Основные положения статья Основные понятия, используемые в настоящем Законе


-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы



жүктеу 2,77 Mb.
бет23/25
Дата15.05.2018
өлшемі2,77 Mb.
#13627
түріГлава
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

1-параграф. Жеке сот орындаушысының лицензиясы


      Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      140-бап. Қазақстан Республикасындағы жеке сот орындаушысы

      1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үзіліссіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған, осы Заңда белгіленген тәртіппен жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру жөніндегі конкурстан өткен және Республикалық палатаның мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы бола алады.
      2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.
      3. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Жеке сот орындаушысының тағылымдамадан өту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      5. Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өзінің атынан және өзінің жауаптылығымен атқарады. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      141-бап. Біліктілік комиссиясы

      1. Біліктілік комиссиясы:
      1) тағылымдамадан өткен және атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысуды қалайтын адамдардан емтихан алады;
      2) жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру бойынша конкурс өткізеді.
      3) алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Біліктілік комиссиясы уәкілетті органның жанынан құрылады.
      Біліктілік комиссиясының қызметін ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Республикалық палата жүзеге асырады.
      3. Уәкілетті орган емтихан өткізу рәсімін, біліктілік емтиханының емтихан сұрақтарын бекітеді.
      4. Біліктілік емтиханын тапсырған адамға уәкілетті орган сот орындаушысының лицензиясын тапсырады.
      5. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Біліктілік комиссиясының шешіміне оның көшірмесі мүдделі адамға тапсырылғаннан күннен бастап бір айлық мерзімде сотқа шағымдануға болады.
      7. Біліктілік комиссиясының ережесін уәкілетті орган бекітеді.
      Ескерту. 141-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      142-бап. Жеке сот орындаушысының лицензиясы

      Ескерту. 142-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      2. Жеке сот орындаушысының лицензиясын біліктілік комиссиясы шешімінің негізінде уәкілетті орган береді. Уәкілетті орган Жеке сот орындаушысы лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді.
      3. Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган бекітетін біліктілік емтихандары туралы ережеде белгіленеді. Жеке сот орындаушысының лицензиясын берудің мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      4. Жеке сот орындаушысының лицензиясы берілгені үшін алым алынады, оны төлеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
      5. Жеке сот орындаушысының лицензиясы шектеусіз мерзімге берілген бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
      6. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының түлектері, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, кемінде үш жыл уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген және құзыретіне атқарушылық құжаттарды орындау кірген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.
      Ескерту. 142-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын


                тоқтата тұру

      1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру тәртіптік комиссия шешімінің негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.


      2. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда:
      1) жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда;
      2) жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
      3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;
      4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және 77-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;
      5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;
      6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
      3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
      4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
      5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.
      6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
      Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын


                тоқтату

      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату уәкілетті органның қуынымы бойынша мынадай жағдайларда:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылған;
      2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылмаған;
      3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;
      4) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін дәлелсіз себептермен үш күннен астам жүзеге асырмаған;
      6) денсаулық жағдайы бойынша кәсіби міндеттерін орындау мүмкін болмаған;
      7) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысқан;
      8) Республикалық палатадан шығарылған жағдайда, сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша:
      1) жеке сот орындаушысы өз еркімен өтініш берген;
      2) жеке сот орындаушысының азаматтығы өзгерген немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
      3) жеке сот орындаушысы қылмыс жасағаны үшін сотталған жағдайда - үкім заңды күшіне енгеннен кейін;
      4) сот жеке сот орындаушысын қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған;
      5) жеке сот орындаушысы қайтыс болған;
      6) жеке сот орындаушысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қаулы шығарылған;
      7) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
      8) жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      3. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы ұсынысты уәкілетті органға прокуратура, жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы немесе аумақтық орган енгізеді.
      4. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнінде, сондай-ақ жеке сот орындаушысының лицензиясын оны уәкілетті органға тапсыру үшін алып қою және жеке сот орындаушысының жеке мөрін жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде қызметін тоқтатқан жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына билік етушіні алмастыруды жүргізеді.
      5. Егер жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғалған болса, онда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.
      6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым берілуі мүмкін.
      Ескерту. 144-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      145-бап. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру

      1. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беруді уәкілетті орган Республикалық палатамен бірлесе отырып, жеке сот орындаушысы лицензиясы бар және атқару округі шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жолдамасын алған адамдар арасынан конкурстық негізде жүргізеді. Өкілеттіктер беру, жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру жөніндегі конкурсты өткізу және жолдама алу шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      2. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктер берілген кезден бастап бір айдан кешіктірмей қызметке кірісуге тиіс.
      3. Жеке сот орындаушысы қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына кеңсенің мекенжайы, қызметкерлер құрамы және жұмыс режимі туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Осыған ұқсас хабарламаны ол атқару округінің аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын баспасөз басылымдарында жариялауға тиіс.
      4. Жеке сот орындаушысы атқару округінің аумағында кеңсесінің мекенжайы өзгерген кезде күнтізбелік үш күн ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына хабар беруге, сондай-ақ атқару округінің аумағында қазақ және орыс тілдерінде таралатын баспасөз басылымдарында жарияланым жасауға міндетті.
      Ескерту. 145-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін


               жүзеге асыруының ерекше шарттары

      1. Жеке сот орындаушысы, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.


      2. Жеке сот орындаушысы, егер өндіріп алу сомасы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын болса, атқарушылық әрекеттерді жасауға құқылы емес.
      Егер жеке сот орындаушысы тиісті атқарушылық әрекеттер жасауды қаласа, бірақ азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері өндіріп алатын сомадан аз болса, ол жетіспейтін сомаға азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      3. Егер келтірілген зиянның мөлшері жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, төлемдер Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша жүргізіледі.
      4. Егер келтірілген зиянның мөлшері Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен және ақшамен қайтарады.
      5. Өтелуге тиіс зиян келтіру фактісі мүдделі тараптардың келісімімен белгіленеді, ал дау болған жағдайда оны сот белгілейді.
      6. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 146-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау