Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



жүктеу 3,49 Mb.
бет9/19
Дата22.05.2018
өлшемі3,49 Mb.
#15834
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19



Агликогеноздар
Агликогеноздар–сирек кездесетiн тұқымәуалаушы аурулар, ол гликоген синтетаза ферментiнiң жетiспеушiлiгiмен байланысты болады. Бауыр агликогеноздарында гликоген мүлде болмайды. Деполанған гликогеннiң мүлде болмауы қандағы глюкозаның деңгейiн тұрақты ұстауға керi әсерiн тигiзедi. Агликогенозы бар балаларда гипогликеиялық дене тырысуына бейiмдiлiк (негiзiнен физикалық жүктемеден кейiн) және қоректену ритмiнiң бұзылуы байқалады. Гипогликемиялық дене тырысуында (қандағы глюкоза мөлшерi 0,7–0,4 ммоль/л) негiзiнен таңертеңгi мезгiлде жиi қайталанады. Мұндай аурулар тұрақты түрде көмiрсу құрамды тағамды қабылдауы мiндеттi түрде қажет.
Мукополисахаридозалар
Мукополисахаридозалар–мукополисахаридтердiң (гликозаминогликан- дардың) ыдырауына қатысатын және әртүрлi мүшелердiң дәнекер ұлпаларында глюкозаминогликандардың тұндырылуымен жүретiн ферменттердiң жетiспеушiлiгiнен өтедi. Ауру өмiрдiң алғашәы үш жылында байқалады. Мукополисахаридозды науқастардың зәрiнде гликозаминогликандар-дерматансульфат,кератансульфат,хондроитинсульфат және гепаринсульфаттар мөлшерлерi жоғарлайды. Егер ересек адамда тәулiктiк зәр құрамында шығарылу мөлшерi 15мг болса, ал мукополисахаридоздық науқастарда бұл мәндер 100-200мг құрайды. Мукополисахаридоздардың биохимиялық сипаттамалары 2-ші кестеде берiлген.
Мукополисахаридтердiң әртүрлi типтерiнiң диагностикасы олардың клиникалық белгiлерiнiң ұқсастығымен қиындайды. Сондықтан зәр құрамында бөлiнетiн глюкозаминогликандарды биохимиялық идентификациялау және ауру терiсiнен алынған фибробласта өнiмдерiндегi ферменттiк ақауды анықтау мiндеттi түрде қажет.
Бұл ауруларға физикалық өсу және ақыл ой дамуының тежелуi тән, қаңқаның майысуы мүмкiн. Бұл аурулар қиын емделедi. Емдеу жолы ретiнде, мысалы, құрамында глюкозаминогликандарды ыдырататын ферменттер бар фибробласталарды енгiзедi.

Мукополисахаридтердiң негiзгi типтерінің биохимиялық сипаттамалары

Мукополисахаридтердiң патогенезi және этиологиясы әлi күнге дейiн белгiсiз. Сонымен бiрге әртүрлi науқастардағы клиникалық белгiлер әртүрлi байқалады. Мукополисахаридтерден жиi түрде идурон қышқылын ыдырататынферменттiң жетiспеушiлiгiнен болатын Гурлер ауруы (бұл ауруда балалар 10 жасқа дейiн) және идурон қышқылының жетiспеушiгiнде болатын Шейе ауруы (бұл 30 жасқа қарай көз қарашығының тұмандануы бойынша байқалады және соқырлыққа әкеледi) арқылы сипатталады.

Мукополисахаридоздардың типтері

Ауру түрлерi


Фермент жетiспеушiлiгi


Гликозаминогликандардың жиналуы


1

Гурлер синдромы

-L-идуронидаза


Дерматосульфат, гепаринсульфат


2

Гунтер синдромы

-L-идуронилсуль-фатсульфатаза


Дерматосулфат, гепаринсульфат


3

Санфилиппо ауруы:

А типi түрi


Гепаринсульфатсульфатаза

-D-глюкозамидиназа-ацетил-

-глюкозаминидаза


Гепаринсульфат

Гепаринсульфат

Гепаринсульфат


4

Моркио ауруы

-ацетилгексозаминсульфатазаХондроитинсульфат-


Кератансульфат


5

Шейе ауруы

-L-идуронидаза


Дерматансульфат, гепаринсульфат


6

Марото-Лами ауруы

-ацетиллактозаминсульфатсульфатаза


Дерматансульфат


7

атаусыз

-глюкуронидаза


Хондроитинсульфат





^ Эритроциттердiң глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназаның жетiспеушiлiгi

Бұл генетикалық патология Х-хромосомада шоғырланған құрылымдық гендер деңгейiнде қамтамасыз етiледi. Ауру Африкада, Америкада (бұл ақау АҚШ-та негрлер арасында), жерорта теңiзi жағалауы мемлекеттерiнде,10-13 Азербайжанның кейбiр аудандарында таралған.


Бұл ферменттiң синтезiнiң бұзылуы гемолиттiк анемияның дамуына әкеледi.
Глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа көмiрсулар тотығуының пентозо-фосфаттық ферментi болып табылады. Бұл фермент катализдейтiнбосатушыжолының реакциялар барысында перидиндiк кофермент НАДФН2 -нiң тотықсызданған формасын түзедi. Ол қанға тотықтырғыштың түсуiнен уландырушы асқынтотықтың тотығуын қайта қалпына келтiруi үшiн қажет:
Глутатионның тотықсызданған формасының эритроциттiк ферменттердiң және гемоглобиннiң, сонымен бiрге басқа да белоктар молекулаларының сульфгидрилдiк (–SH) тобын тотығудан қорғауда маңызды рөль атқаратынын ерекше айтуға болады. Глюкоза–6–фосфат–дегидрогеназаның туабiткен мүлде болмаушылығында НАДФ–тiң мөлшерi төмендейдi, сондықтан тотыққан глутатионның концентрациясы жоғарлайды. Бұл өзгерiстер эритроциттiк SH–құрамды гликолиттiк ферменттердiң инактивтелуiне ықпал етедi.
Бұл энзимдiк ақаулы науқастарда эритроциттер мембранасының өткiзгiштiгi шұғыл бұзылады, “иондық” насостың жұмысы төмендейдi, ол натрий мен судың өтуiне ықпал етедi және эритроциттердiң гемолизiн жүргiзедi.
Гемолиттiк криз антимолярлық препараттарды ағзаға енгiзгенде (сульфаниламидтер, нитрофурандар, антипиреттер, аналгетиктер гипогликемиялық және т.б., сонымен бiрге өсiмдiк тағамдары–бұршақ, қара бобтар, қарақат, қарлығандарды тағам ретiнде қабылдағанда) жиi дамиды.
Кейде бұл ферменттiң жетiспеушiлiгi нәрестелерде резус–жүйесiнiң бұзылуымен байланысты емес сарыауру түрiнде байқалады.
^ Бұлардың диагностикасы эритроциттердегi глюкоза–6–фосфат–дегидрогеназаның активтiлiгiн анықтауға негiзделген. Бұл ауруға гемоглобинурия, гемоглобин мен эритроциттердiң азаюы, жоғары ретикулоцитоз болуы тән болады.
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
Қант диабетін анықтау тиімділігін арттыру үшін диабеттің жіктелуі және диагностикасы бойынша Халықаралық эксперттік комитеті денісау популяцияда диабетті тесттілеудің келесі критериилерін ұсынады (1998 ж.): жасы 45 тен асқандар (тексеру үш жылда 1 рет), анағұрлым ерте жаста – семіздік, диабет бойынша тұқымқуалаушылық салмақ, анамнезінде гестациондық диабет кезінде, салмағы 4,5 кг артық туылған балалар, гипертония, гиперлипидемия, ерте анықталған глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы.
Жаңа ұсыныстарға сәйкес, қант диабетінің диагностикалық критериилері келесідей:
Диабет симптомы оған қоса қан плазмасындағы 11,1 ммоль/л артық глюкоза деңгейін кездейсоқ анықтау.
Ашқарында қан плазмасындағы глюкоза деңгейі 7,0 ммоль/л артық.
2 сағаттан кейін 75 г глюкозамен толеранттылық тестін жүргізгеннен кейін қанда глюкоза деңгейі 10,0 ммоль/л артық, плазмада –11,1 ммоль/л артық. Диабеттің диагностикасы үшін кеотірілген 3 критериидің 2-і жеткілікті.

Глюкозурия диагнозды қою үшін қолданылмайды, себебі түтікшелік сорылудың бұзылуының нәтижесінде зәрде глюкозаның пайда болуы мүмкін, тіпті қанда оның қалыпты концентрациясы кезінде де.

Түсініксіз жағдайда глюкозаға толеранттық тестін жүргізу қажет (ГТТ). Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымы (БОДСҰ) ГТТ және «қант диабеті» диагнозын қою үшін немесе «глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы» критериилері туралы (1-ші кесте) ұсыныс өңдеді (1999 ж).
Сонымен, қант диабеті диагнозы ашқарында қан плазмасында глюкоза деңгейі 6,1 ммоль/л артқан кезде 7,0 ммоль/ және капиллярлық қанда -  қойылуы мүмкін.

^ Кесте 1
Глюкоза концентрацясының диагностикалық деңгейі (ммоль/)

Диагноз

Сынаманы алу кезінде

Қан

Тамырлық қан плазмасы

тамырлық

капиллярлық

Қалыпты

ашқарында

3,3-5,5

3,3-5,5

4,0-6,1

глюкозалық салмақтан кейін 2 сағаттан соң



<6,7


<7,8


<7,8

Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы


ашқарында




<6,1


<6,1


<7,0

глюкозалық салмақтан кейін 2 сағаттан соң


6,7 и <10,0


7,8 и <11,1


7,8 и <11,1


Қант диабеті


ашқарында


6,1

6,1

7,0

глюкозалық салмақтан кейін 2 сағаттан соң

10,0

11,1

11,0

Кейбір пациенттерде глюкоза деңгейі жоғары, бірақ ол қант диабеті ретінде жіктелетін мәнге жетпейді. Бұл жағдайда «глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы» туралы айтады. Мұндай жағдайда диабет туралы айтуға болмайды, алайда бұндай ауруларға көңіл қою қажет, олар көмірсулары шектетілген диетаны ұстауы қажет. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуымен пациенттердің арасында жыл сайын 2-4 % -да қант диабеті дамиды, осыншама пациенттер толығымен қалпына келеді. Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуымен пациенттердің арасында, сондай-ақ диабетпен ауыратындардың арасында, инсульт пен миокард инфарктінің даму қауіптілігі жоғары.

ГТТ диагноз түсініксіз болған жағдайда жүргізіледі. Егерде «қант диабеті» диагнозы клиникалық бейнесі жағынан және тамақтан кейін немесе ашқарында глюкоза деңгейі артқандығында күмән болмаса, онда ГТТ жүргізу көрсетілмейді, яғни бұл тест ұйқы безінің қызметі үшін бәрібір емес. ГТТ жүргізу үшін көрсеткіштер мен оның хаттамасы 17-ші кестеде көрсетілген.


Акромегалияның диагностикасы кезінде және глюкозурия себептерін айқындау кезінде қанның сынамасы 30 минуттық интервал бойынша алынуы мүмкін.
Қант диабетімен ауыратындарға емді таңдау кезінде гликемиялық және глюкозуриялық профильдерін жүргізу тағайындалады. Профильді тағайындау қантты төмендетуші терапияның көлемі мен түрін таңдау үшін қажет. Глюкозаны зерттеу әрбірбір тамақтану алдында, таңертеңгңлңк, түскі, кешкі және жатар орын алдындағы астан кейін 120 минуттан соң жүргізіледі.

^ Кесте 2

Глюкозаға толеранттылық тесті

Көрсеткіші


Орындалуы


- Ашқарында / кездейсоқ қандағы глюкоза деңгейін өлшеу кезінде күмәнді нәтижелер.

- Күтпеген глюкозурия, сонымен қатар жүктілік кезінде.

- Қандағы глюкоза деңгейінің қалыпты жағдайындағы қант диабетінің клиникалық белгілері.

- Акромегалии диагностикасы

- Пациент 3 күн аралығында күніне құрамында 150 г көмірсуы бар жай тағамды қабылдау қажет.

- жай физикалық салмақты сақтау.

- Сынаманы ашқарында 8 немесе одан да артық уақыт тамақтанбаған жағдайда жүргізіледі.

- Ашқарында қан плазмасындағы глюкоза деңгейін таңертең өлшеу.

- 75 г глюкозаны 300 мл суға ерітіп, 5 минут алдын ішу.

- Қан плазмасында глюкоза концентрациясын 2 сағаттан кейін анықтау (балаларға 1,75 г глюкоза/кг дене салмағының, бірақ 75 г артпау қажет).

- тестті жүргізу уақытында пациент сабырлы болу қажет, темекі шекпейді, су ішпейді.



Ескертпе! Глюкозаның орнына сахарозаны қабылдауға болмайды.

Түнгі гипогликемияны жіберіп алмау үшін, глюкозаны түнгі уақыттада зерттейді (сағат таңғы 3-те). Глюкозуриялық профиль үшін зәрді қанды зерттеу аралығындағы аралықта жинайды. Диагностикалық мәнділігі инсулинрезистенттілік синдромын ертерек анықтау міндеті болып табылады, яғни бұл ҚД 2 типін және оның асқынуларын бөлуге және емдеуге көмектесуі мүмкін.


Гликозилирленген гемоглобин – посттрансляциялық ұйымдасатын, гемоглобин. Глюкоза белоктармен (сонымен қатар гемоглобинмен) әсерлесе отырып, шиффтік негіз түзеді. Гемоглобиннің гликозидациялық дәрежесі анализге қанды алғанға дейінгі 4-6 апта кезеңінде глюкозаның орташа деңгейін бейнелейді.
Сонымен, қандағы глюкоза концентрациясының уақытша жоғарылауы қанда гликозилирленген гемоглобин құрамының артуы сияқты өзіндік «із» қалдырады. Гликозилирленген гемоглобин концентрациясын өлшеу қант диабеті кезінде гипергликемияның айқындығын ретроспективті бағалауға мүмкіндік береді.
HbAl 3 компоненттен тұрады: HbAlа, HbAlb, HbAlс. Мөлшерлік жағынан HbAlс басым.
Гликозилирленген гемоглобин (гемоглобин Alс) қандағы құрамының қалыпты көрсеткіші диабет еместерде 6 % азды құрайды.
Қант диабетімен ауыратындардың анықтау нәтижесін бағалау:
6 % төмен-көмірсу алмасуының реттелуінде бұзылудың болмауы;
8-9 % - көмірсу алмасуының қанағаттанарлық реттелуі;
9-12 % - көмірсу алмасуының реттелуі нашар;
12% жоғары - көмірсу алмасуының реттелуі өте нашар.
HbAl концентрациясының жоғарылауы қант диабетінде байқалады (5,5-8 % - жақсы компенсирленген қант диабеті, 8-10 % - жеткілікті компенсирленген қант диабеті, 10-12 % - біршама компенсирленген қант диабеті, 12 % көп – компенсирленбеген қант диабеті).

6 дәріс



Тақырыбы : Липидтер алмасуының бұзылуының клиникалық-зертханалық диагностикасы
Мақсаты: Липидтер алмасуының бұзылуынан туындайтын патологиялық процестердің механизмін қарастыру және зертханалық диагностикасын үйрену.
Липидтерге жалпы сипаттама
Липидтер ағзада келесі қызметтерді атқарады:
1. Құрылымдық жасуша мембранасының құрамына кіреді.
2.Реттеушілік, кейбір липидтер витаминдердің және гормондардың алғызаттары немесе витаминді еріткіштер және жүйке импульстерінің берілуіне қатысады.
3.Тасымалдаушылық липопротеиндер, май қышқылдарының альбуминдермен комплексі.
4. Термореттеушілік, ағзаның жылу изоляциялау қызметіне қатысады.
5.Энергетикалық – энергияның және энергия жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың шығу көзі.
Липидтер – құрылымы және қызметтік топтары әртүрлі табиғи гидрофобты заттар. Оларға майлар – энергияның қоры ретіндегі ең тиімді формасы; фосфолипидтер – барлық типтегі мембраналардың құрылымының негізі, липопротеиндердің қажетті элементі (липидтердің қанмен тасымалданушы формалары); холестерин – мембрана компоненті және өт қышқылдары мен стероидтық гормондарды синтездеуші алғызат.
Көптеген липидтер және олардың туындылары: фосфатидилменозитол трифосфаттар, диацилглицериндер, полиендік май қышқылдары және олардан түзілетін үлкен топтағы эйказоноидтар жергілікті әсер ететін гормондардың қасиетіне қабілетті, реттеуші қызметті атқарады. Табиғи липидтердің құрамында адам үшін тағамдық ауыстырылмайтын факторлар майда еритін витаминдер және полиендік май қышқылдары болады.
Липидтердің пластикалық ролі олардың жасуша мембранасының қ±рамына кіруімен анықталады және олардың қасиеттерін біршама деңгейде анықтайды. Майлардың энергетикалық ролі де орасан зор. Олардың жылу өндіру қабілеті көмірслар мен белоктардан екі есе жоғары болады.
Майдың артық көлемінің болуы тамақтану сипатына, астың мөлшеріне, конституциялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар булшық еттердің қызметі кезіндегі энергияның шығындалу дәрежесіне, жасына, жынысына және тағы да басқаларға байланысты болады; ал протоплазмалық майдың мөлшері түрақты болып келеді.
Кейбір қанықпаған май қышқылдары (екі байланысты сандық), мысалы, линолдық, линолендік және арахидондық май қышқылдары адам организмінде және кейбір жануарлардың организмінде басқа май қышқылдарынан түзілмейді, яғни ауыстырылмайтын болып табылады. Олар қалыпты тіршілік ету ұшін қажетті болып келеді. Осы жағдай және майлармен бірге кейбір онда еритін витаминдердің түсуі ауыр патологиялық бұзылулардың себебі болып табылады және мұндай жағдай тағамнан узақ уақыт бойы (айлап) майларды алып тастаған жағдайда болады.
Майлардың түзілу, олардың жинақталу және мобилизациялану процестері нервтік және эндокриндік жұйемен, сонымен қатар ұлпалық механизмдермен реттелінеді және көмірсу аламасуымен тығыз байланысты болады. Мысалы, қандағы глюкоза концентрациясының жоғарлауы ұшглицеридтердің бұзылуын азайтады және олардың ыдырауын белсендіреді. Осылайша, май және көмірсу алмасуының арасындағы байланыс организмнің энергиялық мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кейбір гормондар май алмасуға маңызды әсер етеді. Айқын майды мобилизациялау әсерге бүйрек үсті безінің милық қабатының гормоны – адреналин мен норадреналин ие болып табылады. Сондықтан да узақ уақытқа созылған адреналинемия май қорының азаюымен жұреді. Гипофиздің соматотроптық гормоны да, қалқанша безінің тироксин гормоны да осындай қасиетке ие. Глюкокортикоидтар мен инсулин керісінше, майлардың мобилизациясын тежейді.
Май алмасуға тікелей нервтік әсерлердің болу мұмкіндігі туралы мәліметтер де бар. Симпатикалық әсерлер ұшглицеридтердің синтезін тежеп, олардың ыдаруын кұшейтеді. Парасимпатикалық әсер керісінше, майлардың жиналуына ықпал етеді. Май алмасуға нервтік әсерлердің болуы гипоталамуспен бақыланады.
Майға бай тағамдық өнімдердің құрамында негізінен кейбір липидтер мөлшері – фосфотидтер мен стериндер болады. Бұл заттардың физиологиялық маңызы өте зор. Олар жасушалық құрылымдардың құрамына, әсіресе жасуша мембраналарының, сонымен қатар ядролық зат пен цитоплазма құрамына кіреді. Әсіресе физиологиялық зор маңызға ие стериндер, оның ішінде холестерин болып табылады. Бұл заттар да жасушалардың мембраналары құрамына кіреді, өт қышқылдарының, бүйрек үсті бізінің қыртысының гормондары мен жыныс бездері гормондарының тұзілу көзі болып табылады.
Ұйқы безінің липазасының секрециясы әлсіреген кезде немесе олардың ішекке түсуінің жеткіліксіздігі кезінде, өттің түсуі бүзылған кезде ішектегі майлардың сіңірілуі де бұзылуы мұмкін. Іш өту кезінде астың тым тез қозғалуынан, сонымен қатар май қышқылдары байланысып, ерімейтін тұз тұзетін астағы кальций мен магнийдің тым артық болуы салдарынан май қышқылдарының сіңірулері зардап шегеді.
Инфекциялық процесс, улану, гиповитаминоз жағдайларындағы ащы ішектің зақымдалуы фосфорилденудің бұзылуымен жүреді, бұл ұшглицеридтердің ресинтезін және олардың сіңірілуін тежейді.
Ішектің лимфалық жолдарына сорылған ұшглицеридтер қанға үсақ бөлшектер хиломикрондар тұрінде тұседі. Қанның ұшглицеридтері липазаны ыдырата отырып, эстерифицирленбеген май қышқылдарын (НЭМҚ) тұзеді. НЭМҚ-ы плазма альбуминдерімен байланысып, жасушаларға, әсіресе бауыр эпителийне тасымалданады. Гепатоциттерде олардан организмге тән ұшглицеридтер түзіледі де, олар қанға бета-липопротеидтер құрамында түседі.
Липазаның қанға шығуы және оның қандағы стабилизациясы гепаринмен белсендіріледі. Липопротеиндік липазаны да липокаин белсендіреді. Оны өт қышқылдары мен хлорлы натрийдің тым артық мөлшері жояды. Гиперлипидемия механикалық сарғаю кезінде, яғни өт қышқылдары қандағы липазаны жойған кезде, тағы да нефротикалық синдром кезінде липазаны белсендіретін гепариннің зірмен бірге жоғалуы салдарынан дамиды, атеросклерозбен ауыратын науқастардың қанында да гепариннің белсенділігі төмен болады. Олардың қанында хиломикрондардың тым артық мөлшері жиналады, ал олар трмобопластиннің белсенділігін жоғарлатады және нәтижесінде қанның ұйығыштығы артады.
Жекеленген ұлпалардың иннервациясының бұзылуы кезінде немесе олардағы алмасудың бұзылуы кездерінде қанмен бірге келетін липидтердің ыдырауы бұзылады. Жасушаларда майлардың тым артық мөлшерінің жианақталуы – майлы инфильтрация – жасушаның белоктық құрылымының бұзылуымен қосарлануы мұмкін. Бұл майлы дистрофия деп аталады.
Көбінесе майлы дистрофия және дистрофия бауырда дамиды, өйткені бауырдың синусоидтары ұздікті базалдық мембранаға ие, олар хиломикрондарды оңай өткізеді. Қандағы хиломикрондардың көп болуы бауырдың майлы инфильтрациясына ықпал етеді. Бауыр жасушаларындағы май бөлшектерінің жинақталуы олардың фосфолипидтермен қосылуына ыңғайлы жағдай жасайды, олардың көмегімен май жасушада тегіс таралады. Гепатоциттердің фосфолипидтерге тапшылығы үйқы бездерінің шығаратын жолдарының жасшалары арқылы липокаин секерециясының жеткіліксіздігі кезінде және фосфолипидтердің синтезінің көзі болып табылатын –метионин (бұдан холин тұзіледі) жеткіліксіздігі кездерінде болады.
Этил спирті липогенезді белсендіреді және бауырдың майлық инфильтрациясы мен дистрофиясының дамуына ықпал етеді.
Липоматоз – бұл май ұлпаларының жекеленген бөлімдерінде көлемі 5-10 см болатын май түйіндерінің жинақталуы болып табылады. Май ұлпаларының кейбір бөлімдеріндегі майлардың деполануының бұзылуы осы бөлімдердің иннервациясының бұзылуымен, әсіресе липолизді күшейтетін симпатикалық иннервацияның бұзылуымен байланысты болады. Липолиздің жергілікті әлсіреуі осы жерде майлардың артық көлемде жиналуына алып келеді.
Аралық орталықтың, жұлынның, симпатикалық тұйіндердің зақымдануы қарама-қарсы жағдайға, яғни липодистрофияға алып келуі мұмкін, бұл кезде кейбір бөлімдерде майлардың жиналуының мұлдем жойылуы жүреді.
Семіздік – бұл майлардың тым артық мөлшерде жалпы жиналуы, әсіресе май деполарындағы жиналуы болып табылады. Семіздіктің ұш негізгі патогендік факторы болып мыналар табылады: 1) асты артық қабылдау; 2) липолиз процесінің әлсіреуі; 3) көмірсулардан майлардың тым артық тұзілуі.
Қабылданатын астың мөлшері тамақтану орталығымен реттелінеді. Бұл оратлықтағы басты рольді орталық гипоталамустың вентролатералдық (ГВЛЯ) және вентромедиалдық ядролары (ГВМЯ) атқарады. ГВЛЯ қозуы аштық сезімін туғызады, ал ГВМЯ «тойымдылық орталығы» болып табылады. Осы ядролардың қозуы кезінде олар тежегіш импульстарды ГВЛЯ-не жібереді. ГВМЯ-ның бұзылуын «тойымдылық орталығының» ГВЛЯ-на тежегіш әсері тоқтатады. Бұл кезде тұрақты қозу, ашытық сезімі пайда болады және «гипоталамустық» семіздік дамиды.
Липолиз процестері негізінен гормондардың әсерінен әлсірейді. Бірқатар гормондар май ұлпаларындағы липолизді кұшейткіш, депоға майды моблизациялау әсеріне ие болады. Осылайша адреналин, соматотропин, тирелтропин, тироксин әсер көрсетеді. Гипофиз, қалқанша безінің жеткіліксіздігі майлардың артық көлемде жинақталуымен жұреді. Иценко-Кушинга ауруы кезінде тым артық семіздік глюкокортикоидтардың немесе кортикотропиннің гиперпродукциясы салдарынан дамиды.
Инсулиннің гиперсекрециясы кезінде де майлардың тым артық тұзілуі және олардың депоға жиналуы жұреді. Инсулин қандағы қант мөлшерін төмендете отырып, «тойымдылық орталығын» тежейді және ГВЛЯ қоздырады. Ол майлардың депоға жиналуына және олардың мобилизациясының тежелуіне ықпал етеді. Әдет болып кеткен асты артық қабылдау да семіздікті күшейтетін инсулиннің гиперпродукциясына алып келеді.
Майлардың аралық алмасуларының бұзылуының басты көріністері болып, май қышқылдарының ыдырау процесі кезінде тұзілген кетондық денелер, яғни гиперкетонемия және кетонурия табылады. Қанда кетондық денелердің тым артық болуы метаболиттік ацидозбен, натрий мен судың жоғалуымен, бас миына кетон денелерінің улы әсер етуімен жұреді. Ацетондық денелердің жоғарғы май қышқылдарына ресинтезіне глюкоза ықпал етеді. Глюкоза негізгі антикетогендік зат болып табылады, өйткені ол иснулинмен бірге кетондық денелердің тотығуына ықпал етеді және бауырға майлардың келуін тежейді.
Холестериннің биологиялық маңыздылығы
Холестерин – өт қышқылдары мен стероидтық гормондарды, Д3 витаминін синтездеуші алғызат және барлық жасушалардың мембрана құрамына кіретін құрылымдық компоненті болып саналады. Холестерин ағзаға екі жол арқылы түседі ол: жануар тектес тағамдар арқылы немесе экзогенді холестерин, және бауырда синтезделетін немесе эндогенді холестерин. Бауырдан басқа холестериннің аз мөлшері ішек және тері жасушаларында синтезделуі мүмкін.
Ағзада холестерин қызметі жағынан әртүрлі екі фонд түзеді: бос холестериннің фондысы. Бұл ең үлкен фракция, оларға мембрана холестерині, қанның липопротеиндерінің фосфолипидтік моноқабаттық холестерині енеді; холестерин эфирлерінің фонды (толығымен гидрофобты және ағзада холестериннің қоры ретінде болады). Холестериннің бұл формасы жасуша цитозолінің липидтік тамшыларында және липопротеиндердің ядро қоспаларынан анықталған.
Адам ағзасында холестериннің жалпы мөлшері 140 гр құрайды, олардың ішінде 93 % тіндерде болады.
Халықтың 10%-тен астамы гиперхолестеринмен ауырады. Гиперхолестеринемия тамырлардың қабырғаларын қатерлі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Қандағы холестерин мен ТГ мөлшері деңгейі липидтік алмасулардың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Плазмадағы ХС концентрациясының жоғарылауы мен тәждік тамырлардың атрогендік зақымдалуының арасында тікелей тәуелділік болады.
Қалыпты жағдайда жалпы холестерин кең аралықта 3,6-6,7 ммоль/л (200 мг/дл-дан төмен) құрайды. Либерман-Бурхард реакциясы бойынша анықталған.
Жалпы холестериннің мөлшері – 3,0-6,2 ммоль/л; ұсынылатын мәндер – 5,2 -ден кіші; шекаралық мәндері-5,2-6,5; жоғары мәні-6,5ммоль/л-ден жоғары.
Жалпы холестериннің 5,2-6,5 ммоль/л диапазонында ТЖ ЛП-ХС мөлшерін зерттеу қажеттілігі ұсынылады. Науқастарды 2-4 апта диеттік және дәрілік терапияны тоқтатпастан емдейді; емдеуді 3 ай интервалы аралығында қайталап зерттейді.
Өт жолдарының тас ауруларының туындау механизмі
Өт тастарының түзілуіне ықпал етуші факторлар:
Жұқпалы аурулар. Микроағзалардың ферменттері коньюгирленген өт қышқылдарын, үлкен белсенді күйде болатын, белсенділігі аз коньюгирленбегендерге айналдырады, ол холестеринді нашар эмульгирлейді;
өт қабындағы өт қышқылдарының концентрациясы олардың синтезінің жылдамдығының төмендеуі нәтижесінде азаяды;
өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналысының бұзылуында, мысалы, ішек ауруларының нәтижесінде.
Әдетте, өт қышқылдары өт пигменттері мен холестериннің қоспасынан және кальцийдің басқа заттардың қоспасынан тұрады; олардың түсі қара-қоңыр болады. Таза холестериндік тастар сирек кездеседі және тұт жемісінің пішініндей болады.
Тастардың өт қабынан өт жолы арқылы ішекке ауысуы «бауырлық шаншулар» түрінде – жазық бұлшықеттердің спазмалық жиырылуынан болатын қабырға асты күшті ауырсынумен байқалады. Егер тас өттің өт қабынан ағылуын бұзатын болса, онда механикалық (обтурациалық сарыару) дамиды.
Атеросклероздың биохимиялық аспектілері
Гиперлипидемияның кең таралған түрі гиперхолестеринемия болып табылады және ол атеросклероздың дамуына әкеледі.
Атеросклероз – артериялар қабырғаларының (интималар) және жартылай орташа (медии) патологиялық өзгерістері. Атеросклероз – «атере»-ботқа тәрізді (грек.), оның негізгі компоненті тығыздалып склерленген түйіндіктерге (бляшкаларға) қосылған холестерин эфирлері (ХСЭ) болып табылады.
Атеросклероздың клиникалық белгілеріне әртүрлі мүшелердің: жүрек, аорта, бас миы, бүйрек, төменгі бөліктердің әртүрлі тамырларының кең таралған ауруларын жатқызады. Атеросклероздық түйіндіктер қан айналымын қиындатады және мүшенің ишемиясы мен гипоксиясын дамытады, ал тамырдың түйіндемемен толық бітелуінде немесе онымен индуцирленген тромбта миокард инфарктісі, инсульт, төмен бөліктердің гангренасы дамиды.
Тамыр қабырғаларындағы патологиялық процестер адамда қартаюмен бірге дамиды: тамырлардың ішкі бетінде эндотелий астында «көпіршік» жасушалардың жиналып қалу нәтижесінде липидтік дақтар мен жолақтар пайда болады, сонан кейін оның орнында – атеросклероздық түйіндіктер түзіледі, сондықтан басқа жасушалар мен эндотелийдің гетерогендігі ішкі қабықтарында дамиды. Түйіндіктер құрамына ХСЭ, ТАГ, глюкозаминогликандар, коллаген, эластин кальцийі, макрофагтар және өлі жасушалар кіреді. Атеросклероздық түйіндіктерде жиі түрде ДНҚ гермесвируствр (цитомегаловирус және жай герпес) анықталады, сонымен бірге хламидин де анықталады. Бұл микроағзалардың рөлдері әлі толық шешілмеген. Фиброздық капсуланың механикалық және улы факторлар әсерінен жыртылуында холестериндік «ботқа» жалаңаштанады мұндай «қатерлі» түйіндік тромбоциттердің агрегациясының, фибрин түйіршіктерінің және тромб түзілулерінің тұнуының орталығы болып табылады.
Атеросклероз – тамырлардың полифакториалдық ауруы. Эксперименттік берілгендердің жиылуы бойынша мөлшеріне байланысты оның этиологиясы мен патогенезі туралы әртүрлі гипотезалар дамиды: холестериндік немесе инфильтрациялық, тромбогендік, клоналдық («тамырлар миомасы»), аутоиммундық, асқынтотықтық. Барлық гипотезалар ЛП және холестериннің тамырлар қабырғаларына тасымалдануымен байланысты. ХС жоғары деңгейі атеросклероз дамуының бәссіз патогенетикалық факторы болып табылады, ал оның этиологиялық рөлі жас пациенттерде тұқымқуалаушы бірінші реттік патологиялық сипатта айқын байқалады: апо В-100 құрамының (ТТЛП белок) немесе ТТЛП рецептордың мутациялық өзгерісімен байланысты. Екі жағдайда да гепатоциттердің және басқа мүшелердің ТТЛП мен ТТЛП-рецепторының ал сонымен бірге жасушалардың ТТЛП-сының эндоцитоздық рецепторыда комплементарлығы бұзылады және қанда ТТЛП мен ХС құрамы жоғарылайды.
Қарттар мен аз мөлшерде болсада жастарда дамитын атеросклероз ауруының туындау факторлары сан алуан: мысалы, ТТЛП-ның химиялық және физика-химиялық түрленуі (қант диабеті кезіндегі гликозирлену, ХС, ТТЛП полиқанықпаған май қышқылдарының асқын тотығуы және т.б), эндотелийді зақымдаушы факторлар (жұқпалы аурулар, қабыну, гипертония, уландырушы факторлар және т.б.), қанның жоғары ұйығыштығы, гемодинамикалық факторлар (тамырлардың түйіндіктері, стеноздары) және келтірілген этиологиялық және патогенетикалық факторлардың нәтижесіндегі гормондардың құрамының өзгерістері.
Денісау адамның қанындағы ТТЛП эндотелийі мен тамырдың басқада жасушаларында тасымалдайды, олар мембраналардың қалыптасуы үшін қажет. Гиперхолестеринемияда ТТЛП-түрленуіндегі тамырлардың ішкі қабырғасына ХС-нің негізгі ағынын моноциттер атқарады. Соңғылары ТТЛП-мен түрленген ТТЛП, мТТЛП аутоиммундық кешендер антиденелермен бірге фагоциттеледі және ХС-ді интималардың субэндотелиалдық бөлігіне ауыстырады. ТТЛП эндолизосомада ыдырайды, макрофагтар цитозолінде ХСЭ жиналып, жасушалар «көпіршікті» түрінде болады. ХС-ің эфирленуін ацил-СоА-холестерин ацилтрансфераза катализдейді, ол бос ХС мен белсенденеді. «Көпіршік» жасушалар, өлгенде ХС-ді жасушааралық кеңістікке түйіндіктер қалыптасуы үшін бөледі.
Қандағы ХС деңгейі өте көп мөлшердегі тұқымқуалаушы және тұқымқуаламайтын факторларға тәуелді, сонымен бірге оның тағам құрамында көп мөлшерде түсуімен, синтезінің реттелуімен, тасымалдануымен, өт қышқылдарына синтезделіп жұмсалуына және басқа да қосылыстарға айналуына, шығарылуына байланысты. ХС-нің 80 %-ға жуығы бауырда синтезделеді. ХС-ің тағамдағы мөлшерінің жоғарылауы (тәулігіне 300-500 мг жоғары) денісау адамда оның бауырдағы синтезі төмендейді, себебі ХС мен ХС оксидериваттары белсенділікті және ГМГ-СоА-редуктаза реттеуші ферменті синтезін ингибирлейді.
Және, керісінше, вегетариандарда эндогендік ХС синтезі өте интенсивті өтеді. Патологиялық процестерде келтірілген факторлар арасындағы динамикалық тепе-теңдік бұзылады, ол гиперхолестеринемияға және ХС мен ТТЛП айналымының шеңберлік ақауының дамуына әкелуі мүмкін. Экзогендік және эндогендік ХС ішек пен бауырдан ТӨТЛП құрамында қанға түсіп, олар ТТЛП-ға айналады. ТТЛП бір бөлігі олардың артық мөлшерлерінде бауыр жасушалары арқылы ТТЛП рецепторларының қатысуымен „жұтылады“. ХС мен байытылған гепатоциттерде ТТЛП рецепторларының синтезі басылады, сондықтан бауырда ТТЛП мен ХС тасымалдауы төмендейді, бірақ олардың қандағы деңгейлері және айналымының мерзімі жоғарылайды.
Иодтирониндер және эстрогендер тәріздес гормондар, қандағы ХС мен ТТЛП мөлшерін төмендетеді. Иодтирониндер транскрипция деңгейінде ТТЛП-рецепторлардың және 7а-гидроксилазаның (бауырда) түзілуін индуцирлейді. 7а-гидроксилаза өт қышқылдарының ХС-ен синтезделуін реттеуші фермент. Эстрогендер соңғы ферменттердің түзілуін ингибирлейді, бірақ ТТЛП-рецептор мен бауырдағы ГМГ-СоА-редуктазаның (ХС синтезін реттеуші фермент) синтезін белсендендіреді. Сондықтан, гипотиреозда (қалқанша безінің гипофункциясында) гипохолестеринемия және екінші ретте атеросклероз дамиды. Әйелдерде климакстық кезеңге дейін қандағы жалпы ХС деңгейі біршама төмен, ТЖЛП мөлшері біршама жоғары, бұл ерлермен салыстырғанда тамырлардың атеросклероздық зақымдалуының дамуын тежейді. Бірақ ХС –нің гепатоциттердегі мөлшері және оттегі мөлшері әйелдерде жоғары. Сондықтан оларда жиі түрде өт жолдарында холестериндік тастар (өт тасы аурулары) түзіледі. Менапаузадан кейін эстрогендермен орынбасушы терапия өткізбегенде жоғарыдағы келтірілген әйелдер мен ерлер арасындағы айырмашылық нивирленеді.
Атеросклероздық зертханалық диагностикасы қандағы липидтердің анализіне және басқада тәуелділік факторларға негізделген.
Денсаулықты болжау, диагностикалау, профилактикасы мен емдеу үшін пациенттерді зерттеудің алгоритмдерін қолданады. Тәуекелдік факторларды есепке алып өмірсүрудің белгілі бір тәртібін коррекциялауға, емдеуге және зертханалық қайта бақылау кезеңін ұсынуды жасайды.
Қалыпты жағдайда, плазмада, жалпы липидтер (құрамында бейтарап майлар, холестерин, фосфолипидтер, және басқада липидтер табиғатындағы заттар болатын) 3,5-8,0 г/л-ді құрайды.
Олардың қан сарысуындағы мөлшерінің жоғарылауы тағам қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң байқалады.
Жалпы липидтердің деңгейлерінің жоғарылауын қамтамасыз ететін негізгі ауруларға – семіздік, атеросклероз, қант диабеті, ішімдікті көп қабылдау және т.б. жатқызылады.
Қан сарысуындағы қалыпты жағдайдағы фосфолипидтердің мөлшері 1,98-4,71 ммоль/л-ді құрайды.
Қан сарысуындағы қалыпты жағдайдағы ХС – ТЖЛП концентрациясы 0,9-1,9 ммоль/л-ді құрайды.
Қандағы атерогендік липопротеиндердің қалыпты жағдайдағы сандық мәні 0,35-0,55 бірлікті құрайды.
Фосфолипидтер – бұл құрамында фосфаттық қалдық болатын, келесі 4 компоненттен тұрады: спирт, май қышқылдары, фосфат, полярлық топ. Полярлық топ серин болса – глицерофосфолипид фосфатидилсерин, холин болса – фосфатидилхолин, этаноламин болса – фосфатидилэтаноламин және т.б. деп аталады.
Қызметі: Мембрананың құрылымдық компоненті. Фосфатидилхолин ЛП элементі, сурфактант компоненті, альвеолалардың жабысуын болдырмайды. Шоғырланған жері: Жасуша мембранасы. ЛП бетін-егі моноқабат. Өкпе альвеола-сы.
Гликолипидтер (ГЛ) - олар сфингозиннен, май қышқылдарынан және қандай да бір көмірсулардан тұрады. Егер СФЛ-дағы фосфор қышқылының орнына көмірсу орналасса, ол гликолипид болады. Гликолипидтер де гидрофильдік және гидрофобтық бөліктерден тұрады.
Қызметі: Жүйке ұлпасы мембрана-сының компоненті. әртүрлі торшалар бетін-дегі антигендік құрылым, рецептор, торша әсерле-рін қамтамасыз ететін құрылымдар.
Шоғырланған жері: Жасуша мембранасының сыртқы қабаты.
7 дәріс

Тақырыбы: Пигмент алмасуы бұзылыстарының зертханалық диагностикасы.
Мақсаты: Өт пигменттерінің алмасуының патологиясы, өт пигменттері алмасуының көрсеткіштерінің клиниалық-диагностикалық маңыздылығы, сарғаюдың зертханалық - дифференциальдық диагностикасы;
Бауыр тінінің морфологиясы. Жуық шамамен бауыр торшаларының 80%-ын гепатоциттер және 15%-ын эндотелиальдық торшалар, ал олардың 40%-ын купфер торшалары құрайды. Гепатоциттердiң бiр бөлiгiндегi бетi синусоидтық қанмен өзгерiске түскен капилляр жанасады, ал екiншi бөлiгi өт каналдары арқылы өт қапшығымен жалғасады. Бауыр арқылы минутына 1,2 л қан ағылады, оның 70%-ы қақпалы вена арқылы асқорыту трактiсiнен түседi. Бауырдың әрбiр торшасында 400-ге жуық митохондриялар болады және олар тотықтырғыш және гидролиттiк ферменттерге (липаза, амилаза, фосфорилаза, каталаза, цитохромоксидаза, дегидрогеназа және т.б.) бай болады.
Бауырдағы алмасу процестерiн зерттеу. Ангиостомия әдiсi (Лондон ұсынған. Бауырға ағылып келген және бауырдан шыққан қанның құрамын анықтау арқылы) жүргiзiледi. Соңғы кезде, бауыр пункциясы, радиоактивтi изотопты қолдану және ядро, микросома, митохондрия, лизосома, эндоплазмалық ретикулумдағы алмасу процестерiн зерттеуге мүмкiншiлiк беретiн дифференциялдық центрифугалау әдiстерi кең қолданылып жүр.
Бауырды ағзадан алып тастаған жағдайда, 5-6 сағаттан соң шұғыл гипогликемиялық қалып пайда болады. Егер бұл кезде глюкоза екпесе, ағза өледi. Бiрақ глюкозадан соң да 20 сағат аралығында қандағы аммиак деңгейiнiң жоғарылауы нәтижесiнде (мочевина түзiлуiнің кенеттен өте төмендеуi) өлуге әкеледi.
Бауыр аурулары.
Негiзгi бауыр ауруларына бауыр циррозы мен бауырдың майлы инфильтрациясы (бауырдың майлануы) жатқызылады. Бауыр қызметiнiң жетiспеушiлiгiне ықпал ететiн этиологиялық факторларға өндiрiстiк улар (фосфор, сынап, қорғасын, бензол, фенол және т.б.), кейбiр дәрiлiк препараттардан барбитураттар, сульфаниламидтер, антибиотиктер (биомицин, тетрациклин) жатқызылады. Аталған факторлар бауырдың қызметiн бұзады, кейде бауыр циррозына әкеледi.
Сонымен бiрге, әртүрлi микробтар мен вирустардың ағзаға енуi нәтижесiнде пайда болған гепатит те бауыр циррозына әкелуi мүмкiн.
Бауырдың гистологиялық циррозы оның торшаларының дегенерациясы нәтижесiнде, қайтадан атиптiк регенерациясында дәнекерлiк ұлпасының өте көп мөлшерде ұлғайып өсуi арқылы және соның нәтижесiнде, бауыр тыртықтарының түзiлуi мен диффуздық әжiмдердiң пайда болуы арқылы сипатталады. Бауыр циррозында оның қызметiнiң барлығы да нашарлайды.
Бауырдың майлы инфильтрациясы
Соңғы кездерi тағам құрамында белоктың аз болып, көмiрсу мөлшерiнiң шамадан тыс артық болуы нәтижесiнде (зерттеулермен) дәлелденген: бауырдың майлы инфильтрациясы туындайтыны белгiлi болды. Бұл бауырда бейтарап майлардың көп мөлшерде жиналып қалуы (28%-ТГ) бойынша сипатталады. Майлы инфильтарция себебiне липотпроптық факторлар метионин, серин, треонин, лизин, АҚ және гликольдің жетiспеушiлiгi болып табылады. Емдеуде В12 витаминiн еккенде 5%, метионинді еккенде 4% майлы инфильтрация төмендеген. Жақсы емдеу эффектiсiн және профилактика шарасын сүттегi казеин белогы бередi.
Химиялық канцерогенез
Канцерогенез (онкогенез) – бұл қатерлi iсiктiң (рак) дамуы, пайда болуы себептерiне жатқызылады.
1.Онкогендiк вирустар.
2.УК-сәуле немесе космостық сәулелерi.
3.Туабiткен гендер ақауы.
4.Химиялық канцерогендiк заттар.
Канцерогендер химиялық құрылысы және шығу жолдары бойынша антропогендiк және табиғи қосылыстар болып табылады.
1. Ароматтық аминдер. Анилиндiк бояулар өндiрiсiнде кең қолданылады. Адамдарда ол қуық және бауыр қатерлi iсiгiн дамытады.
2. Афлотоксиндер, кейбiр плесеньдердiң метаболиттерi болып табылады, бауыр қатерлi iсiгiн дамытады. Афлотоксиндердi өндiретiн плесеньдер дәндi-дақылдар мен тағамдарды сақтау жағдайы бұзылғанда пайда болады.
3. Нитрозоаминдер - бауырда, бүйректерде, өкпеде, өңеште қатерлi iсiктi дамытады.
Ағзада олардың пайда болуы көздерiне нитраттармен әсерлесуiн алифаттық аминдер жатқызылады. Соның нәтижесiнде, нитрозоаминдер түзiледi. Алифаттық аминдер мен нитраттар тағамның тұрақты компоненттерi болып табылады және балықтың құрамында, ароматтық тағамдық дәмдеушi қоспаларда, сонымен бiрге, ет, балық консерванттары қоспасының құрамында және өсiмдiктерде болады.
Қатерлi iсiктiң дамуының индуцирленуi үшiн канцероген зақымданушы ұлпамен, мүшемен ұзақ уақыт және бiрнеше рет қайталанып жанасуы керек.
1. Порфирияның жалпы сипаттамасы
Гем синтезіне қатысатын ферменттердің генетикалық ақауы белгілі. Бұл жағдайда ағзада протопорфириннің алғызаттарының жиналып қалуы жүреді. Бұл ауруларды "порфириялар" деп атайды. Уропорфириноген жиналатын порфирия да кездеседі. Мұндай науқастардың зәрі қызыл түсте, ал тісі ультракүлгін сәулелендіру кезінде күшті флуоресценцияланады, терісі күн сәулесіне жоғары сезімтал болады. Порфириндердің теріде жиналып қалуы да байқалады. Жарық әсерінен бұл өте ауыр емделетін сулы ісікшелердің (волдырь) түзілуіне әкеледі. Порфирияларда неврологиялық бұзылулар жиі кездеседі.
Орта ғасырлардағы вампир-адамдар (дракула) туралы аңыздар негізіне порфириямен ауыратын науқастардың мінездеріне тән (жарықтан қорқу, сыртқы пішіні мен мінезінің беймаза болуы, тағам ретінде қанды пайдалнуы, бұл олардағы гем жетіспеушілігін компенсациялайды және порфирияның кейбір түрлерінде жалпы жағдайды жақсартады) құбылыстар жатқызылуы мүмкін.

жүктеу 3,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау