып.
Әдебиет: Горощенко В. П.
Дәріс №7
Тақырып. «Дүниетану» пәнін оқыту әдістері.
Дәріс мазмұны: 1. Ғылымда қоршаған дүние сырын тану әдісі мен оқу үрдісі. Әдіс түрлері.
2. Бақылау - өздік жұмыстың негізі.
3. Табиғат көрнекі құралдар мен жұмыс.
4. Оқыту тәсілдерінің классификациясы.
5. Сөз білім көзі.
6. Сөз әдісінің көптүрлігі.
Дәріс мақсаты Дүниетану» пәнін оқыту әдістері. .
Оқыту әдісі дегеніміз – ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілеттерін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын әдістер арқылы оқушыға жаңа білім беріп, бұрын алған білімдерді бекітуді қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді.
Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты. Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктеп отырып, одан сабақ берудің белгілі бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті мұғалімнің берген білімін меңгеріп, оны оқу және машықтық іс-әректеке қолдана білу болып табылады.
Әдістердің қай-қайсысы болса да оқушыларға мұғалімнің баяндап берген даяр білімін игеруге, мұғалімнің басшылығымен, өздігімен жұмыс істеуге, ешкімнің жәрдемінсіз өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі.
Әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталған іс-әрекеттерін де қамтып көрсетеді. Осы жұмыстың барысында балалар оқуға үйренеді, яғни білім игеру әдістерін меңгереді.
Бақылау өткізуді ұйымдастырумен жазып алуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бақылау дегеніміз – оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру.
Балалар экскурсия кезінде де бақылайды.Бірақ бұл белгілі бір кезеңде болатын құбылыс.Сондықтан мектеп оқушыларын 1-ші сыныптан бастап жүйелі бақылай білуге үйреткен дұрыс.
Оқушылардың әрқайсысында календерьдан басқа жеке бақылау күндклігі болады.Оның жүргізілуіне мұғалім баға қояды. Мұғалім ай немесе маусым соңында бүкіл класқа жинақтап , қорытындылау сабағын өткізеді. Онда бақылау қорытындысын жинақтап қарапайым қорытындылар жасайды, салыстырып, сәйкестендіреді.
Мұғалімдер бастауыш сыныптағы дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдарды (топырақ үлгілері, үлестірмелі материалдармен бірге пайдаланатын қазбалар жинағы, мәдени және жабайы өсімдіктер кеппешөптері, экскурсиядан әкелінген өсіп тұрған шөптер) кеңінен қолданылады. Табиғи нәрселерді табиғи күйінде көрсететін осы құралдар табиғаттану сабақтарында қажетті де маңызды болып саналады. Мектеп оқушылары олармен жұмыс істеуге ынтық болады және олар білім алуға жәрдемдеседі.
Сонымен балаларды табиғи көрнекі құралдармен таныстыру мұғалімге сол жердегуі табиғат ерекшеліктерін түсіндіруге, ал оқушыларға жекелеген объектілерінің қасиеттерін біліп, елімізде қандай да бір табиғи байлықтардың пайдаланылуын анықтьауға жәрдемдеседі.
Дүниетану сабақтарында әңгімелесу. Мұғалім сабаққа дайындалғанда баяндаудың сабақтағы орнын анықтайды. Оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді, баяндаудың жоспарын жазады, сөздердің дұрыс айтылуын, екпіннің дұрыс түсуін, дұрыс ырғағын қадағалай отырып,әңгіменің бүкіл мазмұнын жоспар бойынша дауыстап айтып шығады.
Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып дұрыс құрылса оқушыларды өзіне тартып, оқылатын тақырыптың мазмұнымен оларды қызықтырады, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді.
Әңгімелесу – бастауыш сыныптардағы өте кең таралған және тиімді әдіс. Мұғалім әңгімелесу барысында мақсатқа бағытталған сұрақтар жүйесінің жәрдемімен бастауыш сынып оқушыларының бақылау және өмірдегі тәжірибесі негізінде оқушыларды жаңа материалды қабылдай білуге әзірлейді, олардың өздігінен қорытынды, талдап қорыту жасауына көмектеседі, жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Әңгімелесу өтілген материалды жүйелі түрде пысықтап бекітуді жүзеге асырады.
Егер мұғалім әңгімелесу өткізе отырып, оқушыларға жүйеліктегі сұрақтарды қоя білсе ол қажетті педагогикалық тиімділік береді.
1)Кіріспе әңгімелесу
2)Жаңа білімді хабарлау.
3)Қорытынды әңгімелесу
Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. Ғылымда қоршаған дүние сырын тану әдісі мен оқу үрдісі. Әдіс түрлері.
2. Бақылау - өздік жұмыстың негізі.
3. Табиғат көрнекі құралдар мен жұмыс.
4. Оқыту тәсілдерінің классификациясы.
5. Сөз білім көзі.
6. Сөз әдісінің көптүрлігі.
Әдебиет: Молдагалиева
Дәріс №8
Тақырып: Көрнекілік құралдардың қолдануы.
Дәріс мазмұны: 1. Оқулықпен жұмыс.
2. Байқау күнделігі.
3. Табиғат календары
4. Қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеу.
5. Дүниетану пәніндегі сарамандық жұмыстар, оларды жүргізудің әдістемесі.
Дәріс мақсаты. Көрнекілік құралдардың қолдануы.
Оқулықпен жұмыс.Мектеп мұғалімінің алдында тұрған Міндеттерінің бірі – балалар жайлы кітаппен, оның ішінде оқулықпен жұмыс істей білуді үйрету. Әрбір оқулық балаларды белгілі біліммен қамтамасыз етіп, оларды сабақта алған мәліметтерін бекіту қызметін атқарады. Алған білімді машықтық жұмыста қолдануға үйретеді. Дүниетанудың бірінші сабағында оқушыларды оқулықпен таныстыру керек. Авторын атап оқулықта қандай тақырыптардың берілгенін мазмұнына қарап анықтау керек және оқулықты таза ұстауға үйрету керек.
Дүниетанудың бірінші сабағында оқушыларды оқулықпен таныстыру керек. Авторын атап, оқулықта қандай тақырыптардың берілгенін мазмұнына қарап анықтау керек және оқулықты ұқыпты таза ұстауға үйрету керек.
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей, бір сәтке.
Дүниетануды оқып - үйретуде оқулықпен сыныпта, сондай-ақ үйде жұмыс істеуге болады. Балалар оқулықтың (мақала, тапсырма, сұрақтар, иллюстрация) жәрдемімен бақылаудағы құбылыстардан негізгілерін бөліп, оларды жинақтап қорытып, соның негізінде түсініктер мен ең қарапайым ұғымдар қалыптастыруды үйретеді.
Оқулықпен өз бетімен балалар үйде жұмыс істейді. Қалай оқу керек екенін дайындап, үйде тапсырманы дауыстап оқып шығу керек. Мақаланы тұтас оқып шыққаннан соң берілген сұрақтарға жауап қайтару керек (тыңдап оқу керек).
Оқулық оқушылардың бағдарламада берілген «Адам», «қоғам», «Табиғат» білім блоктарының түсініктерін , олардың өзара әрекеттері мен біртұтастығын түсіне білуге көмектеседі.
Оқулықпен жұмыс балалардың табиғи бақылауымен, оны «бақылау күнделігіне» және жалпы кластық табиғат және еңбек күнтізбесіне жазып алумен ұштастыруы қажет.
1 сыныпқа арналған дүниетану оқулығы стандартқа сай құралған жақсы иллюстрацияланған әрбір тақырыптан кейін тапсырмалар мен сұрақтар және «есінде болсын» деген ескертулер берілген. Оқушының тіл байлығын дамытуға сөздік жұмыстар жүргізуге тапсырмалар берілген.
2 сынып оқулығының мақсаты айналадағы дүниетанудың әсерін (адам одан нені, не үшін алады, оған өзі нені, не үшін береді), адамның оған жету әсерімен байланысты адамның өзін түсінуін, өз өмірін әртүрлі қауіптерден сақтауын, соны білім түсінік түрінде меңгерту іс – жүзінде ол түсініктерін қолдануын қамтамасыз ету оқытудың түпкі мақсаты болып табылады.
3 сынып оқулығы 3 блоктан құралған: « Адам», «Табиғат», «Қоғам», «Адам блогында», «Адам ағзасы және денсаулықты сақтау» тақырыптан басталады. Сонымен қатар адам денесінің құрылысымен мүшелерімен, олардың қызметі денсаулықты қауып - қатерден сақтау қаралады. Осы сыныптағы бір сабақтың үлгісі.
Бейнелеу құралдарымен жұмыс. Бейнелеу көрнекі құралдар, картиналар, таблицалар, иллюстрациялар.
Таблицаны пайдалану әдіс.
Оны анықтап қарау, объектілерді зерттеп бөліп көрсету, объектілерді басқа объектілермен салыстырып оның табиғаттағы орнын анықтау. 1 сыныпқа арналған таблицалар жылдың әр мезгілінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Жеке объектімен толығырақ танысуда таблица пайдалануға болады. 4 сыныпта картиналар, табиғат зоналары бойынша қолданады. Бұл картиналарда жер беті өсімдіктері , жануарлары, адамның өмір сүруіндегі жағдайлары көрсетілген салыстырулар нәтижесінде оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі ерекшеліктерін кеңінен қабылдайды. Таблица бойынша әңгіме құрастыруға табиғат объектісін қысқаша сипаттап жазуға болады. Таблицалармен бірге открыткаларды, фотосуреттерді пайдалануға болады. Жеке жұмыс істеуге көмегі мол. Өйткені, сабақта жаңа сабақ түсіндіргенде открыткаларды да пайдалануға болады.
Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеу.
Картографиядан сауатты болу, картографияның шартты белгілерін ұғыну деген сөз. Бағдарлама бойынша картамен, сұлбамен, глобуспен мынадай жұмыстар көрсетілген. Кубтың, столдың сұлбасын сызу, масштаб туралы ұғым, сұлбаның суреттен айырмашылығы. Шартты белгілер мен географиялық сұлбаны оқу, карта оның масштаб және шартты белгілер бойынша айырмашылығы. Көкжиек тұстарын анықтау, жергілікті жердің қашықтығын өлшеу.Бастауыш сыныпта карта тек көрнекі құрал ғана емес ең алдымен білімінің қайнар көзі болып табылады. Мұғалім картаның шартты белгілерін масштабтан тыс берілгенін көрсетеді. Қабырғадағы картамен танысқанда 1:5 мил 1см 50 км жерді алып жатырғанын анықтайды. Оқушылар картадан көкжиектің аралық тұстарын анықтауға болады. 1 сабақта көп атауды беруге болмайды. Мұғалім объектілерді көрсетуден бұрын ол туралы әңгімелер суреттегі картиналардан көрсетеді. Мұғалім картинадан көрсеткенде оқушылар өздерінің столындағы картадан табады. Кескін картамен жұмыс істеуде физикалық картамен салыстырады. Оны кескін картадан тауып атауларды баспа әріппен жазады. Бастауыш мектепке арналған карталар ашық түспен боялған атаулары көп берілмейді. Бастауыш мектепте қолданылатын карталар: физикалық жарты шарлар, Қазақстанның тарихи аймақтарының картасы.
Картадан көрсету ережелері: Мұғалімнің картадан көрсету кезінде картаны жауып қоймай көрсеткішінің ұзындығы 50 см болуы керек (жоғарыда демей - солтүстікте, төтенде демей – оңтүстікте).Атаулардың бәрін айқын, екпінді дұрыс түсіре және бұрмаламай айту жөн болады. Мұғалім жер пішінің сипаттай келіп глобуспен жердің модулімен таныстырады, глобус жердің формасы, оның беті құрлықпен су кеңістігінің бейнесі полюстер, экватор, жер шарын жарты шарға: солтүстік және оңтүстік, батыс және шығысқа бөлу туралы түсінік береді.
Көрнекілік әдістер.Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылымтардың өзіне тән жаратылыс бітімін сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен тыңдап қабылжауға баулитын дидактикалық үрдісі.Көрнекілікті 12 ғасырда Чехтің ұлы педагогы Ян Амос Каменский еңгізді.
Неміс педагогы Дистерберг пен Орыстың ұлы педагогы Ушинский “Көрнекілікті барлық пәндерге қолдану мүмкін және қажет” деген. Көрнекілікті үлгілерін пайдалануға Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай талаптарды ескерген жөн:
1.Көрнекі құралдар оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
2.Әр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратын дай дәрежеде болуы тиіс.
Көрнекі құралдар эстетикалық тәрбие беру көздерін көздеу
Экрандық құралдармен жұмыс.
Экрандық көрнекі құралдар оқушылардытанымдық әрекетін жұмыстандыруға себебін тигізеді.Оқушылар табиғаттан тікелей бақылай алмайтын құбылыстарын танысуына мүмкін жасайды.
Экрандық құралдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады.М,3 сыныпта «Табиғаттағы қысқа құбылыстар» бойынша өткізілген сабақта қыс туралы әңгімелеудің соңынан , кинофильімді көрсетуден бұрын мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып , “Қыс” кинофильмін көрсетеді, сосын қойылған сұрақтарға жауап бергізіеді.
Жаңа материалды түсінідру кезінде, М, пайдалы қазбаның қасиетңмен таныстырып, оны қалай өндіретінін диафильммен көрсеткен жөн.
Экрандық құралды пайдаланудың алдында проблемалық сұрақтар қою тиіс. «Сендер тастардың суда,теңіздермен мұхиттар тереңінде пайда болғаны туралы бұрын сендер естідіңдер ме?» . «Известняки» диафильмі осы сұрақтан басталады.Оқушылар қызығады,белсене қарайды.
Оқушылардың ойлау қабілетін жандандыру үшін сабақта экрандық құралды пайдалануды ойластырып,оны көрсету уақытын белгілеу керек,басқа да көрнекі құралдармен ұштастырып алуан әдістер ойлау қажет.
Қорытынды сабақта экрандық құралды пайдаланған білімді есте сақтауға мүмкіндік беріп,оны нығайтып кеңейте түсуіне ықпал жасайды.Логикалық ойлау әрекетін дамытуға себебін тигізеді.
Мұғалім диафильмді толық және жеке кадрларын көрсете отырып оқушылармен әңгімелесе алады.
Дүнетанудың кез келген сабағында иллюстрациялар көрсетуге компьютер тамаша құал болып табылады.
Кинофильм көркем мәнерлі құрал,эстетикалық сезімдерді дамытады.Тәрбиелік маңызы зор.Ол біздің табиғат байлығымен әдемілігін көрсетеді.Оны аялап қорғауға үйретеді.
Видеофильмнің де маңызы зор.
Дүниетану сабақтарында тәжірибелер.
Балаларға табиғи обьектілердің қасиеттерін,табиғи құбылыстардың мәнін таныстыру қажет болған жағдайда тәжірибелер өткізудің үлкен мәні бар.
Дүниетану сабақтарында өткізілетін тәжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды сынып жағдайларында қолданып,қайта жасауға мүмкіндік береді.Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен сүзу арқылы суды тазартумен,топырақ қасиеттерімен,тұқымының өнуін бақылаумен және т.б танысу үшін тәжірибелер қажет.
Тәжірибелер көрсету арқылы немесе жаппай өткізіледі. Мұғалім өткізігуге дайындала жүріп, қажетті жабдықтардың болуын тексереді, оны өткізуге дайындала жүріп,қажетті жабдықтардың болуын тексереді,оны өткізуге қажетті материалды іріктеп алып,сабаққа дейін тәжірибені басынан аяғына дейін толық өткізіп байқайды.
Мұғалім сабақта балаларға тәжірибе кезінде өздерін қалай ұстауды,нені бақылау қажеттігін хабарлауды,тәжірибе өткізгеннен соң оқушылар жауап беруге қажетті сұрақтарды тақтаға жазып қояды.
Мұғалім оқушылардың назарын қандай жабдықтардың жәрдемімен тәжірибе өткізілітініне аударады;мынадай сұрақтар қояды:тәжірибе үстінде не істедіңдер?Не бақыладыңдар? Бақылағандарыңнан қанда қорытынды шығардыңдар? Мұндай құбылысты табиғатта қайда кездестіруге болады?
Егер тәжірибе өткен,қышқылмен жүргізілетін болса немесе балалардың орындауы үшін қиын болса,мұғалім көрсету арқылы тәжірибелерді өзі өткізеді.Мұғалім мұндай жағдайда приборларды балалардың барлығы тәжірибені көре алатындай етіп мұғалімнің столына немесе тәжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады.
Жаппай тәжірибе өткізген кезде кезекшілер оқушыларға тәжірибе өткізуге қажетті жабдықтармен заттарды таратып береді.Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша тәжірибе сипатталған бетті оқулықтан ашып оқиды,ондағы берілгендердің барлығы түсініктіме екен соны анықтайды.Олар нұсқау ретіндегі оқулықтағы сипаттаманы пайдалана отырып,мұғалімнің басшылығымен тәжірибені орындайды.Ең соңында оқушылар алынған нәтижелерді талдап,тиісті қорытындылар жасайды.
Оқушының өзіне жасату арқылы ауаның қасиетін тапқызу.
«Үш жарықты жағайық.Оларды стаканмен,банкамен,төбесі ашық банкамен жабамыз,қайсысы алдымен сөнеді? Неге?
Стаканмен жабылған сөнеді.
Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.
Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр.Олай болса ауа жанғыш.
Дүниетану сабақтарыда сурет салу.
Дүниетануды оқытудың маңызды мақсаты -балалардың мақаладағы немесе суреттегі негізгі мәселені анықтауға үйрету.Бұл үшін мәтіндегі немесе сурттегі басты мазмұнды анықтауға көмек ететін тапсырмалар мен сұрақтарды пайдаланады.Дүниетану сабақтарында сурет салу қажет.Оқулықтардағы таблицалар,картиналар,суреттер табиғат құбылысы немесе обьекті туралы жалпы әсер тудырғанымен оларды мұқият көрсетіп,берілген құбылыстың себебін көрнекі түсіндіре алмайды.Осындай жағдайларда тақтаға салынған бөлшек бөлшек картиналар,схемалар,чертеждар мен суреттер мұғалімге жәрдемге келеді.
Тақтаға салынған сурет дегеніміз ол балаларға оқулықтағы мақалалардың мазмұнын,мұғалімнің әңгімесін,орындалған тәжірибені ашып көрсететін қарапайым схема.Мысалы,мұғалім 3-сыныпта бұлақ көзінің пайда болуын түсіндіргенде тақтаға су өтетін және су алмайтын қабаттардың орналасу схемасын сызып,су өткізбейтін қабаттың үстімен судың қозғалып ағуын көрсетеді.Балалар бастау көзінің бүкіл түзілу процесін көрнекі түрде түсініп алады.Сурет тек қана сабақтың мазмұнын түсіндіріп қоймай,оны оқушыларға жеңіл және қызықты етіп өткізеді.
Осы мәселені қарастыра отырып,А.А. Половинкин тақтаға салынған суреттің жәрдемімен оқушы мұғалім ұсынған пікірдің бүкіл барысын қадағалай алатынын баса көрсетті. «Есту және көру бірге қатысады.Бұл баяндалатын ойды тек тереңірек түсіну ғана емес,сондай ақ оны ойда берік сақтауға мүмкіндік береді».
4- сыныпта сабақтарда мынадай чертеждер мен схемаларды орындауға болады: көкжиек және көкжиек сызығы, қозғалу кезінде көкжиектің өзгеруі;чертежде бағыттың бейнеленуі;адамның қағаз пішінімен жұмыс істеу және күнге қарап көкжиек тұстарын анықтау (алаңда немесе мектеп ауласында жұмыс істеген соң);кішкене нәрселердің (қораптар,кубиктер және т.б) чертеж планы; масштабсыз және масштаб бойынша сынып бөлмесінің планы;оқушылардың экскурсиядағы жолы;төбелердің,бұлақ көзінің пайда болуының чертеж схемасы;жылғалармен өзендердің схемасы;жырадағы солтүстік және оңтүстік жарты шарлары,солтүстікпен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай бағыттарды көрсететін сызықтарды және т.б белгілей отырып,жер шарының чертежін сызу.
Суреттер мен чертеж схемалар себеп салдарлықтардың байланыстардың бастамаларын белгілеуге жәрдемдеседі.Мұғалімнің шөлдің беткі көрінісі туралы әңгімесі кезінде тақтаға салған суреті,шағылдардың қалай түзілуі,шағылдардың барлығы неге бір бағытқа қарап жататынын ,құмды төбелер түзуде қандай рөлі болатыны туралы түсіндірме мен қоса жүргізілуі қажет.
Педагогикалық схемалы суретті,әсіресе түрлі түсті борлармен жүйелі және белгілі мақсатқа пайдаланса,балалар тек картинаға немесе суретке қарауды үйреніп қана қоймай,олардың мазмұнын да көре білетін,табиғат құбылыстарын балаларға түсінікті деңгейде салыстырып,талдайтын қарапайым байланыстарды анықтай алатын болады.
Дүниетану сабақтарында сурет салу сабақ беруді жандандырып, сабақтың тақырыбын жақсы қабылдауға,оның мазмұнындағы аса маңыздыларын саналылықпен түсінуге көмектеседі.
Мұғалім дүниетану сабақтарында суретті үнемі қолдана отырып,балаларға обьектілер мен табиғат құбылыстарын дұрыс салуды үйретеді.
Дүниетану сабақтарында ойын тәсілдерін және танымдық материалдарды пайдалану.
Төменгі кластың мектеп жасындағы кезеңде ойын және оның рөлі біртіндеп екінші кезекке қарай жылжытылады да білім жетекші қызмет атқара бастайды.Алайда бұдан ойын балаларды жетілдіруге әсер етпейді ой тумауға тиіс.
К.Д.Ушинский оқытудың бастапқы сатысын мазмұн немесе формасы жөнінен қызықты етіп үйлестіру керектігін дәлелдеп берді.Сондай ақ қызығушылықты теріс пайдаланудың балаларға зиянды әсері болатынын да ескертті.Сондықтан барлығы да белгілі мөлшерде жүргізілуі қажет.
Ойын балаларды оқу процесіне жұмылдырып ,оларды байқампаздыққа ,зеректікке,есте сақтай білуіне,ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды.Оларды бұрын алынған білімді тексеруге және бекітуге,сондай ақ оны кеңейтіп,тереңдете түсуге қолдануға болады.
Мұғалім табиғаттану сабақтарында сабақтың мақсатына,оның мазмұнына,оқушылардың біліміне,оқытуда қлоданылатын әдістер мен тәсілдерге байланысты ойын,жұмбақ,шарада,викторина және т.б ретінде пайдаланылады.
Қызықты материалдар сабақтың барлық кезеңдерінде: сұрау кезінде,жаңа материалды оқып үйренгенде,бекіту кезінде пайдалануға болады.Табиғаттанудан алған білімді және төменгі сынып оқушыларының іскерлігін жинақтап қорыту формасында айқындау қажет болған кезде қызықты материалдарды пысықтауға пайдалану аса тиімді болады.
Обьектілердің біреуінің контурын пайдалана отырып,оны ұйымдастыру оқушыларға бақылағыштықты,обьектіні басқаларының ішінен бөліп көрсетуді,қысқаша сипаттама бере білуді қалыптастырады .Мәселен мұғалім жарты шарлар картасын оқыған кезде материктер мен мұхиттарды контуры бойынша анықтауды,соңынан оларды картадан көрсетуді ұсынады.
Сабақтағы атериалдарды бекіту үшін географиялық,топографиялық немесе биологиялық лотоны пайдалануға болады.Бұл үшін мұғалім бір топ оқушыларға карточкалар таратып беріп,обьектілердің біреуін атайды,оқушылар оны жауып лұрыс атап берсе,сол оқушыны жеңіп шығады.Осы ойынды тақтаға да өткізуге болады.Мұғалімнің айтуы бойынша үш оқушы обьектілерді іріктеп алып ,аттарын іледі,қалғандары оған зер сала бақылап тұрады да жолдастарының берген жауабын түзетіп толықтырады.
Табиғаттану обьектілері және олардың қысқаша сипаттамасынан балалардың білімін тексеру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады.Оған мынадай тапсырмалар беріледі коллекциядан пайдалы қазбалардың үлгілерін,гербарийден өсімдіктерді,жануарлар бейнеленген открыткаларды,овощ пен жеміс муляждарын және т.б іріктеп алу .Обьектілерді сыныпфикациялау іскерлігін тексеру үшін гербарийден егістік дақылдары,жалпақ және қылқан жапырақты ағаштардың бтақтарын,шабындық өсімдіктерді іріктеп алуды;тундрада ,тйгада ,аралас ормандарда шөлде және т.б өсетін өсімдіктерді таңдап алуды ұсыну қажет.
Картаны білуіне байланысты ойындар өткізуге болады.Бұл карта бойынша саяхат жасау,сипаттамасы,фото суреттері және открыткалары бойынша Қазақстанның табиғи аймақтарын анықтау ойындары.Соған кейбір мысалдар келтірейік:Бұл жердің қысы өте ұзақ,қатал және мүлде қысқа.Жазы да ерекше:күн күндіз түні бірдей жарқырап тұрады ,сөйтіп қараңғылық болмайды.Сондықтан да күн жарқырап тұрғанда ұйқыға жатуға тура келеді.Егер қараңғы түсуін күтсең,онда екі айдан астам ұйықтамай жүруге мәжбүр боласың ғажап ел:өзендері сағасыз, ағаштары жапырақсыз,жер бетін ылғалдандырмайтын құрғақ жаңбыр жауады,көлдері ағынсыз. «Неткен кең байтақ жазира!Төбе де жоқ,орманда жоқ.Қайда көз салсаңда аспанмен шектесіп кеткен тегіс жазықтық.Тіпті шекте,шетте жоқ тәрізді!Кез келген тұсқа қарай жүре бер ,жүре бер!Салт атпен шапқыла ,автомобильмен заулат,самолетпен қалықта алдыңнан зәулім аспан көтеріліп,жаңа кеңістік үсті үстіне айқындала түседі...қаншама гүлдер!Алуан түрлілігін қайтерсің :алқызыл қалампырда,ақшыл көк шальфейді шашақ гүлі де,алтындай қызыл реңде тағы тағы толып жатыр...(Дала)
Бұл үзінділердің оқушылардың білімін бекіту және жинақтап қорыту үшін (мұндай жағдайда оқушылардың жаңа материалға қызықтауын арттыратын тамаша байланыстырушы болады) біздің Отанымыздың табиғатын оқып үйренуге байланысты сабақтардың басында(мұндай жағдайда оқушылар өзі қайтарған жауаптарын талдап түсініп ,сол территорияны картадан көрсетеді) пайдалануға болады.
Әр түрлі табиғат аймақтарын оқып үйрену кезінде «Табиғат зоналарын сөзге шақыру» ойынын пайдаланған жөн,балалар ол кезде мұғалімнің жәрдемімен өтілген материалды бекітіп,өз білімін қызықты және ойын түрінде тексеруге мүмкіндік беретін әр түрлі тапсырмаларды іріктеп алады,әрбір звено еліміздің табиғи зоналарының біреуінен материал дайындайды.
Бастауыш сыныпта тапқырлығын дамыту үшін жұмбақтар пайдаланылады.Жұмбақ нәрселердің немесе құбылыстардың біреуін толық болмасада өте дәл сипаттап береді.Адамды қоршаған таьиғат өсімдіктер,жануарлар,жеке табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар жасауға өте зор мүмкіндік береді.Мұғалім жұмбақтарды сабақтың қай кезінде жақсы пайдалануға болатынын ойластыру керек.Мұнымен сабақты қызықты етіп бастауға болады(мысалы, «көктемде гүлдеп,жазда жеміс беремін,күзде солмаймын,қыста тіршілігімді жоймаймын» - оқушылар заттық сабақта қылқан жапырақты ағаштар туралы әңгімелесу кезінде олармен танысқанда бұл жұмбақты түсіндіре алатын болады ).
Кейде жұмбақ бекітуші сұрақтар ретінде «көктемде жайраңдап,жазда сая болады,күзде нәрленіп ,қыста әленеді.»(ағаш) «Шошытқан жан болмасада, қалтырауын қоймайды» (көктерек), «қыста да, жазда да, тек бір түсті болады» (шырша ) жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ағашар туралы әңгімелесу соңынан пайдаланылады.Жеке табиғат құбылыстарымен танысу үшін мынадай жұмбақтарды ұсынуға болады: «жасыл далада күміс дәнек жатыр шық» (шық), «өзі ұзын өзі нәзік шөпке қонса –көзге көрінбейді (жаңбыр) , «мұрынды жыбырлатса қолға ілінбейді» (жел) ұйқас жұмбақтар адамды құлшындырып ,шаршатпайды оларды сабақтарда қолдануға болады.Мәселен ,күгі табиғат құбылыстарын оқып үйренгенде оқушыларға жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды таныстыра отырып мынадай жұмбақтар келтіруге болады: «жеңіл себет ішінен патшадай боп ,басын көкке көкжейтіп ,беріп бұйрық .Жуан аяқ саңырауқұлақ тұр торсиып, өйткені ол (қозықұйрық)» .
Көптеген қызықты сұрақтар балалардан материалды білуді, тапқырлықты, талдай білуді іскерлігін, себеп – салдарлық байланысты түсіндірілулі талап етеді, мысалы сұр қарлығаштар неге қарлығаштан бұрын ұша кетеді ? (Сұр қарлығаштарға жем тамыздан –ақ жеткіліксіздік жасайды, ал қарлығаштардың қыркүйек те тамағы тоқ болады .) қай ағаштың жапырағы жасыл қалпында түседі? (Бақта – сиреннің жапырағы, орманда – қандыағаштың жапырағы.) Жыл құстары неге көктемде ұя салуға асығады, ал күзде аштық оларды оңтүстікке қуады.) Жаңғақ ағаштың көктемде, жөкенің жазда гүлдейтіні неліктен?
(Жаңғақ ағашы жел тозаңдандырады, ал жөкенің гүлі аралар арқылы тозанданады.) Көктемгі гүлдердің қайсысы түсін төрт рет өзгертеді? (Балшықтардың гүлі. Ол гүлін қызғылт түспен ашып, бірнеше күннен соң қан қызыл болады да, соңынан күлгін тартып, гүлдеп біткенде күлте жапырақшылары көк түске айналады.)
Достарыңызбен бөлісу: |