Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 1,2 Mb.
бет2/7
Дата25.12.2017
өлшемі1,2 Mb.
#6046
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Студент білуге тиіс:


  • ұнтақтарға рецептер жазу ерекшеліктері;

  • дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттері;

  • жәй және күрделі ұнтақтарды дайындау ережелері;

  • құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі заттардың дозаларын тексеруді;

  • экстрактармен, қиын ұнтақталатын, бояғыш заттармен, жартылай фабрикаттармен ұнтақтар дайындау ережелерін;

  • құрамында аз мөлшерде (0,05 кем) жазылған күшті әсер ететін, улы және есірткі дәрілік заттары бар ұнтақтарды дайындау ережелерін;

  • ұнтақтарды дайындау, сапасын бағалау, босатуға безендіру бойынша нормативтік

  • құжаттар талаптарын.



Студент істей алуға тиіс:

  • дәрілік заттардың сыйымдылығын ескеріп ұнтақтарды дайындау және босату мүмкіндігі туралы сұрақтарды шешуді;

  • ұнтақтар санына дәрілік заттардың мөлшерін, жалпы салмағын, бір ұнтақтың салмағын есептеуді және бақылау паспортын құрастыруды;

  • жәй және күрделі ұнтақтар және құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі заттары бар ұнтақтарды дайындауды (дәрілік заттарды өлшеу, майдалау, араластыру, дозалау);

  • дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескеріп капсулаларды дұрыс таңдауды;

  • улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау:

  • дәрілік түрді орамдауды және безендіруді, ұнтақтардың сапасын бағалауды;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ұнтақтар, дәрілік түр ретінде. Басқа дәрілік түрлерге қарағанда ұнтақтардың артықшылықтары мен кемшіліктері. ҚР МФ «Ұнтақтар» мақаласы.

  2. «Ұнтақтар» тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  3. Қатты заттардың амфорлы құрылымы.

  4. Бөлшектердің қаныққан тығыздығы, формасы және өлшемі.

  5. Кристалды заттардың кристалдық құрылысы.

  6. Майдалау. Майдалау түрлері.

  7. Жәй және күрделі ұнтақтар дайындау технологиясының сатылары.

  8. Күрделі ұнтақтарды дайындау барысында ингредиенттерді араластыру және майдалау реттілігіне әсер ететін факторлар.

  9. Ұнтақ құрамындағы улы, наркотикалық және күшті әсер ететін дәрілік заттардың реттік және тәуліктік дозаларын тексеру. Наркотикалық заттардың тізімі, олардың бір реттік дозаларының босатылу нормалары.

  10. Құрамында аз мөлшерде (0,05 кем) жазылған күшті әсер ететін, улы және есірткі дәрілік заттары бар күрделі ұнтақтарды дайындау ережелері, оларды дайындау ерекшеліктері.

  11. Тритурациялардың сипаттамасы, дайындау, сақтау және ұнтақтарды дайындауға қолдану.

  12. Қиын ұнтақталатын заттармен және экстрактармен ұнтақтар технологиясы.

  13. Бояғыш, иісті және ащы дәмді заттармен ұнтақ дайындау ерекшеліктері, сақтау, босату және қолдану тәртіптері.

  14. Жартылай фабрикаттарды және дәріханаішілік дайындамаларды дайындау

  15. ҚР ДСМ (бұйрықтарына) нормативті құжат талаптарына сай дәрілік түрлердің сапасын бағалау, босатуға безендіру және сақтау ережелері.


Студенттер сабаққа келесі бұйрықтарды оқып келуі тиіс:

1. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы.

2.МЗ РК № 481 от 01.11.96 г. «О мерах по улучшению порядка приобретения, хранения, использования и учета ядовитых, наркотических и сильнодействующих лекарственных средств».

3.Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 30 наурыздаєы № 396 Ќаулысы «Ќазаќстан Республикасында баќылау жасалуєа тиіс есірткіні, психотроптыќ заттар мен прекурсорларды медициналыќ маќсаттарда пайдалану ќаєидаларын бекіту туралы»

4.Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы» бұйрық.

5.Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»

6.Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы»


Мақсаттық қызметтерді орындау үшін келесі теориялық сұрақтарды оқып білуі қажет:


  1. Күрделі ұнтақтар дайындау үшін жартылай фабрикаттарды қолдану. Жартылай фабрикаттар ассортиментін кеңейту. Ұнтақтар дайындау үшін кіші механизация құралдарын ендіру. Ұнтақтар технологиясын жетілдіру бағыттары.

  2. Ұнтақтарда жазылатын бояғыш және қиын ұнтақталатын дәрілік заттардың тізімі.

  3. Экстрактар.Сипаттамасы және жіктелуі. Экстракт ерітіндісін дайындау және оларды сақтау. Құрғақ, қою және қою экстаркт ерітіндісімен күрделі ұнтақтар дайындау ережелері.

  4. Стандартты емес тамызғышты калибрлеу.

  5. Қатты желатинді және глютоидті капсулалардың сипаттамасы. Желатинді және глютоидты капсулаларды ұнтақтарды орамдау үшін қолдану.

  6. ҚР ДСМ нормативті құжаттардың және МФ талаптарына сәйкес ұнтақтарды орамдау және сапасын бағалау:

  • 91 17.01.2012 ж.;

  • № 481 10.11.1996 ж.;

  • № 1693 30.12.2011 ж.;

  • № 1692 30.12.2011 ж.;

Студенттер ҚР МФ “Экстрактар” мақаласын конспектілеу қажет
Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма 1.

Журналдағы реттік нөмірге сәйкес жәй және күрделі ұнтаққа рецепт жазу. Берілген рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау. Дәрілік түрлерді дайындау.



1. 2 14о 103 8. 8о 76 290

2. 40 130 105 9. 13 79 520

3. 5 88 106 10. 14 85 300

4. 6 67 113 11. 15 150 114

5. 9 68 115 12. 10 87 55о

6. 7о 69 118 13. 11 94 120

7. 10 70 280 14. 12 100 111

Рецептер Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының»54-83 беттерінде.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.

Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.


қосымша:

1. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. –Алматы. – 2005. – 123 бет.

2. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.

3. Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.



4. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

5. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

6.Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.


  1. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Дәрілік түр ретінде ұнтақтар қалай сипатталады? Олар қалай жіктеледі?

  2. Ұнтақтарға рецептер жазу тәсілдерін атаңыз.

  3. Жәй және күрделі ұнтақтарды дайындаудың сатыларын атаңыз.

  4. Құрамындағы ингредиенттердің мөлшері әртүрлі және бірдей күрделі ұнтақтарды қалай дайындайды?

  5. Дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігіне байланысты қандай топтарға бөлінеді?

  6. Доза дегеніміз не? Емдік, улы, өмірге қатерлі дозалар анықтамалары.

  7. Күшті әсер ететін, улы және есірткі заттарды рецепт бойынша босату ережелері қандай бұйрықпен нормаланады?

  8. Дәріханаларда күшті әсер ететін, улы және есірткі заттарды сақтау, есепке алу және босату қалай жүргізіледі? Улы заттарды өлшеу.

  9. Тритурацияны қолдану мақсаты неде?

  10. Тритурацияны дайындауда қолданылатын толықтырғыштарға қойылатын талаптар.

  11. Экстрактар дегеніміз не? Сипаттамасы. Жіктелуі.

  12. Құрғақ, қою және қою экстракт ерітіндісімен ұнтақтар қалай дайындалады?

  13. Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар дайындау ерекшеліктері қандай? Қиын ұнтақталатын заттардың тізімі.

  14. Бояғыш заттармен ұнтақтар дайындау ерекшеліктері қандай? Бояғыш заттардың тізімі.

  15. Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар технологиясында этанолдың қажеттігін қалай негіздеуге болады?

  16. Қандай жағдайларда ұнтақтарды босату үшін крахмалды және желатинді капсулалар қолданылады?

  17. Глютоидты капсулалар қалай дайындалады?

  18. Құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі заттары бар ұнтақтарды босатуға безендіру ерекшеліктері.

  19. Ұнтақтарды орамдау және босатуға безендіру, сапасын бағалау.

Ситуациялық тапсырмалар

Дәріханаға рецепт қабылданды. Жазылым құрамы:

Rp.: Atropini sulfatis 0,0005

Codeini phosphatis 0,015

Ephedrini hydrochloridi 0,03

Phenobarbitali

Coffeini natrii benzoatis ana 0,02

Analgini 0,25

Misce fiat pulvis

Da tales doses N. 20

Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

Фармацевт-технолог рецепті қабылдау кезінде, барлық 20 доза ұнтақ дайындау үшін қосымша рецепт керек екендігін, пациентке ескерту жасады. Берілген рецепт бойынша қанша ұнтақ дайындауға болатынды және неге?

Жоғарыда келтірілген жазылым бойынша ұнтақ технологиясының оптимальды вариантын ұсыныңыз.



Тесттік тапсырмалар

1. Ұнтақты майдалаған кезде ингредиенттерді майдалау және араластырудың дұрыс реттілігін көрсетіңіз

A) аморфты

B) майда кристалды

C) ірі кристалды

D) қиын ұнтақталатын

E) көлемдік массасы аз заттарды

2. Медициналық ұнтақтар – бұл ..... жүйелер

A) еркін дисперсті

B) байланысты дисперсті

C) спумоидтар

D) гомогенді

E) гетерогенді

3. Дисперстік дәрежесі жоғары дәрежеге жету үшін заттарды ... майдалайды

A) қатты заттар қатысында

B) ұшқыш заттар қосып

C) тайғанақ заттар қатысында

D) диірменде

E) «Б» тізіміндегі заттармен

4. Өте улы дәрілік зат:

A) сынап дихлориді

B) дикаин

C) күміс нитраты

D) промедол

E) фенобарбитал

5. Улы дәрілік зат:

A) атропин сульфаты

B) натрий бромиді

C) антипирин

D) ментол

E) натрий тетрабораты

6. Наркотикалық дәрілік зат:

A) промедол

B) сулема

С) дикаин

D) клофелин

E) циклодол

7. Дәріханада (материалды бөлмеде) улы және наркотикалық заттардың ........қоры болуы қажет:

A) айлық

B) 5 күндік

C) 10 күндік

D) 3 күндік

Е) жылдық

8. Құрамында улы және наркотикалық заттары бар дәрілік түр науқасқа босатқанға дейін..............сақталуы қажет:

А) бөлек құлыптанатын шкафта

В) ассистенттік бөлмедегі вертушкада

С) дәріхана меңгерушісі бөлмесінде

D) материалды бөлмеде

Е) провизор-аналитик бөлмесінде

9. Аса улы дәрілік заттар...........сақталады:

A) сейфтің бөлек қүлыптанатын ішкі бөлімінде

B) сейфте

C) бөлек шкафта

D) материалдық шкафта

E) вертушкада

10. Улы дәрілік зат сақталатын штангластың безендірілуі:

A) ақ түсті жазумен қара фонда, ЖРД және ЖТД

B) ақ түсті жазумен қара фонда

C) қара түсті жазумен ақ фонда

D) қызыл түсті жазумен ақ фонда

E) қара түсті жазумен ақ фонда, ЖРД және ЖТД

11. Улы және наркотикалық дәрілік заттары бар дәрілік түрді .........қосымша этикеткасымен безендіреді:

А) "абайлап қолданыңыз"

В) "у"


C) "салқын жерде сақтаңыз"

D) "қолданар алдында шайқаңыз"

E) "қараңғы жерде сақтаңыз"

12. Ассистенттік бөлмеде улы және наркотикалық дәрілік затты .... босатады:

A) фармацевт-технолог

B) ассистент-фармацевт

C) бөлшектеуші

D) фармацевт

E) дәріхана меңгерушісі

13. Қолдану тәсіліне байланысты ұнтақтардың жіктелуі

A) ішке, сыртқа

B) сеппелер

C) күрделі

D) жай


E) дозаланған, дозаланбаған

14. Қиын ұнтақталатын заттарға жататындар:

A) левомицетин

B) анальгин

C) ксероформ

D) камфора

E) мырыш тотығы

15. Ұнтақты дайындау кезінде бірінші майдалайтын дәрілік зат:

A) бояғыш

B) аз мөлшерде жазылған

C) кристалды суын жоғалтатын

D) ащы


E) индифференті

16. Қою экстракты ұнтаққа қосу реттілігі:

A) қажеттілігі бойынша

B) тізім бойынша

C) бірінші

D) ең соңында

E) боялмаған заттар арасында

17. Майдалау кезінде жеңіл тозаңданатын зат:

A) тимол

B) мырыш тотығы

C) магний тотығы

D) магний сульфаты

E) құрғақ итжидек экстрактысы

Сабақ 3
1. Тақырыбы: Сулы ерітінділер технологиясы. Сулы ерітінділерді дайындау

ерекшеліктері.


2. Мақсаты: Дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескеріп сұйық дәрілік түрлерді дайындауды, олардың сапасын бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:

  • құрғақ дәрілік заттарды еріту процессінің теориялық негіздерін;

  • жеңіл және қиын еритін, жеңіл тотығатын, комплексті қосылыстар түзетін дәрілік заттардың сулы ерітінділерін дайындауда туындайтын қиындылықтарды болдырмауға мүмкіндік беретін технологиялық тәсілдерін;

  • сұйық дәрілік түрлерді дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын.

Студент істей алуға тиіс:

  • сұйық дәрілік түрлерге жазылған рецептің дұрыстығын және сұйық дәрілік түрлердегі күшті әсер ететін және улы заттардың дозаларын тексеруді;

  • дәрілік заттардың қасиеттеріне (жеңіл, қиын еритін, жеңіл тотығатын және т.б.) байланысты ерітіндінің оптимальды технологиясын таңдауды;

  • ерітінділер дайындау үшін негізгі технологиялық сатыларды (өлшеу, майдалау, қыздыру, еріту, сүзу немесе фильтрлеу) орындауды;

  • сұйық дәрілік түрлердің сапасын бағалауды;

  • дәрілік түрді босатуға орамдау және безендіруді.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сабақ тақырыбы бойынша латын терминологиясы.

  2. Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Оны динамизациялау жолдары.

  3. Концентрация түзудің жолдары.

  4. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Олардың типтері және бағыттары. Тотығуды болдырмау жолдары.

  5. Кешен түзу. Фармацевтикалық технологиядағы кешенді қосылыстардың маңызы.

  6. Фильтрлеу, фильтрлеуші материалдар.

  7. МФ бойынша заттардың ерігіштік сипаттамасы.

  8. Сұйық дәрілік түрлерді дайындауда қолданылатын еріткіштер.

  9. Дистильденген, тазартылған суды алу тәсілдері, қолданылатын аппараттар. МФ бойынша дистильденген суға қойылатын талаптар.

  10. Сұйық дәрілік түрлерді дайындауда қолданылатын технологиялық операциялар.

  11. Рецептегі ерітінділердің концентрацияларын анықтау тәсілдері.

  12. Дәрілік заттардың ерігіштігін жылдамдату үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдер (ерігіштіктің ерекше жағдайлары).

  13. Дәріханалық тәжірибеде сүзу және фильтрлеудің қолданылуы. Қажетті материалдар және аппараттар.

  14. Сұйық дәрілік түрлерді босатуға қажетті тығындар мен ыдыстарды таңдау.

  15. Сулы ерітінділерді орамдау, безендіру және сапасын бағалау.

Студент практикалық сабаққа білуі қажет:

1. Сұйқтықтарды өлшеуіш приборлармен дозалаудың теориясын оқу.

2. Бюреткалармен және пипеткалармен жұмыс жасау ережелерін білу: бюреткалар мен пипеткалардың негізгі бөліктері.

3. Қандай жағдайларда сұйықтықтарды тамшымен өлшейтінін білу: стандартты тамшылатқыш қондырғысы және белгіленуі және олармен жұмыс жасау ережелері.

4. Изучить статью МФ Х, Х1 «Дистилденген су» мақаласын және Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы бұйрығын оқу.

5. Дәрілік заттардың суда ерігіштігіне байланысты жіктелуін оқу. МФ Х басылымы, «Ерігіштік» мақаласы.

6. Дәрілік заттарды дайындау ережелерін оқу (№ 142 15.12.04 ж. бұйрығы).
Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма № 1. Көрсетілген жазылымдағы рецептерді жазу, есептеулерді жүргізу, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттап жазу:

1. 1 12о 90 8. 7 21о 3

2. 50 9 16 9. 1 11 15

3. 100 21о 18 10. 50 190

4. 20 17о 17 11. 6о 16о 4

5. 2 14о 80 12. 20 15о 17

6. 6 200 4 13. 7 200 110

7. 6о 10 14 14. 2 12 130

Рецептер Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 109-112 беттерінде.



Тапсырма 2. Тапсырмаға сай дәрілік түрлерді дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру.

Тапсырма 3. Күнделікке дайын дәрілік заттардың сапасын бағалауды жүргізу және күнделікті оқытушыға тапсыру.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.
6. Әдебиет
Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.


қосымша:

1. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. –Алматы. – 2005. – 123 бет.

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы

«Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»

ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.

ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 16 ќаѕтардаєы № 60 Ќаулысы «Дјрілік препараттарды жјне медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды дайындау ќаєидаларын бекіту туралы»

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы» 2Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с. 3.Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.

4. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

5. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

6.Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Сұйық дәрілік түрлер. Сипаттамасы. Жіктелуі.

  2. Сулы ерітінділер. Сипаттамасы. Жіктелуі.

  3. Дистилденген суды алу кезінде қандай талаптар қойылады?

  4. Тазартылған суға қандай талаптар қойылады?

  5. Ерітінділерді дайындаған кезде қолданылатын бейсу еріткіштер.

  6. Рецептерде ерітінділер концентрацияларын белгілеу тәсілдері қандай?

  7. Көлем ұлғаю коэффиценті деген не? Ерітіндіні дайындау үшін еріткіш көлемін қалай анықтайды?

  8. Сұйық дәрілік түрлерді дайындаудың технологиялық сатылары.

  9. Ірі кристалды дәрілік заттар ерітінділерінің технологиясы.

  10. Күміс нитраты, калий перманганаты ерітінділер технологиясының ерекшеліктері.

  11. Люголь ерітіндісі, сулема, сынап дииодиді ерітінділерінің технологиясының ерекшеліктері.

  12. Кальций глюконат ерітіндісінің технологиясының ерекшеліктері.

  13. Осарсол ерітіндісінің технологиясының ерекшеліктері.

  14. Фурацилин ерітіндісінің технологиясының ерекшеліктері.

  15. Сұйық дәрілік түрлерді тығындау, безендіру және сапасын бағалау.




Тестік тапсырмалар

1. Сұйық дәрілік түрлер дегеніміз препараттардың сұйық дисперстік ортада тараған ... жүйесі:

А) еркін дисперсті

В) сұйық дисперсті

С) байланысқан дисперсті

D) коллоидты

Е) қатты

2. Жеңіл тотығатын зат:

А) күміс нитраты

В) хлорсутек қышқылы

С) натрий хлориді

D) сынап дихлориді

Е) осарсол

3. Сынап дихлориді ерітіндісі технологиясының ерекшелігі:

А) натрий эозинатымен бояу

В) алдын - ала ұнтақтау

С) қыздыра отырып еріту

D) алдын - ал кептіру

Е) салқындата отырып еріту

4. Сынап дихлориді ерітіндісіндегі гидролизді бәсендету үшін ...... қосылады:

А) натрий хлориді - бірдей мөлшерде

В) натрий йодиді - екі есе көп мөлшерде

С) натрий хлориді - екі есе көп мөлшерде

D) натрий гидрокарбонаты - 1 г – 0,61 г

Е) натрий йодиді - 1 г – 0,61 г

5. Сұйық дәрілік түрлерге жататындар:

А) нағыз,коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырмалар, қайнатпалар

В) нағыз, коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, пилюлялар

С) нағыз, коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, суппозиторийлер

D) коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, жағар майлар

Е) нағыз, коллоидты ерітінділер, тұндырмалар, қайнатпалар, линименттер

6. Сырт тәнге қолданылатын Люголь ертіндісі құрамы:

А) йод 1,0; калий йодиді 2,0; су 100 мл

В) йод 1,0; калий йодиді 2,0; су 20 мл

С) йод 0,25; калий йодиді 0,5; су 25 мл

D) йод 0,1; калий йодиді 0,1; су 20 мл дейін

Е) йод 0,25; калий йодиді 0,25; су 25 мл

7. Тотықтырғыш қасиеті бар препараттармен ерітінділер дайындаудың ерекшеліктері:

A) жаңа айдалған суда еріту, шыны фильтр арқылы фильтрлеу

B) алдын-ала майдалау

C) қыздыра отырып еріту

D) қосымша заттар қосу

E) стабилизаторлар қосу

8. Осарсол ерітіндісін дайындау ерекшелігі:

А) сілтілі қосымша заттар қосу

В) алдын – ала ұнтақтау

С) қыздыра еріту

D) комплекс түзу

Е) шыны фильтр арқылы сүзу

9. Сынап дихлориді ерітіндісін дайындау үшін....................қосу қажет:

А) натрий хлоридін

В) натрий гидрокарбонатын

С) калий йодидін

D) калий бромидін

Е) осарсолды

10. Этакридин лактататын суда толық ертіту үшін ................ қажет:

А) ыстық суда еріту

В) майдалау

С) натрий хлоридын қосу

D) натрий бромидын қосу

Е) натрий гидрокарбанатын қосу

Сабақ 4
1. Тақырыбы: Концентрлі ерітінділерді дайындау. Микстуралар технологиясы.
2. Мақсаты: Бюреткалық жүйе үшін концентрлі ерітінділер дайындаудың теориялық ережелерін және олардың сапасын нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес бағалауды үйрену. Микстураларды құрғақ затты ерітумен және концентрлі ерітінділермен дайындау ережелерін меңгеру.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:


  • концентрлі ерітінділерді дайындау үшін асептикалық жағдайларды қамтамасыз етудің санитарлық тәртіптері мен асептика ережелерін;

  • микстураларды құрғақ дәрілік заттарды еріту арқылы және бюреткалық қондырғыны қолданып дайындау ерекшеліктерін.

  • сұйық дәрілік түрлердің сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын;



Студент істей алуға тиіс:

  • концентрлі ерітінді дайындау үшін тазартылған су және дәрілік зат мөлшерін есептеуді;

  • дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескере отырып, микстуралар дайындаудың мүмкіншілігін шешуді;

  • сұйық дәрілік түрдегі (микстурадағы) күшті әсер ететін және улы заттардың дозаларын тексеруді;

  • пипетка көмегімен галенді және жаңа галенді препараттарды өлшеу дағдысын игеруді;

  • технологиялық операциялардың негізгі реттіліктерін: көлем және салмақпен өлшеу, еріту, талдау, фильтрлеу арқылы концентрлі ерітінділерді дайындау;

  • механикалық қоспалардан тазалығын тексеру;

  • концентрлі ерітінділерді тіркеуді және оларды сақтау жағдайларын.

  • Нормативті құжаттар талаптарына сәйкес дайын дәрілік түрлерді босатуға безендіру, сапасын бағалау.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тақырып бойынша латынша терминологиясы.

  2. Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Оны динамизациялау жолдары.

  3. Концентрацияны көрсету тәсілдері.

  4. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Олардың типтері және бағыттары. Тотығуды болдырмау жолдары.

  5. Фильтрлеу, фильтрлеуші материалдар.

  6. Бюреткалық жүйеге арналған концентрлі ерітінділерді сақтау жағдайлары және мерзімдер.

7. 3% дейінгі және 3% жоғары концентрлі құрғақ заттармен микстуралар технологиясы.

8. Құрамында хош иісті суы бар микстуралар технологиясы.

9. Дәрілік заттардың, галенді препараттардың концентрлі ерітінділерінен микстуралар

алу технологиясы.

10. Нормативті құжаттар талаптарына сәйкес дайын дәрілік түрлерді босатуға безендіру,

сапасын бағалау.

.
Студент практикалық сабаққа ҚР ДСМ келесі бұйрықтарын конспектілеуі және оқуы қажет:


  • Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы;

  • дәрілік заттардың сулы ерітінділері технологиясын қайталау.

Келесі концентрлі ерітінділерді дайындау үшін қажетті дәрілік зат пен еріткіштің мөлшерін барлық тәсілдермен есептеулерді жүргізу және күнделікті толтыру

1. Натрий гидрокарбонаты ерітіндісінен 5 % - 50 мл

2. Натрий бензоаты ерітіндісінен 10 % - 50 мл

3. Калий иодиді ерітіндісінен 20 % - 30 мл

4. Калий бромиді ерітіндісінен 20 % - 50 мл

5. Натрий гидрокарбонаты ерітіндісінен 5 % - 50 мл

6. Бор қышқылы ерітіндісінен 4 % - 50 мл

7. Аммоний хлориді ерітіндісінен 20 % - 40 мл

8. Кальций хлориді ерітіндісінен 50 % - 50 мл

9. Кофеин-бензоат натрий ерітіндісінен 10 % - 50 мл

10. Бор қышқылы ерітіндісінен 4 % - 50 мл

11. Натрий гидрокарбонаты ерітіндісінен 5 % - 30 мл

12. Калий иодиді ерітіндісінен 20 % - 50 мл

13. Глюкоза ерітіндісінен 50 % - 50 мл

14. Гексаметилентетрамин ерітіндісінен 40 % - 40 мл


Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма № 1. Рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау.

1. 1 7о 8. 8 10

2. 2 8 9. 10 7

3. 3 10 10. 11 50

4. 4 2 11. 12 14

5. 5 6 12. 13 60

6. 6 3 13. 14 30

7. 7 20 14. 7 40

Рецептер Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 123-127 беттерінде.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.

6. Әдебиет

Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.


қосымша:

  1. 1. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. –Алматы. – 2005. – 123 бет.

  2. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы

  3. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 16 ќаѕтардаєы № 60 Ќаулысы «Дјрілік препараттарды жјне медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды дайындау ќаєидаларын бекіту туралы»

  4. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»

  5. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.

  6. Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.

  7. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

  8. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

  9. Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.



7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Қандай ерітінділерді концентрлі деп атайды?

  2. Концентрлі ерітінділерді дайындау қажеттілігі неде?

  3. Концентрлі ерітінділерді қандай жағдайда дайындайды? Асептика ережелерін сақтау.

  4. Өлшегіш ыдыс бар және жоқ жағдайларында концентрлі ерітінділерді дайындау технологиясы қандай?

  5. Микстуралар технологиясында қолданылатын концентрлі ерітінділерді қанықтыру және сұйылту қажеттілігі неде?

  6. Көлем ұлғаю коэффициенті (КҰК) дегеніміз не және КҰК концентрлі ерітінділерді дайындауға байланысты есептеулерде қалай қолданылады?

  7. Концентрлі ерітінділерді бақылау және сақтау жағдайлары?

8. Сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемдік әдіспен дайындаудың салмақтық әдістен

айырмашылығы неде?

9. Құрамындағы құрғақ дәрілік заттардың мөлшері 3% дейін және 3% жоғары

микстураларды қалай дайындайды?

10. Микстура құрамындағы күшті әсер ететін және улы заттардың дозаларын тексеру

қалай жүргізіледі?

11. Бюреткалық қондырғылар. Құрылымы, жұмыс істеу ережелері.

12. Микстуралар құрамына сұйық экстракт тұнбаларын, шырындарды, жаңа галендік және

басқа да препараттарды енгізу тәртібі қандай?

13. Құрамында хош иісті суы бар микстураларды дайындаудың ерекшеліктері қандай?

14. Нормативті құжаттар талаптарына сәйкес дайын дәрілік түрлерді босатуға безендіру,

сапасын бағалау.



Ситуациялық есептер

Rp.: Natrii hydrocarbonatis

Natrii benzoatis ana 0,02

Sirupi simplicis 10 ml

Aquae purificatae ad 150 ml

Misce.Da. Signa. 1 диссерт қасықпен күніне 3 рет сәбиге 3 апта бойы.

Студент түссіз құтыға 10 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісін, 5 мл натрий бензоат ерітіндісін, 10 мл қант шырының, 150 мл тазартылған суды өлшеп құйып, бұралатын тығынмен тығындады. Ішуге арналған этикеткамен безендірді. Студенттің есептеуін тексер. Микстура технологиясының оптимальды вариантын ұсын.


Rp.: Codeini 0,3

Hexamethylentetramini 4,0

Solutionis Calcii chloride 10% - 200 ml

Adonisidi 8 ml

Misce. Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.

Безендірілген рецепт бойынша студент 0,2 г кодеин, 10 мл гексаметилентетрамин ерітіндісін, 20 мл кальций хлорид ерітіндісін, 8 мл адонизидті, 162 мл суды өлшеп құйды. Құтыны бұралатын пластмасс тығынмен тығындады, ішуге арналған этикеткамен безендірді. Препаратты дайындау кезінде және босатуға безендіргенде нормативті құжаттардың қандай баптарын сақтамады?




Тестік тапсырмалар

1. Концентрлі ерітінділер – дәрілік заттардың рецепте көрсетілген мөлшерінен әлдеқайда жоғары ... ерітінділер:

A) жұмысшы

В) сұйық

C) газ тәрізді

D) дәріханаішілік

E) стандартты

2. Өлшегіш ыдыс болмаған жағдайда концентрлі ерітінділерді .......ескеріп дайындайды

A) дәрілік зат КҰК, ерітінді тығыздығын

B) дәрілік зат сапасын

C) ерітінді көлемін

D) ерітінді түсін

E) дәрілік заттың физикалық қасиетін

3. Концентрациясы 20% дейін концентрлі ерітінді үшін ауытқу мөлшері .............. тең:

A) +2%

B) +1%

C) +3 %

D) +4%

E) +5%

4. Концентарциясы 20% және жоғары концентрлі ерітінді үшін ауытқу мөлшері .......... тең:

А) +1%

В) +2%

С) +3 %

D) +4%

Е) +5%

5. Ерітінділер дайындау үшін еріткіш көрсетілмесе ... ерітінді дайындайды:

A) сулы

B) спиртті



C) глицеринді

D) майлы


E) су – глицеринді

6. Ерітінділер дайындау үшін ... су қолданылады:

A) тазартылған

B) шаншуға арналған

C) деминералды

D) ағынды

E) құдықты

7. Микстуралар дайындауда өлшенген суда ең алдымен ... дәрілік заттар ерітіледі:

A) «А» тізіміндегі

B) «Б» тізіміндегі

C) жәй тізімдегі

D) жеңіл тотығатын

E) ірі кристалды

8. Микстуралар дайындауда концентрлі ерітінділер .................. қосылады:

A) тікелей босататын құтыға

B) ең соңында

C) дәрі дайындайтын ыдысқа

D) алдын – ала галенді препараттармен араластырып

E) ең алдымен босататын құтыға

9. Микстуралар дайындауда спирттік сұйықтықтар сулы ерітіндіге .......... қосылады:

A) спирт концентарациясының өсу реті бойынша

B) спирт концентрациясының кему реті бойынша

C) рецепте кездесу реті бойынша

D) алдын – ала галенді препараттармен араластырып

E) алдын – ал қант шырынымен араластырып

10. Сұйық дәрілік түрдің жалпы көлемін ................. арқылы анықтайды.

A) сұйық ингредиенттердің көлемдерін қосу

B) құрғақ және сұйық ингредиенттердің көлемдерін қосу

C) сұйық ингредиенттер көлемін сулы ерітінді көлемінен алып тастау

D) құрғақ ингредиенттер салмағын сулы ерітінді көлемінен алып тастау

E) құрғақ ингредиенттердің салмақтарын қосу

11. Құрамында 3% дейін құрғақ дәрілік заттары бар сұйық дәрілік түрлерді дайындаған кезде қажетті еріткіш көлемін:

A) рецепте берілген мөлшерде алады

B) заттардың КҰК ескеріп анықтайды

C) ерітіндінің тығыздығын ескеріп анықтайды

D) жалпы көлемнен құрғақ ингредиенттер салмағын алып тастау арқылы анықтайды.



E) дәрілік заттардың физико – химиялық қасиеттерін ескере отырып анықтайды

5 Сабақ
1. Тақырыбы: Стандартты фармакопеялық сұйықтықтарды сұйылту. Дәріхана жағдайында бейсу ерітінділерін дайындау.
2. Мақсаты: Стандартты фармакопеялық сұйықтықтарды сұйылтуды, сулы және бейсу ерітінділерін дайындауды теориялық ережелер негізінде және нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес бағалауды үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:

  • сұйық дәрілік түрлерді дайындау ережелерін;

  • стандартты ерітінділердің жіктелуін және концентрацияларын;

  • этил спиртін босату нормаларын және дәрілік заттардың спирттік ерітінділерін безендіру ережелерін;

  • құрамында спирті бар дәрілік түрлерге рецептер жазу ережелерін;

  • құрамына спирт кіретін дәрілік түрлерді есепке алу, сақтау және босату ережелері;

  • спиртті сұйылту тәсілдері;

  • бейсу еріткіштерді дозалау техникасын;

  • сұйық дәрілік түрлердің сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын;


Студент істей алуға тиіс:

  • фармакопеялық стандартты сұйықтықтың жазылу тәсілін ескеріп, дәрілік препарат және еріткіш мөлшерін есептеуді;

  • дәрілік заттардың ерігіштігін және еріткіш табиғатын ескеріп бейсу ерітінділердің оптимальды технологиясын таңдауды;

  • майларды және тұтқыр сұйықтықтарды өлшеуді;

  • дәрілік заттардың спирттік ерітінділерін дайындауды және нормативті құжаттар талаптарына сәйкес оларды безендіруді;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тақырып бойынша латын терминологиясы.

  2. Математикалық есептермен қабілеттілігі.

  3. Стандартты сұйықтықтарды сұйылту тапсырмасы бойынша есептеулер жүргізу.

  4. Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Оны динамизациялау жолдары.

  5. Бейсу ерітінділер. Бейсу ерітінділер технологиясында қолданылатын еріткіштер және олардың сипаттамасы.

  6. Ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштерде дайындалатын бейсу ерітінділер технологиясының ерекшеліктері және олардың сулы ерітінділер технологиясынан айырмашылығы.

  7. Этанол еріткіш ретінде. Сұйылту тәсілдері. Этанолмен жұмыс істеу ережелері. ҚР ДСМ 18.04.00 ж. N 224 “Этил спиртін шығындау нормативтері мен есепке алу тәртібі” бұйрығы

  8. Бейсу ерітінділердің сапасын бағалау.


Студент практикалық сабаққа білуі қажет:

  1. Конспектілеу және оқып үйрену:

  2. а) МФ Х «Масла жирные» және «Тамшы»

  3. б) Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы

  4. в) Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»

  5. 2. Бейсу (спиртті, майлы) ерітінділер технологиясының ерекшеліктерін.

  6. 3. ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. № 142, 19.11.2009 ж. № 60, 16.01.2012 ж. № 1693 30.12.2011 бұйрықтарының сәйкес бөлімдерінің.



Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма 1.

Рецептер бойынша есептеулер жүргізу, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау.



1. 10 8 8. 10о 8

2. 20 1 9. 16 130

3. 30 7 10. 4 170

4. 4о 13 11. 1о 14

5. 5о 14 12. 20 7

6. 7о 110 13. 3о 9

7. 9о 140 14. 4о 10

Ескерту: Рецептер Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы

бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 136-139 беттерінде.



Тапсырма 2. Рецептер бойынша стандартты фармакопеялық сұйықтыққа және тазартылған суға есептеулер жүргізу, дайындау технологиясын жазу:

1. 17 10о 8. 14 18о

2. 20 9о 9. 13 10о

3. 16 11о 10. 19 15о

4. 16о 5 11. 12 17о

5. 14о 7 12. 18 16о

6. 15 1 13. 11 12о

7. 13 3о 14. 1 17

Ескерту: Рецептер нөмірі “Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм” /под ред. Кондратьевой Т.С., 95-96 беттерінде.
Тапсырма 2. Тапсырмаға сәйкес дәрілік түрді дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру.

Тапсырма 3. Дайындалған дәрілік түрдің сапасын бағалап, күнделікке жазу және оқытушыға тапсыру.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.
6. Әдебиет

Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.



қосымша:

1. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. –Алматы. – 2005. – 123 бет.

2. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы

3.ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 16 ќаѕтардаєы № 60 Ќаулысы «Дјрілік препараттарды жјне медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды дайындау ќаєидаларын бекіту туралы»

4.Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы

«Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын



бекіту туралы»

  1. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.

  2. Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.

  3. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

  5. Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.



  1. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  2. Дәріхана іс-тәжірибесінде қандай фармакопеялық стандартты сұйықтықтар қолданылады?

  3. Стандартты ерітінділер қандай топтарға бөлінеді?

  4. Егер рецепте концентрациясы көрсетілмесе хлорсутек қышқылының қандай концентрациясын босату керек?

  5. 28% хлорсутек қышқылын қандай жағдайда босатады?

  6. ІІ және ІІІ топ стандартты сұйықтықтар. Концентрациялары, сұйылту ережелері.

  7. Жазылымда аммиак ерітіндісінің концентрациясы көрсетілмесе қандай концентрациядағы ерітінді босату қажет?

  8. Жазылымда сутек асқын тотығы ерітіндісінің концентрациясы көрсетілмесе қандай концентрациядағы ерітінді босату қажет?

  9. Дәріхана іс-тәжірибесінде қолданылатын ұшқыш бейсу еріткіштерді атаңыз.

  10. Ерітінді дайындау үшін қандай майлар қолданылады?

  11. Егер рецепте этил спиртінің концентрациясы көрсетілмесе, онда этил спирті еріткіш ретінде қандай концентрацияда болуы қажет?

  12. Әлсіз концентрациялы этанолды алу үшін күшті концентрациялы этанолды сумен сұйылтқандағы есептеулердің ерекшеліктері қандай?

  13. Ұшқыш және майлы еріткіштерде бейсу ерітінділерін дайындау ерекшеліктері қандай?

  14. Тамшылардың дәрілік түр ретінде сипаттамасы қандай? Оларды қалай жіктейді?

  15. Тамшылардағы күшті әсер ететін, улы және есірткі заттар дозаларын қалай тексереді? Мысал келтір.

  16. Сулы тамшылар технологиясының ерекшеліктері.

  17. Дәрілік заттардың тұндырмалармен және басқа препараттармен ерітінділерін – тамшыларын дайындаудың ерекшеліктері қандай?

  18. Тамшылар көлемінде жіберілетін ауытқу мөлшері қандай (мл)?

  19. Тамшылардың және бейсу ерітінділердің сапасын бағалау.


Ситуациялық есептер

1. Дәріханаға концентрациясы 40%- сутек асқын тотығы бар пергидроль келіп түсті. Жазылымда дәрілік зат химиялық атаумен берілген, бастапқы заттың концентрациясы, стандартты концентрациядан жоғары. Бұл жағдайда фармацевтің іс-әрекеті.


Тестік тапсырмалар

1. Стандартты фармакопеялық ерітінділер (сұйықтар) деп кейбір дәрілік заттардың (қышқылдардың, негіздердің, формальдегидтің және басқалардың) МФ-да көрсетілген белгілі нақты концентрациясында дайындалған......ерітінділерін айтады:

А) сулы

В) бейсу С) спирттік



D) концентрлі

Е) жұмысшы

2. 20%-50 мл пергидроль ерітіндісін дайындау үшін қажетті пергидроль және су мөлшері сәйкесінше:

А) 10 мл 40 мл

В) 20 мл 50 мл

С) 50 мл 20 мл

D) 20 мл 30 мл

Е) 30 мл 20 мл

3. Хлорсутек қышқылының 2 %-200 мл ерітіндісіне бақылау паспорты:

А) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 4 мл тазартылған су 196 мл

В) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 40 мл тазартылған су 200 мл

С) хлорсутек қышқылы 25%—4 мл тазартылған су 196 мл

D) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 40 мл тазартылған су 160 мл

Е) хлорсутек қышқылы сұйылтылған 2 мл тазартылған су 198 мл

4. Мүсәтір және сірке қышқылы ерітіндісін дайындағанда:

А) нақты мөлшері ескеріледі В) бастапқы концентрациясын 1% деп алады

С) бастапқы концентрациясын 10% деп алады

Д) бастапқы концентрациясын 100% деп алады

Е) бастапқы концентрациясы 2% деп алады

5. 10%—200 мл калий ацетаты ерітіндісін дайындау үшін қажетті тазартылған су мен препарат /ГФ 35%/ мөлшері:

Препарат Су

А) 58,8мл 141,2 мл

В) 10 мл 200 мл

С) 200 мл 10 мл

D) 10 мл 190 мл

Е) 34 мл 166 мл

6. МФ X басылымы бойынша егер рецепте хлорсутек қышқылы

концентрациясы көрсетілмесе ....... концентрациядағы ерітіндісі

босатылады:

А) 8,3%

В) 25%

С) 33%


D) 30%

Е) 0,1 н


7. Стандартты фармакопеялық сұйықтық мөлшерін есептегенде бүтін зат ретінде /100 %/ қарастырылатын ерітінді:

А) Буров сүйықтығы

В) калий ацетаты ерітіндісі

С) формальдегид ерітіндісі

D) сутек асқын тотығы ерітіндісі

Е) сірке қышқылы ерітіндісі

8. Дайындау кезінде сұйылту формуласы қолданылатын стандартты

фармакопеялық сүйықтық: А) аммиак ерітіндісі

В) формалин

С) пергидроль

D) калий ацетаты сұйықтығы

Е) хлорсутек қышқылы

9. 10%-150 мл Буров сұйықтығы ерітіндісін дайындау үшін қажетті дәрілік зат пен тазартылған су мөлшері:

Препарат Су

А) 15 мл 135 мл

В) 10 мл 150 мл С) 150мл 10 мл

D) 10 мл 140 мл

Е) 10 мл 160 мл

10. Егер рецепте сірке қышқылы концентрациясы көрсетілмесе ........концентрациядағы ерітіндісі босатылады:

А) 30%


В) 5%

С) 10%


D) 98%

Е) 1%


11. Спирттік ертінділер технологиясының ерекшеліктері:

А) босататын ыдыста дайындайды, қыздырусыз ерітеді, фильтрлемейді

В) қосымша ыдыста дайындайды, салқындатып ерітеді, фильтрлемейді

С) босататын ыдыста дайындайды, қыздырып ерітеді, фильтрлемейді

D) қосымша ыдыста дайындайды, фильтрлейді

Е) қосымша ыдыста дайындайды, қыздырып ерітеді, фильтрлейді

12. Этанолды сумен сұйылту кезінде.......құбылысы жүреді:

А) контракция

В) конвекция

С) адсорбция

D) абсорбция

Е) молекулалар диссоциациясы

13. Егер рецепте этанол концентрациясы корсетілмесе ....... этанол босатылады:

А) 90%

В) 95%

С) 96%


D) 70%

Е) 40%


14. 5% йодтың спирттік ертіндісін дайындау үшін ......... этанол

қолданылады:

А) 96%

В) 90%



С) 70%

D) 40 %


Е) 30%

15. Құрамында этанол бар ерітінді ......... қосымша этикеткасымен безендіріледі:

А) "оттан сақтаңыз"

В) "қолданар алдында шайқаңыз"

С) "абайлап қолданыңыз"

D) "қолданар алдында қыздырыңыз"

Е) "құрғақ жерде сақтаңыз"

16. Құрамында этанол бар ерітіндіні қажет болған жағдайда ..............арқылы сүзеді.

А) құрғақ мақта тампоны

В) қағаз фильтр

С) қос қабат дәке

D) нутч-фильтр

Е) друк-фильтр

17. Сулы және спирттік ертінділердің ұқсас технологиялык ерекшеліктері:

А) салмақ-көлемдік әдіспен дайындау, еріткішті көлем бойынша дозалау

В) еріткішті ең соңында қосу

С) салмақ бойынша дайындау

D) дәрілік түрді міндетті түрде қыздыру

Е) дәрілік түрді міндетті түрде фильтрлеу

18. Сулы тамшылар технологиясының ерекшеліктері:

А) дәрілік заттарды еріткіш көлемінің жартысында еріту

В) концентрлі ертінділер көмегімен дайындау

С) асептикалық жағдайда дайындау

D) босататын құтыда дайындау

Е) дәрілік заттарды алдын-ала келіде үнтақтау

19. Морфин гидрохлоридінен 2%-10 мл ал. Босат. Белгіле. 10 тамшыдан 3 рет күніне. ЖРД және

ЖТД тексеріңіз:

А) 0,01 0,03

В) 0,2 0,6

С) 0,001 0,003

D) 0,1 0,3

Е) 1,0 3,0

20. Эфедрин гидрохлориді ерітіндісінен 2%-10 мл ал. Босат. Белгіле. 10 тамшыдан 3 рет күніне.

Тамшы технологиясының дұрыс реттілігін көрсетіңіз:

А) тазартылған судан 5 мл, эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 5 мл

В) тазартылған судан 10 мл, эфедрин гидрохлоридінен 0,2

С) эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 10 мл

D) эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 10 мл-ге дейін

Е) тазартылған судан 2 мл, эфедрин гидрохлоридінен 0,2, тазартылған судан 7,8 мл



Сабақ 6
1. Тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстар және қорғалған коллоидтық ерітінділер технологиясы.
2. Мақсаты: Жоғары молекулалы қосылыстар және коллоидты заттар ерітінділерін дайындауды, теориялық ережелер негізінде және нормативті құжаттардың талабына сай дайын дәрілік түрлердің сапасын бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты:

жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау