Ќазаќстан республикасыныњ
1 2
2 Дәрістер 1-2 Тақырып: Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі Сұрақтары: 1. Психология пәні және оның міндеттері. 2. Қазіргі заман психологиясының міндеттері. 3. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. 4. Психология салалары. 1. Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетiнiң зерттеу объектiсі болып келдi. Адам болмысыньщ табиғатыньң, оньщ саналы қоғам шеңберiнде еркендеуiмен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен қ,арым қаатынасыньң ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқ,ан қызьқсыну уақыт озуымен бiрге ерiстей тускен. Адам әртурлi ғылым тұрғысынан жанжақтты зетрттелетiн объект, ал ғылымдардьң әрбiрi өзiне тән ерекше меселелермен айналысады. Психология ерекшелiктерiн танудьң қиындығы олардьң адам ақылына сиып болмайтын, қаалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi әр қандай нақты заттың өзi мен қабылданған кейiпi бiр бiрiнен ажыралып туратыны даусыз. Пән атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология-жан туралы ғылым дегендi аңғартады. Дәл осы меселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары-идеализм мен материализм- пайда болды. Жан женiнде танымдар Кқандай құбылыс-өзгерiстерге eнгенімен өмiрлiк ic-әpeкeттік, қозғаушы кушi жан деген тұжырымға ешбiр шубе келтiре алмады. Тек 18ғ психология бiлiмнiц дамуында Рене Декарт жаца дәуiр ecігін ашты. Ал адамньң iшкi мушелерi ғанa емес, тiптi де не әрекетінің, де жанға ешқандей әрекетінің, қаатысы болмайтыны жөнiнеде пiкiр айтып дәлелдедi. Декарт ғылымға екі түсінікті енгiзген - рефлекс және сана -бiрдей енгiздi. Декарт тағылымы «дуализм » атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикальқ табиғат ми қызметiнiң өнімі емес,мидан тыс, оған тәуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екені тусiндiрiлдi. Интероспектiк психология аймағындағы теориялардьң бiр-бiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмуны жене белсендiлiк дережесiне қарай әрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы турғыдан идеалистiк сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: 1.санальқ элементтер теориясы. 2.санальқ әрекеттер психологиясы. З.санальқ aғым теориясы. 4.дербес құрылым психологиясы. 5.Дильтей суреттеме психологиясы. Бул теориялардың бәрiне ортақ тусiнiм: қоршаған дуниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оньң бар ic әpeкeтi сана белсендiлiгi деп танылды. Осыдан ХХF.екiншi он жылдығында психологияньң және бiр бағыты пайда болып,оньң өкiлдерi психологияньң жаңа пәнiн жариалады:ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнiң адам қозғалысыньң жиынтығы- әрекет қыльқ едi. Бул бағыт «бихервиоризм» аталып, психология пәнi жөнiндегi түсініктep дамуыньң үшiншi кезецiн қалады. Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми білімдердің құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл ең алдымен психикалықө өмір деректері. әрқандай ғылым мақсаты – зғрттелетін процестер мен құбылыстар бағытынан обьектив заңдарды белгілеу. Теориялық және эксперименталды зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзі құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанып жүретін байланыс, қатынастарды білуден келіп шығады. Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап – обьектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психологиялық зерттеулердің обьекті – психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар. Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті – психологиялық деректер мен заңдылықтардыа аша отырып, психологиялық іс - әрекетті қозғаушы механизмдерді деанықтап білу. Қорытындыласақ, жантану ғылымы – психология психика деректерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы. 2. Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилығында орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Жантану ғылымы үшін ең маңыздысы – зерттелуші құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер туындайды. Психикалық құбылыстардың мәнін тануда диалектикалық материализм үлкен роль ойнайды. Б.Ломов өзінің аталған еңбпгінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер «әлеуметтік» және «биолгиялық». Алғашқы оң жылдықта психологияның теориялық тарапы басым болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы ролі көп өзгеріске ұшырады. Ол енді білім жүйесіндегі, өзгерістегі, мемлекеттік басқару, медицина, спорт және т.б кәсіби практикалық қызметтің ерекше саласына айналып барады. Психолгия ғылымының практикалық міндеттерді шешуне араласуынан оның теорисының даму жағдайлары да біршама өзгерді. Шешімі психологиялық біліктілікті қажет еткен міндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмірінен барша тарапында әр қилы формада болуда. «Адамдық факторлар» дегеніміз әрбір адамзат тұлғаға тән болып, олардың нақты іс-әрекетінде көрініс беретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасеттердің кең ауқымы. Психолгия ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдануынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарынг іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып даиуда, ол келешекте ғылыммен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл. 3.Психологиялық басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректерді басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады.Психологияны жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру. Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай? Психологиның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объекті дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуымен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психологияны педагогикамен байланыса аса назар аударған жөн.Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі,кезінде К.Д.Ушинский «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет», - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр.Педагогиканың барша салаларының даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағынаға ие. 4. Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерден белгіленеді. Осы заман психологиясы білімдер жүйесі ретінде көп тармаққа бөлініп, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – іс-әрекеттер даму принципі. Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған психологиялық ерекшеліктері. Еңбектің ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарына зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Педагогикалық психологияның қызметі – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту, тәрбиелеу психологиясы. Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады.Ол да бірнеше сатыларға жіктеледі: қылмыскер пчихологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы. Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принципі мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде: психикалық процесстер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері. 3 тақырып: Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі. Мектептің психологиялық қызметінің мазмұны. Жоспары: 1. Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер. 2. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері. 4. Мектеп психологы іс-қағаздары тізімі. 3. Балаға психологиялық қызмет көрсету міндеттері, салалары. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасы білім мекемесінде өткен ғасырдың соңғы он жылдығында ғана өз дәрежесінде екекнін дәлелдеді. Қазіргі кезеңде мектеп басшыларының практикалық психологтардың назарын аударатын келесі мәселелер: Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек; Психолог пен мектеп әкімшілігінің әрекеттерін бір-біріне қалай сәйкестендіру керек; Жұмыс жоспарын құру; Оқушылармен диагностикалық зерттеулерді, түзету жұмыстарын қашан немесе қай уақытта жүргізуге болады, егер оларда күніне 6-7 сағат болатын болса; Тұлғаны, сынып ұжымдарын зерттеуде әдістемелердің деңгейі қандай болуы керек. Бұл мәселені талқылаудың қажетілігі, біздің ойымызша, практикалық психологтың жұмысы тек адамдармен байланыстылығында. Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан астам тарихы және мол тәжірибесі бар.Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр.Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген. Өткен ғасырдың басында Францияды Бине жекелік қасиеттерді зерттеу жөнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалды қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып, психологиялық қызметті ұйымдастыруғы ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Френк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам уш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті: 1. Өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу 2.Таңдаған мамандық бойынша жұмыс жағдайымен танысып, өз қызметін орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу; 3. Әр баланың арманы мен мүкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау. Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді. Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр: Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету; Мектепке оқу параллельдерін анықтап алуға жәрдем беру; Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау. Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрлі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметтіұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр. Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін , теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз. Психологиядық қызметтің мақсаты – бала дамуының әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне , қоршаған ортаға деген көзқарасының , қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау.Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. Психологиялық қызметтің міндеттері: психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғылан қиындық көріп жүрген балалардың мәселелерін анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету; оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру; мәселесі бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу; дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер жүргізу; оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап, әр оқытушының, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын арттыру. Қазақстанда мектеп психологы енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі аз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтау үшін ізденіс үстінде. Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес.Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдануға болады. Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат толық мағлұат алу керек.Бұл мағлұмат психодиагностикалық херттеу барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процесстерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп, жұмыс жоспарында көрсету керек.Жоспарларды жасау үлгісі курстың келесі тарауларында беріледі.
Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді талап етпейді.Психологиялық қызмет арқылы мектепте қабылданған баланың оқытуға даярлығы анықталады.Барлық сынынп оқушыларының психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері анықталып, қысқа мінездемелер жасалады.Балалардың дамуында орын алатын түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шаралары ұйымдастырылады. Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық мәселелерді өтініш түсуіне байланысты психологиялық кеңес беріп, шешу жолдарын анықтауға өз үлесін қосады. Асихолог өз жұмысын ұйымдастырғанда баланың жан-жақты дәне үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді.Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибелік психолог квалификасы болуы керек.Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет. Психологиялық қызметті жүргізу барсы, әр іс шараларды өткізу уақыты алдын-ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады.Сондықтан мектеп психологы көптеген іс-қағаздарды уақытында, талапқа сай жүргізуі тиіс.Олардың үлгілерін Н.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шығарған. Сол үлгіге сүйене отырып, әр мектеп және басқа мекемелер психологы өзінің жұмысына негіз болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алу керек. Мектеп психологы іс-қағаздарының тізімі:
мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары; психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар; мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар; психологиялық қызмет көрсету кабинет жоспары; айлық немесе апталық жұмыс жоспары диагносткалық материалдар картотекасы; бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық альбомдар; психодиагностикалық әдістемелер жинақтары; психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстыр журналы; кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу журналы; өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы; түзету жұмыста қолданылатын аудио материалдар; кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі; жылдық есеп. 4 тақырып: Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері. Мектеп алды жасындағы балаларға психологиялық сипаттама. Мектеп психологының балалармен жүргізетін психологиялық қызметтері. Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Мектеп балаға едәуір қиындығы бар міндеттер артады. Кішкентай мектеп оқушысы барлық сабақтарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауға, сол сәтте, қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады.Осы міндеттердің барлығын толық орындау балаға лңай емес. Мектеп психологы балалармен жүргізетін психологиялық қызмет көрсету жұмысын мектеп алды тобына қабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастағы бала мектепке келер алдында оқуға , мектеп режимі бойынша жұмыс жасауға , бағдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және мектепішілік қарым-қатынас жасауға дайын болуға тиіс.Тек сонда ғана мектепке келген бала бағдарлама ұсынып отырған білім мен іскерлікті меңгеруге шамасы келеді.Мектеп психологы балабақшадағы әріптестерімен бірге осы мәселені зерттеуі оның мектепке даярлық тобындағылармен жүргізетін жұмыстарының ең басты міндеті болып табылады.Сонымен қатар баланың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігін, таным процесстерінің даму деңгейін нақты бағалау мақсатының орны ерекше. Баланың мектепке оқуға даярлығын анықтайтын әдістер немесе психологиялық ортақ пікірлер осы уақытқа қалыптаспаған.Дегенмен көптеген зерттеушілер баланың таным процестерін , нәзік қимыл-әрекеттерін, қарым-қатынас мәдениеттеін знрттеу әдістемелерін жасап шығарды.Осы еңбектерге сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлық тобындағы балалардың оқуға, мектеп талаптарын орындауға икемділігін анықтауы қажет. жүктеу 0,56 Mb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |