№1. Лекция Волейбол ойынының техникалық тәсілдері
1.Волейбол ойынының техникасы дегеніміз не.
2. Ойын аланындағы ойыншылардың дайындығы.
Волейбол ойыны техникасы дегеніміз - ойын барысындағы ойыншылардың өз алаңында тиімді пайдаланатын әдіс-тәсілдерінің жиынтығы деуге әбден болады. Ойын техникасын меңгеру барысында спортшылардың тактикасы мен техникасы қарсыласына арналған "қарсы қару", яғни өз мақсаттарына жетудің ең қарапайым тиімді жолын ұтымды пайдалану шеберліктері. Ойын техникасын жете ыждағаттылықпенен меңгеру ойын барысында қарсылас команда мүшелері үшін шешуін қажет ететін ойын түйінін ұсыну немесе қарсыластарының шешімін табуды қажетсінетін "проблемаларға" дер кезінде өз "қаруларын" жұмсай білудегі шеберлік. Қазақ волейболы спорт ойынының негізін салушы Октябрь Жарылғаповтың пікірі бойынша, "Волейбол ойынын төрт тактикалық тәсілге бөлуге болады:
1) допты ойынға қосу;
2) доп беру;
3) шабуыл соққысы;
4) тосқауыл.
Бұларменен қатар ойын барысындағы ойыншылар әрекеттерімен (дер кезіндегі ауыстырулар) доппен қарсыласына шабуылдау техникасы волейбол ойынының біртұтас эстетикасы деуге де болады. Себебі, доп шебер ойыншылар үшін ғана жеңіске жету құралы. Ойын техникасы дегеніміз волейболшы қимыл-қозғалысының тиімділігі, сәттілігі қарсыластар үшін жұмбақ ойын өрнегі, яғни ойын гармониясы. Шебер ойыншылары тән ерекшелік - олардың ойын барысындағы әрекеті басқаларда қайталанбайтын тек оған ғана тән шеберліктер жиынтығы. Ойыншы шеберлігіне тән қимыл-қозғалыстар оған қарсыласы ұсынған доптың жылдамдығы мен ұшу бағытына орай үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Мұндайда шешім қабылдаудың шапшаңдығы қас шеберлерге тән қасиет, яғни ойын техникасы мен тактикасының бір сәт тоғысу кезеңі деп тұжырымдауға болады.
Ойын техникасындағы ойыншылардың ойлау қабілеті мен әдіс-тәсілдерінің белгілі жүйе арқылы бір арнаға тоғысуын волейбол ойынының "фазасы" деп атайды. Фаза - грекше "пайда болу" деген мағынадағы сөз. Екінші сөзбен айтқанда жаңа құбылыс, қайталанбас сәт. Яғни, ойыншылардың қарсыласы ұсынған допты қабылдауға техникалық, психологаялық дайындығының бастапқы кезеңі. Әрбір кезеңдегі ойыншылардың дайындығы ұзақ мерзімге жалғасқан жаттығу барысында қалыптасатын қасиеттердің бірі, сондықтан жаттығу барысында болашақ ойыншылардың өздеріне ғана тән ойын барысындағы жүріс-тұрысының маңыздылығын ескеру қажет.
Ойын барысындағы шабуылға шығар алдындағы техникалық дайындық, ойынның мақсатқа сәйкес өтуіне себепші болатынын ескертеміз.
2. Ойын алаңындағы ойыншылардың дайындығы. Бұл ойыншылардың допты ойын алаңындағы қозғалысы мен ұшу бағытын дер кезінде барлай алуға қабілеттіліктерін көрсету. Мысалы, бір аяғын алда ұстап, еңкейген сәтте допты қабылдау; екі аяғын тең ұстау арқылы алдынан келген допқа қарсы ұмтылу; өз алаңындағы қозғалыс арқылы допты қабылдауға толық дайындығы.
а. Аландағы жүру- бұл кезенде ойыншы екі тізесін сәл бүгіп, допқа қарсы жүру дайындық кезеңі.
б. Жүгіруге дайын тұру кезеңі - ойыншы дер кезіндегі шапшаң қимылы арқылы қол жетпейтін допқа ұмтылу немесе командаласының берген добын қарсыласы алаңындағы ойыншылар жоқ жерге жетелей соғу сәті.
Секіру сәті - бұл кезеңде ойыншы жүгіріп барып жоғары секіру немесе алаңнан қол созым жердегі допты қарсыласына бағыттау үшін пайдаланады.
Ойын техникасын меңгеру арқылы допты ойынға қосу волейбол ойыншыларынан үлкен дайындықты талап ететін тактикалық мәні бар процесс, себебі допты ойынға қосу шабуыл сәтіндегі тиімді тәсілдердің бірі, сондықтан да бапкер бұл рольді орындауға өз ойыншыларын алдын-ала дайындайды.
Ойыншылардың өз серіктеріне доп беру - шеберліктері қазіргі волейболдағы басты міндеттердің бірі. Яғни қарсыласының ұзатқан добының дұрыс қабылдауы мен оны өз шабуылшысына дер кезінде ұзату ұтысқа жеткізетін бірден-бір себеп, дәлел.
Команда мүшелерінің ойын барысындағы өз нүктелерінде болып кез-келген жағдайға дайын екендігін ойын барысында көрсете білуі, жарысқа алдын-ала тыңғылықты дайындығының нәтижесі болмақ. Оның дәлелі қабылдаған допты командаласына беру үшін қарсыластарынын аланда тактикалық тұрғыдан орналасуларын алдын-ала байыптап, оған шабуылға шығуға өз әріптесінің тиімді жерде дайын тұрғанына көз жеткізулері керек.
Бақылау сұрақтары.
1.Волейбол ойынының техникасы деген не?
2. Допты ойыңға қосу қанша тәсілдері бар?
3. Ойыншылардың дайындығы?
Әдебиеттер:
1. Алшынбаев К.И.,Желеубаева Б.С.,Дусебаев М.А. Волейбол оқыту әдістемесі. Оқу құралы. 2015ж.
2. Дүйсенов О.Қ. Болашақ денешынықтыру мұғалімдерінің волейбол спортына кәсіби бейімділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ материалдары негізінде): пед. ғыл. канд. дис. ... автореф. ...: 13.00.08-"Кәсіптік білім
беру теориясы мен әдістемесі" / О. Қ. Дүйсенов. - Түркістан: Х.А. Яссави атындаѓы ХҚТУ, 2012. - 28 бет
3. Волейбол. - СПб.: Регион-Про, 2013. - 72 с. - (Правила игры)
4. Официальные волейбольные правила 2007 / Пер. с англ.; Федеральное агентство по ФК и С; Всероссийская федерация волейбола. - М.: Олимпия, 2014. - 96 с.
5. Кунянский В.А. Волейбол: Профессиональная подготовка судей : методическое пособие по подготовке судей по волейболу / В. А. Кунянский; под общей ред. М.В. Савина. - М.: ТВТ Дивизион, 2014. - 176 с.
6. Абдурашидов А.А. Методические рекомендации по волейболу. 2015г.
7. Фурманов А.Г. Волейбол / А. Г. Фурманов. - Минск: Современная школа, 2013. - 240с.
8. Қонарбаев Ж.Ө.,Балабеков А.Т. Волейбол ойыны. Шымкент- 2019
Достарыңызбен бөлісу: |