Оспанбеков ербол анарбекович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/43
Дата09.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12037
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

19 
 
Мұғалімнің  кәсіби  әдістемелік  даярлықтың  А.А.Шаповалов  [50,  с.  57] 
ұсынған  тӛмендегідей  деңгейлері:  кәсібилікке  дейінгі  даярлық,  бастапқы 
кәсіби-әдістемелік  даярлық,  кәсіби-әдістемелік  даярлығы  қалыптасқан 
педагогикалық  тәсілдерді  жүзеге  асыру,  ӛз  бетінше  кәсіби-әдістемелік  ойлау 
қабілетінің  қалыптасуы  арқылы  білім  алушылардың  әрекетін  рефлексивті 
басқару  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда 
ӛзекті болып табылады. 
Жалпы кәсіби-тереңдетілген (арнайы) кәсіби дайындық талаптары туралы 
С.С.Маусымбаев [33, б. 27] ӛз еңбегінде: «жалпы кәсіби даярлық тереңдетілген 
кәсіби  даярлықтың  теориялық  негізін  құрайды.  Жалпы  кәсіби  даярлау  білім 
беру бағдарламаларының негізгі мақсаттарын кәсіби қызметте іске асыру үшін 
қажетті  теориялық  және  практикалық  білім,  біліктіліктері,  дағдылары 
қалыптастырылады;  тереңдетілген  кәсіби  даярлауда  білім  алушылар  физика 
және  информатиканың  белгілі  бір  негізгі  саласының  материалдарын  оқып 
үйренуге  міндетті  және  осы  саладағы  қазіргі  заман  талаптарымен  танысып, 
зерттеу әдістерін игеруі тиіс» деп тұжырымдайды. 
Сонымен  қатар,  жаратылыстану  пәндері  мұғалімін  даярлау,  әсіресе 
физикалық  пәндерді  үйренуде  (оқыту  мазмұнының  ықпалдастығының  жоғары 
дәрежеде болуы салдарынан) оқытудың проблемалылығын максимум дәрежеде 
пайдалануға мүмкіндік туғызады деп кӛрсетеді [33, б. 48]. 
«Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық 
модельдеу 
негізінде 
кәсіби 
дайындау 
жүйесі» 
атты 
докторлық 
диссертациясында Б.Д.Сыдықов [12, б. 27] физика және кәсіптік білім пәндері 
мұғалімдерді  ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдеу 
негізінде  оқыту  арқылы  кәсіби  дайындауды  психологиялық-педагогикалық 
тұрғыда теориялық негіздеп, оның әдістемелік жүйесін ұсынады. 
Ш.Ж.Раманкулов  «Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика 
мұғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқыту  әдістемесін  даярлау»  атты  еңбегінде 
жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдердің  даярлығын  практикада 
жүзеге 
асырушы 
мамандардың 
зерттеулерінде 
жаңа 
ақпараттық 
технологияларды  физиканы  оқыту  үдерісінің  мақсатына  сай  барлық 
кезеңдерінде  лекциялық,  практикалық,  зертханалық  сабақтарда,  аудиториядан 
тыс және т.б. қолдану керектігін анықтаған [42, с. 34]. 
И.Б. Усембаеваның [43] «Болашақ физика мұғалімдерін даярлауда «Электр 
және  магнетизм»  пәнін  оқытудың  қолданбалы  бағдарлылығын  АКТ  арқылы 
арттыру»  тақырыбындағы  PhD  докторлық  диссертациясында  болашақ  физика 
мұғалімдерін  даярлауға  арналған  «Электр  және  магнетизм»  пәні  бойынша 
электрондық  оқулық  жасаудың  әдіс-тәсілдері,  тақырыпқа  қатысты  физикалық 
құбылыстардың анимациялық бейнесі кӛрсетілген. 
Б.С.  Уалиханова  [44]  «Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  
кәсіби бағытта оқытудың әдістемесі» атты еңбегінде медициналық жоғары оқу 
орындарының студенттеріне физиканы кәсіби бағытта оқытудың әдістемесі мен 
«Медициналық мамандықтарға арналған физика» атты жаңа элективті пәннің 
оқу бағдарламасын және оның оқу-әдістемелік кешенін әзірленген. 


20 
 
Педагогикалық жоғары оқу орындары үшін мұғалімдерді даярлау мәселесі 
бүгінгі  күннің  ӛте  ӛзекті  мәселелерінің  бірі  екендігі  сӛзсіз.  Ал  ол  процесті 
жүзеге  асыру  теориялық  әрі  практикалық  мәнге  ие.  Әдіскер  ғалымдар 
мұғалімдер  даярлаудың  әртүрлі  модельдерін  ұсынады.  Болашақ  мұғалімдерді 
даярлау  мәселесіне  арналған  еңбектерде  болашақ  мұғалімдерді  даярлауды 
жүзеге  асыратын  талаптарды  кӛрсетеді.  Сондай-ақ  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары  үшін  мұғалімдерді  даярлау  теориялық  тұрғыдан  негіздеуге  баса 
назар  аударылған.  Жоғарыда  кӛрсетілген  әдіскер  ғалымдардың  еңбектерін 
болашақ  мұғалімдерді  даярлау  мәселесі  бойынша  кӛрсеткен  ұсыныстарын 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлауға 
арналған 
атомдық 
және 
ядролық 
физиканы 
оқытуды 
ұйымдастырудың әдістемесінде басшылыққа аламыз. 
Сонымен  бірге  Э.  Мамбетакуновтың  [55]  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлаудың практикалық іс-әрекетке негізделген моделінің тиімді жетістіктерін 
ӛз зерттеуімізде қолданамыз (сурет 1) [55]. 


 
Этикалық, эстетикалық 
Дене тәрбиесі 
Экономикалық 
Дінтанушылық 
Саясаттанушылық 
Мәдениеттанушылық 
Әлеуметтанушылық 
Философиялық 
Әлеуметтік-экономикалық, 
мәдени даярлық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Психологиялық- 
педагогикалық ғылыми- 
зерттеу жұмыстары 
Педагогикалық шеберлік 
 
 
 
 
 
 
 
 
21 
Сурет 1- Болашақ физика мұғалімдерін даярлаудың практикалық іс-әрекетке негізделген моделі 
Физика мұғалімдерін даярлау жүйесі 
Ғылыми-теориялық 
даярлық 
Психологиялық-педагогикалық 
даярлық 
Кәсіптік-педагогикалық 
(әдістемелік) даярлық 
Биологиялық 
Мектеп, жанұя, қоғам және 
мемлекеттің бірлігі 
Ӛз жұмысын жүйелеу 
және бағалау 
Оқушылардың білімдерін, 
іскерлігіін тексеру, есепке 
алу, бағалау 
Жалпы педагогикалық 
Білім беру философиясы 
және тарихы 
Физика философиясы 
және тарихы 
Оқушылардың оқу 
жұмыстарын ұйымдастыру 
Әлемнің ғылыми 
бейнесі 
Астрономиялық 
Химиялық 
Қазақстандағы және шет 
елдердегі білім беру 
Математикалық 
Теориялық физика 
Жалпы психологиялық 
Жалпы физикалық 
Мектеп тану 
Дидактика негіздері 
Оқытудың мақсатын және 
міндетін анықтау 
Оқытудың мазмұнын және 
кӛлемін анықтау 
Оқыту принціптерін іске 
асыру 
Оқыту әдістерін таңдау 
және қолдану 
Құралдарды таңдау және 
қолдану 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау