23
Сурет 2- Мектеп практикасына енгізілген оқытудың психодидактикалық
моделі
4. Білім беруді белсендіру моделі. Мұнда басты назар оқушылардың ӛз
беттерінше білім алу іскерлігін белсендіруге, алған білімдерін практикада
қолдана білуге аударылады. Мұнда оқу материалын меңгертуде проблемалық
жағдаятты қолдану, оқушылардың ӛз беттерінше жұмыстарын ұйымдастыру
және т.с.с. жұмыстар ұйымдастырылады.
5. Білім беруді оңтайландыру моделі. Мұндай модельдің басты кӛрсеткіші
қысқа уақыт ішінде оқытуды оптималдандыру жолдарын пайдаланып, білімнің
жоғары сапасын қамтамасыз ету. Бұл Ю.К. Бабанскийдің оптимизация
теориясына тиесілі.
6. Кіріктірілген (интеграцияланған) оқыту моделі. Мұнда оқытудың негізгі
мақсаты
оқушылардың
санасында
әлемнің
ғылыми
сипаттамасын
қалыптастыру болып табылады. Оның алғашқы кезеңі тектес пәндерді
пәнаралық сипатта байланыстырып оқыту болса, соңғы кезеңі оқушылардың
табиғат жайындағы білімдерін кіріктіру болып есептеледі. Бұл білім беру
мазмұнының жаңа технологиясын кіріктіру арқылы іске асады.
7. Бағдарланған оқыту моделі. Бұл модельді оқытудың барлық кезеңінде
тұлғаны дамытуға бағытталған модель деп айтуға болады. Сонымен қатар, бір
жақты емес, екі жақты іс-әрекет орын алады. Мұнда оқушының басқа оқушыға
қатысты қабілеті
ескеріледі. Оқыту
процесі гуманистік
жағдайда
дифференцияланған жағдайда жүргізіледі. Түсіндіру процесі ғана емес, бірлесіп
түсіну процесі де іске асады.
Оқытудың
ақпарат беру
моделі
1
Оқытуды
дамыту
моделі
3
Білім
беруді
оңтайландыру
моделі
5
Оқытудың
интеграцияланған
моделі
6
Бағдарланған білім берудің технологияларының интеграцияланған моделі
Білім беруді
белсендіру
моделі
4
Еркін білім алу
моделі
8
Бағдарланған
оқыту моделі
7
Оқытудың
қарастыру
моделі
2
Білім берудің дәстүрлі модельдері
24
8. Еркін білім алу моделі. Бұл адамдардың ӛзі қызығушылық білдірген
білім жүйесіне тиісті дағдыларды игеріп, оларды дамытуға байланысты жеке
талабын қанағаттандыру. Мұндай модельге жеке адамды музыкаға үйрету, тігін
тігуге үйрету, жеке пәндерді жаттықтырушы жалдап үйрену және т.б.
жатқызуға болады.
Білім берудің және білім алудың жоғарыда кӛрсетілген модельдері
бірнеше жыл бұрын практикаға енгізілген әрі олар практикада іс жүзінде
сыналған. Олардың кейбірі ӛз алдына жеке, ал кейбірі бір-бірімен біріге
пайдаланылып келеді.
ІІ. Білім беру модельдерін іске асыруға
арналған психодидактикалық
әдістер.
1. Проблемалық оқыту – мәні проблемалық ситуация туғызу мен
оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін
басқару болып табылатын оқыту түрі.
2. Программаланған оқыту – бұл педагог (немесе оны алмастыратын
оқытушы машина) сияқты оқушылардың да әрекеттері қарастырылған, алдын
ала дайындалған программа бойынша оқыту.
3. Проблемалық программалап оқыту – жоғарыдағы екі әдісті біріктіріп
қолдану.
4. Жүйелік-функционалдық әдіс. Білім жүйесінің элементтерін бӛліп алып,
және оның әрбір функциясына байланысты оқыту әдісі.
5. Жүйелік-құрылымдық әдіс. Білімнің жалпы құрылымына талдау жасап,
оны теориялық құрамымен салыстырып оқыту.
6.Жүйелік-логикалық әдіс. Білімдер жүйесі элементтерінің логикалық
байланысына қарай оқыту.
7. Ойын арқылы оқыту әдісі. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі
формасы, әрі әдісі. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің ӛзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады.
8. Коммуникативтік әдіс. Бұл әдістің негізінде оқушылар жұппен, топпен,
ұжыммен жұмыс істеуге дағдыланады. Оның нәтижесінде оқушылардың
шығармашылық
қабілеттері дамиды, пәнге қызығушылықтары артады.
9. Пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдісі. Мұндай әдістің мақсаты
басқа оқу пәндерінен алған білімдерін ӛзара байланыстыру, біріктіру және
жүйелеу болып табылады.
10. Демонстрациялық-техникалық әдіс. Бұл әдіс арқылы заттар мен
құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-
фильмдерден, диафильмдерден кӛрсетіледі. Бұл әдістің сапасын кӛтеруге,
объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді
жақтарына оқушылардың кӛңілін аударуға, сонымен қатар әдістерді педагогтың
біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданады.
11. Практикалық әдіс. Бұл әдістің басты мақсаты алған білімдерін әртүрлі
жағдайларға қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Олар графиктік, сандық,
сапалық, эксперименттік есептерді шығару арқылы орындалады. Бұл әдіс