Отраслевое соглашение



жүктеу 430,9 Kb.
Pdf просмотр
бет7/15
Дата23.11.2018
өлшемі430,9 Kb.
#23618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

20

ХІІІ. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖƏНЕ ШЕШУ МƏСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ҚҰРУ

ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТƏРТІБІ

13.1.  Сала  ұйымдарындағы  ұжымдық  еңбек  дауларының  алдын  алу 

жəне  шешу  мақсатында  Жұмыс  берушінің  бастамасымен  жəне  (немесе) 

жұмыскерлердің  не  олардың  өкілдерінің  бастамасымен  ұжымдық  еңбек 

дауларының алдын алу жəне шешу мəселелері бойынша Кеңес (бұдан əрі 

- Кеңес) құрылады.

13.2.  Кеңес  сала  ұйымдарындағы  еңбек  дауларының  алдын  алу  жəне 

шешу бойынша ұсыныстар білдіреді.

13.3.  Кеңес  шешімі  ұсыныс  сипатында  болады,  ол  ұжымдық  еңбек 

даулары  мен  жанжалдарға,  ереуілдік  қозғалыстарға  əкеп  соғуы  мүмкін 

себептер мен мəн-жайларды жою жөніндегі шаралардан тұрады.

13.4.  Кеңес  функциясы,  салалық  деңгейде,  оны  қалыптастырмай-ақ, 

əлеуметтік  əріптестік  пен  əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастарын  реттеу 

жөніндегі Салалық комиссия жұмысының шеңберінде іске асырылады.



ХІV. ƏЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ЖАНЖАЛДАРЫ МЕН 

ЕРЕУІЛДЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖƏНЕ БОЛДЫРМАУ 

ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР

14.1. Тараптар Келісімнің қолданыстағы кезеңінде «Сала ұйымдарында 

жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы ішкі коммуникациялардың 

бірыңғай  жүйесі  туралы»  үлгілік  қағидаларлар  (№4  Қосымша)  негізінде 

ұжымдық  еңбек  даулары  мен  ереуілдер  туындауы  мүмкін  себептер  мен 

мəн-жайларды жою жөнінде ескерту шараларын қабылдауға уағдаласты.

14.2. Өндірістік объектілердегі жағдай қауіпті деп танылған ұйымдарда 

Тараптар еңбек дауларын тек татуластыру рəсімдері арқылы шешуге жəне 

салдары заңсыз деп танылуы мүмкін əрекеттерге жол бермеуге міндетті. 

Осы мақсатта:

1)  Министрлік  əлеуметтік  əріптестік  пен  əлеуметтік  жəне  еңбек 

қатынастарын  реттеу  жөніндегі  Салалық  комиссия  жұмысы  шеңберінде 

республикадағы  немесе  оның  жекелеген  өңірлеріндегі  əлеуметтік 

тұрақтылықтың  нашарлауына  əлеуетті  себеп  болып  табылатын  химия 

саласы  ұйымдарындағы  əлеуметтік-экономикалық  жағдай  үрдісін 

талқылайды.

2)  жұмыс  берушілер  ұйым  жұмыскерлерімен  олардың  өкілдері 

арқылы,  Кодексте  жəне  ұйымның  ішкі  актілерінде  көзделген  тəртіпте 

əлеуметтік-еңбек  мəселелері  бойынша  келіссөздер  мен  консультациялар 

жүргізеді.  Қазақстан  Республикасының  химия  саласының  ұйымдарында 




21

жұмыс  істейтін  мердігер  жəне  қосалқы  мердігер  компаниялармен  еңбек 

жəне  өндірістік  қатынастар  бойынша  жұмысты  ұйымдастырады,  еңбек 

дауларын сотқа дейін реттеу механизмі ретінде медиация мен омбудсмен 

институттарын тартады.

3) Кəсіподақтар жəне оның сайланбалы органдары:

1)  еңбек  тəртібін  нығайту  мəселелерінде  жұмыс  берушілерге 

жəрдемдеседі, ұжымдық шарттардың ережелерін түсіндіреді;

2)  ұжымдық  еңбек  дауларын  шешу  кезінде  татуластыру  рəсімдерін, 

еңбек төрелігін, делдалдықты барынша қолданады;

3)  жұмыс  берушінің  өз  міндеттемелерін  орындауы  жағдайында, 

Келісімнің қолданыс кезеңінде ереуілдер өткізуге жол бермейді;

4) жұмыс берушілерді Кəсіподақтың алқалы органдарының шешімдері 

туралы хабардар етеді, жоспарланған ұжымдық əрекеттер туралы уақтылы 

ескертеді;

5)  өз  бастамасымен  жұмыс  қарқынының  төмендеуіне,  өндірістің 

қалыпты  жұмысының  өзгеріске  ұшырауын  туындататын  ереуілдік 

қозғалыстарға,  өзге  де  тəртіпсіздіктерге  жол  бермейді.  жұ мыскерлер, 

жұмыскерлердің  өкілдері  төтенше  сипаттағы  ескерту  шараларын  (аштық 

жариялау, жұмысты тоқтату жəне (немесе) тоқтата тұру, жұмысқа шықпау, 

т.б.)  ҚР  заңнамасымен  көзделген  жағдайларда  жəне  негіздер  бойынша 

татуластыру рəсімдерін жүргізгеннен кейін ғана қолдануы мүмкін.



ХV. ЕҢБЕК ЗАҢДАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

15.1. Кодекстің 155-бабына сəйкес ҚР еңбек заңнамасының сақталуына 

қоғамдық бақылауды Кəсіподақ осы Келісімде жəне ұжымдық шарттарда 

бекітілген талаптар жəне тəртіпте жүзеге асырады.

15.2. Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылаудың мақсаты 

мен  міндеттері  заңдылықтың  сақталуына,  сондай-ақ  еңбек  заңнамасын 

бұзушылықтардың алдын алуға жəне жоюға жəрдемдесуді қамтамасыз ету 

болып табылады.

15.3.  Еңбек  заңнамасы  нормаларының  сақталуына  бақылауды  жүзеге 

асыру үшін Кəсіподақ қоғамдық бақылау қызметін құра алады.

15.4.  Кəсіподақтың  жұмыс  орнында  болуға,  қаржы  жағдайы  туралы, 

осы  Келісімнің  жəне  ұжымдық  шарттардың  орындалуы  туралы,  келісу 

жəне  татуластыру  комиссияларының  жұмысы  туралы  ақпарат  сұратуға 

құқығы бар.




22

ХVІ. КƏСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІГІ

16.1. Министрлік пен Жұмыс берушілер Кəсіподақтың Кодекс пен осы 

Келісімде  бекітілген  шарттар  мен  тəртіпте  Қазақстан  Республикасының 

еңбек  заңнамасының  сақталуына  қоғамдық  бақылауды  жүзеге  асыру 

құқығын таниды. 

16.2.  Мақсаты  Кəсіподақты  қандай  да  бір  органға  немесе  ұйымдарға 

тікелей  немесе  жанама  түрде  бағындыру  немесе  «Кəсіподақтар  туралы» 

ҚР Заңында жəне Кəсіподақтар Жарғысында көзделген олардың қызметіне 

кедергі  келтіретін  құқықтарын  шектеу  болып  табылатын  кез  келген 

əрекетке тыйым салынады.

16.3.  Министрлік,  Жұмыс  берушілер  Кəсіподаққа  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  сəйкес  қорғалатын  ақпараттарды 

қоспағанда,  кəсіподақ  мүшелерінің  құқығын  қорғаумен  байланысты 

мəселелер бойынша ақпарат ұсынады.

16.4.  Кəсіподақ  Жұмыс  берушілерді  сайланбалы  кəсіподақ 

органдарының мүшелері туралы хабардар етуі қажет.

16.5.  Негізгі  жұмысынан  босатылмаған  сайланбалы  кəсіподақ 

ұйымдарының  мүшелері  өздері  мүше  болып  табылатын  кəсіподақ 

органының  дəлелді  пікірінсіз  тəртіптік  жазаға  тартылмайды.  Негізгі 

жұмысынан  босатылмаған  кəсіподақ  ұйымының  басшысы  (төрағасы) 

жоғары  тұрған  кəсіподақ  органының  дəлелді  пікірінсіз  тəртіптік 

жауаптылыққа тартылмайды.

Кəсіподақ органының дəлелді пікірі жұмыс берушіге Жұмыс берушіден 

өтініш түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

16.6. Жұмыс берушінің бастамасымен негізгі жұмыстан босатылмаған 

сайланбалы  кəсіподақ  органдарының  мүшелерімен  еңбек  шартын  бұзуға 

заңды  тұлға  таратылатын  не  жұмыс  берушінің  қызметі  тоқтатылатын 

жағдайларды  қоспағанда,  осы  тұлғалар  мүшелері  болып  табылатын 

кəсі подақ  органының  дəлелді  пікірін  ескере  отырып,  еңбек  шартын 

бұзудың жалпы тəртібі сақталған кезде жол беріледі.

Негізгі  жұмысынан  босатылмаған  кəсіподақ  органының  басшысы 

(төраға),  заңды  тұлға  таратылатын  не  жұмыс  берушінің  қызметі 

тоқтатылатын  жағдайлардан  басқа  кезде,  жоғары  тұрған  кəсіподақ 

органының дəлелді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан 

босатылмайды.

Кəсіподақ органының жəне жоғары тұрған кəсіподақ органының дəлелді 

пікірі жұмыс берушіге мəлімдеме келіп түскен күннен бастап үш жұмыс 

күні ішінде ұсынылады.

16.7.  Жұмыс  берушінің  тəртіптік  жазаға  тарту  туралы  актісін 

шығарған  кезде  кəсіподақ  органының  дəлелді  пікірін  есепке  алу  жəне 




жүктеу 430,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау