Дәріс мазмұны: 1. Жеке кластан тыс жұмыс (байқау өткізу, тәжірибе қою).
2. Топқа жұмыс (мерекелерге дайындық ұйымдастыру).
3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу
Дәріс мақсаты. Кластан тыс істелетін жұмыстар
Экскурсия сабақтары.
Бастауышта оқу білім мен дағды берудің іскерлік қалыптасудың бастамасы. Дүниетануды оқытуда топ саяхаттардың маңызы өте зор.
Топ саяхат түрі. Мұнда балалар табиғатпен шынайы түрде танысады. Топ саяхат кезінде балалардың таза ауада болуы, далада хош иісті көз тартар әдемі гүлдер арасында терең ой, көтеріңкі көңіл күй тудырып оларды жан-жақты үйлесімді етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.
Топ саяхаты кезінде балаларға ауа райын, маусымдық өзгерістерді, өсімдіктердің өсуін байқатады. Табиғат материалдарын пайдалана отырып, түрлі ойындар ұйымдастырады. Топ саяхатының танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар.
Олар оқушылардың білімдерін кеңейтеді, табиғат объектілерінің құбылыстарын бір-бірімен байланыстырып анықтайды. Топ саяхат кезінде тек түсіндіріп немесе зерттеп қою ғана емес, олардың әлемдік образды сөздер теңеулер, салыстыру арқылы ұғымын кеңейту керек.
Көркем әдеби шығармаларының барлық түрлерін түгел пайдалану тиіс. Әңгіме, өлең, жұмбақ, мақал, жаңылтпаш.
Топ саяхаттар тікелей табиғатқа, көрмеге, өсімдіктер бағына, зауыттарға жүргізіледі. Олар оқулық (бағдарламалық) және оқудан тыс болып бөлінеді.
Оқу топ саяхатын тақырыпты өткенге дейін, өткеннен кейін жүргізуге болады.
Мұғалімнің топ саяхатқа дайындалуы.
Біріншіден мұғалім алдын-ала топ саяхатты жүргізетін жермен танысып, көңіл аударарлық сипатты объектілерді табады. Оқушылардың өздігінше жүргізетін бақылауларының сипатын ойластырады. Оқушылар коллекцияға не жинақтайтынын анықтайды, топ саяхаттың жүргізу жоспарын жасайды, қорытынды әңгімеге негізгі мәселелерді белгілейді.
Оқушылардың дайындалуы.
Мұғалім топ саяхатқа өзі дайындалумен қатар оқушыларды да дайындайды. Ең алдымен оларды топ саяхатты саяхат емес сабақ екендігін түсіндіру керек. Мұғалім топ саяхатының міндеттерімен және мақсатымен таныстырады.
Алдын-ала олар топ саяхатында шешуге тиісті мәселелерді қояды, табиғат объектілерін бақылауға және жинауға тапсырмалар бөледі. Топ саяхатының табысты өтуі көпшілік жағдайда оны ұйымдастыруға байланысты. Сыныпта шағын топтарға 5-6 адамнан бөліп әр қайыссына тәртіпке және тапсырмаларды орындауға жауап беретін басшы тағайындайды.
Топ саяхатқа керекті жабдықтар:
Түс бағдар, күрек, кішкене банкілер, папка т.б.
Топ саяхаттың мақсаты оқушылар табиғаттан нені және қалай көру , нені зерттеу керегін білуі керек. Топ саяхатынан кейін міндетті түрде жиналған материалдар мен мәліметтерді ретке келтіреді. Зерттеу орны мен объектілеріне сәйкес мұғалім топ саяхатының құрылымын, жүргізу әдістерін анықтайды және жоспар жасайды. (жұмыс).
Жұмыс әдістері мен түрлері:
әңгімелесу, мұғалімнің әңгімесі, бақылаулар, сарамандық жұмыс, өзіндік жұмыс, жиналған материалдарды өңдеу т.б.
Маршрут және бақылау объектілері:
Жол, дөген некөл, орман, төбе, қыстайтын құстар, ағаштар, қар астындағы өсімдіктер т.с.с.
Оқушылардың адамның табиғат қорғау жөніндегі іс-әрекетін көргені жөн. Мыс: құстарға жем беру, жасанды ұялар т.б.
Топ саяхатының табысты өтуі көп жағдайда мұғалімге оның шеберлігіне, табиғатты сүюіне, балалардың көңілін таба білуіне байланысты. 3-4 сыныптағы топ саяхаттар өз өлкесін, өз жерін және жер бедерін зерттеумен байланысты.
.
Үй тапсырмалары
Оқу жұмысының түрлерінің бірі - оқушылардың үй тапсырмасын орындауы. Оқытушы үй тапсырмасын түсіндіруді сабақтың маңызды кезеңінде айналдыруға қол жеткізу керек. Оқушылардың үй тапсырмасын ойдағыдай орындауы не істеу керек екенін ғана емес, сонымен бірге оны қалай орындау керек екенін де білу керек.
Үйдегі оқу жұмысының табысты болуының маңызды шарттарының бірі оқушыларды өздігінше жұмыс істеуге үйрету міндеті болып табылады.
Ол үшін оқушыларды оқу материалдарын жаттап алуға емес, оқушы сабақта берілетін білім мен оқушылар оқулықты оқығанда өздігінше алатын білімнің арасындағы байланысты орнатуға бағыттау керек. Мектепте білім алудың бүкіл әдістемесі оқушылардың үйде өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға негізделіп құрылған . Оқушылардың сабақта алатын білімдерден өмір тәжірибесіне пайдалануға, ал екінші жағынан өмірде алған білімдерін оқу процесінде толығырақ үйретудің маңызы зор. Қазір ғаламдағы информация көздері алуан екендігін ұмытуға болмайды. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі мұны оқу процесі барысында есепке алып, белгілі бір мәселе бойынша оқушылардың не білетінін анықтап, сол білімдердің негізінде жаңа материалды хабарлауға міндетті. Үй тапсырмаларын орындауда Табиғатты бақылау күнделігінің үлкен маңызы бар. Оқушылар ауа райында өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде маңызы бар. Оқушылар ауа райында өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде, адамның күнделікті еңбегінде күн сайын өзгешеліктер болып тұратынын бақылау керек. Сол бақылағандарын осы күнделікке ұқыпты жазып отыруы керек. Әр айға арналған материалдар мен сұрақтарды түгел оқып шығып орындауы керек. Оларға жауап беру үшін кейде алдын-ала дайындық жасау қажет болады. Берілген суреттерді бояп, жұмбақтарды шешіп өлеңдерді жаттап алуы керек. Осы үй жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғатты және адамдардың еңбек әрекетін бақылау жөніндегі өз бетімен жасалған жүйелі түрде ұйымдастырушылыққа мүмкіндік береді. Балаларға қай жерде нені және қалай бақылауды көрсетіп осығанүйретудің маңызы зор. Алынға нәтижелерді қорыту және талдау жұмыстың маңызды кезеңі болып табылады. Көпшілік жағдайда оқушылардың жүйелі бақылаулар жүргізу қажетін түсінуі осымен байланысты.
Үй тапсырмаларында тәжірибелер мен машықтық үлкен орын алады. Мыс: оқушылар үйде өсімдіктердің өсуі мен дамуында жарықтың, жылудың , ылғалдың әсерін зерттеп өсімдіктің өркендеуі мен жапырақтарының шыға бастауының , гүлдеп өсімдіктер бойлағанға дейінгі бүкіл өсу жолын бақылай алады.
Аквариумдағы балықтарды бақылай отыырып, оқушылар балықтардың дене бітімін, қозғалу әдістерін, құлқын олардың өсіп жетілуін, өмір сүру жағдайларының әсерін атай алады.
Балықтар естиді ме, бояуларды ажырата алады ма және т.б. анықтауға мүмкіндік беретін тәжірибелер жасауға болады. Бақылау үшін құмның, саздың топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау үшін тәжірибелерді және сабақта алған білімдері мен іскерліктерін бекіту үшін үйде жасай алады.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың үйде оқулықпен істейтін жұмысына көп көңіл бөледі. Мұғалімнің міндеті оқулықпен істелетін жұмысты ол бойынша берілген тапсырмалар оқушының ойлау әрекетінің белсенді және алуан түрлі жүруші жағдай жасайтындай. Олардың таным әр түрлі жақтарын дамытатындай етіп ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған үйдегі оқу жұмысы мектептегі оқу сабақтарын өтуді жеңілдетеді.

Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. Жеке кластан тыс жұмыс (байқау өткізу, тәжірибе қою).
2. Топқа жұмыс (мерекелерге дайындық ұйымдастыру
3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу
.Әдебиет Молдагалиева:
Дәріс №13
Тақырып. Дүниетану пәнін оқытудың материалдық базасы.
Дәріс мазмұны: 1. Оқытудыағы материалдық базасының маңызы.
2. Оқу құралдарының орналасуы, талапқа сай сақталуы.
3. Оқуда көрнекілік құралдарының комплесті қолдануы.
4. Дүниетану пәнінің мазмұнына байланысты тірі табиғат мүйсіндегі жұмыстар, оның өткізу әдістемесі.
Дәріс мақсаты Дүниетану пәнін оқытудың материалдық базасы.
Дүнеиетану (оқулықтар) 1,2,3,4-сыныптар
Бақылау күнделігі (оқу құралдары) 1,2,3,4-сыныптар
Хрестоматия (оқу құралдары) 1,2,3,4-сыныптар
Дүниетан пәнін оқыту (әдістемелік нұсқау)
Дидактикалық материалдар 1,2,3,4-сыныптар
Оқу кестелері 1,2,3,4-сыныптар
Альбом (көрнекі құралдар) 1,2,3,4-сыныптар
Аудтовизуальды құралдар (оқу кинофильмдер, слайдтар, диафильмдер, жауарлардың дыбысы жазылған үнтаспалар) 1,2,3,4-сыныптар
өсімдік кеппе шөптерінің жинатамалары 1,2,3,4-сыныптар
жануарлардың қатырылған жинақтамалары, ылғалды препараттарды, тұлыптары 1,2,3,4-сыныптар
тау жыныстары, қазба юайлықтар үлгілерінің жинақтамалары
киіз үй, ат-тұрман, қазақтың ою-өрнектері, үй жиһаздарының кішкентай көлемді макеттері
Қазазстанның физикалық, экономикалық карталары
Глобустар
Қазақстанның түрлі жер бедерін (таулы аймақтар, жазық дала, сусымалықұм, орман, су қойма т.б.) үзінділер түрінде бейнелейтін сұлбадар
Қазақстанның көрнекі мемлекет, қоғам, әдебиет, өнер, ғылым, қайраткерлерінің портреттері (Абылай хан, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би, Т. Рысқұлов, Әл-Фараби, Абай, М. Әуезов, Н. Назарбаев, Қ. Сәтбаев, Т. Әубәкіров т.б.)
2. Мұғалім тірі табиғат мүйісіндей жұмысты ұйымдастыра отырып, оқушының білімін байытады және кеңейтеді, олардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады. Бұлар жоғарғы кластарда және онан кейінгі өмір тәжірибесінде кәдеге асады.
Тірі табиғат мүйісі үшін арнаулы жай болмаған жағдайда ең қажетті бөлме өсімдіктерін, олава., алоғ, бальзамин, Аспидистра, кактус, традесканция, фикус тікелей класс бөлмесінде арнаулы тіректерде орналастыруға болады. Бұл өсімдіктерден олардың негізгі бөлістерін,. Көбею жолдарын, жер шарының өсімдік әлемі өлімдерімен танытыруға болады. әрбір өсімдіктің этикеткасы болу кепек. Онда өсімдіктің аты, Отаны, егілген уақыты жазылады. Оқушылар бастауыш мектепте барлық өсімдіктермен танысып, олардың гүлдеуін, өсімдіктің жарыққа, жылуға және ылғалағ сезімталдығын зерттей алады. өсімдіктерді күтуге қажет практикалық дағдаларды алады. Класс бөлмесінде аквариум балықтарының , бауырмен жорғалаушылардың, қосмекенділердің жеке өкіледерін ұстауға қолайлы. Аквариумда валиснерия, бақа оты, су мері, қауырсын жапырақ эладия өсімдіктерін өсіруге болады. Көптеген балықтар (галет, табан балық, қар балық, ақайран, алтын балық) жақсы тұра береді. Аквариум балықтарынан тіршілк жағдайын көп талғамайтын барбустар, губкалар алтын балықтың түрлі тұзымдары конеталар, телескоптар т.б. Оқушылар аквариумды күткенде суын ауыстырып өсімдіктерді жиі-жиі сиретіп жемнің қалдығын, балықтардың зәрін тазартып отыруы керек. Бір уақытта дәл белгіленген мөлшерде желе беруі судың температурасының күрт өзгеруіне жол бермей, өсімдіктің күйін және балықтардың мінез-құлқын бақылап отыруы керек. Аквариум балықтар тіршілгін, балықтың бірте-бірте дамуын , температура мен қоектенуді , температура мен қоректенудің балықтардың өсуі мен дамуына әсерін, рефлекстің тууын, балықтар жейтін жемдердің тізімін жасау, балықтың ауа райын болжауын т.б. бақылауды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді. Тірі табиғат мүйісінде әр түрлі жайуанаттар құрбақа, шөп, көл, жанды тритон, кәдімгі су жылан, тасбақа (дала) , кесіртке ұстайды.
Қосмекенділер мен тереринде шалшық және күн сәулесінен жасырынатын пана болу керек. Құстарды да ұстауға болады. Олар: шымшықтар, қара тоғайлар, қарғалар, сүт қоректілер т.б. Оларды ұстау үшін түбі жылнымалы астаушасы және суаратын ыдысы бар әр түрлі мөлшердегі торлар қажет.
3. Бастауыш кластарда табиғатты зерттеу негізінде өлкетану принципі алынған. Оны табиғаттанудан сабақ беруде жүзеге асыру өз өлкесін жүйелі түрде зерттеуді көздейді. Ол үшін туған жер туралы фактілер мен деректерді үнемі жинап,ол материалдарды қорытып отыруы қажет. Материал жинауды оқушылар экскурсиялар, серуендер, жорақтар кезінде жүзеге асырады. өлкетану мүйісінің негізгі бөлімдері мынадай болуы мүмкін.
Біздің мектеп, мектеп тұрған микрора йон, мектпе тарихы туралы деректер
Біздің табиғат планының, ауданының, поселканың планы. Облыстың жер беті, пайдалы қазбалар. Облыстың су ресурстары, облыстың ауа райы жағдайлары. Облыстың өсімдік және жануарлар дүниесі. Табиғатты қорғау.
Біздің өлкенің қазіргі мен болашағы. Ауданының шаркашылығы, негізгі кәсіпорындар транспорт құралдары
Сонымен өлкетану мүйісін құру оқушылардың өз жкрін оқып білу, өлкетану материалдарын жинау, сабақ беру кезщінде пайдалану мақсатын көздейді..
Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. Оқытудыағы материалдық базасының маңызы.
2. Оқу құралдарының орналасуы, талапқа сай сақталуы.
3. Оқуда көрнекілік құралдарының комплесті қолдануы.
4. Дүниетану пәнінің мазмұнына байланысты тірі табиғат мүйсіндегі жұмыстар.
.Әдебиет Молдагалиева:
Дәріс №14
Тақырып. Дүниетану пәнінен оқытудың материалдық базасы.
Дәріс мазмұны: 1. Географиялық алаң, маңызы.
2. Оқушылармен жұмыс.
3.Тәжірибе участогі.
а ) Негізгі мәдени дақылдарды орналастыру.
б). Жыл бойы жұмыс жүргізуге түзілген жоспар .
Дәріс мақсаты Дүниетану пәнінен оқытудың материалдық базасы.
Ашық жерде табиғаттанудан бақылаулар мен практикалық сабақтар жүргізу үшін бастауыг мектепте географиялық алаң болу керек. Алаң мөлшері 10-10 метрдей кем болмауға тиіс. Оның биіктіг 1 м-ге дейін баратын қоршаумен қоршайды. Қоршаудың бөлігін түрлі түске ақ пен қараны кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш ретінде пайдаланады. Алаңның дәл ортасында тептегіші бар биіктігі 1м вертикаль қадап, орнатады. Оның көлемімен оқушылар көкжиек тұстарының бағытын анықтайды.
Географиялық алаңда өлшеу учаскесі бөлініп, онда дициметрге бөлінген текшеметр орнатылады. Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін ұзындығы 1,5-2м, ені 8-10см қар өлшейтін рейка қолданылады. Рейканың беті ақ түсек боялады да, 1 см сайын оқушылар жылдың жылы мезгілінде географиялық алаңды бақылау құмнан рем формаларын мүсіндеу аралдар мен түбектердің өзеннің және жарқабатты жағаларының үлгілерін жасайды. Бастауыш класс оқушылары географиялық алаңда бақылау жүргізген кезде мұғалім басшылығымен қарапайым құралдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Табиғат құбылысын бақылауға және түсіндіріге үйренеді. (бұлттылық, жаңбыр, қар). Көкжиектің негізгі және аралық жақтары бойынша еркін бағдарлай білулері керек. Географиялық алаңда жүргізетін бақылаулардың негізгі мақсаты оқушылар бастауыш кластарда зерттейтін табиғат құбылысының өзара байланыстары мен анықтаулары болып табылады
Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. Географиялық алаң, маңызы.
2. Оқушылармен жұмыс.
3.Тәжірибе участогі.
а ) Негізгі мәдени дақылдарды орналастыру.
б). Жыл бойы жұмыс жүргізуге түзілген жоспар .
Әдебиет Молдагалиева:
Дәріс №15
Тақырып . Шагын комплекті мектептерде оқитын оқушылардың ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны: 1. Аз комплекті мектептер. Сабақ ерекшелігі.
2. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
3. Ұйымдастыру формасы.
4. Табиғатқа топсеруен ұйымдастыру ерекшеліктері
Дәріс мақсаты Комплекті мектептерде оқитын оқушылардың ерекшеліктері
Мұғалім бір мезгілде 2 немесе 3 сыныпта сабақ жүргізілетіндіктен шағын комплектілі мектептерде сабақтың құрылымы өзгереді.
Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағанда әрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей оның орындалуын тексеріп оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды. Шағын комплектілі мектептердің негізгі белгісі бір сынып бөлмесінде мұғалімнің басшылығымен бірнеше сыныптардың қатар оқуы . Мұғалім сабақтың көп бөлігі оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне бөледі. Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындалуы .Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім оқушының іскерлік дағдысын бақылай білуге ойлауын бақылап көреді.Мұғалім әрбір сабаққа даярлана отырып, материалды жоспарлағандаәрбір сыныптағы жаңа сабақты түсіндіруге үлгеріп, өз бетімен істейтін жұмысқа тапсырма беретіндей оның орындалуын тексеріп, оқушылардың білімін тексере алатындай етіп жасайды. Шағын комплектілі мектепте барлық сыныпта бір дүниетанудан сабақ өткізуге болады.
Шағын комплектілі мектепте дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.
Сөздік әдістер- баяндау, түсіндіру, әңгімелесі, сөйлету, таратып беретін түрлі карталар.Тапсырмалар бойынша сөйлету.
Көрнекілік әдістер.Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылымтардың өзіне тән жаратылыс бітімін сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен тыңдап қабылжауға баулитын дидактикалық үрдісі.
Көрнекілікті 12 ғасырда Чехтің ұлы педагогы Ян Амос Каменский еңгізді.
Неміс педагогы Дистерберг пен Орыстың ұлы педагогы Ушинский “Көрнекілікті барлық пәндерге қолдану мүмкін және қажет” деген. Көрнекілікті үлгілерін пайдалануға Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.
Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай талаптарды ескерген жөн:
Көрнекі құралдар оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
Әр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратын дай дәрежеде болуы тиіс.
Көрнекі құралдар эстетикалық тәрбие беру көздерін көздеу.
2.Бақылау әдістері көрнекті педагог Ушинский шағын комплектілі мектептің оқушыларының логикалық ой мен тілін дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделуі керек. Мұғалім оқушыларды алдымен бақылауға , содан соң бақылауларын жинақтап ,ой қорытуға үйретуге міндетті.
Бақылауды бүкіл сынып бір мезгілде өткізуі және жалпы бір ғана табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс істеуге болады. Тек қана әр сыныпқа сәйкес сұрақтар қоюы тиіс.
Оқулықпен жұмыс шағын комплектілі мектептерде оқушының оқулықпен жұмыс істеуін ерте бастап, яғни баланың мектепке келгеннен бастап дағдыландыруымыз керек. Егер мұғалім осы күннен бастап, оқушының оқулықпен жұмыс істеуін дұрыс жолға қойса, онда келешекте мұғалімнің күнделікті жұмысын ұйымдастыру жеңіл болады. Мұғалім балаларды оқулықпен жұмысқа дайындау керек. Онсыз олар мақаланы түсіне алмайды.Дайындық мұғалімнің кіріспе әңгімесінде жүргізіледі. Ол сонда тиісті картина немесе басқа көрнекі құралдарды көрсете отырып, жаңа атаулар мен ұғымдарды түсіндіреді, Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырманың маңызын таңдап ұғындырады.
Шағын комплектілі мектепте 4 сынып оқушыларының білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуге арналған, ой-қылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін тест пайдалану өте тиімді.
2. Бақылау өткізуді ұйымдастырумен жазып алуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Балалар экскурсия кезінде де бақылайды.Бірақ бұл белгілі бір кезеңде болатын құбылыс.Сондықтан мектеп оқушыларын 1-ші сыныптан бастап жүйелі бақылай білуге үйреткен дұрыс.
Оқушылардың әрқайсысында календерьдан басқа жеке бақылау күндклігі болады.Оның жүргізілуіне мұғалім баға қояды. Мұғалім ай немесе маусым соңында бүкіл класқа жинақтап , қорытындылау сабағын өткізеді. Онда бақылау қорытындысын жинақтап қарапайым қорытындылар жасайды, салыстырып, сәйкестендіреді.
3.Шағын комплектілі ектеп үшін барлық класты біріктіріп , экскурсия өткізу тән құбылыс болып табылады. 3-ші сыныпта бір мезгілде күндізгі экскурсия өткізуге болады.
Мысалы: 1 сыныптағы экскурсия тақырыбы “Тірі және өлі табиғатты күзде бақылау”, сыныптағы экскурсия тақырыбы ” Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі күзгі өзгерістермен таныстыру.”, 3сыныпта “өз туған жеріндегі жануарлар мен өсімдктер”, Мұғалім мұндай жағдайда әрбір класқа нақтылы тапсырмалар береді.
1-сынып. Бояулы әр түрлі түрлі түсті жапырақтарды жинау, жапырақтардың ағаштардан қалай түсетіндігін бақылау. Құстардың қайтуға әзірлігін байқау.
2-сынып. Ағаштардың, бұталардың, шөптесін өсімдіктердің қалай өзгеруін бақылау. Өсімдіктердің, жемістердің пісіп детілуін, таралуын, тұқымдарын жинау.
3-сынып. Біздің жерде қандай өсімдіктер өсетінін айқындау. Жергілікті жердің топырағынан үлгі және коллекция үшін өсімдіктер жинау.
Шағын комплектілі мектепке жаңа материалды түсіндірудегі мұғалімнің рөлі өте зор. Анық, айқын және қысқаша түсіндіру керек. Сыныптың оқушылары мұғалім басқа бір класпен жұмыс істеп жатқанда , өз бетімен жұмыс істейтіндей боып жұмыстануы керек.
Өзін -өзі тексеру сүрақтары
1. Аз комплекті мектептер. Сабақ ерекшелігі.
2. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.
3. Ұйымдастыру формасы
4. Табиғатқа топсеруен ұйымдастыру ерекшеліктері
Әдебиет Молдагалиева:
Достарыңызбен бөлісу: |