Мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: серпімділік күші туралы білімдерін бекіту.
Мәтінді «Тізбектеу» әдісі бойынша оқып шығады.
Сұрақ-жауап алдымен жұппен содан соң, ұжыммен жүргізу арқылы білімдері бекітіледі, кері байланыс жасалады.
«Сен білесің бе?» Мақсаты: Оқушының дүниетанымын кеңейту. Цирктің «оқ-адам» нөмірінде адамды зеңбіректің ішіндегі үлкен серпімді серіппенің көмегімен ұшырған.
«Анықта» Мақсаты: денеге әсер етуші серпімділік күшін анықтау.
Таңда. Суреттерге қара. Олардың ішінен серпімділік күшінің әсері көрсетілген суретті таңда. Оның қасына (✓) таңбасын қой.
/Тапсырма орындалып болған соң, дұрыс жауап оқылады, оқушылар өзін-өзі «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, нәтижесі анықталып, мұғалім кері байланыс жасайды/.
|