Отраслевое соглашение



жүктеу 430,9 Kb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата23.11.2018
өлшемі430,9 Kb.
#23618
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ 2018-2020 

ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМІ

ОТРАСЛЕВОЕ СОГЛАШЕНИЕ

В  ХИМИЧЕСКОЙ  ОТРАСЛИ  

РЕСПУБЛИКИ  КАЗАХСТАН

НА  2018-2020  ГОДЫ

                                                                     



Астана қ.



3

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. 2018-2020 жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының 

химия  саласындағы  Салалық  келісімі  (бұдан  əрі – Келісім)  Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясына, 

Қазақстан 

Республикасының 

Еңбек  кодексіне  (бұдан  əрі – Кодекс)  жəне  Қазақстан  Республикасының 

басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілеріне,  Қазақстан  Республикасының 

«Кəсіподақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған 

Халықаралық  еңбек  ұйымының  Конвенцияларына  сəйкес  химия  саласы 

кəсіпорындарының  тұрақты  дамуы  мақсатында  əлеуметтік  əріптестік 

аясында жасалды.

1.2. Келісім Тараптары:

1) Уəкілетті мемлекеттік органның өкілетті өкілі:

-  Қазақстан  Республикасы  Инвестиция  жəне  даму  министрлігі 

(бұдан əрі – Министрлік);

2) жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері: 

-  Қазақстан  Республикасы  «Атамекен»  Ұлттық  кəсіпкерлер 

палатасы (бұдан əрі – Жұмыс беруші);

3) жұмысшылардың өкілетті өкілдері: 



- «Химия,  мұнайхимия  жəне  өндірістің  туыстас  салалары 

жұмыскерлерінің салалық кəсіптік одағы» ҚБ (бұдан əрі – Кəсіподақ).

1.3. Əлеуметтік əріптестік мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

1) əлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске 

асыру бойынша ұсыныстар жасау;

2)  əлеуметтік,  еңбек  қатынастарын  жəне  оларға  байланысты 

қатынастарды реттеудің тиімді механизмін қалыптастыру;

3)  тараптардың  мүдделерін  объективті  ескеру  негізінде  сала 

кəсіпорындарындағы  əлеуметтік  тұрақтылық  пен  қоғамдық  келісімді 

қамтамасыз ету;

4)  жұмыскерлердің  еңбек  саласындағы  құқықтарына  кепілдікті 

қамтамасыз ету, оларды əлеуметтік қорғау;

5) жұмыскерлердің біліктілігі мен кəсіби деңгейін арттыру;

6)  Тараптар  арасындағы  ымыраластыққа  қол  жеткізу  мақсатында 

əлеуметтік  əріптестіктің  барлық  деңгейлерінде  консультациялар  жəне 

келіссөздер жүргізу процесіне жəрдемдесу;

7) ұжымдық еңбек дауларының бейбіт түрде шешілуіне жəрдемдесу.

1.4. Келісім:

1) комиссиялардың қызметіне атқарушы билік органдары өкілдерінің, 

жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі;

2) тараптардың өкілеттілігі;

3) тепе-тең өкілдік ету;



4

4) тараптардың тең құқықтылығы;

5) тараптардың өзара жауаптылығы қағидаттарында жасалды.

1.5.  Келісімнің  күші  қолданыстағы  заңнамада  жəне  осы  Келісімде 

белгіленген тəртіппен жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге қолданылады.

Келісім осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын жұмыскерлер 

мен жұмыс берушілердің оған қосылуы үшін ашық.

1.6.  Ұйымның  ішкі  құжаттарында  жұмыскерлер  үшін  Келісімде 

көзделгендегіден неғұрлым қолайлы шарттар қарастырылса, жұмыскерлер 

үшін  ұйымның  ішкі  құжаттарының  неғұрлым  тиімді  шарттары 

қолданылады.

1.7. Келісімнің күші сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында 

тіркелген тиісті қызмет саласының ұйымдарына, мүліктің меншік иелері, 

құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акдионерлері шетел азаматтары 

немесе  шетелдік  қатысуы  бар  шетелдік  заңды  тұлғалар,  сондай-ақ, 

шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері болып табылатын 

ұйымдарға қолданылады.

1.8. Келісім ұжымдық шарттарды жасаған кезде келіссөздер үшін негіз 

болып  табылады,  олардың  мазмұны  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

заңнамасымен жəне Келісіммен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын 

нашарлатпауы тиіс.

1.9.  Келісімнің  қолданылу  мерзімі  ішінде  оған  əлеуметтік  əріптестік 

Тараптарының  келісімі  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілуі 

мүмкін,  олар  Келісімге  жеке  қосымша  ретінде  ресімделеді  жəне  оның 

ажырамас бөлігі болып табылады жəне жұмыскерлер назарына жеткізіледі.

1.10.  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексінің 404-бабында 

көзделген жағдайларды қоспағанда, Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде 

Тараптардың бір де бірінің өздері қабылдаған міндеттемелерді орындауды 

біржақты тəртіппен тоқтатуға құқығы жоқ.

1.11. Келісімнің қолданылу кезеңінде қабылданған жəне жұмыскерлердің 

жағдайын  жақсартатын  нормативтік  құқықтық  актілер  күшіне  енген 

сəттен  бастап  Келісімнің  тиісті  тармақтарының  қолданылуын  кеңейтеді. 

Егер  нормативтік  құқықтық  актілермен  жұмыскерлердің  жағдайы 

нашарлатылатын болса, осы Келісімнің шарттары қолданылады.

1.12.  Осы  Келісімде  мынадай  ұғымдар  мен  олардың  анықтамалары 

пайдаланылады:

1)  əлеуметтік  əріптестік – жұмыскерлер  (жұмыскерлердің  өкілдері), 

жұмыс  берушілер  (жұмыс  берушілердің  өкілдері),  мемлекеттік  органдар 

арасындағы  еңбек  қатынастарын  жəне  еңбек  қатынастарына  тікелей 

байланысты  өзге  де  қатынастарды  реттеу  мəселелері  бойынша  олардың 

мүдделерін  үйлестіруді  қамтамасыз  етуге  бағытталған  өзара  қатынастар 

жүйесі;



жүктеу 430,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау