Отраслевое соглашение



жүктеу 430,9 Kb.
Pdf просмотр
бет6/15
Дата23.11.2018
өлшемі430,9 Kb.
#23618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

17

бекітілген  тізімге  сəйкес  еңбек  жөніндегі  уəкілетті  орган  белгілеген 

тəртіпте  кадрлар  біліктілігін  арттыруды  жүзеге  асыратын  ұйымдарда  үш 

жылда  кем  дегенде  бір  рет  өнеркəсіптік  қауіпсіздік,  еңбек  қауіпсіздігі 

жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды жəне білімін тексеруді 

ұйымдастырады;

4) он сегіз жасқа толмаған жұм ыскерлердің олар үшін белгіленген шекті 

нормалардан асатын ауыр заттар тасуына жəне қозғалтуына жол бермейді; 

5)  кəсіби  ауруларды  тіркеуді,  еңбек  қызметіне  жəне  байланысты 

жазатайым оқиғаларды есепке алуды жəне талдауды жүзеге асырады;

6)  еңбек  жөніндегі  мемлекеттік  органға  жəне  еңбек  инспекциясы 

жөніндегі жергілікті органға, жұмыскерлердің өкілдеріне олардың жазбаша 

өтініштері  бойынша  қауіпсіздік  жағдайлары  мен  еңбекті  қорғаудың  жай-

күйіне мониторинг жасау үшін қажетті ақпаратты ұсынады;

7)  еңбек  қызметімен  байланысты  жазатайым  жағдайларды  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тəртіппен  тексеруді  жүзеге 

асырады;

8)  мемлекеттік  еңбек  инспекторларының  ұйғарымдары  мен 

қорытындыларын жəне Өндірістік кеңестің шешімдерін орындайды;

9) жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен оқтын-оқтын, бес жылда кем 

дегенде бір рет өндірістік объектілерді еңбек шарты бойынша аттестаттауды, 

еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган бекіткен қағидаларға сəйкес 

ұйымдастырады;

10)  аттестациялық  комиссия  құрамына  еңбек  қауіпсіздігі  мен  еңбек 

қорғау  қызметінің  жəне  өзге  де  бөлімшелердің  мамандарын,  сондай-ақ 

жұмыскерлердің өкілдерін енгізеді;

11)  еңбек  шарты  бойынша  өндірістік  объектілерді  аттестаттау 

нəтижелерін еңбек инспекциясы жөніндегі тиісті жергілікті органға бір ай 

мерзімде қағаз жəне электрондық көздерде ұсынады;

12) өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскерді 

жазатайым  жағдайлардан  міндетті  сақтандыру  үшін  еңбекті  қорғау 

жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға қажетті қаражат бөледі;

13)  табиғи  апатты,  авариялық  жағдайларды,  жазатайым  оқиғаларды, 

опат  болуды  жəне  мүліктің  бүлінуін  жəне  басқа  адамдарды  жарақаттау 

факторларының  əсерін  болдырмау  немесе  жою,  олардың  зардаптарын 

дереу жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдайды;

14)  еңбек  жөніндегі  уəкілетті  орган  белгілеген  тəртіппен  еңбек 

қауіпсіздігі  мен  еңбек  қорғау  жөніндегі  нұсқаулықты  əзірлеуді,  бекітуді 

жəне қайта қарауды жүзеге асырады;

15)  өз  жеке  қаражаты  есебінен  жұмыскердің  оқтын-оқтын  (өндірістік 

қызмет барысында) медициналық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етеді;

16)  келісіммен,  ұжымдық  шартпен,  Қазақстан  Республикасының 




18

заңнамасымен  көзделген  жағдайларда  еңбек  жағдайын  өзгерте  отырып 

жұмыскерді  басқа  жұмысқа  ауыстырған  кезде  не  кəсіби  ауру  белгілері 

көрініс  тапқан  кезде  жұмыскерлерді  ауысымға  дейінгі  жəне  кейінгі 

медициналық куəландырулар өткізеді; 

17)  қажет  болған  жағдайда  жұмыскердің  денсаулық  жағдайын,  оның 

еңбекке  уақытша  қабілетсіздігін  жəне  жұмысқа  кəсіби  жарамсыздығын 

анықтаған кезде, егер оны жалғастыру жұмыскердің өміріне, денсаулығына 

жəне  өзге  де  тұлғаларға  қауіп  төндірсе,  жұмыс  орнында  қосымша 

медициналық  куəландыру  жұмыс  уақытына  дейін  жəне  (немесе)  ол 

аяқталғаннан  кейін,  заңнамаға  сəйкес  медициналық  куəландыруды  талап 

ететін талап ететін кəсіп тізбесінен тыс жүргізеді;

18)  жұмыскер  міндетті  медициналық  қарап  тексеруден  өтуден  не 

ауысым  алдындағы  медициналық  куəландырудан  жалтарған  жағдайда, 

жұмыскерді  жұмыстан  шеттетеді,  ал  медициналық  қарсы  көрсетілімдер 

болса, оны еңбек міндеттерін орындауға жібермейді.

19) жұмыскерлердің, оның ішінде, жұмысқа жаңадан қабылданғандардың 

назарына  еңбек  пен  демалыстың  белгіленген  режимін,  еңбек  шартының 

жай-күйі  туралы  нақты  ақпаратты  жеткізеді,  зияндылық  пен  қауіптілік 

деңгейі, денсаулық үшін ықтимал жағымсыз салдары туралы ескертеді;

20)  еңбек  жағдайының  сипаттамаларын,  еңбек  жағдайларындағы 

ауыр  жұмыс  жəне  зиянды  немесе  қауіпті  жұмыс  үшін  өтемақылар  мен 

жеңілдіктерді жұмыскерлермен жасалатын еңбек шарттарында, сондай-ақ, 

жұмыс берушінің актілерінде көрсетеді;

21)  жұмыстың  жеке  түрлерінде  жұмыскерлерге  технологиядан  жəне 

өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудан туындайтын ауысым ішілік үзілістер 

ұсынылады,  ол  жұмыс  уақытына  кіреді.Бұл  жұмыстардың  түрлерін, 

ұзақтығы  мен  ондай  үзілістерді  ұсыну  тəртібін  ұжымдық  шарт  немесе 

жұмыс берушінің актісі айқындайды;

22)  жылдың  суық  немесе  ыстық  мезгілінде  ашық  аспан  астында, 

жылытылмайтын 

жабық 


үй-жайларда, 

сондай-ақ, 

тиеу-түсіру 

жұмыстарында  істейтін  жұмыскерлерге  жылыну  не  тер  басу  мен  демалу 

үшін  арнайы  үзілістер  ұсынады,  ол  жұмыс  уақытына  кіреді  жəне 

жұмыскерлердің  жылынуы,  тер  басуы  мен  демалуы  үшін  үй-жайлардың 

жабдықталуын қамтамасыз етеді;

23) айтарлықтай қауіптілік пен тəуекелді бағалауды жүргізеді, оларды 

барынша азайту жөнінде шаралар қолданады;

24)  қарап  тексерулерден  өтуге  тиіс  жұмыскерлердің  ұжымдық 

шарттарда жəне (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген талаптар 

мен тəртіпте міндетті профилактикалық медициналық қарап тексерулерден 

(скринингтерден) өтуі үшін жағдай жасайды;

25) жұмыскердің өндірістік жарақат алуына, кəсіби ауруына байланысты 




19

немесе  еңбек  міндеттерін  орындаумен  байланысты,  денсаулығына 

келтірілген өзге де зақымға байланысты немесе денсаулығына келтірілген 

өндіріспен  байланысты  емес  зақымға  байланысты  медициналық 

қорытынды  негізінде  жұмыс  беруші  жұмыскердің  еңбекке  қабілеттілігі 

қалпына келгенге немесе оған мүгедектік белгіленгенге дейін оны уақытша 

неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырады, не еңбек, ұжымдық шарттарында 

айтылған талаптарға орай жұмыстан босатады.

12.3. Кəсіподақ жəне оның сайланбалы органы:

1) еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттың жəне 

кəсіби  аурулардың  алдын  алу  бойынша,  сондай-ақ  жұмыс  орындарында 

еңбек жағдайларына жəне еңбектің қорғалуына тексеру жүргізу бойынша 

жұмыс берушілермен бірлескен іс-қимылды ұйымдастырады; 

2)  жұмыскерлер  арасында  өз  құқығын  талап  ету  жəне  еңбекті  қорғау 

саласында өздерінің міндеттерін орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын 

жүргізеді;

3)  осы  Келісімнің,  ұжымдық  шарттардың  орындалуына  тексеру 

жүргізуді, еңбек жағдайларын жəне еңбек қорғауды жақсарту, жазатайым 

оқиғалардың,  кəсіби  аурулардың,  қауіпті  өндірістік  объектілердегі 

авариялардың 

себептерін 

жою 


бойынша 

іс-шаралар 

өткізуді 

ұйымдастырады;

4)  өндірістегі  еңбек  пен  тұрмысты  үздік  ұйымдастырғаны  үшін 

Республикалық  қоғамдық  байқау-конкурс  өткізуді,  ұйымдарда  еңбек 

жағдайын  жақсарту  бойынша  түрлі  салалық  жəне  өңірлік  конкурстарды 

ұйымдастырады жəне оған қатысады;

5)  осы  Келісім  шеңберінде  мемлекеттік  бақылау  мен  қадағалау 

органдарымен,  еңбекті,  денсаулықты,  өнеркəсіптік  қауіпсіздікті  қорғау 

мəселелері бойынша жұмыс берушілермен өзара əрекетті жүзеге асырады;

6)  еңбек  қауіпсіздігі  жəне  еңбекті  қорғау  жөніндегі  Өндірістік 

кеңес  құрамында  еңбек  қауіпсіздігі  жəне  еңбекті  қорғау  бойынша  ішкі 

бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды, жарақатты, 

кəсіби ауруларды тексеруге қатысады, талдау жасайды, олардың деңгейін 

төмендету бойынша іс-шаралар əзірлеуге қатысады, олардың орындалуын 

бақылайды;

7) Кəсіподақ мүшелеріне еңбектің қауіпсіз жəне салауатты жағдайларына 

арналған  өз  құқықтарын  қорғауға,  ерекше  жағдайлардағы  жұмысы 

үшін  өтемақы  алуына  практикалық  көмек  көрсетеді,  мемлекеттік  билік 

органдарында,  сотта,  өзге  де  құқық  қорғау  жəне  бақылаушы  органдарда, 

келісу комиссияларында олардың мүдделерін білдіреді;

12.4.  Министрлік  Жұмыс  берушілермен  жəне  кəсіподақпен  бірлесіп, 

еңбек заңнамасын қолдану мəселелерін талқылауға қатысады.




жүктеу 430,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау