Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер
Сабақтың түрі: аралас (1 кезең -5 минут; ІІ кезең -25 минут; ІІІ кезең -15 минут)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көнерген сөздердің түрлерін өз бетімен анықтауына, ерекшеліктерін өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстарын орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу;
Тәрбиелік: Өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге және ана тілінің құндылығын ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу;
Дамытушылық: Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту;
2. Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдік тапсырмалар
3. Сабақтың әдіс – тәсілі: І кезеңде – сұрақ – жауап; ІІ кезеңде – а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі; б) дискуссия; в) практикада бекіту әдісі; ІІІ кезеңде – үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орныдату арқылы бағалау әдістері;
4. Формасы: І кезеңде – фронтальды, жеке; ІІ кезеңде – а) топтық; б) фронтальды; в) ұжымдық ІІІ кезеңде – жеке
5. Көрнекіліктер: І кезеңде – жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары. ІІІ кезеңде – жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары.
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздердің түрлері
Көпір тапсырмасы
|
Төмендегі сөздердің ерекшеліктері неде?
Ел билеуге қатысты
|
Салт-дәстүрге қатысты
|
Старшын
|
Бесікқұда
|
Атшабар
|
Ұрын бару
|
Би
|
Қынаменде
|
|
|
ІІ кезең (топтық жұмыс)
Жаңа сабақты меңгерту
|
Теориясы
«Білу»
(Кім? Не?
Қашан?
Қайда?
Не істеді?)
|
Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
Тарихи сөздер дегеніміз не?
Архаизмдер дегеніміз не?
Мысалдар келтір
|
Теориясы
«Түсіну»
(Неге?
Неліктен?
Себебі?
Не үшін?)
|
Не үшін тілімізде кейбір сөздер қолданыстан шығып қалады?
Жауабы: Қолданылған дәуірі өтіп кетіп тарихи өзгерістерге сай немесе тұрмыс-тіршіліктің, әдет-ғұрыптың өзгеруіне қарай шығып қалады.
|
Теорияны «Талдау»
(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б)
|
Төмендегі берілген сөздердің қайсысы архаизмге, қайсысы тарихи сөздерге жатады?
Уәзір, би, саба, хан, қылыш, шоқпар, дүрия, тархан, торқа, барымта, күпі, кебеже, аға сұлтан, найза, жебе, патсайы
Тарихи сөздер
|
Архаизмдер
|
уәзір
би
хан
қылыш
шоқпар
тархан
аға сұлтан
найза
жебе
|
саба
дүрия
торқа
күпі
кебеже
барымта
патсайы
|
|
Теориясы
«Жинақтау»
|
Семантикалық картаны толтыр
Мысал
|
Аушадияр
|
Шұға
|
Болыс
|
Қаһан
|
Сауыт
|
Биқасап
|
Тарихи сөздер
|
|
|
+
|
+
|
+
|
|
Архаизмдер
|
+
|
+
|
|
|
|
+
|
|
Практикасы
«Қолдану»
|
Оқулықпен жұмыс 151-жаттығу
Қара етмек – көнерген сөз
Жөргемеш – әсіп, бұжы
Қағұт – жент
Сым сымрақ – көнерген сөз
|
Практикасы
«Баға беру»
(Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің?)
|
Сен қалай ойлайсың? Көнерген сөздердің жаңарып қолданылатын кездері бола ма?
Жауабы: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, кейбір көне атаулар тілімізге қайтадан енді. Мысалы: қаңтар,ақпан, наурыз, т.б ай атаулары.
|
|
ІІІ. Бағалау кезеңі (жеке жұмыс)
Деңгейлік тапсырмалар
|
Теориясы
«Білу»
(Кім? Не?
Қашан?
Қайда?
Не істеді?)
|
І деңгей (5 балл)
Тест
Тілімізге қайтадан қолданысқа енген көнерген сөзді тап.
а)молда ә)қылыш б)жамағат
2. Көнерген сөзді көрсет
а)итқұс ә)қаған б)байрақ
3. Тарихи сөзді ажырат
а) мешіт ә)имам б)садақ
4. Архаизмге жататын сөзді анықта
а)дүрия ә)старшын б)қылыш
5. Көнерген сөздің қатарын тап
а) хан, бизнес, кеден ә) Акция, би, егемен
б)дуанбасы, патша, қаһан
|
Практикасы
«Қолдану»
|
6. 152-жаттығу
Мәтіннен көнерген сөздерді тап
Шыбыртқы, дойыр, барымта, таспа.
|
|
ІІ деңгей
(5 балл+4 балл=9 балл)
|
Теориясы
«Түсіну»
(Неге?
Неліктен?
Себебі?
Не үшін?)
|
Не үшін діни сөздерді қайтадан қолданып жатырмыз?
Себебі:Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тіліміз, діліміз, салт-дәстүрімізбен бірге дініміз де қайта оралды.
|
Теорияны
«Талдау»
(Салыстыр, айырмашылығы неде?
|
Венн деограммасын толтыр
Тарихи сөздер Ортақ қасиеті Архаизмдер
|
Практикасы
«Қолдану»
|
Оқулықпен жұмыс. 155-жаттығу
Мәтіннен ұлттық киім атауларын теріп жазып, көнерген
атаулардың астын сыз
Жауабы:Ақ шәйі көйлек, қызыл масаты бешпет, әмірхан мәсі, құндыз бөрік.
Ұлттық әшекей бұйымдардың атауларын көрсет.
Жауабы:Күміс шашбау, тана-түймелері, алқа, сақина, білезік
|
|
ІІІ деңгей ( 9 балл + 3 балл = 12 балл
|
Теорияны
«Жинақтау»
|
«Ойлы болсаң, озып көр»
а) Киім
Тағам Шидем
Ыдыс
Жасау
Шидем – қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы киім
ә) Салт
Өнер Тоқымқағар
Ырым
Кәсіп
Тоқымқағар – жас жігітті ұзақ сапарға шығарып саларда ауыл елінің арнайы ас беруі
б) Билік
Дәстүр нияз
Өнер
Дін
Нияз – пітір, садақа
«Бес қаруға қандай атаулар жатады?
Жауабы: Айбалта, найза, қылыш, шоқпар, садақ,
|
Практикасы
«Бағалау»
(Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің?)
|
Көнерген сөздерді қайтадан қолданысқа енгізсе, тілімізге қандай әсері бар? Сен қалай ойлайсың?
|
Достарыңызбен бөлісу: |