Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 1,2 Mb.
бет1/7
Дата25.12.2017
өлшемі1,2 Mb.
#6046
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
дәрілер технологиясы кафедрасы


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Пән: Фармацевтік технологияның негіздері
Пән коды: OFT 3328
Мамандық: 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер): 90 (2 кредит)
Курс: 3
Семестр: 5

БЕКІТІЛГЕН

___________________ Сағындықова Б.А. кафедра меңг., фарм.ғ.д., профессор

___ _____2014 ж. Хаттама №___

2014 ж.

1 сабақ
1. Тақырыбы: Дәрілік түрлер технологиясында дозалау.
2. Мақсаты: Дәріханалық қол таразылардың және тарирлі таразылардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін оқып білу. Салмақ бойынша қатты, тұтқыр және сұйық заттарды дұрыс дозалауды және таразылардың дәл көрсеткіштерін тексеруді үйрену.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:


  1. Салмақ бойынша дозалау құралдарының жалпы сипаттамаларын.

  2. Зат массасын дәл анықтауды қамтамасыз ететін метрологиялық сипаттамаларды.

Студент істей алуға тиіс:

  1. Қол таразылардың тең иінін қайта байлауды.

  2. Таразыны теңестіруді.

  3. Заттың салмағын көрсететін грамдық бөліктерді дұрыс оқуды.

  4. Техникалық таразылардың негізгі метрологиялық сипаттамаларын тексеруді.

  5. Әртүрлі өлшемдерді қол және тарирлі таразыларда өлшеуде салыстырмалы қателіктерді анықтауды.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дәрілік құралдарды салмақ бойынша дозалау.

  2. Дәрілік құралдарды көлем бойынша дозалау.

  3. Дәріханалық іс-тәжірибеде қолданылатын таразылар.

  4. Беттік тартылу. Нақты сұйықтықтың тұтқырлығы.

  5. Қондырғылар дәлдігі. Тамшы түзілу.

  6. Көлем және тамшы бойынша дозалауда қолданылатын өлшегіш құралдар.

Тапсырма 1

Техникалық таразының сезімталдығын және стандартты емес тамызғышты калибрлеу әдістемесін (Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы» 30-31, 36-37 б.) конспектілеу.



Тапсырма 2

  • МФ құрылысын оқу және тәжірибелік жұмыста қолдану;

  • Ќазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 Қаулысы "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының негізгі баптарын конспектілеу және танысу.

Тапсырма 3

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы» бұйрығымен танысу және конспектілеу.



Тапсырма 4 Күнделіктің құрылымымен танысу. Күнделікті толтыру тәртібі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.

Кесте 1
Тәжірибелік күнделіктің үлгісі
Сабақ тақырыбы: Күні:




Латын тіліндегі рецепт

Ингредиенттер мөл-шерін есептеу және бақылау паспорты

Дәрілік және қосымша заттардың физико-химиялық қасиеттері

Дәрілік түрдің технологиясы және теориялық дәйектемесі

Сапасын бағалау




















Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі ұнтақтар



Латын тіліндегі рецепт

Ингредиенттер мөл-шерін есептеу және бақылау паспорты

Дәрілік және қосымша заттардың физико-химиялық қасиеттері

Дәрілік түрдің технологиясы және теориялық дәйектемесі

Сапасын бағалау

1

Шымкент қаласы

Асқаров көшесі 1

Қалалық емхана

Аурудың аты-жөні:

Аурудың жасы:

Дәрігердің аты-жөні:

Күні:

Rp.: Analgіnі



Amіdopyrіnі ana

0,25


Mіsce fіat pulvіs

Da tales doses № 6

Sіgna. 1 ұнтақтан

күніне 3 рет


Дәрігердің қолы:

Дәрігердің мөрі:



0,25 х 6 = 1,5

0,25 x 6 = 1,5

Жалпы салмағы 3,0

Бір доза салмағы 0,5


Бақылау паспорты:

Analgіnі 1,5

Amіdopyrіnі 1,5

Жалпы салмағы 3,0

Бір доза салмағы 0,5
Дайындаған:

Тексерген:

Босатқан:

Күні:


57. Анальгин

Analgіnum

С13Н16N3NаО4S

М.с. 351,36



Сипаттамасы:

Ақ түсті немесе сарғыш реңді кристалды ұнтақ. Ауа қаты-сында тез ыдырайды.



ЖРД: 1,0

ЖТД: 3,0

Сақталуы:

“Б” тізімі, жақсы тығындалған ыдыста.



Қолданылуы:

Ауырғанды басатын, дене қы-зуын төмендететін, қабынуға қарсы зат.


ГФ IХ. Ст. 29 Amidopyrinum

Амидопирин

Pyramidonum

Пирамидон

C13H17ON3 М.в. 231. 30.

Қасиеті: ақ кристалды немесе әлсіз сарғыш дақты ақ кристалды ұнтақ, иіссіз, әлсіз ащы дәмді.

Сақталуы: Б тізімі. Жақсы тығындалған құтыда, жарықтан қорғалған жерде.

ЖРД: 0,5

ЖТД: 1,5


Технологиясы:

Дәріханалық қол таразымен 1,5 анальгинді өлшеп алып, келіге салады, ұтақтайды, 1/20 бөлігін келіде қалдырып, қалған мөлшерін капсулаға төгеді. Содан кейін 1,5 амидопиринді қосып араластыра-ды. Ең соңында капсулаға төгілген анальгинді қосып біртекті ұнтақ дайындайды. Дайын ұнтақтың бір-келкілігін тексереді, ол үшін ұнтақты капсулаторка көмегімен келі түбіне жинақтап, келсаппен із қалдырады, 25 см қашықтықта қарусыз көзбен қарағанда ірі бөлшектер болмауы тиіс. Ұнтақты 6 дозаға бөліп балауыз капсулаға орап, қағаз қорапқа салып, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка “Ішуге”, қосымша этикетка “Балалардан сақтаңыз”, “Құрғақ, салқын жерде сақтаңыз”.



Теориялық дәйектемесі:

  1. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы бұйрығы талаптарына сәйкес жұмыс орны дайындалады.

  2. Рецепте күрделі, дозаланған, бөлінген әдіспен жазылған, ішуге арналған ұнтақ берілген.

  3. Дәрілік заттардың мөлшерлері және физико-химиялық қасиеттері бірдей. Ұнтақтау келі саңлауында аз жоғалатын (22 мг) анальгиннен басталады.

  4. Біркелкілігі МФ ХІ «Ұнтақтарң мақаласына сәйкес тексеріледі.

  5. Орамдау МФ Х бойынша дәрілік заттардың қасиеттеріне сәйкес жүргізіледі.

  6. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

7. Босатуға безендіру Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

  1. Құжаттарды тексеру:

Рецепт дұрыс жазыл-ған. Есептеулер дұ-рыс. Бақылау пас-порты дұрыс құрас-тырылған.

  1. Ұнтақ орамасы дәрі-лік заттардың қаси-еттеріне байланысты дұрыс таңдалған.

  2. Безендірілуі дәрілік түрдің белгіленуіне сәйкес.

  3. Ұнтақтың түсі, иісі дәрілік заттардың қасиеттеріне сәйкес.

  4. Ұнтақ біркелкі, сусымалы.

  5. Ауытқу мөлшері.

0,5 - 100 %

х - 5 %


х = 0,025

  1. 0,5 Ғ 0,025

Дәрілік түр қанағаттанарлық дайындалған


6. Әдебиет

Қазақ тілінде:

негізгі:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

  3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

  4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

  5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.


қосымша:

    1. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. –Алматы. – 2005. – 123 бет.

    2. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.

    3. Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.

    4. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

    5. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

    6. Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Дәріханада салмақ бойынша дозалаудың қандай тәсілдері қолданылады?

  2. Дәріханалық іс-тәжірибеде дәрілік заттарды дозалау үшін қандай таразылар қолданылады?

  3. Қол және тарирлі таразылардың негізгі құрам бөлшектері қандай?

  4. Таразылардың метрологиялық сипаттамаларының анықтамаларын (тұрақтылық, сезімталдық, дәлдік, орнықтылық) қалай түсінуге болады?.

  5. Тарирлі таразылардың сезімталдығы қалай тексеріледі?

  6. Таразыларда салмақпен дозалау дәлдігі қалай анықталады?

  7. Құрғақ және сұйық заттарды қол және тарирлі таразыларда қалай дозалайды?

  8. Көлем бойынша дозалау үшін қандай өлшегіш құралдар қолданылады?

  9. Дәріханалық бюретка дегеніміз не?

  10. Дәріханалық пипетка дегеніміз не?

  11. Дәріханалық бюретканың және пипетканың негізгі бөлшектеріне не жатады?

  12. Дәріханалық бюреткалармен және пипеткалармен жұмыс істеу ережелері қандай?

  13. Көлем бойынша дозалау дәлдігіне әсер ететін факторлар қандай?

  14. Тамшымен дозалау қай жағдайларда жүргізіледі?

  15. Стандартты тамызғыш өлшемдері қандай?

  16. Стандартты емес тамызғышты калибрлеу мақсаты қандай?

  17. Стандартты емес тамызғышты калибрлеу қалай жүргізіледі?


Тестік тапсырмалар

1. Дәріхана жағдайында салмақпен дозалау үшін қолданылатын таразылар:

A) пружиналы

B) рычагты

C) техникалық

D) дәлдігі 2-ші класты

E) электронды

2. Өндірісте қол таразының келесі түрі шығарылмайды:

A) ВР – 1

B) ВР – 5

C) ВР – 20

D) ВР – 100

E) ВР – 50

3. Сұйықтықты көлеммен дозалау дәлдігіне әсер етпейді:

A) бюретканың қабырғасының қалыңдығы

B) сыртқы орта температурасы

C) құралды калибрлеудегі температура

D) сұйықтықтың тұтқырлығы

E) сұйықтықтың деңгейіне қатысты фармацевт көзінің қырағылығы

4. Стандартты тамызғышпен өлшенген бір миллилитр тазартылған судағы тамшы саны:

A) 50

B) 40


C) 30

D) 20


E) 10

5. Дозалаудың келесі тәсілі, көптеген факторларға байланыссыз, ең қолайлысы:

A) тамшымен

B) салмақ бойынша

C) көлем бойынша

D) мәндердің айырмасы бойынша



E) алдын ала заттың салмағы анықталған көлем бойынша

Сабақ 2
1. Тақырыбы: Ұнтақтар технологиясы.
2. Мақсаты: Дәрілік заттардың мөлшері және физика-химиялық қасиеттері бойынша әртүрлі жәй және күрделі ұнтақтарды, құрамында күшті әсер ететін, улы және есірткі дәрілік заттары бар ұнтақтарды, экстрактармен, қиын ұнтақталатын, бояғыш заттармен және жартылай фабрикаттармен ұнтақтар дайындауды және сапасын бағалауды үйрету.

3. Оқыту мақсаты:

жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау