Отчет о проделанной работе за І полугодие 2016 года


Ауданның магистралды көшелерін жарықтандыру



жүктеу 0,59 Mb.
бет4/4
Дата14.02.2018
өлшемі0,59 Mb.
#9574
түріОтчет
1   2   3   4

Ауданның магистралды көшелерін жарықтандыру

Ауданда барлық магистралды көшелер жарықтандырылған, жарық шамдарының жалпы саны – 10333 дана, электр сымдарының ұзындығы – 338,8 км. Күнделікті жарық шамдарын тексеріп, істен шыққан шамдарды ауыстыру жұмыстарын «Алматықалажарық» МКК жүргізеді. Ағымдағы жылы «Алматықалажарық» МКК күшімен 1 529 шам, 2 359 м СИП және 1 309 м тоқ ауыстырылды.

Жыл басынан аудан аумағындағы сыртқы жарықтандыру жүйесін модернизациялау мақсатында 142 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын автоматтандыру жұмыстары жүргізілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару

Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару бағдарламасының әкімшісі ретінде Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өткізген байқауының нәтижесі бойынша аудандағы қоқыс шығару мекемесі – Әуезов ауданы бойынша учаскесі «Тәртіп» АҚ, техника саны – 43 дана, ауданда 247 контейнерлік алаңға қызмет көрсетеді, яғни, жалпы контейнерлік алаңдарда орнатылған контейнерлер саны – 1 872 дана.

Күнделікті белгіленген кестеге сәйкес қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп, көріктендіру бөлімімен қадағалануда. Жыл басынан орташа есеппен қалалық полигонға 42 089,76 тоннадан астам қоқыс шығарды.
КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
«ТКШ 2011-2020 жж. жаңғырту» бағдарламасының жүзеге асырылуы

«2011-2020 жылдарда Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің бастамасымен 197 үйді қамтитын тұрғындармен 114 жиналыстар өткізілді.

2015 жылы Әуезов ауданында 21 көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 15 үйдің құжаттары уәкілетті органға өткізілді.



«Қауіпсіз аула» бағдарламасының жүзеге асырылуы

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Әуезов ауданы аулаларында бейне қадағалау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.



Аудан аумағында бүгінгі күні барлығы- 6796 бейне бақылау қондырғысы орнатылған, оның ішінде сыртқы– 3430, ал ішкі – 3366. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында, жалпы саны 405 ауланы қамтитын – 3997 бейне бақылау қондырғысы орнатылды.

Электрмен жабдықтау

Аудан аумағында №7 ПС (220/110/10кВ) Төле би көшесінің оңтүстігі мен Өтеген батыр көшесінің батысында «АЖК» АҚ инвестициалық бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың басынан бастап «ЭМ-Транш» ЖШС күшімен «электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында шаматан тыс қолданылған және қызмет көрсету мөлшерінен асып кеткен 10 кв 7-ЭЖТ-шы электр таратушы жүйесін қайта құрылымдау және жаңарту» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта «ВЛ-0,4кВ сымын СИП құрылымдау» жобасы бойынша «Электроремонт» ЖШС «АЖК» АҚ тапсыруымен бағандарды орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, «Мамыр» паселкасы, «Достық» шағынауданындағы шектен тыс қолданылған трансформатор қондырғыларын қайта құрылымдау бойынша «ЭЛМО» ЖШС жұмыстар жүргізіп жатыр, тапсырыс беруші «АЖК» АҚ.



Сумен жабдықтау

Аудан аумағындағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 375 000 п.м құрайды, ал кәріз желілері 236 441,74 м.

Қазіргі уақытта «Школьник-1,2» шағынаудандарындағы сумен қамту жүйесі жобаның шешімінсіз ұйымдастырылған, су көзі таудың суы болып отыр. Сондай-ақ, судың берілуі су құбыры жүйесінде бастапқы өңдеуден өтпей және қосымша тазаланбағандықтан ауыз су сапасының нормасына сәйкес келмейді.

Кәріз жүйесін тұтыну жоғарыда аталған мәселеге ұқсас, жергілікті септиктерді пайдалану жиі байқалады.

Осы аталған мәселені шешу үшін су құбыры және кәріз желісі жүйесін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, алдағы уақытта қолданысқа беру қажет болып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылда мемлекеттік тапсырыспен Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Таугүл-3», «Алтын бесік» және «Достық» шағынаудандырын су құбырымен және кәріз желісімен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл жобаның іске асырылуы 2015-2016 жж. жоспарланған.



Жер үйлерді газдандыру жұмыстары

Қазіргі уақытта Әуезов ауданы аумағындағы жер үйлерді газдандыру жұмыстары толық көлемде қамтамасыздандырылуда.

Жер үйлердің жалпы саны 6689 құрайды, оның ішінде 6609 үй газ жүйесіне қосылған.

Жылу жүйелері

Аудандағы жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 296 000 п.м құрайды, газ жүйелеріне «Алматы жылу жүйелері» ЖШС қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Нұрлы-Жол» бағдарламасына сәйкес құбырдың ұзындығы 422 м, диаметрі 300 және ұзындығы 1300 п.м, диаметрі 400-500, ұзындығы 1300 п.м, диаметрі 600-800 құрайтын жылу жүйелеріне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізуде.

2015-2016 жж. жылыту маусымы

Қазіргі уақытта барлық тұрғын үй қоры, денсаулық сақтау және білім беру нысандары орталық жылу жүйесіне қосылып, жылудың үздіксіз берілуі бақылауға алынған.

Ауданда жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша көбқабатты тұрғын үйлерде 1977 есептеуіш құралын орнату қажет болған, соның ішінде қазіргі уақытта 1783 есептеуіш құралы орнатылып, алдағы уақытта қалған 194 есептеуіш құралын орнату жоспарланған.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС және ПИК арасында 118 есептеу құралын орнату бойынша келісім шарт жасалды. Жұмыстар жылыту маусымы аяқталғаннан кейін басталады.



МЖКС бойынша атқарылған жұмыстар (мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік серіктестік)

Ауданда мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік серіктестік барысында келесі мекенжайлардағы балалар алаңына қайта жабдықтау, жаңарту жұмыстары жүргізілді:



  • Саин көшесі, 10;

  • Саин көшесі, 8;

  • Саин көшесі, 14/1, 14;

  • №5 шағынаудан, 23;

  • №3 шағынаудан, 65;

  • Пятницкий көшесі, 1/35;

  • №3 шағынаудан, №37,38;

  • №8 шағынаудан;

  • Жандосов көшесі, 162 үй;

  • №8 шағынаудан (үй жануарларын қыдырту орны);

  • №5 шағынаудан, №49А (футбол алаңы);

  • «Ақсай-2» шағынауданы, №69А (футбол алаңы);

  • №9 шағынаудан, №16 (футбол алаңы);

  • №11 шағынаудан, №36 (футбол алаңы);

  • №6 шағынаудан, №51 (футбол алаңы);

  • Шаляпин көшесі («Бес қару» демалыс алаңы);

  • Саин көшесі мен Қабдолов көшесінің қиылысында саябақ ұйымдастырылды.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Әлеуметтік сала бөлімімен қорғаншылықжәне қамқоршылық органының комиссиясына 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында қорғаншы тағайындау туралы 28өтініш қарастырылды.Қорғаншылық және қамқоршылық органы комиссиясыныңқадағалауында300 ісесепте тұр.

Ауданның ЕМҚ саны – 4140. Жылдың басынан Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 09 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссиясынан 25 адам өтті, олардың ішінен ЕМҚ деп танылғандардың саны – 19.

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, сонымен қатар, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарғақаржылай жәрдемақы төленуге 45 іс қабылданып, Алматы қалалық зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөліміне жолданды, жеңілдік алуға 36 куәлік берілді .

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту ОрталығыныңӘуезов аудандық бөліміне 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 1132 адам жолықты.

Жұмыссыз ретінде тіркеуде 753 адам тұр.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы бойынша 740 адам жұмысқа орналасты,олардың ішінде:



  • әлеуметтік жұмысқа жіберілгендер саны - 35;

  • жастар іс-тәжірибесіне – 56;

  • қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына – 28.

Мемлекеттің қолдауынсыз жұмысқа орналасқандар саны – 639 адам, олардың ішінде:

  • жұмыссыздар саны – 529;

  • аз қамтылғандар саны – 4;

  • тиімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны – 110.

Аумақты дамыту Бағдарламасы бойынша:

  • жұмысқа орналасқандар саны – 217 адам;

  • әлеуметтік жұмысқа жіберілгендер саны –100 адам;

  • қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберілгендер саны – 18 адам.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 2350 жаңа жұмыс орын ашылды.

Ауданда зейнетақы және жәрдемақы алушылар саны – 68536 адам, оның ішішде жардемақы алушылар саны – 25151, зейнетақы алушылар саны – 42385, олардың ішінде ҰОС мүгедектері – 74 адам, ҰОС ардагерлері – 35 адам.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында төленді:


  • АӘК 1755,6 мың.теңге сомасына;

  • 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысы 2513,8 мың.теңге сомасына;

  • тұрғын үй жәрдемақысы 6996,4 мың.теңге сомасына.

Зейнеткерлік жасқа толған мүгедектер мен қарттарға үйінде қызмет көрсету жөніндегі бөлімдермен ауданның 504 жалғызбасты, жалғызбасты тұратын қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА
Әуезов ауданында 12 мемлекеттік медициналық мекеме жұмыс атқарады, олардың ішінде 5 емхана, 2 перзентхана, 2 балалар шипажайы, балалар бейімдеу орталығы, туберкулезге қарсы күресу диспансері және балалар емханасы.

Сонымен қатар, ауданда 34 жеке меншік медициналық мекеме және 174 дәріхана жұмыс атқарады.

Осы жылдың 5 айында 27 туберкулез ауруына шалдыққандар табылды, оның ішінде жасөспірім арасынан – 0, балалар арасынан – 0,студенттер арасынан – 5.

Туылғандар саны – 5416. Ана өлімі тіркелмеген. 21 перзент өлімі тіркелді.

Онкологиялық аурудан қайтыс болғандар саны – 60.

Вирустық геппатиттің А түрін жұқтырған 1 адам тіркелді.


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
2016 жылдың I жартыжылдығында бөлімнің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, 178 000 адамды қамтыған 260-тан астам аудандық бұқаралық мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді, оның 75-і мемлекеттік және кәсіптік мерекелер болса (65 мыңға жуық адамды қамтыды), 315-і - спорттық шаралар (98 мыңнан астам адамды қамтыды), мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша 32 байқау ұйымдастырылды (19 мың адамды қамтыды). Халықаралық 8 Наурыз мерекесі де өз деңгейінде аталып өтті. «Наурыз мейрамын» атап өту кезінде «Спутник» сауда орталығының алаңында 8 қазақ үйлері тігіліп, қоғамдық тамақтану ісі ұйымдастырылып, ұлттық ойындардан аудан тұрғындары арасында жарыстар өткізілді. Мерекелік шараға 10 000-нан астам халық жиналды. «1 Мамыр – Қазақстан бірлігі күніне» орай өткізілген шарада 18 этномәдени орталықтар өз ұлттарының мәдениеті мен өнерінен жарысқа түсті. «7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында мерекелік концерт ұйымдастырылып, спорттық ойындардан жарыс өткізілді. «9 Мамыр – Ұлы жеңіс күнінде Фэмили саябағында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, ардагерлерге үлкен құрмет көрсетілді. Балаларды қорғау күнінде де мерекелік концерт ұйымдастырылып, арнайы тәттілер таратылып, 12 00-ға жуық балаға тегін аттракциондарда ойнау мүмкіндік берілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мен спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында бөлімнің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында, жастар арасында, оқушылар, медицина қызметкерлері арасында, ұстаздар және ардагерлер арасында волейболдан, футболдан, боулингтен, суда жүзуден, спорттық туризмнен, дартс және өзге де спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. 2016 жылдың тек сәуір айының өзінде Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында аудандағы студенттер арасында мини футболдан, баскетболдан, волейболдан, үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Сайран» өзенінде мектеп оқушыларының, ЖОО мен АООО студенттерінің қатысуымен спорттық туризм мен әскери көпсайыстан жарыс өтті.

Аудандағы тіл саясатын жетілдіру мақсатында бөлімнің бас маманының ұйымдастыруымен аудандағы ЖОО мен АООО студенттері арасында, сондай-ақ қазақ тілі пәне оқытушылары арасында, мектеп оқушылары арасында түрлі байқаулар өткізіп, қалалық байқаударда жүлделі орындарға ие болды. Студенттер мен оқушылар кітапханаларда өтетін дебаттарға, дөңгелек үстелдерге, түрлі акцияларға белсене қатысады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен аудандағы көпбалалы және төмен отбасылы үйлердегі мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде ақысыз негізде спорттық ұйымдар мен секцияларға бекіту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта мұндай оқушылардың саны 190-ға жетті.


ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Ауданда "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы", "Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы" Қазақстант Республикасының заңдары, құқық бұзушылықтың, басқа адамның мүлкін ұрлау, қылмыстың алдын алу, адам саудасына қатысты, діни терроризм мен экстремизмнің таралуына қарсы Алматы қалалық жергілікті бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Жоғарыда аталған заңнамалық актілерді жүзеге асыру бойынша аудандық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы, "Алматы қалалық құқықтық тәртіпті қорғауға көмектесу бірлестігі" және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен мәжіліс өткізілді.

Мектеп оқушыларының және студенттердің, аудан тұрғындардың арасында, қоғамдық орындарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтау және тәртіпті қадағалау бойынша аудан әкімі аппараты, полицияға қоғамдық жардемдесу штабы, Әуезов ауданы ішкі істер басқармасымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

30.06.2016ж. Әуезов ауданы құқық қорғау ісі бойынша әр түрлі жастағы топтарды құрайтын өз қатарында 795 азаматы бар - 53 қалыптастыру қоғамы қатысады. Соның ішінде 418 адамнан тұратын -9 студенттер отряды, 98 адамы бар - 11 ПИК қарасты тәртіпті құқық қорғау күзеті, және 279 адамы бар - 31 жас көмекшілер отряды қатысады.

Қоғамдық орындар мен көшелерде орын алған қылмыстарды дер уақытында реттестіріп, орын алуына жол бермеу мақсатында ішкі істер басқармасынан бөлек "Боран", "Гранит" патрульдік топтары, әскери кезекшілік топтары мен полицияға көмек көрсету отряды жұмыс жасайды. Жол-патруль полициясының 28 автокөлік-бригадасында 97 қызметкер жұмыс жасайды. Аталған қызмет 3 ауысымда жұмыс жасайды.

2016 жылдың 1 жартыжлдығында участкелік инспекторлар әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға 6449 хаттама толтырған. Соның ішінде: 204 бап бойынша - 497 хаттама, 505 бап бойынша - 1642 хаттама. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 24 023 352 теңге,өндірілді 4 650 138,5 теңге, 3236 адамға ескерту берілді.


ЛЕГАЛИЗАЦИЯ
2014 жылдың 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңы мен Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес Әуезов ауданында мүлікті заңдастыру (ақшадан бөлек) бойынша комиссия құрылған болатын.

Аталған комиссиядан 2016 жылдың 1 жартыжылдығында147 өтінім қабылданды, оның 101 оң бағытта шешілсе, 15 жария етуден бас тартылды, 11 қайтарылды.


ҚҰЖАТАЙНАЛЫМ
Әуезов аудан әкімі аппаратында есептік кезеңде 4347 кіріс құжаттары түсті, оның ішінді: 279 - заңды тұлғалардан; 790 - жеке тұлғалардан; 3004 - қызметтік, директивтіқ –142, бақылау секторы – 32, ұйымдастыру құжаттары –100. Шығыс құжаттары – 6268, оның ішінде: 263 - заңды тұлғалардан; 773 жеке тұлғалардан; 2844 - қызметтік, бақылау секторы – 22, ұйымдастыру құжаттар – 89, бастамашыл – 2277.

Жалпы шығыс құжаттар саны – 10615.

2016 жылдың І жартыжылдығында Әуезов ауданы әкімінің аппаратына заңды тұлғалардан - 279, жеке тұлғалардан - 790 өтініш келіп түсті, олардың сұрақтар бойынша сипаттамалары:


  • мемелекеттік басқару қызметі

  • 23

  • діни қоғамдық бірлестіктер

  • 20

  • тұрғын үй

  • 1

  • жер ресурстары

  • 21

  • еңбек және халықты жұмыспен қамту

  • 206

  • әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету

  • 15

  • құқық тәртібі

  • 28

  • сауда және қызмет көрсету

  • 27

  • білім беру

  • 1

  • денсаулық

  • 495

  • тұрғын үй қатынастары, коммуналды шаруашылық

  • 107

  • көріктендіру

  • 1

  • сайлау

  • 74

  • мүлікті жария ету

  • 51

Барлығы

1069

Жеке және заңды тұлғалардан түскен барлық өтініштің саны – 1069, олардың ішінде: оң шешілгені – 256 (әлеуметтік қамтамасыз ету, қамқоршылық, мүлікті жария ету - 228, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 28) , түсіндірігені – 780, бас тартылғаны – жоқ, орындаулыда - 33.

Есепті мерзім ішінде, аудан әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауында 217 адам (223 сұрақ) болды. Сұрақтардың негізгі бөлігі: кәсіпкерлікк қызметіне қатысты - 65; коммуналдық шаруашылық және көріктендіру сұрақтары –61; әлеуметтік сұрақтар – 46; құқық мәселесі – 18; ПИК туралы – 11; тұрғын үй жағдайын шешу туралы – 11; жер туралы – 9; және басқа -2.

Олардың ішінде оң шешілгендері - 1; өтініш қанағаттандырылмады – жоқ, түсінік берілгені – 200, мемлекеттік органның бөлімшелеріне жіберілді - 22.

Әуезов ауданы әкімінің қабылданған өкімдері – 223, шешімдері - 3.


ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ (КАДР ҚЫЗМЕТІ)
2016 жылдың 1 жартыжылдығында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) келесі жұмыстар атқарылды:

Аудан әкімі аппаратының бекітілген штат кестесіне сәйкес қызметкерлер саны 41, нақты жұмыс істеп отырғандары – 38.

2015 жылдан бастап босатылғаны – 7 қызметкер.

Бос әкімшілік лауазымына конкурстар өткізіліп, оның ішінде 4 бос лауазым бойынша конкурсқа қатысушыға орналасу құқы берілді.

2016 жылдан бастап 4 қызметкер жұмыстан босатылды.

Ауысу тәртібімен жоғары лауазымға - 2 қызметкер.

Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚКД арнайы тексеруінің нәтижелері теріс көрсеткіштің салдарынан-1 қызметкер бойынша

Қайтыс болуына байланысты-1 қызметкер.

Конкустық комиссия шешімімен 1 қызметкер жұмысқа қабылданды. Қазақстан Республикасы Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында оқудан өтті, оның ішінде: қайта даярлаудан - 2 қызметші және 4 қызметші біліктілігін арттырудан өтті.

Әуезов ауданының зейнеткерлік жасқа толған, мүгедектер мен қарттарға үйінде қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік жұмысшылармен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жеке істерін қалыптастыру және үйлестіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.


АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІН ТІРКЕУ
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен 2016 жылдың 1 жартыжылдықта мемлекеттік қызмет көрсету барысында 11223 мемлекеттік қызмет көрсетті. Мерзімін өткізіп берілген құжаттар жоқ.

Тууыды тіркеу – 4837, қайтыс болуды тіркеу – 1139, некені қию – 1724, некені бұзу – 663, әкелікті анықтау – 519, бала асырап алу – 35 тууыды қалпына келтіру жалпы саны – 61, атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы – 119, түзету, толықтыру, өзгерту енгізу мәселесі бойынша – 181 қортынды бекітілді.

Бөлім мамандары 17 сот мәжілісіне қатысды. Мемлекетке 8983060 тенге баж сомасы өндірілді.

Құжаттарды кері қайтару, бас тартуды азайту және мемлекеттік қызметтердің көрсетуін сапасын көтеру мақсатында, ай сайын ХҚКО-ның инспекторларымен дәріс, тиісті сабақ өткізілуде.


ІІ. Түйіткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары

1. Арық жүйесі.

Аудан бойынша меридиан көшелердің арық жүйелеріне ЖСҚ жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу қажет. Абай даңғылы, Б.Момышұлы, Шаляпин, Төле би көшелерінде жаз мезгілінде жасыл желектерді суғару үшін суғаратын су құбыр жүйесінің мәселесін шешу қажет.

Шешу жолдары: Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жағынан ЖСҚ жүйесін жобалау.

2. Жарық жүйесі.

«Достық» шағынауданында қолданыста бар ЖСҚ бойынша сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысын салу қажет. Сонымен қатар, Дубок, Школьник, Баян ауыл, Таугүл шағынаудандарында сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы үшін ЖСҚ жасау қажет.



Шешу жолдары:

Сыртқы жарықтандыру жүйесінің құрылысы мен ЖСҚ жасауды жүзеге асыру үшін «Алматы Қалажарық» МКК бюджетінен қаржы қаражат бөлу.



3. Су құбыры желісін қайта құрылымдау.

«Школьник-1,2» шағынаудандарын сумен қамтамасыз ету жүйесі жоба шешімінсіз ұйымдастырылған, пайдаланылып отырған су көзі таудың суы болып отыр. Сондай-ақ, судың берілуі су құбыры жүйесінде бастапқы өңдеуден өтпей және қосымша тазаланбағандықтан ауыз су сапасының талаптарына сәйкес келмейді.



Кәріз жүйесін тұтынуда жоғарыда аталған мәселеге ұқсас, жергілікті септиктерді пайдалану жиі байқалады.

Шешу жолы: Мәселені шешу үшін су құбыры және кәріз желісі жүйесін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарын бастау үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, алдағы уақытта қолданысқа беру қажет болып отыр.
жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау