Оспанбеков ербол анарбекович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/43
Дата09.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

10 
 
материалдар 
материя 
қозғалысының 
күрделенуіне 
байланысты 
орналастырылған.  Кванттық  физикада  қарастырылатын  «Атомдық  және 
ядролық  физика»  курсы  абстрактілі,  қолмен  ұстап,  кӛзбен  кӛру,  физикалық 
құралдардың  кӛмегімен  демонстрациялау  мүмкін  емес  болғандықтан,  білім 
алушыларды 
физикалық 
құбылыстарға 
анимациялық-компьютерлік 
технологияны пайдалана отырып оқытуға даярлау қажеттігі туындайды. 
Сондықтан  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  атомдық  және 
ядролық  физика  курсын  орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлаудың 
әдістемелік  негіздерін  әзірлеу  қажеттілігі  мен  бұл  мәселенің  теориялық  және 
практикалық  тұрғыдан  жеткілікті  деңгейде  зерттелмеуі  арасында  қарама- 
қайшылықтар туындайды. Осы қарама-қайшылықтардан педагогикалық жоғары 
оқу орындарда болашақ физика мұғалімдерін шығармашылығы дамыған, алған 
білімі негізінде ӛзiн-ӛзi дамыта алатын, нақты жағдаяттарда бейімделе алатын, 
ақпаратпен  жұмыс  жасау  дағдыларын  игерген,  кез-келген  мәселені 
шығармашылықпен  шеше  алатын  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  ықпал  ететін 
атомдық және ядролық физика курсын визуалды техникалық оқыту құралдарын 
пайдаланып  кәсіби  бағытта  оқытудың  теориялық  негіздері  қандай  және  оны 
қалай жүзеге асыруға болады деген зерттеу проблемасы туындайды. 
Зерттеу проблемасының ӛзектілігі, теориялық және практикалық тұрғыдан 
маңыздылығы педагогикалық жоғары оқу орындарында атомдық және ядролық 
физика  курсын  орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлауды  теориялық 
тұрғыда  негіздеп,  оны  жүзеге  асыруды  әдістемелік  қамтамасыз  ету  қажеттігін 
кӛрсетеді.  Бұл  зерттеу  тақырыбын  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын 
орта  мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлаудың  әдістемелік  негіздері»  деп 
таңдап алуға негiз болды. 
Зерттеудің  мақсаты  –  болашақ  физика  мұғалімдерін  атомдық  және 
ядролық  физика  курсын  оқытуға  даярлауды  теориялық  негіздеу,  әдістемелік 
қамтамасыз  ету  және  оның  тиімділігін  тәжірибелік-эксперимент  арқылы 
дәлелдеу. 
Зерттеу  нысаны  –  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика 
мұғалімдерін даярлау процесі. 
Зерттеу пәні – болашақ физика мұғалімдеріне арналған орта мектептің 
«Атомдық және ядролық физика» курсын оқыту әдістемесі. 
Зерттеудің  ғылыми  болжамы:  егер,  жоғары  оқу  орындарында  атомдық 
және  ядролық  физиканың  мазмұнын  білім  алушылардың  терең  меңгеруіне 
ықпал  ететін  тиімді  оқыту  әдістемесі  жасалып,  яғни  анимациялық- 
компьютерлік  технологияны  пайдаланудың  әдіс-тәсілдері  кӛрсетіліп,  ол 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  оқу  үдерісінде  тиімді  қолданылса, 
онда  болашақ  физика  мұғалімдерінде  орта  мектепте  атомдық  және  ядролық 
физиканы  оқыту,  практикалық  жұмыстарды  жүргізу  дағдысы  қалыптасады, 
сӛйтіп  заманауи  талаптарға  сай  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауға 
мүмкіндік туады. 
Зерттеудің  міндеттері:  зерттеудің  мақсатына,  пәніне,  нысанына,  ғылыми 
болжамына сәйкес келесі міндеттерді шешу қажеттігі айқындалды: 


11 
 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлаудың мәселелерін зерттеу; 
- орта  мектепте  «Атомдық  және  ядролық  физиканы»  оқытудың  жағдайын 
анықтау; 
- «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсының  құрылымы  мен  мазмұндық 
ерекшеліктерін айқындау; 
- болашақ мұғалімдерге арналған орта мектептегі «Атомдық және ядролық 
физиканы» оқытуға даярлау әдістемесін жасау
-  ұсынылған  әдістеменің  тиімділігін  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс 
барысында тексеру. 
Зерттеудiң теориялық-әдiснамалық негiздерi: таным субъектісі ретіндегі 
тұлғаның  дамуы  туралы  ілім,  ақыл-ой  іс-әрекетін  сатылап  қалыптастыру 
теориясы, іс-әрекеттік теория, білім мазмұны теориясы, тұлғалық-бағдарланған 
оқыту тұжырымдамасы, дамыта оқыту тұжырымдамасы, педагогикалық жоғары 
оқу орындарында физикадан білім берудің мазмұны мен әдістемесіне қатысты 
теориялар,  оның  ішінде  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын  оқытудың 
теориясы  мен  әдістемесі,  білім  беруді  ақпараттандыру  тұжырымдамалары, 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы «Бiлiм 
туралы»  Заңы,  еліміздің  және  алыс-жақын  шетелдердiң  алдыңғы  қатарлы 
педагог-ғалымдарының  зерттеу  мәселесiне  қатысты  iргелi  еңбектерi,  бiлiм 
тұжырымдамалары,  білім  беру  стандарттары  және  бiлiм  беру  саласына 
байланысты басқа да құжаттар. 
Зерттеу  жҧмысының  жетекші  идеясы  –  ғылым  мен  техника  дамуының 
қазіргі кезеңінде білім алушыларға оқу бағдарламасы бойынша белгілі бір білім 
қорын меңгертіп қана қоймай, білім беру процесінде шығармашылықпен ӛзін- 
ӛзі  дамытуына  негіз  болатын  визуалды  техникалық  оқыту  құралдарын  тиімді 
пайдалану  олардың  болашақта педагогикалық  мәселелерді  тиімді  шеше  білуге 
қабілетті,  білікті  әрі  жаңашыл  маман,  кәсіби  құзыретті  ұстаз  болып 
қалыптасуына ықпал етеді. 
Зерттеу көздері: философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектер; 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасында 
білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы;  Ел  Президентінің  «Қазақстан-2050»  стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауы;  Қазақстан  Республикасын  индустриялық-инновациялық  дамытудың 
2015-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы;  педагогикалық 
жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру  мәселелеріне  қатысты  нормативтік 
құжаттар  мен  оқу-әдістемелік  кешендер  (стандарттар,  типтік  оқу 
бағдарламалары, оқулықтар, әдістемелік және оқу құралдары, т.б.); ақпараттық 
технологияларды  енгізу  үдерісіне  қатысты  ғылыми  еңбектер;  педагогтардың 
озық тәжірибелері. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау