Открытое акционерное общество "российские железные дороги"


Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне



жүктеу 0,9 Mb.
бет2/5
Дата26.05.2018
өлшемі0,9 Mb.
#17867
1   2   3   4   5

7. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне

байланысты құжаттарды беру
69. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек қатынастарының тоқтағаны туралы жазу жазылған еңбек кітапшасын немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге құжатты беруге міндетті.

Егер еңбек шарты тоқтатылған күні жұмыстан босатылатын қызметкердің еңбек кітапшасын алудан бас тартуына немесе жалтаруына байланысты оған еңбек кітапшасын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, персоналды басқару жөніндегі қызмет жұмыстан босатылған қызметкерге еңбек кітапшасын алу үшін келу қажеттілігі немесе оны почта арқылы жолдауға келісімін беруі туралы хабарлама жолдайды.

Жұмыс беруші хабарлама жолданған күннен бастап жұмыстан босатылған қызметкердің еңбек кітапшасын талап етілгенге дейін сақтайды.

70. Жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын (біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген басқа да құжаттарды беруге міндетті.



Таратылған, банкроттыққа ұшыраған кезде жұмыс беруші қызметкердің алдында берешегі болса, еңбекақы және жұмыстан босатылған қызметкерге жұмыс беруші төлейтін өзге де сомалар бойынша жинақталған берешектің мөлшері туралы тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті.

Жұмыс туралы анықтама берген кезде персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері анықтама беруді тіркейтін журналға жазба енгізеді. Журнал нөмірленуі, жіппен қайымдалуы, мөрмен расталуы тиіс.




8. Басқа жұмысқа ауысуды, орын ауыстыруды ресімдеу тәртібі
71. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру, орын ауыстыру:

1) персоналды пайдалану тиімділігін арттыру;

2) белгілі жұмыс орындарына сыртқы көздерді тартпай-ақ, қызметкерлерге деген қажеттілікті жабу;

3) жұмыс берушінің де, қызметкердің де мүдделеріне сай жұмыс үдерісін құрылымдауды жүзеге асыру мақсатында іске асырылады.

72. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп:

1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша жұмысты орындауы;

2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (еңбекақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру;

3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру (Қоғамның орталық аппаратынан Қоғамның филиалына ауыстыру немесе керісінше, Қоғамның орталық аппаратының бір құрылымдық бөлімшесінен Қоғамның орталық аппаратының екінші құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, Қоғамның бір филиалынан Қоғамның екінші филиалына ауыстыру, Қоғам филиалының бір бөлімшесінен Қоғам филиалының екінші бөлімшесіне ауыстыру);

4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі.

73. Қызметкерді сол жергілікті жердегі басқа жұмыс орнына, Қоғамның сол жергілікті жердегі басқа құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыру, егер бұл осы Нұсқаулықтың 72-тармағында көзделген өзгерістерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды.

Қызметкерді орын ауыстыру, уақытша ауыстыру кезінде еңбек шартына өзгерістер енгізілмейді және орын ауыстыруға, уақытша ауыстыруға қызметкердің келісімі талап етілмейді. Аталған орын ауыстырулар және уақытша ауыстыру орын ауыстырудың, уақытша ауыстырудың нақты күні көрсетіле отырып, орын ауыстыру, уақытша ауыстыру туралы бұйрықтармен ресімделеді, олар қызметкердің мағлұматына қолы қойыла отырып жеткізіледі.

74. Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленген жағдайларда қызметкерді басқа жұмысқа конкурс нәтижелері бойынша ауыстыру жүзеге асырылады.

Қызметкерді ауыстыру қызметкерді конкурс нәтижелері бойынша ауыстыру жағдайларын есепке алмағанда, құрылымдық бөлімше басшысының ұсынымына (Нұсқаулыққа 5-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.

75. Қызметкерді ауыстыру кезінде кадрларды объективті іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында персоналды басқару жөніндегі қызмет қызметкер ауысатын лауазымға қызметкердің лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына (Нұсқаулыққа 6-қосымша) сәйкестігі туралы қорытынды береді, қызметкерді конкурс нәтижелері бойынша ауыстыру жағдайларын есепке алмағанда.

76. Еңбек шартына қосымша келісім негізінде бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық шығарылады, ол қолы қойыла отырып, қызметкердің мағлұматына жеткізіледі.

Қызметкерді Қоғамның орталық аппаратынан Қоғам филиалына ауыстыру туралы бұйрық Қоғамның орталық аппаратының персоналды басқару жөніндегі қызметінің жауапты қызметкерімен әзірленеді.

Қызметкерді Қоғам филиалынан Қоғамның орталық аппаратына, Қоғамның басқа филиалына ауыстыру туралы бұйрық қызметкер ауысатын құрылымдық бөлімшенің персоналды басқару жөніндегі қызметінің жауапты қызметкерімен әзірленеді.

77. Қызметкерді Қоғамның орталық аппаратынан Қоғамның филиалына немесе керісінше, Қоғамның бір филиалынан Қоғамның екінші филиалына ауыстырған кезде персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері (қызметкер ауысатын құрылымдық бөлімшенің) кету қағазын (Нұсқаулыққа 7-қосымша) және табыстама парағын (Нұсқаулыққа 8-қосымша) жасайды, олар қызметкерге беріледі.

78. Табыстама парағында:

1) қызметкер одан ауысатын құрылымдық бөлімшенің атауы;

2) ауысатын қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;

3) қызметкердің лауазымы;

4) қызметкер оған ауысатын құрылымдық бөлімшенің атауы;

5) ауысудың негізі (ауыстыру туралы бұйрықтың және/ немесе қосымша келісімнің күні және нөмірі);

6) қызметкердің еңбекақысы туралы мәліметтер (қызметкерге еңбекақы төленген күнгі жағдай бойынша; айлық мөлшері, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін айлықтағы % және аудандық коэффициент үшін айлықтағы %);

7) демалыс күндерінің саны және төлемдер және/немесе өтемақылар жүргізілмеген демалыс кезеңі туралы мәліметтер;

8) персоналды басқару жөніндегі қызметтің уәкілетті қызметкерінің лауазымы, оның қолы мен табыстама парағы берілген күні көрсетіледі.

79. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстырған кезде бөлімше басшысы оны осы Нұсқаулықтың 30-тармағында көрсетілген құжаттармен және ақпаратпен таныстыруға міндетті.

Қызметкерді ауыстырған кезде оның жеке ісі Қоғамның персоналды басқару жөніндегі бір қызметінен Қоғамның персоналды басқару жөніндегі екінші қызметіне қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсырылады.
9. Демалыстарды ресімдеу тәртібі
80. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары және әлеуметтік демалыстар беріледі.

81. Қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі, егер артық күндер саны өзге нормативтік актілермен, еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен көзделмесе.

82. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 102-бабына сәйкес:

1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге - ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн;



2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге - ұзақтығы кемінде күнтізбелік 15 күн;

3) қызметкерлердің өзге санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда;

4) қызметкерлердің өзге санаттарына еңбек шартында және/немесе ұжымдық шартта белгіленген жағдайларда (үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатында) беріледі.

83. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкерге әрбір жұмыс жылы үшін беріледі.

Жұмыс жылы қызметкердің Қоғамда істеуінің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды құрайды. Әрбір қызметкерге жұмыс жылы дара болады және Қоғамға жұмысқа орналасқан күнінен бастап дербес есептеледі. Мысалы, егер қызметкер еңбек шарты бойынша жұмысқа 2007 жылдың 7 қаңтарынан бастап кіріссе, бірінші жұмыс жылы 2007 жылғы 7 қаңтардан бастап 2008 жылғы 6 қаңтар бойынша есептелуі тиіс. Қызметкердің келесі жұмыс жылдарын да осы тәртіппен есептеу керек. Мысалы, 2008 жылғы 7 қаңтардан бастап 2009 жылғы 6 қаңтар бойынша және әрі қарай.

84. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы күнтізбелік күндермен есептеледі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының күнтізбелік күндерінің жалпы санын есептегенде, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыс күндері (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы 2-тармағы) ескеріледі (қосылады).



Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептегенде мереке күндері демалыс күндерінің санына қосылмайды.

Жұмыс істемейтін күндер демалыс күндерінің санына қосылады. Егер қолданылатын ауысым графигіне сәйкес еңбек демалысының соңы демалыс күндеріне келсе, қызметкер қолданылатын ауысым графигіне сәйкес өзінің бірінші жұмыс күнінде жұмысына кірісуі тиіс.

85. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы белгілі кезең ішінде істеген жұмысы – осыған құқық беретін еңбек өтілі үшін беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге арналған құқықты алу үшін еңбек өтілі айлармен есептелуі керек және дөңгелектенген (бүтін) бірліктерде көрсетілуі тиіс. Мысалы, егер қызметкер жұмыс жылында 8 ай және 1 күн (немесе 8 ай 2 күн немесе 8 ай 14 күн) жұмыс істесе, онда демалысты алуға құқық беретін еңбек өтілі 8 айды құрауы тиіс. Егер қызметкер жұмыс жылында 8 ай және 15 күн (немесе 8 ай 16 күн немесе 8 ай 29 күн) ішінде жұмыс істесе, онда демалыс алуға құқық беретін еңбек өтілі 9 айды құрауы тиіс.

86. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқық беретін еңбек өтіліне:

1) нақты жұмыс істеген уақыты;

2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) және еңбекақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт. Мысалы, қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыты келесі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтіліне кіреді;

3) қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;

4) қалпына келу алдында қызметкер нақты жұмыс істемеген уақыт.

87. Еңбек өтілінің кезеңі (жұмыс істелінген айлар саны) белгіленгеннен кейін есептік кезең белгіленуі тиіс.

Ұзақтығы 12 күнтізбелік ай жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру үшін есептік кезең болып табылады.

Егер қызметкер жұмыс берушіде 12 күнтізбелік айдан кем жұмыс істесе, онда жұмыс істеген уақыт есептік кезең болып табылады.

88. Еңбек өтілінің кезеңі (жұмыс істелінген айлар саны) және есептік кезең белгіленгеннен кейін қызметкердің еңбек өтілінің әрбір айына келетін күнтізбелік күндердің саны белгіленген болуы тиіс.

Мысалы, қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы еңбек шартының шарттары бойынша 30 күнтізбелік күнді құраса, онда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының күнтізбелік күндерінің саны осы қызметкердің жұмыс істеген әрбір айы үшін 2,5 күнді (демалыстың 30 күні/12 ай) құрайды. Яғни, егер қызметкер жұмыс жылында 9 ай (еңбек өтілі) жұмыс істесе, онда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының периоды 23 күнтізбелік күнді құрайды (2,5 күн х 9 ай). Сондықтан қызметкердің 30 күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуы үшін оның жұмыс жылындағы еңбек өтілі 12 айды құрауы тиіс.

89. Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы, соның ішінде басқа мерзімге ауыстыру арқылы бермеуге тыйым салынады (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 108-бабының 3-тармағы).

90. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға барлық санаттағы қызметкерлер: сынақ мерзімімен алынған, уақытша, маусымдық, қосымша жұмысқа алынғандар, жұмысты ұйымдастырудың вахталық әдісімен, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтіндер құқылы (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 80-бабының 3-тармағы).

Қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын еңбек шарты басталған күннен бастап алуға құқылы.

91. Қызметкердің жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алу құқығы келесі нұсқаларда іске асырылады:

1) демалыс кестесінде белгіленген кезек бойынша;

2) демалыс кестесінен бөлек тараптардың келісімі бойынша.

92. Қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ресімдеу рәсімінің бірізділігі:

1) демалыс графигін құрастыруға дайындық;

2) Нұсқаулыққа 9-қосымшада көрсетілген нысан бойынша демалыс кестесін құрастыру және бекіту;

3) қызметкерлердің назарына бекітілген демалыс графигін жеткізу;

4) демалыс туралы бұйрықты жасау және ресімдеу;

5) демалыс беру туралы бұйрықтың шығуы туралы жазбаны Т-2 жеке карточкасына енгізу;

93. Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын қызметкерлердің өтініштерінде көрсетілген уақытта:

1) тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылғы еңбек демалысына қосылған қызметкерлерге (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 108-бабының 2-тармағы);

2) әйелдерге - жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 192-бабы);

3) қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге негізгі жұмысы бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бір мезгілде (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 199-бабының 1-тармағы);

4) әскери қызметшілердің жұбайларына – әскери қызметшілердің кезекті жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бір уақытта («Әскери қызметшілер мен олардың отбасының мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы №1901-ХІІ Заңының 9-бабы) беруі тиіс.

94. Демалыс графиктері бір күнтізбелік жылға келесі тәртіп бойынша:

1) Қоғамның орталық аппаратында - әрбір құрылымдық бөлімше (дирекция, департамент, дербес басқарма) үшін жеке-жеке;

2) Қоғамның филиалында – Қоғам филиалының әрбір бөлімшесі (департамент, дербес басқарма, бөлім, сектор) үшін жеке-жеке жасалады.

95. Қоғамның орталық аппаратында демалыс графиктерін құрылымдық бөлімшелердің жауапты қызметкерлері жасайды.

Қоғамның филиалында демалыс графиктерін Қоғам филиалының бөлімшелеріндегі жауапты қызметкерлер жасайды.

Демалыс графиктері бір данада жасалады.

96. Демалыс графигінде берілетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының айы көрсетіледі.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілетін айлар хронологиялық тізбектілікте толтырылады, яғни бірінші жазба қаңтар айында демалысқа кететін қызметкерге қатысты болады және т.с.с. Қызметкердің демалысы бөліктерге бөлініп, әр айда берілуіне байланысты демалыс кестесінде қызметкердің тегін бірнеше рет көрсету керек.

Қызметкердің еңбек демалысы басқа уақытқа ауыстырылған жағдайда демалыс графикке өзгерістер енгізілмейді.

Демалыстар графигі жұмыстың бірқалыпты барысын бұзбайтындай, күнтізбелік жыл барысында айлар арасында қызметкерлерге демалысты біркелкі беретіндей болып қызмет етуі тиіс.

97. Алдыңғы жұмыс жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары да кезекті күнтізбелік жылдың демалыс графигі шектерінде беріледі.

Жұмыс кезеңдерінің демалыстарын хронологиялық тізбектілікте қолдану керек (алдымен неғұрлым бұрынғы жұмыс кезеңі үшін, сонан соң неғұрлым кейінгіні). Осыған сәйкес демалыс графигінде ағымдағы жұмыс жылының еңбек демалысы бұрынғы жұмыс жылдарының пайдаланылмаған күндерінен кейінірек берілетінін ескеру керек.

98. Демалыс графиктерін лауазымдар номенклатурасы туралы бұйрықпен демалыс беру туралы бұйрық шығаруға өкілеттік берілген тұлғалар, кезекті күнтізбелік жылдың тууынан бұрын, 15 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.

Бекітілген демалыс графигінің түпнұсқасы персоналды басқару жөніндегі қызметте сақталады, демалыс графигінің көшірмесі әзірлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшеде сақталады.

99. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тек қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша ұзартылуы немесе толық немесе оның бір бөлігі ғана ауыстырылуы мүмкін:

1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда (еңбекке уақытша жарамсыз күнтізбелік күндерінің мөлшеріне);

2) егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда (қызметкердің мемлекеттік міндеттерді атқарған күнтізбелік күндерінің мөлшеріне).

100. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс беруші мен қызметкер арасында демалысты басқа мерзімге ауыстыру туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда ғана ауыстырылуы мүмкін.

Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылғы еңбек демалысына қосыла алады немесе қызметкердің өтінімі бойынша жеке басқа уақытта беріле алады (Нұсқаулықтың 93-тармағының 1) тармақшасы).

101. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 109-бабында белгіленген жағдай мен тәртіпке сәйкес үзіледі (еңбек демалысынан шақыртып алу жүзеге асырылады). Осыған байланысты еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі тараптардың келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылының барысында беріледі немесе қызметкердің өтініші бойынша келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады немесе еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Аталған шарттардың біреуі бойынша тараптар келісімге қол жеткізген жағдайда, қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алу туралы жеке құрам бойынша бұйрық шығарылады.

102. Қызметкерге демалыс беру Қоғамның жеке құрамы бойынша бұйрықпен ресімделеді.

103. Демалыс туралы бұйрық шығару үшін:

1) демалыс графигі және қызметкердің өтініші (демалыс графигі бойынша демалыс берілгенде);

2) қызметкердің өтініші және құрылымдық бөлімше басшысының демалыс графигінен тыс демалыс беру себептерін көрсеткен қызметтік жазбасы (демалыс графигінен тыс демалыс берілгенде) негіз болып табылады.

104. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс беру туралы өтінішті қызметкер Нұсқаулықтың 10-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес өз қолымен жазады.

Қызметкерге демалыс беруге келісім беру туралы құрылымдық бөлімше басшысының қарарымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру туралы өтінішті қызметкер персоналды басқару жөніндегі қызметке қызметкердің деамалысы басталардан күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей беруі тиіс

105. Демалыс туралы бұйрықты персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері әзірлейді және оған Қоғамның Жарғысымен және/немесе лауазымдар номенклатурасы туралы бұйрықпен өкілеттілік берілген тұлға қол қояды.

Демалыс туралы бұйрықта қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, атқарып отырған лауазымы, демалыстың күнтізбелік күндерінің саны, демалысқа кету және демалыстан қайтып келу күні, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілетін жұмыс жылының (жұмыс жылдарының кезеңі).

106. Жыл сайынғы еңбек демалысы туралы бұйрық ол басталардан күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей шығуы және қызметкердің назарына қол қою арқылы жеткізілуі тиіс.

Жыл сайынғы еңбек демалысы туралы бұйрықтың көшірмесін персоналды басқару жөніндегі қызметтің қызметкері бұйрық шыққан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, бухгалтерияға беруі тиіс.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс немесе әлеуметтік демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде персоналды басқару жөніндегі қызметтің қызметкері бір жұмыс күні ішінде Т-2 жеке карточкасына белгі соғады.

107. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:

1) жалақы сақталмайтын демалыс;

2) оқу демалысы;

3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.

108. Әлеуметтік демалыстарды беру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 111, 112 және 119-баптарында белгіленген.




10. Іссапарларды ресімдеу
109. Қызметкерлердің іссапарларын ресімдеу Қоғам қызметкерлерінің іссапарлары туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Іссапар туралы бұйрық негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарға жатады.



11. Қызметкерлерді көтермелеулерді және марапаттауларды

есепке алу
110. Қызметкерлердің еңбектегі табысы үшін Қоғам көтермелеулердің және марапаттаулардың әр түрлі түрлерін қолданады.

Көтермелеулер мен марапаттаулар түрлері, тәртібі Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленеді.

Қоғамда қызметкерлерді көтермелеулер мен марапаттауларды есепке алуды персоналды басқару жөніндегі қызмет персоналды басқару жөніндегі ақпараттық жүйеде жүзеге асырады.

111. Қызметкерді көтермелеу немесе марапаттау туралы бұйрықтың негізінде бұйрықтың күнін, нөмірін көрсете отырып, оның еңбек кітапшасына тиісті жазба енгізіледі.

Еңбек кітапшасы болмаған жағдайда, көтермелеу немесе марапаттау туралы бұйрықтың көшірмесі марапатталған қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
12. Тәртіптік жазаларды есепке алу
112. Тәртіптік жазалардың түрлері, қолдану тәртібі мен мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген.

Қызметкерді тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен таныстыру қол қоюы арқылы жүргізіледі.

113. Тәртіптік жазаларды есепке алуды тәртіптік жазалар қолдану туралы тіркелген бұйрық негізінде персоналды басқару жөніндегі қызмет персоналды басқару жөніндегі ақпараттық жүйеде жүзеге асырады.
13. Әскери есепке алу
114. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде әскери міндеттілер мен әскер қатарына шақырылған адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскер қатарына шақырылған адамдарды есепке алу тәртібі туралы ереженің талаптарын сақтай отырып, персоналды басқару жөніндегі қызметтің уәкілетті қызметкерлері жүргізеді.
14. Қызметкердің тегін өзгертуін ресімдеу тәртібі
115. Қызметкер тегін өзгерткен жағдайда, белгіленген тәртіппен қызметкерді жаңа тегімен есепке алуды қайта ресімдеу туралы жеке құрам бойынша бұйрық шығарылады.

Қызметкердің тегін өзгертуі тиісті құжаттармен (неке туралы куәлік, жеке куәлік, төлқұжат) расталуы тиіс.

116. Бұйрықтың жобасында бұрынғы тегі, аты мен әкесінің аты, атқаратын лауазымы мен өзгертілген тегі көрсетіледі.

117. Бұйрық шыққан соң, персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері еңбек кітапшасына, Т-2 жеке карточкасына, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке параққа тиісті жазба енгізеді.

Тегінің өзгергені туралы бұйрықтың көшірмесін немесе анықтаманы персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері бухгалтерияға жібереді.
_____________________________________

«Қазақстан темір жолы» ұлттық

компаниясы» акционерлік қоғамы

Президентінің 2009 жылғы

___________________ № _______

бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамында кадрлық іс жүргізу

жөніндегі нұсқаулыққа

1 –қосымша


________________________________________

(уәкілетті тұлға

____________________________ басшысына

лауазымының атауы)

________________________________________

(уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.)

________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты толығымен)


Өтініш
Мені 200__жылғы_______ бастап _______________________________________

(құрылымдық бөлімшенің атауы)

_______________________________________ лауазымына еңбек шартының шарттарымен

(лауазымның атауы)

тағайындауыңызды өтінемін.


_______ _______

(қолы) (күні)


_________________________________________

«Қазақстан темір жолы» ұлттық

компаниясы» акционерлік қоғамы

Президентінің 2009 жылғы

___________________ № _______

бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамында кадрлық іс жүргізу

жөніндегі нұсқаулыққа

2–қосымша


№ ____ еңбек шарты (үлгі нысаны)

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау