Отраслевое соглашение



жүктеу 430,9 Kb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата23.11.2018
өлшемі430,9 Kb.
#23618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5

2)  салалық  комиссия – Тараптар  орындауға  міндетті  болатын  тиісті 

шешімдермен  ресімделетін  консультациялар  мен  келіссөздер  жүргізу 

арқылы  əлеуметтік  əріптестік  тараптарының  мүдделерін  келісуді 

қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс істейтін орган;

3)  салалық  келісім – салалық  кəсіпорындар  жұмыскерлері  үшін 

еңбек  жағдайларын,  жұмыспен  қамтуды  жəне  əлеуметтік  кепілдіктерді 

белгілеу  жөніндегі  міндеттемелерді  айқындайтын,  əлеуметтік  əріптестік 

Тараптарының  арасында  жасалатын  жазбаша  келісім  нысанындағы 

құқықтық акт;

4)  ұжымдық  шарт – өздерінің  өкілдері  арқылы  жұмыскерлер  мен 

жұмыс  берушілердің  арасында  жасалатын,  ұйымдағы  əлеуметтік-еңбек 

қатынастарын  реттейтін  жазбаша  келісім  нысанындағы  құқықтық  акт. 

Ұжымдық шарт шетелдік заңды тұлғалардың ұйымдарында да, сондай-ақ 

филиалдары мен өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық 

шарттың болуына жол беріледі;

5)  еңбек  шарты – жұмыскер  мен  жұмыс  берушінің  арасындағы 

жазбаша  келісім,  оған  сəйкес  жұмыскер  белгілі  бір  жұмысты  (еңбек 

функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тəртібін сақтауға міндеттенеді, ал 

жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс 

беруге, Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан 

Республикасының  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерінде,  ұжымдық 

шартта,  жұмыс  берушінің  актілерінде  көзделген  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  етуге,  жұмыскерге  уақтылы  жəне  толық  мөлшерде  жалақы 

төлеуге міндеттенеді;

6) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын жəне 

еңбек  шарты  бойынша  жұмысты  тікелей  орындайтын  жеке  тұлға,  оның 

ішінде шетелдік тұлға жəне азаматтығы жоқ адам;

7)  жұмыс  беруші – жұмыскер  еңбек  қатынастарында  болатын  жеке 

немесе заңды тұлға;

8) жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары жəне (немесе) 

сенімхат  негізінде  жұмыс  берушінің  немесе  жұмыс  берушілер  тобының 

мүдделерін  білдіруге  уəкілеттік  берілген  жеке  жəне  (немесе)  заңды 

тұлғалар;

9)  жұмыскерлердің  өкілдері – кəсіптік  одақтардың,  олардың 

филиалдарының,  бастауыш  ұйымдарының,  жергілікті  кəсіподақтардың 

жəне  олардың  бірлестіктерінің  органдары,  ал  олар  болмаған 

кезде  жұмыскерлердің  жалпы  жиналысында  (конференциясында) 

жұмыскерлердің  (конференция  делегаттарының)  кемінде  үштен  екісі 

қатысқан  кезде  қатысушылардың  көпшілік  дауысымен  сайланған  жəне 

уəкілеттік берілген сайланбалы өкілдер;

10)  татуластыру  комиссиясы – ұжымдық  еңбек  дауын  Тараптарды 




6

татуластыру арқылы реттеу үшін жұмыс беруші мен жұмыскерлер (олардың 

өкілдері) арасындағы келісім бойынша құрылатын орган;

11)  татуластыру  рəсімдері – ұжымдық  еңбек  дауын  бастапқыда 

татуластыру  комиссиясында,  ал  онда  келісімге  қол  жеткізілмеген  кезде 

–  еңбек  төрелігінде,  сондай-ақ  медиация  рəсімін  қолдана  отырып, 

Тараптардың өзара келісуі бойынша дəйектілікпен қарау;

12)  еңбек  дауы  (жанжал) – Қазақстан  Республикасының  еңбек 

заңнамасының  нормаларын  қолдану,  салалық  келісімді,  еңбек,  ұжымдық 

шарттарды, жұмыс берушінің актілерін орындау немесе өзгерту бойынша 

жұмыскер  (жұмыскерлер)  мен  жұмыс  берушінің  (жұмыс  берушілердің) 

арасындағы келіспеушіліктер;

13)  еңбек  төрелігі – татуластыру  комиссиясында  келісімге  қол 

жеткізілмеген  кезде,  еңбек  дауын  шешу  үшін  уəкілетті  адамдарды  тарта 

отырып,  ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  құратын,  уақытша  жұмыс 

істейтін орган.



ІІ. ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН 

МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

2.1. Тараптар:

1) осы Келісімнің 1.3-тармағында көзделген қағидаттарды басшылыққа 

алуға;


2)  саланың  экономикалық  жəне  əлеуметтік  даму  мəселелерін  шешкен 

кезде тепе-тең негізде ынтымақтасуға;

3) мемлекеттік басқару органдарында, соттарда жұмыскерлердің еңбек, 

əлеуметтік  жəне  солармен  байланысты  экономикалық  құқықтары  мен 

мүдделерін  қорғау  мəселелері  бойынша  сөз  сөйлеуге,  тиісті  нормативтік 

құқықтық актілер, келісімдер, бағдарламалар, ұсыныстар əзірлеуге қатысуға;

4)  коммерциялық  құпияны  кұрайтын  ақпаратты  қорғау  туралы 

азаматтық  жəне  кəсіпкерлік  заңнаманың,  сондай-ақ  жұмы с  берушілердің 

қызметтік  жəне  коммерциялық  құпияның  сақталуын  қамтамасыз  ететін 

актілерінің талаптарын сақтай отырып, əлеуметтік-экономикалық сипатта 

сұрау салынған мəселелер бойынша бір-біріне толық əрі уақытылы ақпарат 

ұсынуға;


5)  жұмыскерлерге  жəне  олардың  отбастарына  заңнамада  жəне 

осы  Келісімде  белгіленген  əлеуметтік  кепілдіктер  мен  жеңілдіктердің 

орындалуын қамтамасыз етуге жəне ұжымдық шарт жасасқан кезде жұмыс 

берушілер мен жұмыскерлердің осы кепілдіктер мен жеңілдіктер тізбесін 

кеңейту құқықтарын шектемеуге;

6)  еңбек  жанжалдарын  шешкен  кезде  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасын  мүлтіксіз  сақтау,  əлеуметтік  жауапкершілік,  өзара  құрмет 



7

қағидаларын басшылыққа алуға; ұжымдық еңбек дауларының туындауына 

əкеп соғуы мүмкін себептер мен жайларды болдырмау жөнінде алдын алу 

шараларын қабылдауға келісті.

2.2. Жұмыс берушілер:

1)  осы  Келісімнің  ұйымдарда  іске  асырылуына  жағдай  жасайды, 

ұсыныстарды қарайды, келіссөздер, консультациялар жүргізеді жəне ұйым 

жұмыскерлерімен,  олардың  өкілдері – тиісті  Кəсіподақ  ұйымы  арқылы 

ұжымдық  шарттар  жасайды  жəне  Кодексте  көзделген  тəртіппен  жəне 

шарттармен өзге де міндеттерді орындайды;

2)  жаңа  қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдаған  кезде  осы  Келісімнің 

қолданылатыны  туралы  хабарлайды,  оларды  ұжымдық  шартпен  жəне 

оның қосымшаларымен, олардың қолданылу тəртібімен, сондай-ақ, жұмыс 

берушінің  олардың  əлеуметтік-еңбек  құқықтары  мен  функционалдық 

міндеттеріне қатысы бар актілерімен таныстырады;

3)  еңбек  қауіпсіздігі  жəне  еңбек  қорғау  бойынша  Өндірістік  кеңес 

құрамында Кəсіподақпен бірге еңбек қорғау талаптарын қамтамасыз ету, 

өндірістік жарақаттану мен кəсіби аурулардың алдын алу, сондай-ақ жұмыс 

орындарында  еңбек  қорғау  істеріне  жəне  еңбек  жағдайларына  тексеріс 

жүргізу бойынша бірлескен əрекеттерді жүзеге асырады.

2.3. Кəсіподақ:

1)  өндірістің  тиімділігін  арттыруға,  өнім  сапасын  жақсартуға,  сала 

ұйымдарындағы еңбек өнімділігін арттыруға жəрдемдеседі;

2)  жұмыскерлердің  ішкі  еңбек  тəртіптемесі  мен  еңбек  тəртібі 

қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбек қорғау қағидаларын сақтауы, 

еңбекақы  төлеудің  қолданыстағы  жүйелерін  түсіндіру  мəселелерінде 

жұмыс  берушілерге  жəрдемдеседі  жəне  олармен  тұрақты  əлеуметтік 

диалог негізінде қарым-қатынас жасайды;

3)  сала  ұйымдарында  еңбек  заңнамасының  сақталуына  Келісімде 

бекітілген  тəртіппен  жəне  шарттармен  қоғамдық  бақылауды  жүзеге 

асырады;

4)  еңбек  қауіпсіздігі  жəне  еңбек  қорғау  жөніндегі  Өндірістік  кеңес 

құрамында  жұмыс  берушімен  бірлесіп  еңбек  қорғау,  өнеркəсіптік  жəне 

өрт  қауіпсіздігі  талаптарын  қамтамасыз  ету,  өндірістік  жарақаттың  жəне 

кəсіби  аурулардың  алдын  алу  жөніндегі,  сондай-ақ  жұмыс  орындарында 

еңбек  қорғау  істеріне  жəне  еңбек  жағдайларына  тексеріс  жүргізу 

жөніндегі  əрекетті  жүзеге  асырады,  еңбек  қорғау  жөніндегі  техникалық 

инспекторларын оқытады жəне жұмыстарын жетілдіреді;

5) Келісімнің қолданылу кезеңінде жұмыс беруші Келісім бойынша өзі 

қабылдаған  міндеттемелерді  орындаған  жағдайда  еңбек  жанжалдарына, 

ереуілдерге  жəне  жұмыстардың  тоқтатылуына  (тоқтатыла  тұруына)  жол 

бермеу шараларын қабылдайды;




жүктеу 430,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау