Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Пән: Зертханалық диагностика



жүктеу 3,49 Mb.
бет2/19
Дата22.05.2018
өлшемі3,49 Mb.
#15834
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Пән: Зертханалық диагностика

Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 90 сағат (2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 4-VI

2013-2014 оқу жылы

Силлабус биохимия, биология және микробиология кафедрасында «Зертханалық диагностика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде

құрастырылған.

Кафедра мәжілісінде талқыланды, хаттама № 9 30.11.2013ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.: Есіркепов М.М.



7 Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Дәрежесі

Ғылыми бағыты

Жетістіктері

1.

Юлдашев А.Ю.

профессор

«Фосфорорганические соединения в медицине»

98 ғылыми басылым



Денсаулық сақтау үздігі

2.

Кенжебеков П.К.

профессор

«Исследование химического состава летучих арома-образующих соединений в некоторых мясных продуктах», 42 ғылыми басылым, 1 оқу құрал

Денсаулық сақтау үздігі

3.

Аблаева З.Ю.

доцент

«Микроэлементоздар»

40 ғылыми басылым






4.

Мамбеткулова К.К.

доцент м.а.

«Биохимические особенности и маркирование ценных признаков различных популяций солодки уральской Юго-Востока Казахстана»

20 ғылыми басылым







8 Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан жері: Әл Фараби алаңы 1, бас оқу ғимараты, 4-қабат, сымт. 408222 (132)

Биологиялық химия пәнінен зертханалық сабақтар арнайы зертханалық аспаптар және құрал-жабдықтармен, компьютерлік техникамен жабдықталған ОҚМФА-сының клиникалық зертханалық орталығының биохимиялық зертханасында өткізіледі. Тәжірибелік және СӨЖ сабақтары кафедра оқу бөлмелерінде өткізіледі. (424 , 421, 425, 432 ауд.)






  1. 9. Пәннің саясаты

  2. Студенттерге қойылатын талаптар:

    1. Кафедра аумағында көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындау қатаң түрде талап етіледі;

    2. түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс, тәжірибелік-зертханалық сабақтарға қатысу;

    3. сабаққа кешікпеу;

    4. сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпақ);

    5. сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда денсаулығын анықтайтын анықтаманы көрсету;

    6. жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

    7. оқу процесіне белсенді араласу;

    8. академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

    9. үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын кесте бойынша дер кезінде және нақты орындау;

    10. дәріске қатыспаған және берілген тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

    11. оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

    12. кафедра мүлкіне ұқыппен қарау;

    13. кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі;

    14. дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.


2. Бағдарлама

1. Кіріспе

Соңғы жылдары «Зертханалық диагностика» жаңа зерттеу клиникалық әдістермен байытылған, бұл осы білім саласының жаңа жетістіктерін айкындайды. Биохимия мен клиникалық биохимияның теориялық пен тәжірибелік мүмкіндіктері шексіз, бірақ жоғарғы сапалы мамандарсыз бұл ғылыми- тәжірибелік саланы дамыту мүмкін емес. Замануи медициналық орталықтар мен клиника-диагностикалық зертханаларға биохимия және клиникалық биохимия саласында заманауи дайындығы бар жоғары маманды мамандыққа мұқтаж. Дерттерді уақытында алдын алып және дұрыс емдеу үшін дұрыс диагноз қою қажет. Кейбір жағдайда аурудың клиникалық белгілері шын мәніндегі қасиеттерін анықтамайды, сондықтан диагностиканың зертханалық әдістерін қолдану қажет.



2 Пәннің мақсаты:

Кәсіби білім беру стандартының ережелеріне сәйкес, диагностикалық,

емдік, реабилитациялық және алдын алу шараларын өз бетінше жүргізуге қажетті тәжірибелік дағдылар мен білімді толық меңгерген медициналық маманын дайындау. Медбике қызметкерлері медициналық көмек көрсетілуінде,

мәліметтің таралуында, науқасты үйретіп кеңес беруде, бақылауда және емдеу нәтижесін бағалауда маңызды рөл атқарады. Науқастың зертханалық тексеруінің дұрыс ұйымдасуы-сапалы медициналық көмектің бірыңғай процесінің міндетті құрам бөлігі болып табылады. Осы процестің қамтамасыз етілуіне өте маңызды рөл медбикелерге жатады.



3 Оқыту мақсаттары:

- студенттерде зертханалық диагностиканың рөлі туралы түсінікті

қалыптастыру

- мүмкін заманауи зертханалық зерттеу әдістерімен таныстыру

- зертханалық тексерудің жоспарын құрастыру, дағдыларын оқытып үйрету

- зертханалық тексерудің нәтижесінің клиникалық интерпретациясын оқып

білу

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

студент білуі тиіс:

- зертханалық зерттеулердің заманауи диагностикалық мүмкіндіктерін

- зертханалық зерттеулердің преаналитті кезеңінің ерекшеліктерін

- зерттеулердің зертханалық әдістерінің принциптерін

- алынған нәтижелердің интерпретацияларының теориялық негіздерін

- науқасты зертханалық тексеруге дайындау принциптерін



істей алуы тиіс:

- әртүрлі нозологиялық түрлерге зертханалық зерттеулерінің алынған

нәтижелерін интерпретациялау,

- зертханалық зерттеулерінің диагностикалық алгоритмдерін қорытындылау

Дағдыларды меңгеру:

- зерттеулер үшін биологиялық материалды алу және дайындау

- қан мен зәрдің жағынын микроскоппен қарау

- қан мен зәрдің химиялық құрамын "құрғақ химия" тест–диагностикум

арқылы анықтау

- зертханалық зерттеулер сапасының бақылау бойынша іс шара жүргізу

- қанның тобын анықтау

- моноклоналды антитела жасушаларының боялу техникасын

- жалған қате нәтижелердің мүмкін себептерін талдау.

5. Реквизитке дейінгі: патфизиология, микробиология, ішкі аурулар

пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі



6. Шектес пәндер: ЕАМ инфекциялық қадағалау

Пәннің қысқаша мазмұны: Зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ететін мәселелер. Клиника-химиялық талдау және оның іске асуының технологиясы. Энзимодиагностика. Тромбофилиялар. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған түрлері. Зертханалық диагностикасы.

8. Тақырыптық жоспар:

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі


Ұзақты

Лығы

(сағат түрінде)

Кредит № 1

1

Зертханалық медицина: кеше, бүгін, ертең. Емдеу - алдын-алу мекеменің зертханалық қызметінің ұйымдасуының негіздері.

жалпы шолу



1

2

Зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ететін мәселелер. Клиника-химиялық талдау және оның іске асуының технологиясы.

жалпы шолу

1

3

Ақуыз алмасуының бұзылыстарының зертханалық диагностикасы.

тақырыптық

1

4

Энзимодиагностика.

тақырыптық

1

5

Көмірсу алмасуы бұзылыстарының лабораториялық диагностикасы.

тақырыптық

1

6

Липид алмасуы бұзылыстарының лабораториялық диагностикасы.

тақырыптық

1

7

Пигмент алмасуы бұзылыстарының зертханалық диагностикасы.

тақырыптық

1

8

Су-тұз алмасу бұзылыстарының заманауи диагностикасы.

тақырыптық

1

9

Гормон-медиатор алмасуының зерттеуі. Иммунопатология диагностикасының заманауи деңгейі.

жалпы шолу

1

10

Тромбофилиялар. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған түрлері. Зертханалық диагностикасы.

жалпы шолу

1

Барлығы 10 сағат.

тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі


Сабақтың ұзақты

лығы

Кредит1

1

Анемия зерттеулерінің гематологиялық әдістері

Семинар, алғашқы білімді бағалау

2

2

Созылмалы аурулар кезіндегі анемиялар.


Семинар, шағын топпен жұмыс, есептер шығару

2

3

Гемолитті және апластикалық анемиялар

Семинар, тестілеу

2

4

Лейкоцитоздар мен лейкопениялар

Семинар, есептер шығару

2

5

Қанның ісік аурулары. Ісіктік процесстің зертханалық диагностикасы.

Семинар, тестілеу

2

Барлығы: 10 сағат

Кредит №2

1

Иммунопатологияның диагностикасының заманауи деңгейі.

Семинар, тестілеу

2

2

Тромбофилиялар. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған түрлері. Зертханалық диагностикасы.

Семинар, шағын топпен жұмыс

2

3

Қант диабетінің клиника–диагностикалық көрсеткіштері.

Семинар, тестілеу

2

4

Липид алмасу бұзылыстарының заманауи диагностикасы.

Семинар, тестілеу

2

5

Антифосфолипид синдромының заманауи лабораториялық диагностикасы.

Семинар, тестілеу


2

Барлығы: 10 сағат

Жиыны: 20 сағат

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар*





Тақырыбы

Тапсыру түрі

Бақылау кестесі

Сағат саны




1 кредит










1

Зертханалық зерттеулер сапасының қамтамасыз етілуінің мәселелері.


реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;

тақырыптық альбом.



2-7 апта

4

2

Инфекциялық аурулардың заманауи диагностикалық аспектілері. Инфектологияда зерттеулердің молекулалы-генетикалық әдістері. Жұқпалы аурулардың диагностикасында полимеразды тізбекті реакция әдісінің орыны.

2-7 апта

4

3

Клиникалық тәжірибедегі гематологиялық синдромдар. Анемиялық синдром. Анемиялардың емдеу тиімділігінің зертханалық критерийлары.

2-7 апта

4

4

Эндокриндік жүйесі патологиясының зертханалық диагностикалық алгоритмі. Гинекологиялық тәжірибедегі гормондық диагностика.

2-7 апта

4

5

Қан ұюдың жеке факторларының дефицитінің зертханалық диагностикасының принциптері (гемофилия диагностикасы). Антикоагулянттар, фибринолитикалық жүйе мен коагуляциялық факторлардың зертханалық зерттеулердің принциптері.

2-7 апта

4

6

Лейкоздардың (лейкоздарды

иммунофенотиптеу) заманауи зертханалық диагностикасы. Созылмалы лейкоздар. Лимфопролиферативті аурулар.



2-7 апта

4

7

Дәрілік аллергияның заманауи диагностикалық аспектілері. Дәрілік аллергияның диагностикалық критерийлері

2-7 апта

4

8

Аралық бақылау.

Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

8-апта

2

Барлығы: 30 сағат

Кредит №2

9

Гемостаз жүйесінің зертханалық зерттеулері.

Гемостаз жүйесіндегі тамырлы-тромбоцитарлы түйінінің зертханалық зерттеулердің принциптері.



реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;

тақырыптық альбом.


9-14 апта

4

10

Эритроциттердің шөгу жылдамдылығының өзгерісінің клиникалық маңызы. Миелодиспластикалық синдром туралы заманауи көзқарас.

9-14 апта

6

11

Тума гипотиреоздың диагностикасы. Пренатальды ТТГ зертханалық скринингінің маңызы.

9-14 апта

4

12

Қалқанша без патологиясының клиникалық аспектілері. Субклиникалық түрлері гипо - және гипертиреоздар туралы ұғым.

9-14 апта

4

13

Бүйрек-зәрдік синдром мен зәрдің тұну элементтерінің клинико-диагностикалық маңызы. Зәрде қанттардың зерттеулерінің клиника-диагностикалық  маңызы.   Глюкозаның бүйректік межесін анықтау.

9-14 апта

6

14

Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың заманауи диагностикасының алгоритмі.

9-14 апта

4

15

Аралық бақылау.

Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу




2







Барлығы: 30 сағат

Жиыны: 60 сағат

*Ескерту: Студенттерге СӨЖ тақырыбы оқытушының қалауымен беріледі.

Биохимия пәнінен студенттерге кеңес беру кестесі



Оқытушының аты-жөні

қызметі

аптасы

күндері

аралық бақылау

Қорытынды бақылау

1

Кенжебеков П.К.

профессор

дүйсенбі

11.00-13.00



8-апта

15 апта





2

Аблаева З.Ю.

доцент

сейсенбі

11.00-13.00



8-апта

15 апта





3

Юлдашев А.Ю

профессор

жұма

10.00-12.00



8-апта

15 апта





4

Мамбеткулова К.К.

доц.м.а.

дүйсенбі 11.00-13.00

8-апта

15-апта






9 Әдебиет: қазақ тілінде

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия: оқулық - Алматы, 2009

2. Сейтімбетов Т.С. Биологиялық химия оқулық-2010, Алматы

3. Дәріс тезистері



қосымша:

1. Ибадильдин А. С. Гепатология және клиникалық биохимия: оқу құралы.-А., 2008.



орыс тілінде:

негізгі:

1. Камышников В.С. Справочник по клинико-биохимическим исследованиям к лабораторной диагностике; справ. Изд-2-е изд М,-2004г.

2. Егорова М.О. Биохимическое обследование в клинической практике: монография-М.: Практическая медицина, 2008г.

Қосымша:

1. Баркаган З.С. Основные методы лабораторной диагностики нарушений системы гемостаза. — М., 1999.

2. Долгов В.В., Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика анемий. — Тверь: "Губернская медицина", 2001.

3. Медицинская лабораторная диагностика (программы и алгоритмы) / под ред. А.И. Карпищенко — СПб.: Интемедика, 2001.

4. Медицинские лабораторные технологии / под ред. А.И. Карпищенко— СПб.: Интемедика, 1999.

5. Обеспечение качества лабораторных исследований. Преаналитический этап / под ред. Меньшикова В.В. — М.: "Лабинформ", 1999.

6. Клиническая иммунология и аллергология / под ред. Г. Лолора–мл., Т. Фишера. — М.: Практика, 2000.

7. Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика лейкозов. Учебное пособие. — Тверь: "Губернская медицина", 1999.



8. Энциклопедия клинических лабораторных тестов / под ред. Н. Тица — М.: "Лабинформ", 1997

10. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Дәрістер: жалпы шолу және тақырыптық

Тәжірибелік сабақтар: семинар, сабақтың сұрақтарын оқытушымен бірге талдау, шағын топпен жұмыс, мәселелік есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының (СӨЖ): барлық туындаған сұрақтарға кеңес беру, жоспарда берілген тақырыптарды өз бетінше меңгеру, презентациялар мен рефераттар дайындау, мәселелік есептерді шешу, кестелермен, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алу, тест тапсырмаларын орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аралық бақылау.

11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Ағымдық бақылау: жазбаша/ауызша сұрау, мәселеллік есептер шығару, орындалған тапсырманың қорытындысын жазуды бағалау және т.б., шағын топтарда жұмыс жасағанда топтық және өзін-өзі бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум – ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

Қорытынды бақылау: емтихан (КТБО тест түрінде)

Құрал-жабдықтар:

Құралдар: термостат, спектрофотометр, фотоэлектроколориметр, биохимиялық анализаторлар, гематологиялық анализатор, су моншасы, рН метрлер, таразылар, центрифугалар, дистиллятор, компьютерлер, мультимедиялық проекторлар.

Жабдықтар: зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған реактивтер жиыны, зәрдегі глюкозаның мөлшерін анықтауға арналған тест-жолақтар, зертханалық шынылар (пробиркалар, стакандар, колбалар, цилиндрлер), сүзгіш қағаздар

Әріп-балл-рейтинг жүйесі бойынша бағалау

Әріп жүйесімен бағалау

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық қатынасы

Бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағатта-нарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59







Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағатта-нарлықсыз

11.1 Күнделікті бақылау

Үлгерімді күнделікті бақылауды оқытушы тәжірибелік сабақтар мен оқытушы басшылығымен өткізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) сабақтарының түзілген кестесіне сәйкес жүргізеді. Бағалау критерийі :



Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Ауызша жауап

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады.

Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады.

Зертханалық жұмысты орындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Зертханалық жұмысты орындау

Аппаратуралармен жұмыс, нәтижелерді талқылау,хаттамаларды тіркеу.



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Зертханалық және тәжірибелік жұмысты ешқандай қатесіз, өз уақытында орындап, оның есебін уақытылы өткізгенде және жұмыстың нәтижесін талқылауға белсенді араласып, ой-өрісінің биіктігін көрсеткенде қойылады.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Зертханалық және тәжірибелік жұмысты ешқандай қатесіз, өз уақытында орындап, оның есебін еш ескертпесіз өткізгенде және жұмыстың нәтижесін талқылауға белсенді қатысқанда қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Зертханалық және тәжірибелік жұмысты және есебін өткізгенде, жұмыс кезінде белсенділік танытпаса, оқытушы көмегіне жүгінгенде қойылады.

Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Зертханалық және тәжірибелік жұмысты және есебін уақытында тапсырмай, орындау барысында көп қателіктер жібергенде, бағдарламадағы тәжірибелік жұмысты түгел орындамай, жұмыс нәтижесін талқылауға қатыспағанда қойылады,

Жағдайлық есептерді шешу

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Жағдайлық есептерді дайындау және шешу.

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде ерекше ой-пікірін көрсеткенде, білімінің тереңдігін байқатып, тақырыпты басқа да салалардағы ғылыми жетістіктермен ұштастыра білгенде қойылады.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде қателіктер жібермей, жұмысқа белсенді араласып, білімінің жақсы екендігін көрсеткенде қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Сабаққа баяу түрде қатысып, бағдарлама материалдарын жүйелеуде едәуір қателіктер жібергенде қойылады.,

Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Топпен жұмыс істеуге қатыспады, оқытушы сұрақтарына жауап беруде көп қателіктер жіберіп, жауап беруде ғылыми терминологияны пайдаланбады.


Тест тапсырмаларын орындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тесттік тапсырмаларды орындау


Өте жақсы

86-100 % дұрыс жауап

Жақсы

75-85 % дұрыс жауап

Қанағаттанарлық

50-74% дұрыс жауап

Қанағаттанарлықсыз


50% -дан төмен дұрыс жауап

Рефераттар дайындау және қорғау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Рефераттар дайындау және қорғау


Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, тиянақты, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға сенімді, қатесіз жауап береді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберді.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, бел жазылған Рефератты қорғауда тексті оқиды. Берілген сұрақтарға сенімсіз және қателіктермен жауап береді.

Қанағаттанар

лықсыз

0-49 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, компьютерде басылған, ұқыпсыз жазылып, уақытында тапсырылмады. Рефератты қорғау кезінде тексті оқиды. Сұрақтарға жауап беруде бағдарлама материалдарынан ауытқып, дұрыс жауап бермеді.

Тақырыптық презентация

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тақырыптық презентация


Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.

Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Презентация белгіленген уақытта тапсырылған жоқ, көлемі 20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-ден аз. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.

Тест тапсырмаларын дайындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тест тапсырмаларын дайындау

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті және адекватты. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленген.




Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес.




Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз. Тест тапсырмалары нақты емес, дәл емес, ұқыпсыз құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленбеген.




Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз, сұрақ дұрыс қойылмаған.. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптарының жауабы 50%-дан төмен, дәл белгіленбеген.

Аралық бақылау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тестілеу/әңгімелесу

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді. Тест сұрақтарына 86-100% дұрыс жауап берді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады. Тест сұрақтарына 75-85% дұрыс жауап берді.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады. Тест сұрақтарына 50-74% дұрыс жауап берді.

Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% -дан төмен дұрыс жауап берді.

Рейтинг

Пән бойынша үлгерім жалпы бағамен анықталады:

ЖБ ═ ЖРБх 0,6+ҚББх0,4; мұнда:

ЖБ – жалпы баға

ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы;

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы.

Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) пән бойынша жалпы үлгерімнің (ЖБ) 60 % құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы жалпы бағаның (ЖБ) 40% құрайды:

Емтиханға жіберілу рейтингісінің

бағасы (ЖРБ) ═ АғББ+АрББ ;

2

Мұнда: АғББ – үлгерімді ағымдық бақылау бағасы



АрББ – үлгерімді аралық бақылау бағасы, 2 аралық бақылау:

(АрББ1 + АрББ2)/2

Үлгерімді ағымдық бақылау (АғББ) ═ практикалық сабақтардың орта бағасы + ОЖСӨЖ орта бағасы + СӨЖ орта бағасы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ

САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы




Зертханалық диагностика пәнінен дәрістер жинағы

Пән: Зертханалық диагностика

Мамандығы: 5В110100 «Мейірбике ісі»

Курсы: 4

Дәрісті құрастырғандар:

Профессор: Юлдашев А.Ю.

Аға оқытушы: Ордабекова А.Б.

Шымкент 2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген,

Хаттама № __ _________ 2012ж.


Каф.меңгерушісі, м,ғ,к: Есиркепов М.М.




жүктеу 3,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау