Открытое акционерное общество "российские железные дороги"



жүктеу 0,9 Mb.
бет1/5
Дата26.05.2018
өлшемі0,9 Mb.
#17867
  1   2   3   4   5



«Жолаушылар тасымалы»

акционерлік қоғамы

Басқарма Төрағасы

(Президентінің) 2009 жылғы

________________

№ _____ - ЦЛП бұйрығымен

бекітілген
«Жолаушылар тасымалы»

акционерлік қоғамында кадрлық

іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында кадрлық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Қоғам) еңбек шарттарын жасасу және тоқтату, еңбек қатынастары бойынша өзге де құжаттарды өңдеу, дайындау ресімдеу мен тіркеу кезіндегі кадрлық іс жүргізудің тәртібін айқындайды.

2. Нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындаушы жеке тұлға;

2) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын Қоғам, оның филиалдарын қоса алғанда;

3) үшінші/бөгде тұлғалар - Қоғамның қызметіне тікелей қатынасы жоқ тұлғалар, келушілер, бөтен ұйымдардың қызметкерлері;

4) еңбек қызметін растайтын құжат – еңбек кітапшасы; еңбек шарты және оған қосымша келісім; еңбек шартының жасасылуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер; қызметкерлерге еңбекақы төлеу тізімдемесінен үзінді көшірмелер; жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған атқарған қызметтер тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі); қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерден тұратын мұрағаттық анықтама;

5) демалыс – қызметкердің жұмыс орнын (лауазымын) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген жағдайларда орташа еңбекақысын сақтай отырып, оның жыл сайынғы үзіліссіз демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

6) кадрлар бөлімі – кадрлық саясатты іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген, Қоғамның орталық аппаратының, оның филиалының құрамына кіретін дербес құрылымдық бөлімше, мұндай құрылымдық бөлімше болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген функциялар жүктелген қызметкер (персонал жөніндегі менеджер).

3. Осы Нұсқаулықта белгіленген кадрлық рәсімдер бойынша құжаттармен (бұдан әрі – кадрлық құжаттар) жұмыс істеу тәртібі Қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.

4. Кадрлық іс жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

5. Осы Нұсқаулықтың талаптарын орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, кадр бөлімдерінің басшыларына жүктеледі.

6. Қоғамның орталық аппаратының Ұйымдастыру-кадр басқармасының кадрлар бөлімі Қоғамдағы кадрлық іс жүргізуді ұйымдастыруға және жетілдіруге әдістемелік басшылықты және қызметкерлердің осы Нұсқаулықта белгіленген кадрлық құжаттармен жұмыс істеу тәртібін сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.

7. Кадрлық құжаттарды өңдеу және дайындау персоналды басқару жөніндегі ақпараттық жүйе пайдаланылып жүзеге асырылады.

8. Қоғамның кадрлық құжаттарымен жұмыс істегенде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес қызметкердің жеке деректерінің қорғалуы қамтамасыз етілуі тиіс.


2. Кадрлық құжаттарды ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар
9. Кадрлық құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар Қоғамда іс жүргізу жөніндегі бекітілген нұсқаулыққа сәйкес, осы Нұсқаулықта көзделген ерекшеліктер ескеріліп белгіленеді.

10. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қызметкерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру немесе босату фактін белгілейтін бастапқы есепке алу құжаттары және оған еңбекақы мен басқа төлемдерді есептеу үшін негіз болып табылады.

11. Жеке құрам бойынша (тегін өзгерту туралы, ауыстыру туралы және т.б.) бұйрықтарды ресімдеуді персоналды басқару жөніндегі қызмет жүзеге асырады.

12. Жеке құрам бойынша бұйрықтар бір данада шығарылады. Жеке құрам бойынша бұйрықтардың түпнұсқаларын беруге тыйым салынады. Қызметкердің немесе алда тұрған міндеттерді орындау үшін құрылымдық бөлімшенің талап етуі бойынша тиісті түрде расталған бұйрықтардан көшірмелерді немесе үзінді көшірмелерді персоналды басқару жөніндегі қызмет береді.

Персоналды басқару жөніндегі қызмет белгіленген жағдайларда жеке құрам бойынша бұйрықтардан көшірмелерді немесе үзінді көшірмелерді бухгалтерияға береді.

13. Кадрлық құжаттар мазмұны бойынша мейлінше қысқа және түсінікті, әртүрлі түсіндіруге жол бермейтін жан-жақты негізделген болуы тиіс.

14. Кадрлық құжаттарға Қоғамның Жарғысымен және/немесе лауазымдар номенклатурасы туралы бұйрықпен өкілеттілік берілген тұлғалар қол қояды.

3. Жұмысқа қабылдау тәртібі
15. Жұмысқа қабылдау кезінде кадрлық құжаттарды дайындау кезеңділігі:

1) еңбек шартын жасасу және ресімдеу;

2) жұмысқа қабылдау туралы бұйрық жасау және ресімдеу;

3) №Т-2 нысанды (бұдан әрі - Т-2 жеке карточкасы) жеке карточканы ресімдеу;

4) еңбек кітапшасына тиісті жазбаларды енгізу;

5) жеке істі ресімдеу.

16. Қоғамға жұмысқа қабылдау қызметкер мен Қоғам арасында жасасылған еңбек шартының негізінде жүргізіледі.

Қоғамның жергілікті актісімен белгіленген жағдайларда қызметкермен еңбек шартын жасасу конкурстың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

17. Еңбек шарты:

1) белгісіз мерзімге;

2) бір жылдан кем болмайтын белгілі мерзімге;

Зейнеткерлік жасына жету датасы зейнеткерлік жасына дейін 5 жылдан кем қалған жаңадан қабылданатын қызметкерлермен жасасылатын еңбек шартын тоқтату датасы болып белгіленуі мүмкін.

Персоналды басқару жөніндегі қызмет белгілі мерзімге жасасылған еңбек шартының мерзім күші аяқталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде Қоғамның Жарғысымен және/немесе лауазымдар номенклатурасы туралы бұйрықпен өкілеттілік берілген тұлғаларға еңбек шартын тоқтату немесе оны белгісіз мерзімге ұзарту туралы мәселені белгіленген тәртіппен (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 29-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы, 53-бабының 5-тармағы) шешу үшін алдағы аяқталатын мерзім туралы хабарлауы тиіс;

3) белгілі жұмысты орындау уақытына, уақытша жоқ қызметкердің орнын басу уақытына, маусымдық жұмысты орындау уақытына жасасылуы мүмкін.

18. Қоғамға жұмысқа қабылдау, әдетте, сынақ мерзімін белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 36-бабының 5-тармақшасына сәйкес:

1) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға;

2) орта және жоғары білім беру мекемелерін бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға;

3) мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

19. Үміткердің жұмысқа қабылдау туралы өтініші, конкурстық комиссияның шешімі (жұмысқа конкурс бойынша орналасатын тұлғалар үшін) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Нұсқаулықпен белгіленген басқа да құжаттар Қоғамға жұмысқа қабылдауға (еңбек шартын жасасуға) негіз болып табылады.

20. Жұмысқа қабылдау туралы өтінішті үміткер Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес өз қолымен жазады.

21. Еңбек шартын жасасу үшін жұмысқа тұрушы үміткер персоналды басқару жөніндегі қызметке келесі құжаттарды тапсырады:



1) жеке басының куәлігін немесе төлқұжатын (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігін);

2) ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);

3) білімі, біліктілігі, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы (тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде) туралы диплом және/немесе өзге құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттар (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

5) әскери есепке алу құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);

6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін);

7) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТН) және әлеуметтік жеке код (ӘЖК) беру туралы куәліктердің көшірмелері.

22. Осы Нұсқаулықтың 21-тармағында көрсетілген құжаттарсыз жұмысқа тұрушы кандидатпен еңбек шартын жасасу жүргізілмейді.

Персоналды басқару жөніндегі қызмет жұмысқа тұрушы кандидаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Нұсқаулықта көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.

23. Еңбек шарты жасалғаннан кейін қызметкер персоналды басқару жөніндегі қызметке қосымша құжаттар мен ақпарат береді, соның ішінде:

1) 3х4 түрлі-түсті сурет (2-3 дана);

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

3) зейнетақымен қамтамсыз ету жөніндегі шарт;

4) мүгедектер жұмысқа тұрған кезде - дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссияның (ДӘСК) еңбек ұсынымы;

5) Қоғамның (жұмыс берушінің) кадрлық іс жүргізуін, статистикалық және бухгалтерлік есепке алуын жүргізу үшін қажетті басқа да құжаттар мен ақпарат.

24. Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдырылған жағдайда, персоналды басқару жөніндегі қызметтің басшысы қызметкерге құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

25. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасасылады.

Еңбек шартының әрбір данасының парақтарына қызметкер бұрыштама қояды.

Қоғам қызметкерімен жасасылатын еңбек шартының нысаны Нұсқаулыққа 2-қосымшада келтірілген.

26. Еңбек шарты тіркеу журналында (кітабында) тіркеледі, онда реттік тіркелу нөмірі, тіркеу датасы, қызметкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты), лауазымының толық атауы көрсетілуі тиіс. Журнал нөмірленген, жіппен байланған, мөрмен расталған болуы тиіс.

Еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойып, тіркелгеннен кейін қызметкердің жеке ісіне тігіледі, ал екіншісі қызметкерге беріледі. Еңбек шартының бір данасын қызметкердің алуы еңбек шартының бір данасын оның алғаны туралы қызметкердің қолхатымен расталады.

27. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді еңбек шартының тараптары еңбек шартына қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырады.

Еңбек шартына қосымша келісім оның тараптары арасында жазбаша түрде, кем дегенде екі данада, Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жасалады.



Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде қарайды.

28. Еңбек шартын жасасқаннан кейін жұмыс беруші бір жұмыс күнінен кешіктірмей, еңбек шартының негізінде қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті, ол қызметкерге күнтізбелік 3 күннен кешіктірілмей, қол қойғызу арқылы жеткізіледі.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты Қоғамның жарғысымен және/немесе лауазымдар номенклатурасы туралы бұйрықпен өкілеттілік берілген тұлға қабылдайды.

29. Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған оны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың тиісінше расталған көшірмесін беруге міндетті.

30. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзімнен кешіктірмей, қызметкердің тікелей бастығы:

1) қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқама өткізуге;

2) Қоғамның коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа да құпияларынан тұратын мәліметтерді сақтау бойынша міндеттері, оларды үшінші/бөгде тұлғаларға бергені (жариялағаны) үшін жауапкершілігі туралы нұсқама өткізуге;

3) қызметкерді ұжымдық шартпен, корпоративтік басқару кодексімен, лауазымдық нұсқаулықпен, құрылымдық бөлімше туралы ережемен, қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) қатысы бар, жұмыс берушінің жергілікті актілерімен таныстыруға міндетті.

31. Жұмысқа нақты жіберу тараптар еңбек шартына қол қойғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

32. Қызметкер туралы ақпаратты персоналды басқару жөніндегі қызмет қажет болған жағдайда кадрлық іс жүргізумен байланысты есепке алу құжаттарына (кітаптарға, журналдарға) және персоналды басқару жөніндегі ақпараттық жүйеге енгізеді.


4. Т-2 жеке карточкасын ресімдеу
33. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін, персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес Т-2 жеке карточкасын ресімдейді.

34. Т-2 жеке карточкасы негізгі есепке алу құжаты болып табылады, жұмысқа қабылданған әрбір қызметкерге жасалады, персоналдың құрамын есепке алу және олардың қозғалысына талдау жасау үшін негіз болып табылады.

35. Т-2 жеке карточкасы жаңадан қабылданған қызметкермен сауалнама жүргізу және осы Нұсқаулықтың 21 және 23-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде толтырылады.

36. Т-2 жеке карточкасына келесі мәліметтер енгізіледі:

1) Т-2 жеке карточкасының нөмірі (персоналды басқару жөніндегі ақпараттық жүйеде Т-2 электрондық жеке карточкасына берілген нөмірі көрсетіледі);

2) Т-2 жеке карточкасының толтырылған күні (персоналды басқару жөніндегі ақпараттық жүйеде Т-2 электронды жеке карточкаға берілген күні көрсетіледі);

3) қызметкердің жынысы (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың негізінде көрсетіледі);

4) тегі, аты, әкесінің аты (тұлғаны куәландыратын құжатқа сәйкес);

5) туған күні (тұлғаны куәландыратын құжат бойынша туған күні, айы және жылы көрсетіледі);

6) туған жері (тұлғаны куәландыратын құжат бойынша);

7) білімі (білімі туралы құжат негізінде білім ұйымының атауы және бітірген жылы көрсетіледі. Білім деңгейі Қоғамда белгіленген персонал бойынша есептілік нысандарына сәйкес көрсетіледі);

8) мамандығы (білімі туралы құжаттың негізінде көрсетіледі);

9) ғылыми дәрежесі (ғылыми дәреже тағайындау туралы құжат бойынша);

10) лауазымы (қызметкер жұмысқа қабылданған лауазымның толық атауы);

11) біліктілігі (білімі туралы құжат бойынша берілген біліктіліктің атауы көрсетіледі);

12) жалпы жұмыс өтілі (қызметкердің еңбек қызметінің басталуы саналатын күн көрсетіледі);

13) темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі (Т-2 жеке карточкасын толтыру күніндегі жағдай бойынша темір жол көлігінде жұмыс істеген жылдары, айлары, күндері көрсетіледі. Темір жол көлігіндегі еңбек өтілін есептеу тәртібі Қоғамның жергілікті актісімен белгіленеді);

14) отбасылық жағдайы (қызметкердің айтуы бойынша);

15) отбасы құрамы (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары туралы мәліметтер. Мәліметтер қызметкер отбасы мүшелерінің тиісті құжаттарын берген жағдайда көрсетіледі);

16) тұлғаны куәландыратын құжат (тұлғаны куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, берген орган, берілген күні);

17) үйінің мекен-жайы, телефоны (қызметкердің айтуы бойынша);

18) әскери есепке алу туралы (әскери есепке алу құжатының негізінде);

19) тағайындаулар, ауыстырулар туралы (жеке құрам бойынша бұйрықтар негізінде. Белгілі бір цехқа немесе бөлімге белгілі бір лауазымға немесе жұмысқа қабылдау туралы, бұл ретте қызметкер қабылданған лауазымның немесе жұмыстың атауы қолданыстағы штаттық кестеге сәйкес дәл көрсетіліп жазылады. Егер жұмысшыға жаңа разряд берілсе, онда бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады. Қызметкерді Қоғамның сол құрылымдық бөлімшесінде бір лауазымнан немесе жұмыстан басқасына ауыстыру осы тәртіппен ресімделеді);

20) біліктілікті арттыру, қайта даярлау туралы (біліктілікті арттыру, қайта даярлау бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы құжаттардың негізінде);

21) демалыстар туралы (демалыстың түрі, демалыс күндерінің саны және басқа да деректер көрсетіледі);

22) аттестация туралы (аттестациялық комиссия хаттамаларының негізінде);

23) жұмыстан босату туралы (еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтың, еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың негізінде).

37. Қызметкер туралы деректердің барлық кейінгі өзгерістерін (білімі туралы, тұратын мекен-жайын ауыстыру және басқалар) персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері Т-2 жеке карточкасында жүйелі көрсетіп отырады.

38. Т-2 жеке карточкасының «Жалпы мәліметтер» бөлімін толтырғаннан кейін, жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкер жеке карточкаға қолын қояды және толтырған күнін көрсетеді.

Толтырылған және қол қойылған Т-2 жеке карточкасы картотекаға орналастырылады және метал шкафта сақталынады, оған рұқсат персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкерінде ғана болуы тиіс.

39. Толтырылған Т-2 жеке карточкасының негізінде персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қызметкердің еңбек кітапшасында (бар болса) жазба жасайды.

Еңбек кітапшасындағы барлық жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі (қызметкердің тілегі бойынша, оның жазбаша өтініші негізінде).



5. Жеке істі ресімдеу
40. Жеке іс – қызметкер және оның еңбек қызметі туралы неғұрлым толық мәліметтерден құралған құжаттар жиынтығы.

Жеке іс әр қызметкерге ресімделеді.

41. Қызметкердің жеке ісіндегі құжаттар хронологиялық тәртіппен (олардың шығарылған немесе жасалған күні бойынша), келесі кезектілікте орналастырылады:

1) жеке істегі бар құжаттардың тізбесі;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

3) жұмысқа қабылдау туралы өтініш;

4) конкурстық іріктеудің қорытындылары туралы құжаттар;

5) еңбек шарты;

6) еңбек шартына қосымша келісім;

7) жұмысқа қабылдау туралы бұйрық;

8) осы Нұсқаулықтың 21-тармағында көрсетілген құжаттар;

9) қызметкердің еңбек қызметі кезеңінде жасалған басқа құжаттар (сауалнама-өмірбаяндық деректердің өзгеруі туралы, тағайындау туралы ұсыныстар, мінездеме, аттестациялық парақтар, басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтардың көшірмелері және т.б. құжаттар).

42. Жеке деректердің шүбәсіздігі мен қызметкерлердің жеке істеріндегі құжаттардың болуына персоналды басқару жөніндегі қызметтің басшысы жауапты болып табылады.
6. Еңбек шартын тоқтатуды

(қызметкерді жұмыстан босатуды) ресімдеу
43. Қоғам қызметкерімен еңбек шартын тоқтатуды ресімдеу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

44. Еңбек шартын тоқтатуды ресімдеу рәсімінің кезектілігі:

1) еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық әзірлеу және шығару;

2) жұмыстан босатылатын қызметкерді еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықпен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен таныстыру;

3) бухгалтерияға еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтың, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесін жіберу;

4) кету қағазын ресімдеу;

5) жұмыстан босатылатын қызметкерге арналған сауалнаманы толтыру, оның нысаны Қоғам бұйрығымен бекітіледі;

6) еңбек кітапшасына тиісті жазуды енгізу және оны жұмыстан босатылатын қызметкерге беру.

45. Еңбек шартын тоқтату тек Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 51-бабында көзделген негіздер бойынша ғана жүзеге асырылады.

46. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде, осы негіз бойынша еңбек шартын бұзуға тілек білдірген тарап еңбек шартының екінші тарабына жазбаша хабарлама жолдайды.

Жазбаша хабарламаны алған тарап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы екінші тарапқа жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

47. Еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында белгіленген негіздер (қызметкерлер саны немесе штатың қысқартылуы; біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкердің атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі; осы жұмысты жалғастыруға денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкердің атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі) бойынша бұзылған кезде, Қоғам (жұмыс беруші) қызметкерді ол келісім берген жағдайда басқа жұмысқа ауыстыру жөніндегі шараларды қолдануы тиіс (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабы 5-тармағы).

48. Еңбек шартын тоқтату Қоғамның жеке құрам бойынша бұйрығымен не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен ресімделеді.

Еңбек шартын тоқтату не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарға Қоғамның Жарғысымен және/немесе лауазымдар номенклатурасы туралы бұйрықпен өкілеттілік берілген тұлғалар қол қояды.

49. Еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықта:

1) еңбек шартын тоқтатудың негізі – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нақты нормасы (бап, тармақ, тармақша);

2) еңбек шартын тоқтату күні. Бұл ретте еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықта «2008 жылғы 10 қазаннан бастап ... еңбек шарты тоқтатылсын» тұжырымын қолдануға тыйым салынады.

3) жыл сайынғы пайдаланылмаған еңбек демалысының күнтізбелік күндерінің саны көрсетілуі тиіс.

50. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық негізгі қызмет бойынша бұйрыққа жатады және Қоғамның жергілікті актілерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен әзірленеді.

51. Еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық еңбек шарты тоқтатылған күннен кешіктірілмей қабылдануы тиіс.

52. Еңбек шартын тоқтату күні (мысалы, егер еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықта қызметкермен еңбек шарты 2008 жылғы 10 қазанда тоқтатылса, онда соңғы жұмыс күні 2008 жылдың 10 қазаны болып саналады) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің соңғы жұмыс күні болып табылады.

53. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты шығарғанда бұйрық шыққан күн еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады.

54. Қызметкер кейіннен еңбек шартын тоқтату арқылы еңбек демалысын беру туралы өтініш берген жағдайларда, демалыс беру туралы бұйрық және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық жеке дайындалады.

55. Жұмыстан босатылатын қызметкерге еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесін персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей қолма-қол тапсырады не хабарламалы хатпен жібереді.

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты әзірлеуші құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жұмыстан босатылатын қызметкерге қолма-қол тапсырады не хабарламалы хатпен жібереді.

56. Жұмыстан босатылатын қызметкердің соңғы жұмыс күнінде персоналды басқару жөніндегі қызмет жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі соманы есептеу және төлеу үшін бухгалтерияға еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтың немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.

57. Жұмыстан босатылатын қызметкер соңғы жұмыс күнінде жұмыс берушіге тапсыру-қабылдау актісі және/немесе кету қағазы бойынша еңбек міндеттерін орындау үшін алынған материалдық құндылықтарды, ақшаны, қызметтік құжаттарды (істерді) және қызметкерге тіркелген немесе кейіннен есеп беруі үшін берілген жұмыс берушінің басқа мүлкін қайтаруға міндетті.

58. Қызметкерді жұмыстан босатқан не оны басқа жұмысқа ауыстырған кезде қызметтік істерді және құжаттарды қабылдау, тапсыру Қоғамда іс жүргізу жөніндегі бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

59. Қызметкердің осы Нұсқаулықтың 57-тармағында көрсетілген міндеттерді орындау фактін растау, сондай-ақ материалдық құндылықтар мен жұмыс берушінің басқа мүліктерін қайтармаумен байланысты осы қызметкерге Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелері тарапынан қандай да бір мүліктік және мүліктік емес талаптардың болмау фактін белгілеу үшін Қоғамда кету қағазын келісу рәсімі белгіленген.

60. Кету қағазын персоналды басқару жөніндегі қызмет жұмыстан босатылатын әрбір қызметкерге ресімдейді және қызметкердің онымен келесі құрылымдық бөлімшелерден өтуі үшін құжат болып табылады:

1) жұмыстан босатылатын қызметкер тікелей жұмыс істеген бөлімше – осы бөлімшенің оған қандай да бір талабының болуын немесе болмауын растау үшін;

2) бухгалтерия – қызметкердің несиелер және жұмыс берушінің қызметкерге ақша және басқа материалдық құндылықтар берілген мәмілелер бойынша қарыздарының болуы немесе болмауын растау үшін;

3) кітапхана – қызметкерге кітапханадан берілген кітаптар, журналдар мен басқа құжаттар бойынша қарыздарының болуы немесе болмауын растау үшін;

4) мұрағат – қызметкерге мұрағаттан берілген құжаттар бойынша қарыздарының болуы немесе болмауын растау үшін;

5) шаруашылық қызмет – қызметкерге шаруашылық қызмет берген материалдық құндылықтар (компьютер, флеш-карталар, телефон, фотоаппарат және басқа заттар) бойынша қарыздарының болуы немесе болмауын растау үшін;

6) Қоғамның «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалы – жұмыс берушінің қаражаты есебінен (Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлері үшін) оқу шарттары бойынша қарыздарының болуы немесе болмауын растау үшін;

7) ақпараттық қауіпсіздік қызметі – қызметкерге ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптардың болуы немесе болмауын растау, сондай-ақ қызметкерді Қоғамның ақпараттық ресурстарынан ажырату үшін;

8) персоналды басқару жөніндегі қызмет – қызметтік куәліктер (рұқсаттамалар) бойынша қарыздарының болуы немесе болмауын растау үшін.

61. Қажет болған жағдайда кету қағазына басқа құрылымдық бөлімшелер енгізілуі мүмкін.

62. Кету қағазында:

1) қызметкер жұмыстан босатылатын құрылымдық бөлімшенің атауы;

2) жұмыстан босатылатын қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;

3) келісімі алынуы тиіс қатысы бар құрылымдық бөлімшелердің атауы;

4) құрылымдық бөлімшеде келіскен күні;

5) келісуші тұлғаның қолы;

6) персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері лауазымының атауы, оның қолы және кету қағазы берілген күн көрсетіледі.

63. Кету қағазын персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері жұмыстан босатылатын қызметкерге оның соңғы жұмыс күнінде береді.

Жұмыстан босатылатын қызметкердің кету қағазын алуы үшін соңғы жұмыс күні персоналды басқару жөніндегі қызметке келуі міндетті.

64. Қызметкер кету қағазын келісу рәсімін кету қағазын қолына алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аяқтауы тиіс.

65. Кету қағазын Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері (оның ішінде жұмыстан босатылатын қызметкерге талаптармен бірге) жұмыстан босатылатын қызметкер берген сәттен бастап бір жұмыс сағатының ішінде келісуі тиіс.

Жұмыстан босатылатын қызметкерге материалдық құндылықтарды, құжаттарды және жұмыс берушінің басқа да мүлкін қайтару бойынша міндеттерді орындамауымен байланысты талаптар тиісті құрылымдық бөлімшелер тарапынан кету қағазына анықтама түрінде көрсетіледі. Кету қағазына қоса берілетін анықтама екі данада жасалады, бір данасы кету қағазына тігіледі, ал біреуі анықтама жазған құрылымдық бөлімшеде қалады.

Бұл ретте қызметкерге өз еркімен жұмыс беруші мүлкінің құнын үш жұмыс күні ішінде қайтару ұсынылады (оның ішінде еңбекақысынан ұстап қалуға келісу туралы өтініш және/немесе өтеудің нақты мерзімін көрсету арқылы қарызды өтеу бойынша өзіне міндеттемелер қабылдағаны туралы өтініш жазу жолымен және т.б.).

66. Кету қағазын құрылымдық бөлімшелерде келіскеннен кейін жұмыстан босатылатын қызметкер оны жеке істе сақтау үшін (қызметкерге талаптар болмаған жағдайда) персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкеріне тапсырады.

Мүліктің қайтарылмауы туралы анықтама немесе құрылымдық бөлімшелер тарапынан қызметкерге басқа да талаптар болған жағдайда, сондай-ақ еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап бір айдың ішінде жұмыстан босатылған қызметкер кету қағазын келісу рәсімін өтуден (аяқтаудан) бас тартқан немесе жалтарған (оның ішінде кету қағазын алмау, кету қағазын қайтармау) жағдайда, персоналды басқару жөніндегі қызмет қарыз мөлшерін және жұмыс берушінің оның сотқа дейін немесе сот арқылы өндіріп алуын (қайтарып алуын) анықтау үшін уәкілетті құрылымдық бөлімшелерге аталған факті туралы ақпаратты жолдайды.

67. Кету қағазын келісу рәсімі аяқталған соң, персоналды басқару жөніндегі қызметтің жауапты қызметкері жұмыстан босатылатын қызметкерге арналған сауалнаманы жұмыстан босатылған қызметкерге толтыру үшін (қызметкер келіскен жағдайда) береді.

68. Толтырылған жұмыстан босатылатын қызметкерге арналған сауалнама қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

Жұмыстан босатылатын қызметкерге арналған толтырылған сауалнамадағы мәліметтерді персоналды басқару жөніндегі қызметтер анықтамаларда және есептерде қорытады, олар Қоғамның орталық аппаратының персоналды басқару жөніндегі қызметіне тапсырылады.


жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау