34
- қоршаған ортаның жаратылыстану-математика бағытындағы таным
әдiстерiн игеруге (бақылау, ӛлшеу, тәжiрибе жүргiзу, зерттеу жоспарын құру,
нәтиженi интерпретациялау, қорытындылау); тәжiрибенi ӛзбетiмен және топпен
жүргiзуге қабiлеттi болуға;
- алған бiлiмдерi мен iс-әрекет тәжiрибесiн экологиялық-сауатты, адам
денсаулығына қауiпсiз iс-әрекеттердi жүзеге асырудағы нақты жағдаяттарға
қолдануға;
- түрлi ақпарат кӛздерi мен технологияларды пайдалана отырып, арнайы
жаратылыстану бағытындағы ақпараттарды алып, оны түрлендiре бiлуге
үйретуді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Ал міндеттері:
- білім алушылардың ӛз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып,
олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
- оқытудың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерттелетін
материалды ӛмірмен байланыстыру;
- оқу және білім беру бағдарламаларының кәсіптік лицейлердегі,
колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен
сабақтастығын ескеру;
- білім алушылардың кез келген оқу іс-әрекеті үшін жарамды әмбебап
біліктерді (ӛз пікірін негіздей білу, жұмысын кӛпшілік алдында қорғай алу,
айналасындағылармен тіл табысу, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу
және т.б.) игеруін қамтамасыз ету.
2. Осы мақсат-міндеттерге сәйкес білім мазмұны мынадай әртүрлі
функцияларды орындай алады:
- қазіргі заманғы түйінді проблемаларды зерделеу;
- болашақ кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктеріне бағдарлау;
- танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке
бағдарлау;
- пәндік білімді толықтыру және тереңдету.
Кӛрсетілген функциялардың әрқайсысының орны ерекше болғанымен,
тұтас алғанда олар кешенді түрде орындалуы тиіс.
3. Оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім мазмұны келесі
талаптарға жауап беруі тиіс деп есептейміз:
- әлеуметтік және тұлғалық мәнінің болуы, оқушының тұлғасын дамыту
үшін ӛзектілігі;
- білім алушының әлеуметтеуіне және түрлі жағдаяттарға бейімделуіне
мүмкіндік туғызуы, жеке білім траекториясын таңдауға, саналы түрде кәсіби
тұрғыдан ӛзін-ӛзі анықтауға мүмкіндік беруі;
- білім алушыларды оқу бағдарламасына сәйкес практикалық іс-әрекетке
бейімдеу;
- оқыту үдерісін білім алушының білімге деген қажеттілігіне және оның
білім алудағы ӛзіндік іс-әрекетіне сәйкес ұйымдастырудың әдістері мен
формаларына сүйенуі;
35
-
дамытушылық әлеуетінің болуы, әлемнің біртұтас бейнесін
қалыптастыруға, жалпы білімдік және интеллектуалдық дағдыларды
қалыптастыруға мүмкіндік беруі.
Қорыта келгенде, жаратылыстану-математика бағыттағы мектептегі білім
мазмұны теориялық негіздерге сүйене отырып құрылған жағдайда ғана ол
ӛзінің негізгі мақсат-міндеттері мен атқаратын қызметін педагогикалық
тұрғыда дұрыс орындап, мектеп бітірушілерді ӛз бетімен iзденiп білім алуға
талпындырып, оларды алған білімдерін ӛмірде қолдана білуге үйретеді,
ғылымның, ӛндірістің, ӛнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе
алатын тұлға ретінде қалыптастырады деп есептейміз.
Еліміздегі білім беру бағыттарын дамытуда білімге бағытталған мазмұнды
құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру
қажеттігі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі
қағидаларында белгіленгендігі айтылды. Осыған орай күтілетін нәтижеге
бағытталған білім берудің негізгі бағыттарын айқындау мақсатында жан-жақты
зерттеулер
жүргізілуде.
Онда
еліміздегі
және
алыс-жақын
шетел
мектептеріндегі оқыту сапасының қазіргі күйіне салыстырмалы талдау
жасалып, әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың сапасын жетілдірудің негізгі
тенденциялары анықталды. Әрине Қазақстандағы білім беру жүйесі Ресей және
Еуропадағы білім берудің даму тенденцияларына сүйенеді, бірақ біздегі білім
беру жүйесінің отандық дәстүрі мен үрдістеріміздің ерекшелігіне сай ӛзіндік
жолы бар [62, б. 63].
Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелi, мектепте оқыту үдерісі кезiнде
оқудың және ӛздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасады және оның
әлеуметтік мобильділігін анықтайтын, білімі мен тәжірибесіне, құндылықтары
мен бейімділіктеріне негізделген жалпы қабілеттерін сипаттайды. Ол оқу
үдерісiнiң негiзгi сапа кӛрсеткiшi болып табылады және қойылған
педагогикалық мақсатқа жетудi кӛздейдi.
Білім беру нәтижелері тұрғысынан алғанда, құзыреттілік оқушы
тұлғасының белгілі бір іс-әрекетті орындауға қабілеттілігі. Белгілі бір іс-
әрекетті жүзеге асыру үшін білім алушының білім, білік, дағдысы мен іс-әрекет
тәжірибесі болуы керек. Басқаша айтқанда, білім алушының белгілі бір мәселе
тӛңірегінде түсінігі, тәжірибесі болуы керек.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білім алушының хабардарлығын емес,
мынадай жағдаяттарда:
1) нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде;
2) заманауи техника мен технологияны игеруде;
3) практикалық ӛмірде;
4) мамандық таңдауда және ӛзінің кәсіби оқу орнында оқуға дайындығын
бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда;
5) ӛмірдегі ӛз орнын анықтауға, ӛмір салтын, кикілжіңдерді шешу
тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын
ӛмірлік мәні бар мәселелерді шеше білу білігін шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |