Конкурс туралы хабарландыру



жүктеу 51,75 Kb.
Дата03.03.2018
өлшемі51,75 Kb.
#11146
түріКонкурс


Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс

туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы, 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор к., Министрліктер үйі, 1В кіреберісі, анықтама телефоны: 74-90-28, 74-93-72 (т/факс), электрондық почта Iskakova_A@mcudp.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымрға орналасуға конкурс жариялайды:

Медициналық қызметтер сапасын бақылау және сараптау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік (№ 04-4).
Функционалды міндеттері: Медициналық қызметтер сапасын бақылау және сараптау, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының ұйымдарында медициналық қызмет алу үшін тіркелген құрамға медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейтін Үкімет қаулыларының, өзге нормативтік-құқықтық актілердің, Медициналық орталықтың нормативтік құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысу. Медициналық орталық комиссиясының жұмыстарына қатысу. Құқықтық мәселелер бойынша Медициналық орталықтың атынан, белгіленген заңнамалық актілерге сәйкес түсіндірмелер дайындау, медициналық қызметтер сапасын бақылау және сараптау, азаматтардың жеке санаттарына медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша құжаттар дайындау мен шешім қабылдауда құқықтық көмек көрсету.

Жұмыстың жетекшілік ететін бөлімдері бойынша аналитикалық материалдарды дайындау және мемлекеттік қызметшілер мен Медициналық орталыққа тіркелген азаматтардың басқа да санаттарына медициналық, оңалту және дәрілік көмек көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Медициналық орталыққа келіп түскен құжаттамалардың, басқарманың қызметіне қатысты хаттамалық және басқа да тапсырмалардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары: құқық (құқықтану). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік үлгілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі. Денсаулық сақтау, құқықтану салаларында жұмыс тәжірибесінің болғаны қалаулы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы




Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-5

104102

140746


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;  6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшада көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электронды почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электронды почта арқылы берген Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде (2016 жылғы 22 қарашаға дейін – қоса) жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс.

Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны: 2016 жылғы 24 қараша, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор к., Министрліктер үйі, 1В кіреберісі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.




жүктеу 51,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау