92
ӛзіндік шығармашылық стилі, жеке басының шығармашылығы ескеріледі. Ал,
болашақ маманды кәсіби даярлау процесіде оның шығармашылық қырын
дамыту мәселесін қалыс қалдырмау керек, ӛйткені шығармашыл тұлғаның жеке
басының адамгершілік сапалары ӛте жоғары болып келетіні ӛмір шындығы.
Шығармашыл тұлға ӛмірде кездесетін шиеленіскен мәселелерді, ӛзінше жол
тауып, дербес ӛзіндік шығармашыл пікірмен шеше алады.
Білім алушылардың педагогикалық жұмысқа шығармашылықпен кірісу
дәрежесін кӛтеру кӛп жағдайда олардың интеллектуалдық деңгейін, танымдық
және
шығармашылық
әлеуетін
арттыру
мәселелерін
шешумен
байланысты.Сондықтан, болашақ физика мұғалімінің шығармашылық қабілетін
дамытуға педагогикалық практика кезінде ерекше назар аудару қажет, себебі
дәл осы процесс кезінде болашақ мұғалім алған білімін, іскерлігін және
дағдысын қолдануға мүмкіндік алады.
Педагогикалық практика студенттердің теория жүзінде алған білімдерін
бекітуге, маман ретінде іс жүзінде іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыруға септігін тиізеді. Педагогикалық практиканың мақсаты білім
алушылардың мұғалім жұмысына даярлығын, оқушылармен оқу және тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыра білу дағдысын қалыптастыру. Осыған байланысты
болашақ физика мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуды
қамтамасыз ететін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың педагогикалық
шарттарын айқындау қажет. Ол шарттар тӛмендегідей болуы мүмкін:
-
педагогикалық
практика
барысында
студенттердің
зерттеу
жұмыстарының кӛлемін ұлғайту;
- алған білімдерін бекіту және тереңдету үшін нақты мүмкіндіктер жасау;
- мектеп оқушыларымен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге студенттердің
ӛз ықыластарының болуы;
- пән мұғалімдерінің сабақтарына қатынасып, соңынан сабақты
дидактикалық тұрғыдан талдау, сондай-ақ практиканттардың жүргізген
сабақтарын тек жоғары оқу орнының әдіскерімен ғана емес, мектеп
мұғалімдерімен біріге отырып талдау;
- жоғары оқу орнында оқу-тәрбие процесі кезінде педагогикалық практика
басталғанға дейін студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша
оқу-кәсіптік міндеттерді шешу.
Педагогикалық практика білім алушылардың шығармашылық жұмысқа
бейімделуіне, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу негізінде жекелеген
мәселелерді, жаңа білімдерді ӛз бетінше игере білулеріне, бақылаулар мен
эксперимент нәтижелерін талдай білулеріне, мектеп оқушыларын оқытудың
және
тәрбиелеудің
тиімді
формаларын
ойластыруға
қызығушылық
танытуларына ықпал етуі керек. Педагогикалық практиканы ӛту барысында
білім алушы жаңашыл мұғалімдердің жұмысын тікелей бақылай және белгілі
бір дәрежеде оқу-тәрбие процесінің педагогикалық нәтижелерінің тиімділігін
қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе элементтерін
меңгере алады.
93
Біздің ойымызша, педагогикалық практикаға жан-жақты дайындалған
студенттер мектептерде педагогикалық практика барысында ӛз шығармашылық
қабілеттерін еркін және жоғары деңгейде кӛрсете алады. Олай болса,
шығармашылық қабілетті дамыту болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын
қалыптастыруда маңызды рӛл атқарады.
Шығармашылық потенциалды ашып кӛрсету, мұғалім-зерттеушіні
қалыптастыру ең алдымен кәсіби даярлау процесінде оқу педагогикалық
міндеттерді шешумен байланысты. Осы міндеттерді шешу студенттерді
шығармашылық қабілеттерін тек ӛздерінің оқу іскерліктерінде ғана қолдануға
емес,
ӛмірде
де
танымдық
белсенділіктерін
дамытуға,
қолдануға
ынталандырады. Бұған педагогикалық практиканың да ықпалы бар, ӛйткені
педагогикалық практиканы ӛту барысында студенттер, кәсіби дайындығының
негізгі кӛрсеткіші – нақты педагогикалық процесте білім беру міндеттерін
шешеді және кәсіби іскерліктерінің қалыптасу деңгейін тексереді. Жоғары оқу
орындарының қазіргі бітіруші түлектері – бұл біздің ертеңгі, болашақ
қоғамымыз, сондықтан білім алушыларда шығармашылық қабілеттілік және
ӛмірлік практикалық іскерліктер мен дағдылар университет қабырғасынан
бастап қалануы тиіс.
Болашақ мұғалімді кәсіби оқыту жүйесінде педагогикалық практика
жоғары оқу орнындағы оқу-тәрие үдерісінің басты бір бӛлігі болып табылады
да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін
біріктіруін қаматамасыз етеді. Педагогикалық практика үдерісінде келесі
міндеттер шешімін табады:
- білім алушылардың мұғалім мамандығына деген қызығушылықпен
сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
- нақты педагогиклық міндеттерді шешу барысында психологиялық-
педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалануүдерісін тереңдету, бекіту;
- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру
және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға
бейімдеу.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 5В011000 –
Физика мамандығының 3 курс білім алушыларының педагогикалық практикасы
6 семестрде (ұзақтығы 4 апта), 4 курс білім алушыларының педагогикалық
пратикасы 8 семестрде (ұзақтығы 11 апта) ӛтеді.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 5В011000 –
Физика мамандығында «Атомдық және ядролық физика» курсы оқу жоспарына
сәйкес 5 семестрде оқытылады. Ал мектепте атомдық және ядролық физика
мәселелері 3 тоқсанда қарастырылады, яғни 3 және 4 курс білім алушыларының
педагогикалық практикадан ӛту мерзіміне сәйкес келеді. Тӛмендегі кесте 17, 18-
де 4 курс білім алушыларының педагогикалық практикадан ӛту мерзіміне
сәйкес 9 және 11 сыныптардың физика пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық
жоспарының үзіндісі келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |