«БізАлматымыз» жобасына жаттықтырушы ретінде қатысу туралы өтінімдерді қабылдау жайлы хабарландыру



жүктеу 49,95 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.01.2018
өлшемі49,95 Kb.
#7775


«

БізАлматымыз» жобасына жаттықтырушы ретінде қатысу 

туралы өтінімдерді қабылдау жайлы хабарландыру 

British Council, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан-Британ техникалық университеті 

және  «Алматы  қаласын  дамыту  орталығы»  АҚ  «БізАлматымыз»  жобасына 

жаттықтырушы ретінде қатысу туралы өтінімдерді қабылдайтыны жайлы жариялайды. 



Жоба туралы  

«

БізАлматымыз»  жобасын  Еуропалық  Одақ  қаржыландырады.  Жобаның  мақсаты  – 



Алматы  қаласының  мәдениет,  бизнес  саласында  2020  жылға  дейінгі  дамуының  және 

азаматтық  қоғамды  белгілі  бір  бағытта  дамыту  арқылы  «ақылды  қаласын»  және 

«белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру жағынан оған 

көмектесу.  

Жоба  қала  құрылысы  мен  әлеуметтік  мәселелерді  шешу  мақсатында  қоғамдық 

ұйымдар  мен  жергілікті  билік  органдарының  Алматы  қаласының  экономикасын 

дамытуға  азаматтарды  тартуға  және  әлеуметтік  кәсіпкерлікті  қолдауға  қажетті 

машықтары мен мүмкіндіктері болуы үшін олардың әлеуетін арттыруға ықпалдасатын 

болады. 

Әлеуетті  арттыру  және  құзыреттіліктерді  дамыту  –  жобаның  төрт  құрамдас  бөлігінің 

бірі.  Аталған  құрамдастың  мақсаты  –  жергілікті  жауапты  тұлғалардың,  азаматтық 

қоғамның,  сондай-ақ  әлеуметтік  және  жасампаздық  кәсіпкерлік  секторының  жас 

өкілдерінің  арасындағы,  мақсаты  Алматы  қаласының  әлеуметтік  экономикалық  өмірін 

жасқарту  болып  табылатын  азаматтық  әлеуметтік  бастамаларды  дамытуға 

бағытталған ынтымақтастықты нығайту. Аталған құрамдастың шеңберінде біз Алматы 

қаласының  алты  тұрғынын  жаттықтырушыларды  даярлау  бағдарламасы  бойынша 

оқытуды  жоспарлап  отырмыз.  Ал  олар  басқа  адамдарды  үйретіп,  жоба  барысында 

оларға тәлімгерлік әрі ұйымдастырушылық жұмыс бойынша күнделікті қолдау көрсете 

алады. 

Тренингті  және  Ұлыбританияға  таныстыру  сапарын  қамтитын  оқу  дәрісінен  өткеннен 



кейін  жаттықтырушылар  4-5  күндік  алты  семинар  өткізуге  (соның  ішінде  олардың 

мазмұнын  әзірлеп,  жоба  тобына  есеп  беруге),  сондай-ақ  «Сұхбаттық  платформа» 

құрамдасының  шеңберінде  ұйымдастырылатын  іс-шараларға  қатысуға  тиіс  болады. 

Өткізген семинарлар үшін жаттықтышуларға бір күнде 10000 теңге ақы төленеді. 

Іріктеу  барысында  біз  алты  жаттықтушыларды  таңдап,  оларды  тренингке  және 

Ұлыбританияға таныстыру сапарына шақыратын боламыз. 



Тренинг 

Тренинг екі кезеңге бөлініп өткізілетін болады:  



1-

кезең:  2017  жылғы  4-8  қыркүйекте  Алматыда  өтетін,  жаттықтырушыларға 

арналған тренинг; 



2-

кезең:  2017  жылғы  22-27  қазанға  жоспарланған,  Ұлыбританияға  таныстыру 

сапары. 



Оқытуға  байланысты  барлық  шығындарды,  соның  ішінде  курстың  өзінің,  сондай-ақ 

Ұлыбританияға  баратын  сапарға  қатысушылардың  жол  жүруінің,  оларға  арналған 

визалардың,  тұрғын  жайдың  және  тәуліктік  төлемақының  құнын  жоба  есебінен  төлеу 

көзделеді. 



Жаттықтырушылар немен айналысатын болады 

Оқып-үйренген  жаттықтырушылар  екі  жыл  бойында  25  адамнан  құралған  үш  топқа 

әрқайсысы бес күндік алты семинар өткізеді. 

Семинарға  қатысушылар  қоғамдық  жетекшілер,  жауапты  тұлғалар  (қалалық  және 

аудандық  әкімдіктердің  қызметкерлері),  әлеуметтік,  жасампаздық  және  цифрлық 

кәсіпкерлік  секторының  өкілдері,  сондай-ақ  Алматыда  тұратын  әлеуетті  жастар 

жетекшілері  болмақ.  Семинарларда  «ақылдылар  сарабы»,  «think-pair-share», 

қорытынды  шығару,  аудиторияда  орын  ауыстыра  жүріп,  топтасып  талқылау, 

басымдықтарды айқындау, жарыссөз сияқты әдістер пайдаланылатын болады. 

Әр  жаттықтырушылар  жұбының  өз  тыңдаушылар  тобы  болады;  бұл  орайда 

жаттықтырушылар  бір  бірімен,  сондай-ақ  Ұлыбритания  мен  Алматыдан  келген 

сарапшылармен тәжірибе алмасып, ақылдаса алады. 

Сонымен  қатар,  жаттықтырушыларға  «Сұхбаттық  платформа»  құрамдасының  іс-

шараларына қатысу ұсынылатын болады. Оның шеңберінде Алматыда құрылған түрлі 

топтар  қала  тұрғындарын  «ақылды  қалаларды»  құруға  қатыстыру  саласындағы 

басымдықтар мен озық іс-тәжірибені талқылайды. 



Кім қатыса алады 

Бұрындары аралас  топтармен  жұмыс істеген және әлеуметтік  әрі  экономикалық даму 

мәселелерімен  айналысқысы  келетін  тәжірибелі  жаттықтырушыларды  конкурсқа 

қатысуға шақырамыз. Үміткерлер Алматыда тұратын болуы керек.  

Үміткерлер  қызметтің  түрлі  секторлары мен  бағыттары  бойынша  жұмыс  істей  алады, 

мысалы,  бұл  (шектеусіз)  цифрлық,  әлеуметтік,  технологиялық  кәсіпкерлік;  тікелей 

қатысу  демократиясы,  жергілікті  азаматтық  қоғамды  қатыстыру;  әлеуметтік 

жауапкершілік;  жастарды  дамыту;  өнер,  сәулет  өнері,  дизайн,  жасампаздық 

кәсіпкерлік;  әлеуметтік  жаңартпаларды  қолдайтын  ұйымдар  болуы  мүмкін.  Біз 

мемлекеттік  өтінімдерді  саясатты  әзірлеумен  айналысатын  ұйымдарға,  жергілікті 

басқару  органдарына,  ғылыми-зерттеу  орталықтарына,  бизнес-инкубаторларға, 

мемлекеттік  емес  ұйымдарға,  әлеуметтік  кәсіпкерлік  секторына  қатысы  бар 

адамдардан қабылдаймыз. 

Не үшін қатысу керек 

Іріктеуден  өткен  үміткерлер  Алматы  қаласын  дамытуға  өз  үлестерін  қосып,  оны  қала 

тұрғындарына  тең  мүмкіндіктер  беретін  «ақылды  қала»  болып  түрленуіне  қолдау 

көрсете алады. Сонымен қатар, үміткерлер төмендегідей мүмкіндіктерге ие болады:  

азаматтық  қатысу  мен  жергілікті  экономикалық  дамуды  қамтамасыз  етудің 



халықаралық 

тәжірибесімен, 

соның 

ішінде 


алдыңғы 

қатарлы 


британдық/еуропалық іс-тәжірибемен танысу; 


олар өз ұйымдарында ендіре алатын жаңа құралдар мен үлгілерді меңгеру; 

Алматыда түрлі секторлардың өкілдерімен арадағы байланысты кеңейту; 



жеке басы мен кәсіптік жағынан даму; 

Өткізген семинарлар үшін жаттықтышуларға бір күнде 10000 теңге ақы төленеді.  



 

Өтінімді қалай беру керек? 

Өтінім  беру  үшін  қоса  тіркеліп  отырған  пішінді  толтырып,  түйіндемемен  бірге  Анна 

Гураевскаяға (

anna.gurayevskaya@kz.britishcouncil.org

) 2017 жылғы 12 маусымға дейін 

(Алматы уақыты бойынша 23:59) жолдау қажет. 

 

 

Өтінімдер қалай бағаланады 



Өтінімдер  алдын  ала  талаптарға  сай  келуі  тұрғысынан  тексеріледі,  содан  кейін  жоба 

тобының  өкілдерінен  тұратын  сарапшылар  комиссиясы  төменде  келтірілген 

өлшемдерге  сәйкестік  тұрғысынан  бағалауды  іске  асырады.  Ең  көп  ұпай  жинаған 

үміткерлер жоба тобымен сұхбаттасуға шақырылатын болады. 



Алдын ала қойылатын талаптар 

Өтінім түгелдей толтырылып, онда үміткердің түйіндемесі болуға тиіс.  



Өтінім көрсетілген мерзімде берілуге тиіс. 

Үміткер  жаттықтырушыларға  арналған  тренинг  пен    таныстыру  сапарына 



қатыса алатын және ол 2017-2020 кезеңінде жаттықтырушының міндеттерін 

атқаруға дайын болуға тиіс. 

Үміткер айтарлықтай кәсіби тәжірібесіне ие болуы керек. 



Өтінімді  үміткердің  ұйымы қолдайтын  болуы керек  (егер  қажет болса;  яғни, 

ұйымның немесе тиісті бөлімнің басшысы қол қойған хат қоса тіркелуге тиіс). 

Үміткер Алматыда тұратын болуы керек. 



Үміткер  орыс  тілін  еркін  меңгеруі  тиіс;  қазақ  және  ағылшын  тілдерінде 

сөйлей білуі және ауызша тілді түсінуі артықшылығы болмақ. 

Сапа өлшемдері 

 

 



Өлшемдер

 

Салмағы 

Жұмыс тәжірибесі (түйімдемемен расталады): 

оқу материалдарын әзірлеу, тренингілер және (немесе) іс-



шаралар өткізу, соның ішінде фасилитатор ретіндегі 

тәжірибесі; 

азаматтық немесе әлеуметтік мәселелер бойынша жауапты 



тұлғалармен немесе жергілікті басқару органдарымен жұмыс 

істеу тәжірибесі. 

 

50% 


Ынталану

 

30% 



Жергілікті адамдармен байланыстың болуы және Алматы қаласында 

азаматтарды тартуға, цифрлық технологиялардың дамуына және 

10% 



 

 

 



 

 

 

 

 

Түпкілікті шешім 

Алдын ала талаптар мен сапа өлшемдерімен қатар біз сондай-ақ түрлі секторлардағы 

жұмысты  да  ескеретін  боламыз.  Біз  жаттықтырушылардың  арасында  мемлекеттік 

секторда,  қоғамдық  ұйымдарда,  сондай-ақ әлеуметтік және  коммерциялық  кәсіпкерлік 

секторында жұмыс істейтін адамдардың болуын қалар едік. 

 

 



Тең мүмкіндіктер 

Жоба  тобы өзінің  қызметінің  барысында  тең  мүмкіндіктерді  ұсынуға  ұмтылады,  сонда 

өтінімдерді  бағалау  кезінде  үміткердің  жынысына,  кемтарлығына,  нәсіліне,  ұлтына, 

жыныстық бағдарына немесе діни нанымдарына байланысты қандай да бір алдын ала 

ағат әрекетке жол берілмейді. 

Жиі қойылатын сұрақтар 

Қаншалықты көп жұмыс сітеуіме тура келеді? 

Алты  жаттықтырушы  бес  күнге  дейін  созылатын  алты  семинарды  дайындап, 



өткізеді  және  үш  жылдың  ішінде  «сұхбаттық  платформаның»  бір  күндік  12  іс-

шарасына қатысады.  

Семинарлар қай тілде өткізіледі? 

Жаттықтырушыларға  арналған  тренинг  ағылшын  тілінде  өткізіледі  және 



аудармасы беріледі; Ұлыбританияға сапар кезінде де аударма бойынша қызмет 

көрсетіледі.  

Әлеуетті арттыру мен құзыреттілікті дамыту бойынша семинарлар орыс тілінде 



өткізіледі. 

Семинарлардың мақсатты аудиториясы кімдер болады ? 

Әлеуетті арттыру мен құзыреттілікті дамыту бойынша семинарлардың мақсатты 



аудиториясы  әр  түрлі  болады.  Бұл  орайда  семинарларға  қатысушылардың  өз 

саласында жеткілікті тәжірибесі болады. Қатысушылар түрлі мақсатты топтарға 

өкілдік етеді және олардың қатарында қоғамдық жетекшілер, жауапты тұлғалар, 

әлеуметтік,  жасампаздық  және  цифрлық  кәсіпкерлік  секторларының  өкілдері, 

сондай-ақ  қала  тұрғындары  болады.  Сондықтан  жаттықтырушылардың 

жеткілікті  тәжірибесі,  соның  ішінде  аралас  топтармен  (түрлі  секторлардың 

өкілдерімен)  жұмыс  істеу  бойынша  тәжірибесі  болуға  тиіс.  Оларға  жекелеген 

адамдармен  араласу  мен  фасилитация  бойынша  тамаша  машықтар  және 

көрегендік  (не  болып  жатқанын,  алға  қойылған  мақсаттарға  жету  тәсілдерін, 

(немесе) әлеуметтік экономикалық (соның ішінде кәсіпқойлық) 

жаңартпаларды ілгерілетуге байланысты жағдайларды түсінуі

 

Жекелеген адамдармен араласу машықтары, соның ішінде 



адамдардың түрлі топтарымен жұмыс істей білуі

 

10% 




сондай-ақ  топтың  түрлі  қатысушыларының  арасында  қандай  алауыздық 

туындауы мүмкін екендігін түсіну) қажет болады. 

Ұлыбританияға таныстыру сапарында не болады? 

Ұлыбританияға  сапар  бір  аптаға  созылады.  Сапар  барысында  қатысушылар 



қала  тұрғындарын  тартудың,  мемлекеттік-жекеменшік  серіктестіктерді  құрудың 

және  жергілікті  экономикалық  дамудың  халықаралық  озық  іс-тәжірибесімен 

танысады.  Қатысушылар 

Digital  Health  London

Queen  Elizabeth  Olympic  Park 



(Королева  Елизаветаның  Олимпиада  паркі)

SpaceHive



 

және  т.б.  сияқты 

бірқатар ұйымдарға және нысандарға барады. 

 

Байланыс деректері 

Егер  сізде  «БізАлматымыз»  жобасы  немесе  осы  хабарландыру  туралы  сұрақтар 

туындаса, 

anna.gurayevskaya@kz.britishcouncil.org

 

электрондық поштасы арқылы Анна 



Гураевскаяға хабарласыңыз.  

 

жүктеу 49,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау