Қосымша 1 Облыстық Эксперттік Кеңес материалдарының түсімі мен жылжу журналы Қосымша 2


Қосымша 8 Озық педагогикалық тәжірибені талдап қорыту бойынша



жүктеу 0,74 Mb.
бет5/5
Дата17.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#7660
1   2   3   4   5

Қосымша 8

Озық педагогикалық тәжірибені талдап қорыту бойынша

ЖАДЫНАМА

Педагогикалық тәжірибе

Бұл оқушы тұлғасын білімдендіруге бағытталған (оқыту, тәрбиелеу, дамыту) мақсатты педагогикалық үрдіс нәтижесі.

Озық педагогикалық тәжірибе


Бұл жоғары тұрақты нәтиже бере алатын, шығармашылық ізденіске, жаңашылдыққа, өзіндік ерекшелікке бай жоғары педагогикалық шеберлік.

Озық педагогикалық тәжірибені талдап қорыту

Білім беру үрдісі жағдайының нәтижелілігін оқып-зерттеу, оның қорытындылары педагогикалық идеялар немесе педагогикалық жүйе түрінде безендіріледі.


Облыстық Эксперттік Кеңесте озық педагогикалық тәжірибені талдап қорытудың негізгі критерилері:

  • Өзектілігі, ҚР білім жүйесін дамытудың стратегиаларын жүзеге асыруға бағытталған;

  • білімнің жоғары нәтижесі - Қазақстандық заманауи білім моделі талаптарына сай болуы: оқытушыларды әлеуметтендіру; негізгі құзыреттілік; ішкі сапалық бағалау нәтижесі;

  • оңтайлылығы, уақыт пен күшті үнемдеу арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізу;

  • тұрақтылығы, оқу үрдісіндегі жетістіктердің тиянақтылығы;

  • жаңашылдығы, педагогикалық экспериментті зерттеудің шығармашылық деңгейі.

Озық педагогикалық тәжірибені сараптама жүргізуге ұсынуы мүмкін:

  • облыстық білім мекемелеріндегі әдістемелік бірлестіктер (педагогикалық кеңестер);

  • аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер (орталықтар);

  • облыстық педагогикалық және кәсіби байқаулардың (Қарағанды облысы әкімінің білім саласы қызметкерлеріне арналған сыйлығы) ұйымдастыру комитеті (қазылар алқасы).

Құжаттардың мазмұны мен тәртібі

  • Облыстық Эксперттік Кеңесте тәжірибені талдап қорыту материалдарын қарастыру жөнінде өтініш жазу;

  • тәжірибені талдап қорыту жөнінде шешім қабылданған әдістемелік бірлестік мәжілісінің (ұстаздар кеңесінің) хаттамасынан көшірме;

  • тәжірибе жөнінде сипаттама;

  • қосымша;

  • тәжірибе материалына сын-пікір.

Облыстық Эксперттік Кеңесі қосымша материалдар талап етуге құқылы.

Педагогикалық озық тәжірибені талдап қорыту материалдарын орталық әдіскерлері сараптайды.

Материалды зерттеу қажеттілігіне қарай тәуелсіз сарапшылар да қатыстырылады. Эксперттік Кеңеске жіберілген материалдар қайтарылмайды.

Қосымша 8А

Жұмыс тәжірибесін сипаттау құрылымы

1. Тәжірибе авторы жөнінде мәлімет (аты - жөні, жұмыс орны, педагогикалық өтілі, мамандығы, пәні, байланыс телефоны.)

2. Тәжірибе тақырыбы (нақтылығы, педагогикалық және психологиялық терминдерді орынды қолдану).

3. Тәжірибенің өзектілігі (ұстаздық қызметтегі қандай қиындықтар мен мәселелер өз шешімін табуда).

4. Тәжірибені теория жүзінде негіздеу (тәжірибе авторы ойлап тапқан немесе қолданған ғылыми идеялар).

5. Педагогикалық идея (педагог қызметінің ең елеулі тұстарына ерекше тоқталу).

6. Педагог қызметінің мақсаты мен міндеттері (тәжірибенің мақсаты мен міндеттері қоғамның әлеуметтік тапсырысымен сәйкесуін талдау).

7. Жаңашылдығы.

8. Практикалық мәні.

9. Білім беру үрдісін ұйымдастыру.

- Білім үрдісінің формасы мен әдіс – тәсілдері және олардың алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі.

10. Білім берудің құрылымы



  • Әрекеттің дәйектілігін тойтару керек – мақсатты жете түсіну, қойылған мақсаттың күйін зерттеу, құралдарды, әдістерді, формаларды сұрыптау, жоспарлау, қолдану, қорытындысын шығару, талдау, түзету. Педагогикалық әрекеттердің жалпы логика контекстіндегі негізігі тәсілдер, формалардың қолдану дәйектілігі. Тәжірибенің технологиясын көрсете отырып, оқытушының педагогикалық әрекеттерін осы әрекеттер табылатын негізгі жағадайлармен тиістіру керек. Сондықтан, баяндауда мысалсыз, нақты педагогикалық дәлелдерсіз айналып өтуге болмайды.

  • Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

  • Оқу іс-әрекетіне оқушыларды кіргізу әдісі.

  • Ұйымдастырудың қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкестігі.

  • Білім беру мазмұнындағы өзгерістердің себебін дәлелдеу.

  • Білім беру мазмұнындағы өзгерістердің тәсілдерін баяндау /оқу курстың басты жолдары бойынша, білім беру мазмұнының іс-әрекеттік компонентін енгізу, жаратылыстану пәндері мазмұнының гуманитарлық аспектілерін енгізу және т.б./.

  • Мазмұнның қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестілігі.

  • Тәжірибе бойынша жұмыс ұзақтығы /нағыз және тілеген жағдайдың қарамақайшылық тапқан кезден бастап, тәжірибе нәтижелілігін анықтағанға дейін/.

  • Тәжірибе ауқымы/жеке педагогикалық жағдай, сабақтар жүйесі, сыныптан тыс жұмыстардың жүйесі, сабақтың бірыңғай жүйесімен- сыныптан тыс жұмыс, дәріс-семинарлық жүйемен, сабақтан тыс жұмыс жүйесімен, тәрбие жүйесін ұйымдастырумен және т.б./.

  • Іс-әрекеттің өзін-өзі бақылау, өзара бақылау, бақылау және ынталандыру тәсілдері.

11. Тәжірибенің нәтижелілігі (білім беру үрдісінің нәтижелілігі, тәжірибенің басқа әдіс-тәсілдерден артықшылығы, жетістіктерге қол жеткізу жағдайы мен тұрақтылығы (кем дегенде 3 жыл).

Әсердің дәрежесін көрсету керек:



  • Оқушылардың тәрбие деңгейіне.

  • Оқушылардың оқу деңгейіне.

  • Оқушылардың тұлға дамуына және т.б.

Тәжірибенің нәтижелілігін белгілі уақыт аралығында қадағалау керек. Нәтижелерді бағалағанда ескеру керек:

  • Тап осы тәжірибені қолданып жүргендердің пікірін.

  • Бұл тәжірибенің басқа оқыту әдістерімен салыстырғанда қандай басымдығы бар.

  • Тәжірибедегі жоғары нәтижеге не арқылы жететіндігін.

  • Бұл нәтижелер қаншалықты тұрақты екендігін.

  • Алынған нәтижелердің оптималдық деңгейін.

Нәтижені бағалай отырып, оларды жұмыстың тап осы жағдайларына сәйкес келетін көрсеткіштермен салыстыру керек.

  1. Жұмыс тәжірибесін баяндауға қосымша.

Қосымшаның мазмұны, қосымшаның көлемі тәжірибенің тақырыбына тәуелді.

Бар болуы мүмкін:



  • Авторлық бағдарламалар, модификацияланған, кірістірілген бағдарламалар, жобалар.

  • Тақырыптық жоспарлау.

  • Сабақтардың конспектілері /сабақтардың жүйесі/.

  • Бейнематериалдар /фотоматериалдар, тәжірибенің компьютерлік презентациялары/.

  • Сабақтардың компьютерлік қамтылуы.

  • Мерекелердің, кештердің және т.б. іс-шаралардың сценарийлері.

  • Рефераттардың, дәрістердің, сөз сөйлеулердің және т.б. мәтіндері.

  • Тәжірибенің нәтижелерін дәлелдейтін материалдар.


Қосымша 8Б

Озық педагогикалық тәжірибені талдап қорытуға құжаттарды қабылдауға жазылатын өтініштің үлгісі

Облыстық Эксперттік Кеңестің

төрағасы

Г.Ш.Қожахметоваға

----------------- Басшының аты-жөні


Өтініш
------------------------------------------ /тақырып/ мәселе бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдап қорыту үшін

Тәжірибе авторының аты-жөні, жұмыс істейтін білім беру ұйымы, лауазымы
материалдарын қарастыруыңызды сұраймыз.
Күні Басшының қолы



Қосымша 8В
Озық педагогикалық тәжірибені талдап қорыту құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар
Электрондық сақтау құралдарына қойылатын талаптар

- автордың толық атауымен бүкіл дисктерді атау керек, білім беру ұйымының атауын, /қала/ ауданды көрсету керек;

- басқа компьютерге дискіні еңгізу кезінде ақпаратты оқу ыңғайлығы үшін барлық құжаттарды А4 форматында ұсыну керек;

- архивтік түрінде құжаттарды ұсынбау керек.

Мәтіндік файлдар үшін шрифт Times New Roman, 14 өлшем, қатарлар аралығы – бір, жолдар: жоғарғы, төменгі- 2см, сол –3см, оң – 1,5см қолдану керек.
Қағаздағы құжаттарға қойылатын талаптар:

Барлық қағаздағы құжаттар бір данада, папкадағы жеке файлдардарға салынып ұсынылады.



  • Қосымша материалдар бір немесе бірнеше байлауы бар папкаларда жинақталады.

  • Мәтінде атауларды қысқартуға рұқсат берілмейді.

  • Барлық парақтар нөмірленуі керек, әрбір парақтың колонтитулында автордың аты-жөні көрсетілуі керек.

  • Тәжірибені тұтас баяндаудың көлемі 20 параққа дейін болу керек, қосымшаның көлемі шектелмейді.



Қосымша 9
Инновациялық педагогикалық жобаны жасау бойынша

ЖАДЫНАМА


Құрылымы

Мазмұны

Сұрақ

Тақырыбы

Жобаның атауы. Жобаның атауында білім беру тәжірибесіндегі проблеманың (немесе проблемалық жағдайдың, қарама – қайшылықтың немесе кездесетін қиын жағдайдың) шешу тәсілінің ықшамды тұжырымдалуы көрсетіледі.


Жоба неге арналады?

Тәжірибедегі өзгерістердің мәні неде?

Нені дамыту көзделіп отыр?

Қандай озық тәжірибе жасайсыз?



Жобаның адрестелуі

Жобаның ықтимал пайдаланушылар ауқымын анықтау

Жоба кімге арналған?

Жоба басшысы

Жоба басшысының Т.А.Ә.

Мекеме қызметін ұйымдастыруға және соңғы нәтижені көрсетуге кім жауапты болып табылады?

Жобаға қатысушылар:

А) белсенді

Б) селқос


Белсенді қатысушылар - жоба қызметін жүзеге асыратын мұғалімдер, балалар, ата-аналар болуы мүмкін

Селқос қатысушылар – балалар, ата-аналар



А)Дамыту кезеңінде жобалардың шығарылуын, орындалуын, орындалатын функциялардың көрсетілуін кім жүзеге асырады?

Б)Жобаны есептеу кімге көзделген?

Жоба кімге арналған?


Қатысушының жасы

Жобаға қатысушының жасы


Жоба неше жастағы оқушыларға арналған?

Жобаның типтік ерекшеліктері

Құрылған өнімнің сипаты бойынша: ақпараттық, шығармашылық, ойын, шытырман оқиғалы және т.б.

Қатысушылар санына байланысты: жеке, жұптық, топтық.

Ұзақтығы бойынша: қысқа, орта, ұзақ мерзімді.

Мазмұнына сәйкес: бала мен оның отбасы, оқушы мен табиғат, оқушылар мен қолдан жасалған әлем, оқушылар, қоғам және мәдени құндылықтар, т.б.



Білім профилі бойынша: монопроект немесе пәнаралық жоба.

Үйлестіру сипаты бойынша: ашық немесе жасырын.

Байланыстар тұрғысынан: қалалық, халықаралық, республикалық, желілік, білім беру ұйымының деңгейіндегі.


Неғұрлым дамыған жоба қандай жобаның түріне жатады?

Жобаның ықтимал ерекшеліктері қандай?



Жобаның мақсаты

Болашақта жоба қорытындысы бойынша балалармен қандай нәтижеге қол жеткізетінімізді ой қорытындысынан өткіземіз.


Болып жатқан мәселені шешу үшін не өзгертілуі керек (білім беру тәжірибесіндегі қиындықтар мен қарама-қайшылықтар)?

Жобаның міндеті

Бірінші мәселелердің себебін жоюға бағытталған іс-шаралар жиынтығын біріктіру.

Екінші мәселелердің себебін жоюға бағытталған іс-шаралар жиынтығын біріктіру.

Үшінші мәселелердің себебін жоюға бағытталған іс-шаралар жиынтығын біріктіру.


Күтілетін нәтижені

алу үшін, мақсатқа жету үшін, мәселені шешу үшін қандай қадамдар жасау керек?

Туындаған мәселенің себебін қалай шешу керек?

(Жоба құрастырушылардың ықпалымен тапсырмалардың саны себептердің санымен анықталады)



Жоба ресурстары

Аудио, видео, компьютер, тірек карталар, атластар, технологиялар және т.б.

Мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Жобаны жүзеге асыруда қандай ресурстар қажет?

Табысты жобаның жүзеге асырылуында қандай материалды-технологиялық, оқу-әдістемелік, кадрлық және басқа да қамтылулар қажет?



Жобаны қаржыландыру

Қаржылық шығындар мен материалдық шығындарды кім және қандай түрде немесе көлемде қамтиды.

Жобаны қаржыландыратын жағы, қызығушылығы артқан жақтан қосымша қаржыландыру талап еткенде қаржыландырылады?

Күтілетін өнім


Педагогтың әдістемелік өнімдері: әдістемелік нұсқаулар, мақалалар, оқытудың сценарийлері, дидактикалық әзірлемелер, авторлық құралдар және т.б.

Оқушылардың әдістемелік өнімдері: есептер жинағын жарыққа шығару, презентациялар, сөздіктер, бейнероликтер, сценарийлер, бағдарламалар, іс-шаралар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар, коллекциялар, ертегілер жазылған мәтіндер, жұмыс дәптерлері және т.б.



Басқа қатысушылардың әдістемелік өнімдері: газетке жариялау, костюмдер дайындау, видеофильмдер жарыққа шығару, фотоальбомдар дайындау және т.б.

Педагогтармен, оқушылармен, ата-аналармен, басқа да қатысушылармен жобалық әдістемелердің жоба тапсырмасын шешуде не құрылады?

Жобаның мазмұны

Жобаның мазмұнын ашуда жобаның түсіндірме хатынан хабардар болу керек. Оның компоненттерінің толығырақ ашылуын, ең бастысы технологиялық ашылуы.

Жобаның мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын технологиялардың сипаттамасын қамту керек.

Балалармен, педагогтармен, ата-аналармен, қоғаммен жүйелі түрде көрсетілуі мүмкін қарым-қатынастар қысқаша түрде сипатталады.

Жобалық қызмет кезеңін сипаттауға бөлінген функциялар және субьективті- әдістемелік мазмұнын жобаға белсенді қатысушылар толық қажеттілікте көрсетуі керек.

Жобаның әрбір кезеңінде міндеттер мен кезеңдер мерзімі анықталады.


Жобаның орындауында қандай механизм қолданылады?


Қосымша 10
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының редакциялық-басылымдық бөліміне қабылданатын материалдарға қойылатын талаптар

  1. Күрделілігі:

  • электрондық нұсқасы (CD-R дискіде Word 2003 бағдарламасымен);

  • қағаз нұсқасы (бастапқы мәтін негізгі беттен, суретпен сипаттаудан, кестемен, нұсқамен және т.б.);

  • сын пікір (сыртқы және ішкі).

  1. Мәтіндік түпнұсқаға қойылатын талаптар:

  • түпнұсқа мәтінінің азатжолы - 1см-ден аспауы керек. Әрбір бет

ендік стандартта тегістелуі тиіс.

  • гарнитурасы КZ Times New Roman, Times New Roman; шрифт көлемі 14-кегльдік көрсеткіш; жоларалық интервалы біржарым (1,5); мәтіннің астынан, үстінен, оң жағынан, сол жағынан 2 см қалуы керек;

  • пайдаланылған әдебиеттен алынған ой-пікірге сілтеме мәтін ішінде [ ] тік жақшада көрсетілуі қажет;

  • негізгі мәтінде беттердің нөмері көрсетіледі (мәтіннің бірінші беті үшінші бет деп нөмірленеді);

  • аннотация (қазақ және орыс тілдерінде, қажетті жағдайда ағылшын тілінде).

  1. Сыртқы титулдық бетке қойылатын талаптар:

  • мекеме атауы (ені түзетіліп, азат жолдың оң жағынан да, сол жағынан да

2 см қалдырылуы тиіс);

  • автордың (авторлардың) немесе құрастырушының (құрастырушылардың) аты-жөні, тегі және лауазымы (мамандығы);

  • материалдың атауы;

  • басылым түрі ( әдістемелік құрал, альбом, нұсқаулар, жоспарлау үлгілері және т.б.).

  1. Иллюстрациялар немесе фотосуреттер:

- Нақты ақ-қара немесе айқын түрлі-түсті бейнеленуде ұсынылуы қажет.

  1. Графиктер, суреттер, сызбалар:

Орналасу тәртібі - ортасында, суреттің астындағы және үстіндегі жазбалардың шрифт өлшемі КZ Times New Roman, Times New Roman, 10-кегльдік көрсеткіш.

Ескерту! Сызбалар мен суреттер азат жолдан аспауы тиіс.


Қосымша 10А
Әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтарды безендіруге қойылатын талаптар


  1. Басылымды безендіруге қойылатын талаптар:

  • Жоғарғы жағынан екі тілде шығарушы мекеменің (Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы) (шрифт-TimesNewRoman; өлшемі – 14 кегльмен) атауы толық жазылады.

  • Ортасына 16 шрифті пайдаланып автордың фамилиясы, аты, әкесінің аты және

әдістемелік құралдың атауы жазылады.

  • Құралдың атауынан кейін жақша ішіне кім үшін, білім жүйесінің қандай қызметкерлерінің қай категориясына арналатынын көрсету қажет.

  • Төменгі жағына қала немесе ауыл мекенінің атауы мен шыққан жылы көрсетіледі.

  1. Сыртқы беті (мұқабаның екінші беті): басылымда жазылғандар одан 14 кегльмен осы бетке де көшіріледі.

  2. Сыртқы беттің ішкі жағы (мұқабаның үшінші беті):

  • Жоғарғы жағына: Облыстық Эксперттік Кеңеспен ұсынылады.

- Авторы немесе құрастырушылары.

- Пікір жазушылар.

- Аннотация.

- Кітап басылымының (ISBN) нөмірі болған жағдайда © авторлық белгі қойылады.

4. Мұқабаның төртінші бетінде:

- Бас редактор, редактор, техникалық редакторы, корректор, компьютерлік теру (жұмыс түріне байланысты) және беттеу немесе компьютерлік өңдеу.

5. Тираж форматы мен типография жөнінде мәлімет жазылады.

6. Төлем құны әдістемелік өнімді редакциялық-басылымдық бөлімінде тіркелу кезеңінде жүргізіледі:

- шығын сметасын жасау;

- әдістемелік құралдардың төлем құны смета бойынша «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік» КМҚК орталығы бухгалтериясында жүргізіледі.




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау