14
- атомдық және ядролық физиканы оқытуда болашақ мұғалімдерді
даярлаудың әдістемелік жүйесінің тиімділігін дәлелдейтін педагогикалық
эксперимент нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. Зерттеу жұмысының негізгі
тұжырымдары, қорытындылар мен онда қарастырылатын ӛзекті мәселелер:
«Теоретические и методологические проблемы современного образования»
(Мәскеу, 2014), «Современные проблемы гуманитарных и естественных наук»
(Мәскеу, 2015), 2013 – 2022 ж. Мәдениеттер жақындастығының онжылдығы
кӛлемінде ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналған «Педагогикалық кадрларды
дайындаудағы ЮНЕСКО стратегиясын жүзеге асыру: білім беру кеңістігіне
инновациялық технологияларды енгізу мәселелері және жолдары» (Алматы,
2015) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, профессор
Е.Ы. Бидайбековтың 70 жылдығына және мектеп информатикасының 30-
жылдығына
арналған
«Математикалық
модельдеу
мен
ақпараттық
технологиялар білімде және ғылымда» атты VII Халықаралық ғылыми-
әдістемелік конференцияда (Алматы, 2015), «Современные концепции
естествознания и информационных технологий» (Алматы, 2016) атты
халықаралық
ғылыми-әдістемелік
конференцияда
баяндалды,
зерттеу
жұмысының негізгі мәселелері әдістемелік басылымдарда кӛрініс тапты.
«Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға
мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздері бойынша Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университетінде, қала мектептерінде эксперименттер
жүргізілді.
Диссертацияның қҧрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, әр
тараудың тұжырымдарынан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде таңдалып алынған зерттеу тақырыбының ӛзектілігі негізделеді,
зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, зерттеудің
практикалық маңыздылығы айқындалады. Зерттеудiң теориялық-әдiснамалық
негiздерi, қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалады.
«Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика
мҧғалімдерін даярлаудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда
педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін даярлау
мәселелері қарастырылған. Орта мектепте «Атомдық және ядролық физиканы»
оқыту жағдайы баяндалып, «Атомдық және ядролық физика» курсының
құрылымы мен мазмұндық ерекшеліктері талданған.
«Орта мектепте «Атомдық және ядролық физика» курсын оқытуға
мҧғалімдерді даярлаудың әдістемесі» атты екінші тарауда педагогикалық
жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін даярлауға арналған
атомдық және ядролық физиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесі
ұсынылған. Сонымен бірге, атомдық және ядролық физика бойынша
зертханалық жұмыстар мен практикумдарды ӛткізудің, сондай-ақ практикалық
жұмыстар бойынша тренажер тапсырмалар мен зертханалық жұмыстар
бойынша визуалды техникалық оқыту құралын даярлаудың әдіс-тәсілдері
15
берілген. Мектепте атомдық және ядролық физиканы оқытудағы педагогикалық
практиканың маңыздылығы кӛрсетілген. Ұсынылған әдістеменің тиімділігін
және оның сапалылығын дәлелдейтін педагогикалық эксперимент нәтижелері
баяндалған.
Қорытындыда
аталған мәселені зерттеу нәтижесінде алынған
тұжырымдар мен ұсыныстар берiлдi.
Қосымшада білім алушылар мен оқытушыларға арналған сауалнамалар,
білім алушылар мен мектеп оқушыларының білім деңгейін тексеруге арналған
тапсырмалар келтірілді.
16
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ
ФИЗИКА МҦҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика
мҧғалімдерін даярлаудың мәселелері
Бүгінгі күнгі білім ордаларының, жоғары педагогикалық оқу орындарының
басты мақсаты білікті мамандарды даярлау екендігі даусыз. Заман талабы
ӛзгерген сайын жоғары педагогикалық оқу орындарына қоғам тарапынан
қойылатын талап та ӛзгереді.
Қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты – білім алушылардың тұлғалық
және кәсіби тұрғыда дамуы болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін
болашақ мұғалімді кәсіби қызметке, яғни мектепте қызмет ететін маман ретінде
даярлау қажет. Оларға берілетін білім мазмұнында оқыту жүйесінің
стратегиялық бағыты айқын кӛрсетілуі тиіс. Оған білім беру процесінің
икемділігі, яғни қоғамның дамуына сай болуы, берілетін сабақтардың
жүйелілігі мен сапасы, білім бағдарламасының орынды іске асуы, берілетін
білімнің нақтылығы, толықтығы, айқындығы, тереңдігі бүкіл оқу-тәрбие
жұмысын дұрыс жоспарлауға оң ықпал етері хақ.
Болашақ мұғалімді даярлау арнайы (әдістемелік, психологиялық,
дидактикалық,
физикалық)
білім,
кәсіби
дағды
және
біліктілікті
қалыптастыруды кӛздейді.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде физиканың маңызды орын алуы,
тек қана ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруына байланысты
емес, табиғаттағы басқа да ғылымдардың дамуында алатын орнына да
байланысты болып отыр. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарында
болашақ физика мұғалімдерін даярлауда тӛмендегідей талаптар қойылады:
- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан
талдауға қабілетті және осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін әртүрлі кәсіптік іс-
әрекетінде қолдануға дағдылануы;
- кәсіптік іс-әрекеттің басқару механизмі мен ұйымдастыруын жетілдіру
үшін ғылыми мәліметтердің автоматтандырылған қор жинағын, ақпараттық-
әдістемелік материалдарын және коммуникативтік желілерін қолдануға
икемділігі болуы;
– іргелі физикалық заңдарды және физикада пайдаланылатын
математикалық аппаратты білуі;
– осыларды физикалық және математикалық модельдерді жасау, әртүрлі
құбылыстар мен процестерді болжау және бейнелеу үшін қолдануды білуі;
– жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде әртүрлі оқыту қызметі түрлерін
жүргізуге, оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті болуы;
– ғылыми-зерттеулерді және орта оқу орындарында білім беру үдерісін
ұйымдастыруға дағдыланған болуы;
– ӛз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруға икемді болуы;
– кәсіби қызмет саласында қолданылатын мәліметтерді жинаудың,
сақтаудың және ӛндірудің компьютерлік әдістерін меңгеруі;
Достарыңызбен бөлісу: |