«2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы»
Қала әкімі С.Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
Өткен жыл айтулы оқиғалармен әйгілі болды, соның бастысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығының мерекеленуі. Бұл барлық мемлекеттік дамуында, сонымен біздің қаламыздың кезекті кезеңінің аяқталуы мен жаңа сапалы кезеңге дайындығы.
Соның айғағы – 2020 жылға дейінгі келесі он жылдыққа есептелген Мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау. Бұл: «Бизнестің жол картасы», «Жұмыс бастылық», «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту», «Өнімділік». Олар бойынша жұмыстар басталды.
2011 жылдың қорытындылары экономиканың барлық секторларында дамудың оңды динамикасымен сипатталады.
Өнеркәсіпте өндірістің көлемі былтырғы жылға 40,7 % өсіммен 432,8 млрд. теңгеге жетті. Облыстық көрсеткіштерде қаланың үлесіне барлық шығарылатын өнімнің 54 % кіреді.
Өңдеуші өнеркәсіпте 26 % өсіммен 394 млрд. теңгеге өнім өндірілді; электрмен қамтамасыз етуде, газ, бу беруде 1,6 % өсіммен 34 млрд. теңге; сумен қамту, канализация жүйесінде 4,6 млрд теңге немесе 2010 жылдың деңгейінен 11,3 % көп.
Алтынды алу мен өңдеудің көлем - 36,2 %, күмісті – 88 %, түсті металл 39 %, жеңіл автокөліктер өндірісі 2,4 есеге ұлғайтылды.
Өндірістің өсім есебінен мемлекеттік бюджетке салықтар былтырғы жылға қарағанда 1,5 есе көп түсті, бұл 99,7 млрд. теңгені құрады.
Өнеркәсіптік әлеуеттің өсуіне Үдемелі индустриалды-иннова-ционалдық бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру әрекет етті.
Былтырғы жылы «Қазмырыш» ЖШС электролизді және мыс балқыту зауыттың құрылысын аяқтады. 2011 жылдың желтоқсанында зауыт жобалық қуаттылыққа шықты.
Арматура зауытында өндірістік қуаттылықты жаңғырту аяқталды, шығарылатын өнімнің номенклатурасы ұлғайтылды.
Титан-магний комбинатында жылына 11 мың тонна қуаттылығымен титанды кесектер мен ерітінділер зауыттың құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылды, ал 2011 жылдың қазанынан титанды кесектерді шығару бойынша жобаның жүзеге асырылуы басталды.
Бұл 3 мың жаңа жұмыс орындарын құруға, барлық деңгейдегі бюджетке төлемдердің түсімін, инвестициялық белсенділікті ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Былтырғы жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығы өндірісінің өнімі 4,1 % өсті және 5,0 млрд. теңгеге жетті.
Өтіп кеткен жылда инфляция деңгейін берілген кеңістікте сонымен 7,1 % ұсталынды.
Әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын азаматтарға және халықтың әл-ауқатын жақсарту деңгейіне баға өсімінің теріс әсер етуін төмендету мақсатында атқарушы органдармен нақты шаралар қолдануда.
Қалада баға өсімін тұрақтандыру мақсатында 14 бөлім мен 2 әлеуметтік дүкен жұмыс жасайды, олардың 2-уі 2011 жылы қосымша ашылды. Сауда үстеме ақысын 10 % асырмай қолдану туралы сауда нысандарының басшыларымен 767 меморандум жасалды.
2011 жылдың аралығында 36 демалыс күні жәрмеңкелері өткізілді, бұл облыстың фермерлік және шаруа қожалықтары үшін қосымша өтім нарығын ұсынуға, ал біздің азаматтар үшін – төмен бағамен азық-түлік тауарларын сатып алуды ұсынуға мүмкіндік береді.
Бағаға маусымдық «ауытқуды» жою үшін Тұрақтандыру қоры құрылды. Тұрақтандыру қорында бағаны арттыру кезеңінде қордың көлемі: картоп – 1500 тонна, қырыққабат – 1000 тонна, сәбіз – 6135 тонна, пияз – 866 тонна, қызылша – 100 тонна, қарқұмық – 54 тонна, күріш – 390 тонна, қант – 684,5 тоннаны құрады.
2012 жылға міндеттер:
Үдемелі индустриялды-инновационалдық даму бағдарламасы экономиканың жаңғыруында басты бағдар болып қалады. Бұл еліміздің Президентімен анықталған тоғызыншы бағыт.
Біз қысқа мерзімді болашақта жұмыс орындарын құруға мүмкіндік ететін жобаларға, келешекте өнімділік пен шапшаңдықты арттыруға ерекше көңіл бөлеміз.
Таяудағы екі жылда Бағдарлама аясында машина жасау саласындағы кәсіпорындармен бірқатар жобалар – Азия Авто, Востокмашзауыт және энергетикалық кешен – Согралық ЖЭО жүзеге асырылады, бұл құрылыс аралығында 2 мыңнан астам және пайдалану аралығында – 4 мың азаматтар кепілдендірілген жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады.
2011 жылдың қарашасында ресейлік Автоваз және «Азия Авто» АҚ арасындағы стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында ең массалық және танымал «Лада» модельдері Өскемен қаласында 2017 жылы жылына 120 мың автокөлік көлемінде шығарылатын болады.
Бағдарлама аясында тағы 3 жоба жүзеге асыралатын болады. Бұл ең бастысы 96 млрд. теңге тәртібінде құрайтын қала экономикасына инвестиция. Құрылыс аралығында кепілдірілген жұмыс орындарымен 2 мың және пайдалану аралығында 4 мыңнан аса қалалық қамтамасыз етілетін болады.
Салық салу базасын ұлғайту және қосымша кіріс көздерін іздестіру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Біздің міндетіміз жұмыс берушілердің еңбек құқығын және жұмысшыларға кепілділікті, оның ішінде уақытында еңбекақыны төлеу, бар берешектерді жоюды қамтамасыз ету.
Біздің күшіміз суармалы алаңшалармен егістікті ұлғайту мен құруға бағытталады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыртқалайтын тауықтарды өсіру бойынша жеке кәсіпкерлікті дамытуды жоспарлаудамыз. Бүгінгі күнде «Оңтүстік құс» АҚ арзан баға бойынша өсіру үшін төл мен жабдықты тасымалдауға келісім-шарт бар.
Демалыс күні жәрмеңкесін өткізу енді қаланың үш шағын аудандарында жалғастырылатын болады.
Кәсіпкерлік
«Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы бойынша қала кәсіпорындарымен 21,1 млрд. теңге сомасында 28 жоба жүзеге асырылуда.
Мысалы үш мың тонна қуаттылығымен көкөніс қоймасын салу, бір ауысымда үш тонна көлемімен балықты қайта өңдеу өндірісін кеңейту бойынша кәсіпкерлердің жобалары жүзеге асырылатын болады, стоматология саласында медициналық қызметтерді дамыту бойынша 13 креслолы кабинет ашылатын болды.
Нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны үздіксіз өсуде, олар өндірген өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің көлемі артуда, бюджетке түсетін түсімінің көлемі көбеюде.
2011 жылы 2,9 мың кәсіпкерлік субьектілерінен мемлекеттік қазынаға 21,6 млрд. теңгеден аса түсті немесе 2010 жылғы деңгейге қарағанда 132 %
2012 жылғы міндеттері:
2012 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы аясында жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау шараларын әзірлеу, бизнесті дамыту Аймағын ашу және оның аумағын жаңа өндірістер орналастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде алдымызға міндеттер қоямыз.
Біз Республикада бірінші болып әкімшілік кедергілерді 32% азайттық. Біздің тәжірибеміз мақұлданып, республиканың барлық жеріне тараған. Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, рұқсаттамалық құжаттардың тізімін қысқарту бойынша жұмыс ағымдағы жылы жалғасатын болады
Құрылыс және инвестициялар
Қалалық экономикаға күрделі салым 113,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 73,9 % көп.
Инженерлік инфрақұрылымға, әлеуметтік саладағы нысандарды жаңғырту және қайта құруға, құрылысқа бағытталған басымды инвести-циялық жобаларды жүзеге асыруға бюджеттік инвестициялар көлемі жыл сайын көбейеді.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 2011 жылы бюджеттің барлық деңгейінен 23,7 млрд. теңге бөлінді.
Жылдың басынан 86,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
2011 жылдың аяғында Өтепов көшесіндегі жалдамалы тұрғын үй, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 28 тұрғын ауданындағы 100 тұрғын үй, 19 тұрғын ауданындағы кредиттік 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
2012 жылға мақсаттар:
Президенттің Жолдауының екінші «Қол жетімді тұрғын үй» бағытын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы Тұрғын үй құрылыс Жинақтау Банкі желісі бойынша 7 көп қабатты тұрғын үйдің, Молдағұлова көшесіндегі екі 4-қабатты жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуы жоспарлануда. Жәтижесінде жаңа пәтерлерді 560 отбасы алады.
Жаңа отбасыларға тұрғын үйлерді беру бойынша бағдарламасының шеңберінде ЖМК ауданында 325 пәтерге 5 жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы жоспарлануда.
Тұрғындарды санитарлық-қорғау аймақтарынан көшіру мәселесін шешу үшін ЖСҚ әзірленді, республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көріктендіру және автомобиль жолдары
Согра, Бабкина Мельница, Үлбі және Сол жағалау кенттері, Ахмер, Самсоновка және Меновной ауылдарының шалғай аудандарында, «Элеваторный» бастоғанының, ЖМК-Ахмер сутартқышының, 23 тұрғын ауданының сумен қамту желілерін салу, Ново-Явленка ауылында сумен қамту желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды.
2011 жылы барлығы 149,4 км су құбыры желілері төселді.
Су тартқыш жүйесінде Виноградов көшесі мен Гагарин желекжолы арасындағы Добролюбов, Микояна және Якутская көшелері бойында канализациялық коллекторларды қайта жаңарту орындалды. Бұл әбден тозығы жеткен ескі құбырларды ауыстыруға, апаттардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Соңғы үш жылдың ішінде қаладағы 613 аула аумағының 584-і жөнделді.
Біздің қала Республикамызда ТҮКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыруды сәтті бастаған қалалардың бірі, ол әсіресе тұрғындар арасында дұрыс ұйымдастырылған түсіндіру жұмыстарының арқасында болып отыр. 226 тұрғын үйде үй-жайлар иелерінің жиналысы өткізілді. 83 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарының әртүрлері орындалды, республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 446 млн. теңге жұмсалды.
Көріктендіру мәселелеріне ерекше назар аударылған.
2010 жылмен салыстырғанда гүлзарлар алаңы 24,4-тен 52 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылды, 1,6 мың шаршы метрге топырағын ауыстыра отырып, жаңа көгалдар жасалды, 10 топиарлық мүсіндер орнатылды.
Өткен жылы қала аумағында 2786 ағаш пен бұта отырғызылды.
Мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, коммерциялық құрылымдардың басшылары көріктендіруге, көгалдандыруға, ғимараттардың сыртқы келбетіне, олардың қасбеттерін жарықтандыруға және оның маңындағы аумақтардың дизайнына ерекше назар аудара бастады.
Көптеген сауда үйлерінің, дүкендердің, банктердің алдында гүлдерге арналған қыш құмыралар орнатылған, көгалдар себіліп, гүлдер отырғы-зылды.
Бүгінгі күні Сол жағалау саябақ кешені, Этноауыл, Аблакеткадағы Мемлекеттік рәміздер орнатылған тау, Ғашықтар саяжолы, Республика алаңы, парктер, Абай ескерткіші, Гагарин желекжолы, «Сәулетай» балалар алаңшасы және көптеген басқа нысандар қалалықтар үшін отбасыларымен демалатын сүйікті орындарға айналды.
Қазақстанда теңдесі жоқ үлкен мешітті салу шынында да халықтық құрылыс болды, онда құрылыстың аяқталуына қол жеткізетін құрылыс компанияларының басым көпшілігі, қала тұрғындары белсене қатысуда. Мемлекет өмір сүруге қолайы жағдай жасау бойынша мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бір лифтіні жөндеу құны 7,5 млн. теңгені немесе бір пәтерге 200 мың теңге құрайды. Бұл қаражатты тұрғындардан жинау мүмкін емес, сондықтан лифтілерді болашақта жөндеу немесе қалпына келтіру үшін коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2011 жылы бюджеттік қаражат есебінен лифт жабдықтары толық ауыстырыла отырып, 4 лифт жөнделді. 48 лифтіні қаланың балансына қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындарды меншік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Самсоновка мен Ново-Явленка ауылдары ауданында жер телімдері белгіленді. Оларды алу үшін кезектілік толық жойылды. Жыл басынан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөліп беру құқығы 969 қала тұрғынына ресімделді, 53,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
Жол төсемдерінің жағдайы да назардан тыс қалмады. 24,6 млн. теңге сомасына жалпы алаңы 10 мың шаршы метр болатын, 55 көшеде шұңқырларды жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.
Достоевский, Қайсенов, Киров, Головков, Волгоградская, Стаханов көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді, оған қалалық бюджеттен 255,2 млн. теңге жұмсалды.
2012 жылға арналған міндеттер:
Біз тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бюджетте осы мақсатқа 487 млн. теңге көзделген. Олар Ново-Явленка ауылындағы Центральная және Пограничная көшелері бойындағы желілерді қайта жаңартуға, Меновной ауылында желілер салуға жұмсалады.
Виноградов көшесі мен Гагарин желекжолы арасындағы канализациялық коллекторларды қайта жаңартуға бюджеттен 444 млн .теңге бөлінді.
Коммуналдық меншікке қабылданған лифтілерді жөндеу бойынша жұмыстар жалғасын табады, бұл мақсатқа 117 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде қызмет мерзімін өтеген 15 лифтіні жөндейміз.
ЖМК ауданындағы 1 шағын ауданның инженерлік инфрақұрылымын толық аяқтау жоспарлануда.
ТҮКШ терможаңғырту бағдарламасын іске асыру жалғасады және еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай, меншік пәтер иелері біздің бағдарламамызға сәйкес үйлерді басқару үрдісіне шындап қатысып, бұл бағдарламаның пайдасын нақты сезінулері тиіс. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен әзірге 300 млн. теңге бөлінді.
2012 жылы ғимараттардың қасбеттерін жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Заңды тұлғалар да, ірі ғимараттардың иелері де бұл жұмыстарға белсенді қатысып, ағымдағы жылы аяқтайды деп сенеміз. Қосымша көп қабатты 40 үй түнгі жарықпен қамтылатын болады.
2012 жылы жаңадан салынған шағын аудандар мен шалғай аудандардың көшелеріне қиыршықтас төгуді жалғастыру жоспарланып отыр.
124 км жол көше жарығымен қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік мекемелердің көпшілігі жөнделді. Бұған 3,5 млрд. теңге бөлінді. Бірінші рет 20 жылда мамандарды қамтамасыз ету мақсатында дәрігерлер үшін 48 қызметтік пәтер бөлінді.
2,2 мрд. теңге сомасына жаңа медициналық жабықтар алынды, олардың маңыздысы МРТ болып табылады. Содай-ақ бірінші рет күйіктен емдеу орталығы ашылды, заманауи перзентхана жұмыс істейді, ол балалардың 6-7 айлығынан бастап өсіп-өнуіне ықпал етеді.
2012 жылға міндеттер:
Биыл Облыстық Қан Орталығы пайдалануға беріледі.
ЖМК, 19 тұрғын ауданда, Согра кентінде медициналық орталықтың қалалық көп бейінді ауруханасының құрылысы басталады.
Білім беру
Білім беру саласында жақсы жетістіктерге қол жеткізілді. 2011 жылы білім беру саласын дамытуға 6,9 млрд. теңге жұмсалды, бір оқушыға бюджет шығындары жылына 146,3 мың теңгені құрады, 2010 жылы 27,4 % өсті.
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне деген кезектілікті жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балабақшалар мен мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепке дейінгі жалпы балалар санының 95,1 % құрайды.
Бүгінгі таңда қалада әр түрдегі және жеке меншік үлгісіндегі 39 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
«Балапан» бағдарламасы бойынша 2011 жылы 320 орындық «Азамат» жеке меншік балабақшасы ашылды. «ҮМЗ» АҚ кәсіпорындарымен жасалған меморандум негізінде 280 орындық 1 балабақша және «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша бір балабақша салынып пайдалануға берілді. Осы кезеңде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жанынан 1975 орындық 30 мектепке дейінгі шағын орталықтар ашылды. Желтоқсан айында 380 орындық үш балабақша ғимараттары пайдалануға енгізілді.
2011 жылы қалалық бюджеттен 220 млн. теңге бөлінді, олар мектептер мен білім беру ұйымдарына бірінші кезектегі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.
Жол картасы аясында Севастопольская, Правда көшелері мен Тәуелсіздік даңғылында орналасқан мақсатты қызметіне қайтарылуға жататын 3 бұрынғы балабақша ғимараттары жөнделді.
2012 жылға міндеттер:
Адам капиталының сапалы өсуіне білім беру жүйесін жаңғырту ықпал ететін болады, бұл туралы ҚР Президентінің Жолдауында айтылған.
Білім беру жүйесінде 900 орындық үш балабақшаны мақсатты қызметіне қайтару, 560 орындық екі балабақша ғимаратын сатып алу (облыстан трансферттер бөлінген жағдайда), 250 орындық балабақша салу және 125 орындық екі шағын орталық ашу есебінен қосымша 1835 бала балабақшалардағы орындармен қамтамасыз етілетін болады.
Биылғы жылы біз көптеген білім беру мекемелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Осы мақсаттарға бюджетте 447 млн. теңге салынған.
ЖМК жаңа зияткерлік мектеп салу және Оқушылар сарайын ашу жоспарланған.
Күнкөрісі төмен отбасыларының балалары назардан тыс қалмайды. Оларды тамақтандырумен, киім-кешекпен, шипажайларға жолдамалармен қамтамасыз етуге 104 млн. теңге бөлінген.
Университет студенттері мен колледж, кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептердің күндізгі бөлімінде оқитын оқушыларына айына 1 мың теңге мөлшеріндегі жол жүру жартылай өтеу қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Қалалық жұмыспен қамту орталығында 180 жұмыссыз тіркелді.
2011 жыл ішінде қалада жұмыссыздықтың жалпы деңгейінің төмендеу дина-микасы байқалды: 1 тоқсан – 6,0 %, 2 тоқсан – 5,8 %, 3 тоқсан – 5,6%.
6,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту органдары арқылы 4423 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтініш жасағандар санынан 69 %.
Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қабылданған шара-лар орташа күнкөріс кірісі кедейлік деңгейінен төмен азаматтар санын 1739 адамға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
2011 жылдың шілдесінен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жұмыс істей бастады. Ол үш бағытты қарастырады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында, сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға 1283 адам жолданды.
Бюджеттен шығындарды өтеу туралы квота бойынша жұмысқа орналастыруға 109 кәсіпорынмен шарттар жасалды, онда онда 575 адам жолданды.
209,8 млн. теңге шағын несиелеудің жалпы сомасына 20 несиелік серіктестік тіркелді.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысына 1 млрд. теңге бөлінді.
Осылайша, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру тек жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған жоқ, сондай-ақ, төмен экономикалық даму потенциалымен елді мекендерден еңбек ресурстарын тиімді бөлуге бағытталған.
2012 жылға міндеттер:
«Жұмыспен қамту 2020» жаңа бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Басымдық қолдауды бағдарламаның екінші бағыты бойынша несиелер бөлу арқылы мал шаруашылығын және өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар бойынша көрсететін боламыз.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін бір жатақхана және 150 жеке тұрғын үй салынатын болады.
Мәдениет және спорт
Өскемен қаласы әкімдігімен спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларының, саауатты өмір салтының белсенді дамуы үшін Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша бірқатар міндеттер шешілді. Алдымызға қойылған мақсат – 2020 жылы халықтың 30 % дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту.
Қазіргі таңда дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 32 мың адамды құрайды, бұл қала халқының 28 %-ы. Мектеп оқушылары спорттық секцияларда спорттың 25 түрі бойынша айналысады.
Өткен жылы 221 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді, оның ішінде: 4 – республикалық деңгейдегі.
№ 11 мектептің аумағында хоккей модулінің құрылысы аяқталды және № 24 мектеп аумағындағы құрылыс 2012 жылғы наурызда аяқталу сатысында.
2012 жылға міндеттер:
Елбасымен халықтың дене шынықтыру және спортпен бұқаралық айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуге тапсырма берілді.
Ағымдағы жылы қала тұрғындары үшін Славский Жағалауы, 60 мекенжайы бойынша және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ аумағында екі жаңа хоккей қораптары салынады. Бюджетте бұл үшін 21 млн. теңге қарастырылған.
Жасөспірімдер үшін Жаңа Таинты ауылында жаңа оқу-жаттығу лагерін ашамыз.
314 спорттық-бұқаралық шаралар өткізу жоспарланған. Өткізілетін шаралардың сапасын көтеру мен қала шағын аудандарының халқын қамтуға ерекше көңіл бөлінеді.
Мектеп аралық дене шынықтыру орталығы құрылады. Оның қызметі қала тұрғындарын тарту бойынша жұмысты күшейтуге ықпал жасайды.
Қазақ драма театрының құрылысы жалғасады.
Қоршаған ортаны қорғау
Экология сұрақтары қаланың әрбір тұрғындарын толғандырады, ол 1950 жылдың соңынан бар және одақ тарау кезінде одан әрі қиындап кетті.
Қала әкімдігінің жанында экология сұрақтары бойынша қоғамдық комиссия құрылды, оған ірі мамандар - экология сұрақтарымен айналысатын экологтар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар басшылары, ірі кәсіпорындар басшылары, қалалық әкімдік жұмысшылары кіреді.
Қаланың асфальтты жабынын жақсарту есебімен, автокөлік ағымын тәртіпке келтіру, Үлбі өзенінде көпір асты жол өтпесі құрылысы, МАИ қызметкерлерімен автокөлік құралдарынан зиянды қалдықтар шығаруға қатаң бақылау және бензин сапасына бақылау есебімен автомобиль көліктерінен зиянды қалдықтарды біршама қысқартуға қол жетті.
Комедантка өзенін қайта құрылымдаудың бірінші кезеңі анықталды, екінші кезеңді жобалау жүргізілуде.
Пионер су тоғанының сағасының түбін тазалау аяқталды, ол қаланың 68 пайызын ауыз сумен қамтиды. Ауыр металлдармен ластанудан СЭС қызметкерлерімен 14 ұңғыманың 6-сы жабылды.
ТМД аумағында экологиялық мониторинг орталығы құрылды, ол келесілерге:
шынайы уақыт режимінде атмосфералық ауаның жағдайын 6 құрамы бойынша бақылауға;
радиациялық фонды анықтауға;
ауа ылғалдылығын, желдің бағыты мен жылдамдығын;
біздің өзендерімізде су деңгейі туралы жедел ақпаратты білуге ықпалын тигізеді.
2012 жылға міндеттер
Бүгінгі күнде бізде осы кәсіпорындардың құбырларында заманауи газоанализаторларын орнату туралы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен келісім бар.
Бұл әрбір кәсіпорын бойынша атмосфералық ауаның ластануын уақыттың шынайы тәртібінде байқауға мүмкіндік береді. Сонымен осы газоанализаторлар зиянды қалдықтардың жалпы көлемінің көрсеткішін есептеуден бастап жинақтайды.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен «Металлург» саябағын толығымен қайта қалпына келтіруді орындау жоспарлануда.
Қаланың орталығында 3 демалыс аймақтары: Комендатка өзенінің арнасын бойлай және Үлбі өзенінің сол және оң жағалауындағы көпір асты жолдың ауданында 2 аймақ пайда болады.
Ішкі саясат мәселелері
Қала әкімдігімен қаладағы тұрақты қоғамдық-саяси жағдайды қолдау, әлеуметтік шиеленістің ошағын ескерту және анықтау, және мемлекеттік билік органдарының қызметі туралы тұрғындарды уақытында ақпараттандыру бойынша және қалалықтардың өмір тіршілігін жақсарту бойынша қабылданатын шаралардың мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Консультативтік-кеңестік және сұхбат алаңшалары: қала Әкімінің жанындағы қоғамдық кеңес, зейнеткерлердің мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы әр тоқсан сайын өткізіледі. Жастар ісі бойынша Кеңес, ҮЕҰ өзара қарым-қатынас ету бойынша әрекет етеді.
2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығында іс-шаралар «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» - «20 лет мира и созидания» ұранымен өтті.
2012 жылға міндеттер
Қаланың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуге үкіметтік емес секторды тарту.
Конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту мүддесінде діни ұйымдармен барлық мүделлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара қарым қатынасын нығайту.
Өскемен қаласының атқару билік органдарының міндеттері еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауының негізінде алдағы кезеңге анықталған.
Өткен жылдық қорытындылары бойынша оңды беталыстар - ағымдағы жылда қысқа мерзімді және стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөнінде жұмыс үшін негіз. Өскемендіктер өмірінің деңгейін көтеру және экономиканы тұрақты қарқында дамытуға бағытталған. 2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының даму бағдарламысында оларды жүзеге асыру жөніндегі кешенді шаралар белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |