Қостанай облысының мемлекеттік архив мекемелерінің 2017 жылдың



жүктеу 121,5 Kb.
Дата23.01.2020
өлшемі121,5 Kb.
#27174

Қостанай облысының мемлекеттік архив мекемелерінің 2017 жылдың

1 жартыжылдығында атқарған қызметінің негізгі бағыттары туралы



есебі
30.06.2017 ж.

2017 жылы Қостанай облысы архивистерінің назары архив ісін одан әрі дамытуға, архив қызметінің материалдық базасын нығайтуға, архив құжаттарының сақталуын және олардың мейлінше пайдалануын қамтамасыз етуге, мемлекеттік архивтерді тарихи және тәжірибелік құндылығы бар құжаттармен, жеке құрам бойынша құжаттармен толықтыруға қатысты «Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы» ҚР Заңын, ҚР Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдерін іске асыруға бағытталды. Сонымен қатар, облыстың архив мекемелері қызметінде 2017 жылғы жұмыстың басым бағыттарын анықтаған Қостанай облысы әкімдігінің архивтер және құжаттама басқармасы басшысының 2017 жылғы 24 қазандағы № 53 бұйрығын басшылыққа алды.

2017 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Басқарма басшысы жанындағы алқаның екі отырысы өткізілді, онда облыстың мемлекеттік архивтерінің 2016 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, Қостанай облысының мемлекеттік архивімен құжаттаманы жүргізуді және ұйымдастыру, ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша заңнаманың сақталу мәселелері қарастырылды.

Біліктілікті арттыру мақсатында а.ж. 29 мамырда мемлекеттік архивтердің басшылары мен қызметшілердің қатысуымен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында заңнаманы сақтау және «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартына енгізілген өзгерістер бойынша түсініктеме беру үшін жаттықтыру семинар ұйымдастырылды.

Есепті кезең ішінде ҚОМА дирекциясының екі отырысында облыстың мемлекеттік архив сақтауында тұрған уақытша сақтау мерзім құжаттарының құрамы, ҚОМА-да ҚР ҰАҚ құжаттарын сақтау жағдайы, есептеу техникасы құралдарын пайдалану процесінде пайда болатын ақаулықтарды жою, профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы, «Шетелден келіп түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді орындау тәртібі туралы жадынамасын» дайындау барысы, «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» ММ 2017 жылғы 1 тоқсаны бойынша есебін бекіту туралы; 2017 жылғы атаулы күндерге арналған шараларды әзірлеу мен өткізу; Қостанай облысының колхоздары мен совхоздарының тарихы жөніндегі анықтамалығын басып шығару туралы мәселелер қаралды.

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде сақтауда тұрған құжаттардың нақты бар болуын және жоғын анықтау, сондай-ақ қалыпқа келтіруді және техникалық өңдеуді қажет ететін құжаттарды анықтау және есепке алу мақсатында облыстың мемлекеттік архивтерімен 252 қордағы 67 054 сақтау бірлігінің бар-жоғы мен жағдайы тексеріліп, облыстың 74 ұйымының, мекемесінің және меншіктің түрлі нысанындағы кәсіпорындарының 1417 ісіндегі 19 689 парағы қалпына келтірілді. Есеп беру кезеңінде 1 176 іс тігіліп, 27 қордағы құжаттардың 1 017 парағындағы өшіп бара жатқан мәтіндер қалпына келтірілді. 146 459 сақтау бірліктен тұратын 491 қордың есепке алу құжаттары салыстырудан өтті, қағаз негіздегі құжаттардың 13 804 сақтау бірлігі мұқабаланды.

1 жартыжылдық ішінде 6 қор бойынша басқару құжаттамасының 1 184 ісінің тізімдемелерін қайта өңдеу, төрт қордың басқару құжаттамасын каталогтау жөніндегі жұмысы жүргізілді, 855 сақтау бірлігіне 129 карточка, жеке құрам бойынша 3 қордың 27 сақтау бірлігіне 50 карточка, фотоқұжаттардың 129 карточка (129 есепке алу бірлігіне) құрастырылды, сондай-ақ 30 қор бойынша басқару құжаттамасының 37 ісінің және жеке құрам бойынша 6 қордың 6 ісінің тізімдемелерін жетілдіру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Архив қызметінің мамандары аса құнды құжаттарды (АҚҚ) сандық форматқа көшіру жөніндегі жұмысын атқарды. Жұмыстың бұл түрін негізінен тұрақты сақталатын құжаттар бойынша ҚОМА мен облыстың аймақтық архивтері жүзеге асырады. Есепті кезең ішінде ҚОМА пайдалану қоры үшін Adobe PhotoShop бағдарламасын пайдаланумен АҚҚ-ның бір қордың 51 ісінде 6 012 парағын, өшіп бара жатқан мәтіннің 467 парағы қалпына келтірді. Жітіқара (1 қордың 4 с.б. 500 парақ), Лисаков (1 қ. 10 с.б. 1139 п.), Сарыкөл 1 қ. 43 с.б. 1892 п. ), Әулиекөл (1 қ. 4 с.б. 300 п.), аймақтық мемлекеттік архивтерімен барлығы 4 қордың 61 ісіндегі 3 831 парақ сканирленді. Барлығы есеп беру кезеңінде 5 қордың 112 ісіндегі 9 843 парағы сканирленді.

«Электрондық тізімдеме» деректер базасына 1 млн. 548 мың сақтау бірлігінің (2017 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ескерілген) сақтауда тұрған 5 321 қордағы (жалпы көлемі 5 396 қор) жалпы 1 519 747 сақтау бірлігі көшірілді, бұл 98 % құрады. Есеп беру кезеңінде ҚОМА (554 207 сақ.бір., 95 %) басқа облыстың 20 архив мекемесі бұл жұмысты тәмамдады.

2017 жылғы 1 жартыжылдықта архив мекемелері мәліметтердің тез іздестірілуін қамтамасыз ететін ғылыми-анықтамалық аппаратының автоматтандырылған жүйесін құру мақсатында деректер базасына, сондай-ақ жаңа құрылған қорларға арналған «Архив қоры» ДБ-ға ақпарат енгізу жұмысын жалғастырды.

Мемлекеттік архивтер мамандары ағымдағы құжаттау, ведомстволық архивтерде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мемлекеттік сақтауға тапсыру, сонымен қатар архив ісі бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу мәселесі жөнінде меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың іс қағаздарын жүргізу қызметтерімен әрекеттесуге көп көңіл бөлді.

2017 жылдың 6 айы бойынша іс жүргізу қызметінің мамандары мен қызметкерлеріне 1 492 консультация беріліп, 463 істер номенклатурасын, соның ішінде 296 үлгілі негізде, ведомстволық архив туралы 226 және сараптау комиссиясы туралы 229 ережені және құжаттаманы жасау туралы 4 қағиданы әзірлеуге әдістемелік көмек көрсетілді. Жыл басынан архив ісі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік құжаттарды зерделеу, «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау жөнінде 42 семинар-кеңес, сонымен қатар құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөнінде мастер-класс өткізілді, оған ұйымдардың 753 маманы мен басшысы қатысты.

Басқарманың сараптау-тексеру комиссиясының 7 отырысында 116 ұйымның басқару құжаттамасының 9 637 сақтау бірлігінің, 85 ұйымның жеке құрам бойынша 3 153 сақтау бірлігінің, сонымен қатар 15 қор құрушының жеке тектік 158 сақтау бірлігінің, 833 құжатының, 156 фото-, 35 бейнеқұжаттарының тізімдемелері бекітілді. Сараптау-тексеру комиссиясының қарауына берілген тізімдемелерге 49 парақтан тұратын 19 тарихи анықтама, 276 парақтан тұратын 164 алғы сөз құрастырылды.

Есеп беру кезеңінде басқарушы құжаттамасының 100 ұйымнан тұрақты сақталатын 8 344 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша 4 655 іс (84 ұйым), аудандар мен қалалардың 11 құрметті азаматтарының, еңбегі сіңген адамдарының, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке тектік 116 сақтау бірлігі (482 құжат), сондай-ақ 119 фото-, 14 видео және 3 бейнеқұжат мемлекеттік сақтауға қабылданды. Қағаз негізде орындалған құжаттар толық көлемде мұқабаланып, олар туралы мәліметтер қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес есепке алу құжаттарына енгізіліп, олардың сақталуына қажетті жағдайлар жасалған.

Облыстың мемлекеттік архивтерімен архив құжаттарын пайдалану бойынша «Алаш-Орда» партиясының 100 жылдығын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын, Саяси қуғын-сүргін құрбандары күнінің 20 жылдығын, қоғам қайраткері, жазушы, сыншы және драматург Ғабит Мүсіреповтың 115 жылдығын, Қазақстаннның мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлері Дінмұхамед Қонаевтың, Ілияс Омаровтың, Социалистік Еңбек Ері Андрей Михайлович Бородиннің 105 жылдығын, Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған Иван Фомич Павловтың, Кеңес Одағының Батыры Сейтхан Нұрмұхамбетұлы Темірбаевтың 95 жылдығын, сондай-ақ өңірлердің атаулы және естелік күндерін мерекелеу жөніндегі іс-шаралары есебімен құжаттарды пайдалану бойынша жоспары әзірленіп, бекітілді.

Жоғарыда көрсетілген елдің мерейтой күндері және сонымен қатар, облыстың аймақтарында атаулы күндерін мерекелеумен байланысты, архив мекемелері 495 (2015-420, 2016-519) ақпараттық іс-шаралар өткізді:



29 экскурсия (2015-33, 2016-32)

12 дәріс (2015-8, 2016-13)

39 мектеп сабағы (2015-34, 2016-47)

10 телебағдарлама (2015-13, 2016-18)

5 радиобағдарлама (2015-8, 2016 -7)

33 қоғаммен кездесу (2015-32, 2016-28)

14 «дөңгелек үстел» отырысы (2015-4, 2016-15)

16 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар (2015-11, 2016-23)

3 ашық есік күндері (2015-0, 2016-3)

231 ақпарат ведомстволық Интернет-ресурста және қала мен аудан әкімдерінің сайттарында орналастырылды (2015-156,2016-189).

Есеп беру кезеңінде қоғамға 4 фотоқұжаттамалық көрме (2015 – 8, 2016 - 5), 26 (2015-25, 2016-45) тақырыптық экспозиция, бір (2015-5, 2016-7) архив құжаттарының іріктемесі көрсетілді.

Облыстың мемлекеттік архивінің құжаттарды есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі басшысымен «История Костанайской области в краеведческих исследованиях и публицистике» жинағына енген «В ведении сельхозотдела горисполкома» баяндамасы жасалды.

Рудный қалалық мемлекеттік архивімен Рудный қаласындағы ұйымдардың қайта ұйымдастырылуы және білім беру мекемелері туралы 2 тақырыптық тізбелер әзірленді.

Арқалық және Лисаков аймақтық мемлекеттік архивтерімен мемлекеттік педагогикалық институтының тарихы және «Лисаков аймақтық мемлекеттік мұрағаты» ҚОМА филиалында жеке тектік құжаттар туралы ақпараттық хаттар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының тезистерін және оның іске асыру барысын түсіндіру бойынша Лисаков қаласының, Алтынсарин ауданының азаматтары мен активтерімен, Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті мен колледжінің, Челябі мемлекеттік университетінің филиалы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұстаздар, студенттер ұжымдарымен, тыңдаушылармен 5 қоғаммен кездесу өткізілді. Баяндамашы болып Қостанай облысының архивтер және құжаттама басқармасының басшысы және Қостанай облысының мемлекеттік архивінің директоры сөз сөйледі. Баяндамалар слайдтар мен «Размышления Президента о времени и о себе» фильмінен үзінділерді көрсетумен ілесті.

Қоғам және БАҚ-тың қызығушылығын Облыстың мемлекеттік архиві, Денисов, Қостанай, Таран аудандық мемлекеттік архивтерімен ресімделген «Қайғы мен қасірет», «Наши ветераны – помним и гордимся», «Во имя жизни на земле», «Говорю спасибо» жылжымалы фотоқұжаттық көрмелер тудырды.

Архив құжаттарының түпнұсқаларымен қоғам архив құжаттарының 26 тақырыптық экспозицияларымен танысты. Рудный мемлекеттік архивінің «Славен Рудный именами», «Герои живут рядом с нами» және Жітіқара мемлекеттік архивінің «Успех в труде», «Слава труду!», «Вечная память павшим, вечная слава живым» тақырыптық экспозициялары қызықты өткізілді. Рудный қаласының архивімен суқұбырының тарихы бойынша архив құжаттарының іріктемесі жасалды.

Архив құжаттарын насихаттаудың көпшілік формасына қоғаммен кездесу мен көпшілікке арналған дәрістерден басқа, аймақтың үштен бір бөлігін қамтитын теле-, радиобағдарламаларды жатқызуға болады. Облыс, Арқалық, Рудный және Лисаков архивистерімен «К 60-летию города Рудный и 25-летию городского архива», «О работе Рудненского городского архива», «О встрече «Герои живут среди нас», «Уақыт талабы», «Пресекать и предупреждать», «Тарих айғағы» «Национальная гордость страны», «Здесь вырос я, здесь мой исток» атты теле-, радиобағдарламалр өткізілді.

Жергілікті мерзімді басылымдарда архив деректерін қолдануды насихаттау мақсатында архивистердің 52 (2015-39, 2016-57) басылымы жарияланып, Әулиекөл аймақтық архивімен ішкі архив газетінің екі нөмірі басылып шығарылды.

Одан басқа, бұқаралық ақпарат құралдарында архив құжаттары және архив қызметі негізінде 12 (2015-12,2016-25) мақала жарияланып, облыстың архив мекемелерінің қызметі туралы «Алау» ТРК «Көкейкесті сұхбат» тікелей эфирінде «Тарих айғағы» (25.01.2017 ж.), «Алау» ТРК «Қоғамдық келісім» «Қайғы және уақыт» фотоқұжаттық көрмені көрсетумен көпшілікке арналған дәрістің өткізілуі туралы (30-31.05.2017 ж.) телесюжеттер түсірілді.

2017 жылдың 3 сәуірде Басқарма басшысымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің 20 жылдығына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Оларға сәйкес облыстың архив мекемелерімен 500-ден астам адамды қамтитын 31 іс-шара өткізілді.

Облыстың архив қызметімен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің 20 жылдығына Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ а.ж. 30 мамырында қауым, ғылым қоғамдастығы, жастар, облыстың архив мекемелерінің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «Қасірет пен естелік уақыты» көпшіліке арналған дәріс өткізілді. Архивистермен облыстың мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасының орталық архивтерінің қорларынан алынған құжаттары енген «Қайғы мен уақыт» фотоқұжаттық көрменің тұсаукесері өтті.

Әулиекөл, Мендіқара, Қарабалық мемлекеттік архивтермен ұйымдастырылған «Чтобы помнили...» деректі фильмін көрсетумен мемлекеттік мекемелер, колледж студенттерінің, жастар ынталы орталығының, тұрғындар мен БАҚ қатысуымен үш қоғаммен кездесулер танымды өтті.

Лисаков аймақтық және Ұзынкөл аудандық мемлекеттік архивтермен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнің мерекелеу шеңберінде «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастырды. Екі отырыстар Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамырда өткізіліп, архивистер мемлекеттік сақтаудағы саяси қуғын-сүргін құрбандары коллекциясының қорларындағы жеке тектік құжаттар туралы айтып кетті.

Жасөспірімдердің патриоттық сана-сезімдерін дамыту мақсатында 2017 жылдың 13 сәуірінен 31 мамырына дейін Сарыкөл АММ, Жітіқара АММ, Федоров АММ, Қостанай АММ, Рудный ҚММ, Ұзынкөл АММ 6 мектеп сабақтары өткізілді («Мгновения великой трагедии», «Пусть поколения помнят…», школьный урок, посвященный Дню памяти жертв политических репрессий, «Летопись горького времени»).

Мемлекеттік сақтаудағы саяси қуғын-сүргін құрбандары коллекциясының қорларындағы жеке тектік құжаттардың негізінде Арқалық аймақтық, Рудный қалалық және Жанкелді аудандық архивтермен жергілікті баспа БАҚ және «Архивист» салалық бюллетенде үш мақала жарияланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына облыстың архивтермен 13 іс-шара, оның ішінде 2 дәріс, 7 мектеп сабақтары, 2 экскурсия, қоғаммен кездесу және радиобағдарлама өткізілді.

Облыстың мемлекеттік архивімен «Нұротан» партиясының облыстық филиалымен бірігіп ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай 2017 жылдың 2 маусымында қоғаммен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы, оның тұжырымдамасын және ерекшеліктерін талқылады. Іс-шараға архивистер тақырыптық экспозицияны дайындады.

Танымдық қызығушылықты арттыру, дүниетанымды кеңейту, Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау мақсатымен Рудный қалалық мемлекеттік архивімен «Рәміздерім - мақтанышым», Қарабалық мемлекеттік архивімен – Қазақстандық агротехникалық колледжінің студенттеріне дәрістер ұйымдастырылды.

Орта білім беретін мекемелердің оқушыларымен дәрістер мен мектеп сабақтарын өткізу жасөспірімдерді Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, тарихи өткеніне және еліміздің халықтарының дәстүрлеріне құрметпен және ұқыпты қарауға үйретеді. 2017 жылдың 13 сәуірінен 2 маусымына дейін Жітіқара аймақтық мемлекеттік мұрағатымен «Атрибуты суверенитета и независимости», облыстың мемлекеттік архивімен − «Елтаңбамен еңселі, әнұранмен айбатты Қазақстан», «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгісі» екі мектеп сабағы, Таран − «Менім Қазақстаным», Джангелді− «Мемлекеттік рәміздерінің мәртебесі», Денисов − «Символы мира и надежды», Федоров − «Менің елім – Қазақстаным» атты мектеп сабақтары өткізілді.

Арқалық аймақтық және Денисов аудандық мемлекеттік архивтерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы архив құжаттарының танысуымен тақырыптық экскурсиялар өткізілді. Денисов мемлекеттік архиві колледж оқушылар назарына «Три символа родной державы» тақырыптық экспозициясы ұсынылды.

Лисаков аймақтық мемлекеттік архивінің архивистері 2017 жылдың 2 маусымында «Рауан» Радиосы» ЖШС қалалық радиосында «Национальная гордость страны» радиобағдарламасы кезінде мемлекеттік рәміздердің тарихы жайлы айтып кетті.

«Алаш Орда» партиясы құрылуының 100 жылдығын мерекелеуге орай 2 мектеп сабағы өткізілді: Джангелді«Алаш партиясының құрылуы және оның мүшелері», Наурзым «Алаш-Орда». Рудный қалалық мемлекеттік архивімен колледж оқушыларына − «Алаш және Алаш Орда тарихы» дәрісі өткізілді.

Жазушы, сыншы және драматург, қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтың 115-жылдығын мерекелеу қарсаңында архивистермен 3 мектеп сабақтары: Лисаков аймақтық мемлекеттік архивімен «№ 1 орта мектеп» КММ 10 «а» сынып оқушыларына «Габит Мусрепов − выдающийся казахский писатель, государственный и общественный деятель», Арқалық – «Ұлы тұлға- Ғабит Мүсірепов» Арқалық қаласының № 4 ОМ-нің 10 сыныбында, Мендіқара аудандық мемлекеттік архивімен Жұмабаев атындағы Боровской ОМ-нің оқушыларына «Г. Мусрепов – великий талант» сабақтары өткізілді. Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архивисттері әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 2 курс студенттеріне «Ғабит Мүсірепов – көркемсөз зергері, қазақ әдебиетінің классигі» дәрісі өткізілді.

Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 105-жылдығын мерекелеу шеңберінде облыс архивистерімен 8 іс-шара ұйымдастырылды, соның ішінде 6 мектеп сабақтары: «Ер есімі-ел есінде» улиекөл АМА), «Ғасырдың дара перзенті» (Рудный ҚМА), «Сын своей эпохи» (Денисов АМА), Д.А.Қонаевтың 105-жылдығына арналған сынып сағаты (Қарабалық АМА), «Д.А. Кунаев − общественный и политический деятель Казахстана» (Наурзым АММ), «Великий сын своего народа» (Федоров АММ).

2017 жылдың 12 қаңтарында Лисаков аймақтық мемлекеттік архивінің архивисттеріменн еңбек ардагерлері, қаланың алғашқы құрылысшылары, № 1 орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Человек века» қоғаммен кездесуді ұйымдастырды. А.ж. 17 ақпанында Денисов аудандық мемлекеттік архивінің басшысымен № 9 кәсіби лицейдің оқушыларына «Сын своей эпохи» тақырыптық экскурсия өткізілді.

Кеңес одағының батыры Сейтхан Нұрмұхамедұлы Темірбаевтің 95 жылдығына 3 іс-шара ұйымдастырылды.

Облыстық және Таран мемлекеттік архивтермен орта мектеп оқушыларымен «Ер есімі ел есінде» және «Герой войны» атты мектеп сабақтары өткізілді. Лисаков - «Акцент» қалалық теледидарында «Тіл және уақыт» и «Күн» бағдарламаларында «Ұмтылмас бейне» тақырыбында сөз сөйледі.

Одан басқа, Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Иван Фомич Павловтың 95 жылдығына, Мендіқара мемлекеттік архивімен, Сарыкөл – әдеби сыншы және мемлекеттік қайраткер Ильяс Омарұлы Омаровтың 105 жылдығына «Негасимый свет мысли и души», Наурзым – А. М. Бородиннің 105 жылдығына «Славный сын отечества».

Облыстың мемлекеттік архивтер соғыс және еңбек ардагерлерінің жеке тектік құжаттардың бірегей құжаттары мемлекеттік сақтауында Жеңіс Күніне орай жыл сайынғы іс-шаралар – архив құжаттарын көрсетумен 2 тақырыптық экскурсия (Рудный ҚММ, Қостанай АММ), 2 мектеп сабағы (Жітіқара АММ, Лисаков АММ), және қоғаммен кездесу (Қарабалық АММ) өткізді.



Алғыс айту күніне облыс архивистермен 550 адамның қатысуымен 6 іс-шара арналды – Жітіқара, Әулиекөл, Таран мемлекеттік архивтерімен салтанатты іс-шаралардың қатысушыларына «Спасибо − родной Казахстан!», «В единстве наша сила», «Говорю спасибо» тақырыптық экспозициялар көрсетілді, Рудный – индустриалды институттың 1 курс оқушыларына «Связанные единой судьбой» экскурсиясы өткізілді, Арқалық – Ашық есік күні, Ұзынкөл − кітапханамен бірігіп «Мәңгілік ел − Страна моей мечты!» «дөңгелек үстел» отырысы.

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 533 қаулысымен бекітілген Кейкі батырдың сүйегін жерлеу мен оның бейнесін мәңгі есте сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша Ахивтер және құжаттама басқармасы 2017 жылдың 1 ақпандағы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы архивтерінде құжаттарды анықтауды көздейтін іс-шаралар жоспарын бекітті.

Мәскеу, Санкт-Петербург, Челябі, Омск, Орынбор архивтеріне сұраныстар жөнелтілді, Қостанай облысының мемлекеттік архивінің жеті қоры бойынша құжаттардың анықталуы жүргізілді. Сонымен қатар, Амангелді ауданына іс-сапар барасында Амантоғай а. тұрғыны Мұхтар Қаденұлымен, Амангелді а. Хамитбек Қуандықұлы Мұсабаевпен Кейкі Көкембайұлы және оның серіктестері туралы мәліметтер жөнінде сұхбат жазылды.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде аймақ тарихы, Кейкі батыр және оның серіктестері туралы құжаттарды анықтау үшін а.ж. маусым айында Ақтөбе қаласына іс-сапар өткізілді.

Басқарманың бөлім басшысымен «Костанайские новости» аймақтық газетінде сұхбат тарихы сабағы айдарында «Загадки Кейкі» мақаласы жарияланды (22.06.2017 ж.).

Облыстық іс-шаралар шеңберінде «Кейкі батыр (Нұрмағанбет Көкембайұлы). Өмірі мен өлімі тарихы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және ҚР мен РФ архивтерінде анықталған құжаттар бойынша «Кейкі батыр және оның серіктестері» тақырыптық экспозициясы жоспарланып отыр.

Есеп беру кезеңінде 125 (2015-98,2016-133) зерттеуші тіркелді, келушілер саны 353 (2015-233, 2016-275) адамды құрды.

Есеп беру кезеңінде Басқарманың 3 ғылыми-әдістемелік комиссия отырысы (2012 – 1, 2016 – 3) өткізілді. Онда 10 (2015 – 7, 2016 – 14) материал қарастырылды. Ақпараттық хаттар (Лисаков АМА, Арқалық АММ), фотоқұжаттық көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарлары (Таран АМА, Лисаков АММ, ҚОММ, Денисов АММ), және екі тақырыптық тізілім мен «Историю сохраняя» буклеті (Рудный ҚАА) қарастырылды.

Қостанай облысының мемлекеттік архиві «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл қызмет тікелей архивке жүгіну жеке өтініші кезінде, электрондық және пошта байланыс, баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Басқарма және архивтермен мемлекеттік қызметті көрсету туралы халықты ақпараттандыру, көрсету сапасын арттыру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандарын оқыту бойынша жоспарлы жұмыс өткізіледі.

Келетін сұранымдардың көбі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын растау туралы: еңбек өтілімі, еңбек ақының мөлшері, зейнеткер төлемдерді есептеу, сонымен қатар: отбасылардың құрамы, мекемелердің атауын қайта өзгерту, білім туралы, марапаттау, азаматтық жағдай акті, мүліктік құқықты қалпына келтіру.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстар бойынша «Мұрағат аңықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі 25 698 қызмет алушыға, 6 984 жақын және алыс шет елдердің азаматтарына, 18 714 Қазақстан азаматтарына көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 70,6 % (18 126) басымды жауаптар, 12,6 % (3 244) теріс (олардың 7,8 % немесе 2 009 − құжаттардың болмауы), 16,8 % (4 328)профильды емес. Жалпы саннан баламалы негізде 62,3 %, соның ішінде ХҚКО арқылы – 4 811 (18,7 %) қызмет, ЭҮП – 11 195 (43,6 %) қызмет көрсетілді (мәліметке а.ж. 1 шілдеге дейін енгізілді)

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде тақырыптық сипаттағы сұранымдардың саны 170, басымды – 117 (68,8 %), теріс – 45 (26,5%, олардың 7 немесе 4,1 % сақтауда жоқ), профильды емес – 8 (4,7% ). Генеалогиялық сипаттағы 36 сұранымдар орындалды, олардың басымды 14 (38,9% ), теріс – 22 (61,1 %).

Архивтер орналасқан 22 жай (соның ішінде екі үлгілі ғимаратта орналасқан ҚОММ) (9 207,7 шаршы метр) өрт сөндіру дабылының заманауи жүйесімен жабдықталған, 6 архив жалға алынған жайларда орналасқан.

Барлық мемлекеттік архив мекемелерінде үлгілік металл стеллаждармен қатар аралас стеллаждар орнатылған. Облыстың барлық архив мекемелеріндегі архив сөрелерінің ұзындығы 28 674,1 қуба метрді құрайды.

Басшы С. Аймұхамбетова

Орын. Қ. Т. Жарқынбаева



Тел. 8(7142)390917
жүктеу 121,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау