14
соққан өндірістің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер
көлемінің төмендеуі себепті еңбек шартын бұзу туралы 15 жұмыс күні
ішінде;
3) ұйым таратылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған
жағдайларда еңбек шартын бұзу туралы ең кемі бір ай бұрын жазбаша
түрде хабарлайды.
8.2. Кəсіподақтар:
1) халықтың жұмысқа қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-
шараларды жүзеге асыруға;
2) азаматтардың еңбек жəне əлеуметтік құқықтары мен мүдделерін,
оның ішінде халықты жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі құқықтары
мен мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына
сəйкес өзге де құқықтарын қозғайтын халықты жұмыспен қамту мəселелері
жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді əзірлеуге қатысады.
ІХ. ГЕНДЕРЛІК ЖƏНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ
9.1. Тараптар ұжымдық шарттарда мынадай талаптарды:
1) Кодекстің 52-бабының 1-тармағының 2 жəне 3-тармақшаларында
көзделген негіздемелер бойынша, жұмыс берушіге жүктілігі туралы
анықтама ұсынған жүкті əйелдермен, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы
бар əйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі
мүгедек бала) тəрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, көрсетілген
санаттағы анасыз баланы тəрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен жұмыс
берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол бермеуді;
Компанияның қызметі тоқтатылған жағдайды қоспағанда, бір отбасының
2 (екі) жұмыскерін (зайыбын, жұбайын) қысқартуға жол бермеуді;
2) зиянды жəне (немесе) қауіпті, ауыр еңбек жағдайындағы жұмыстарда
істейтін əйелдерге ондай мүмкіндік жəне бос орындар болған жағдайда
өзге мамандықты таңдау мүмкіндігін ұсынуды;
3) үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар жүкті əйелдің (немесе ата-
аналардың (асырап алушы) бір еуінің) жазбаша өтініші бойынша толық
емес жұмыс уақытын белгілеуді;
4) медициналық қорытынды болған жағдайда жүкті əйелді зиянды жəне
(немесе) қауіпті өндірістік факторлар əсерін болдырмайтын басқа жұмысқа
орташа еңбекақыны сақтай отырып ауыстыруды;
5) үш жəне одан да көп баласы бар əйелдерге жазғы немесе олар үшін
кез келген қолайлы уақытта ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына
басымдық құқығын беруді қарастыру қажет деп санайды.
9.2. Тараптар жұмыс істейтін жастарға қатысты мынадай бірлескен
қызметті басым бағыттар деп есептейді:
15
1) білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің оқу орталықтарында
жұмыс берушілердің өтінімі бойынша еңбек нарығының қажеттіліктерін
есепке ала отырьш, кəсіби оқытуды жүргізу;
2) халықты жұмыспен қамту орталығы, оқытушы ұйым, жұмыс беруші
жəне оқитын ұйым арасында тиісті əлеуметтік келісімшарт жасау.
Х. САЛАЛЫҚ БІЛІКТІЛІК ШЕҢБЕРІН БЕКІТУ ТƏРТІБІ
10.1. Кодекстің 117-бабының 4-тармағына сəйкес Салалық комиссия
Қазақстан Республикасының химия саласындағы салалық біліктілік
шеңберін (бұдан əрі – СБШ) қарастырады жəне бекітеді.
10.2. СБШ 8 (сегіз) біліктілік деңгейінен тұратын Ұлттық біліктілік
шеңбері (бұдан əрі – ҰБШ) негізінде əзірленеді, бұл Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» Заңымен
айқындалған білім беру деңгейі мен біліктіліктің Еуропалық шеңберіне
сəйкес келеді.
10.3. СБШ жұмыскерлердің құзыреттілігі, қабілеті, дағдысы мен біліміне
талаптардың үздіксіздігі, сабақтастығы жəне дəйектілігі қағидаттарына
(біліктілік деңгейін ұлғайту дəрежесі бойынша кəсіби қызмет саласы мен
еңбек қызметінің түріне байланысты) сəйкес əзірленеді.
10.4. СБШ Ұлттық шеңбер құрылымына сəйкес ресімделген негіздемелік
конструкцияны білдіреді. СБШ орындалатын жұмыс күрделілігі мен
қолданылатын білім, қабілет пен құзыреттілік сипатына байланысты деңгей
бойынша маманның біліктілігін салалардағы талаптарды жіктейді. СБШ
кəсібилікке жəне жеке бастың құзыретіне, білімге, қаб ілет пен дағдыларға
талаптарды нақтыланған құрылымдық сипаттаудан тұрады.
10.5. Əзірлеуші СБШ-ны бекіткен соң Салалық комиссия СБШ-ның
бір данасын (хаттамаларды қоса тіркей отырып) 5 жұмыс күні ішінде
қызметтің тиісті саласының мемлекеттік органына жібереді. СБШ данасы
мемлекеттік жəне орыс тілдерінде, қағаз жəне электрондық көздерде
ұсынылуға тиіс.
ХІ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК КЕҢЕСТІ ҚҰРУ ЖƏНЕ
ОНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТƏРТІБІ
11.1. Жұмыс берушінің бастамасымен жəне (немесе) жұмыскерлердің
не олардың өкілдерінің бастамасымен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбек қорғау
(бұдан əрі – Өндірістік кеңес) жөніндегі Өндірістік кеңес құрылады. Оның
құрамына басымдылық негізінде Жұмыс берушінің өкілдері, еңбектің
техникалық инспекторларын қоса алғанда, жұмысшылардың өкілдері кіреді.
16
11.2. Өндірістік кеңес құрамы Жұмыс берушінің жəне жұмысшылар
өкілдерінің бірлескен шешімімен бекітіледі.
11.3. Өндірістік кеңесті екі жыл мерзімге ротациялық негізде Жұмыс
берушінің жəне жұмыскерлердің өкілдері қатарынан кеңес мүшелері
таңдаған төраға басқарады.
Өндірістік кеңес шешімі Жұмыс беруші мен жұмыскерлер үшін міндетті
болып табылады.
11.4. Өндірістік кеңес еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз
ету, өндірістік жарақат пен кəсіби аурулардың алдын алу жөніндегі
бірлескен іс-қимылды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбектің техникалық
инспекторларының жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбектің
қорғалуына тексеру жүргізуін ұйымдастырады. Еңбекті қорғау жөніндегі
техникалық инспекторлардың кандидатурасын кəсіподақ ұйымы ұсынады,
ал ол болмаған жағдайда – жұмыскерлердің кем дегенде үштен екісі
қатысқан жалпы жиналыста жұмыскерлер ұйымының қатарынан көпшілік
дауыспен ұсынылады.
11.5. Еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың
кандидатуралары Өндірістік кеңес шешімімен бекітіледі. Еңбек қорғау
жөніндегі техникалық инспекторлардың мəртебесі, құқығы мен міндеттері,
сондай-ақ олардың бақылауды жүзеге асыру тəртібі Өндірістік кеңес
шешімімен айқындалады.
11.6. Сала ұйымдарындағы Өндірістік кеңес пен еңбекті қорғау бойынша
инспекторлардың қызметі «Сала ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау бойынша Өндірістік кеңес туралы», «Сала ұйымдарындағы
еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар туралы» үлгілік
ережелерге сəйкес жүзеге асады (№2,3 Қосымшалар).
ХІІ. ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ЖƏНЕ
ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
12.1. Келісім Тараптары жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын
сақтауды сала ұйымдарындағы еңбек қорғау саласындағы саясаттың басты
бағыты ретінде мойындайды жəне өзіне мынадай міндеттер жүктейді.
12.2. Жұмыс берушілер:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, өзге де
нормативтік құқықтық актілерге жəне осы Келісімге сəйкес жұмыскерлердің
қауіпсіз жағдайларын жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз етеді;
2) жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің кез келген
тəуекелдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды:
3) басшылық ететін жұмыскерлер мен еңбек қауіпсіздігін жəне еңбек
қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды Жұмыс берушінің актісімен
Достарыңызбен бөлісу: |