Осы саннан оқитындарыңыз: Әкелер мен балалар: кәсіби



жүктеу 457,18 Kb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата20.05.2018
өлшемі457,18 Kb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өмірде ең БАстысы

ОтБАсы мен жұмыс 

Эдуард  Валентинович  Шишов  –құрылысшылар  әулетінен.  Әкесіне  қарап  өскен  ол  бірінші  сыныпта  жүріп-ақ 

мамандығын  таңдап  қойған.  Эдуард  Валентинович    «БАЗИСке»  компания  құрылғаннан  кейін  бір  жылдан  соң 

(1992 жылы) бесінші дәрежелі монтажшы болып келді. Бүгінде ол Астанада ғимараттардың қасбеттерін жасаумен 

айналысатын «Фасад ЕХРО» және «Cominvest Group» компанияларын басқарады. 2014 жылы Эдуард Валентинович 

«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атағымен марапатталды.

Бала кезден ұнататын мамандық

– Эдуард Валентинович, балалық шағыңыз 

туралы  айтып  берсеңіз.  қайда  тудыңыз,  бала-

лық шағыңыз қалай өтті? 

–  Мен  Ресей  Федерацисында,  Сахалин 

аралында  дүниеге  келдім.  Әке-шешем  сонда 

жүріп танысқан екен – әкем әскерде мерзімнен 

тыс  қызмет  атқаруға  барған.  Мен  үш  жасқа 

толғанымда    отбасымыз  Алматыға  көшіп 

келген. Балалық шағым бақытты өтті. Жақсы 

оқыдым. Спортпен – қазіргі заманғы бессай-

ыспен (ат, жүгіру, ату, жүзу және семсерлесу) 

айналыстым.  Энергоқұрылыс  техникумын 

«Өндірістік  азаматтық  құрылыс  (ӨАҚ)»  ма-

мандығы  бойынша  бітірдім,  кейін  Түркмен-

станда – Мары, Кушкада әскерде қызмет еттім. 

Бұл аймақтарда күн ыстық — + 50 градус. 



– Отбасыңыз жайында айтып берсеңіз. 

– Отбасымыз — үлкен – төрт ұл, бір қызым 

бар. Әйелімнің есімі — Евгения, ол — эконо-

мист,  «БАЗИС»  компаниясында  экономика 

бөлімінің бастығы болып істеген. Егіздеріміз 

дүниеге  келгелі  бері  балаларды  оқыту  мен 

ошақ қасы жайын өзі атқарып келеді.  

Үлкен  ұлымыз  –  Валентин,  27-де.  Үй-

ленген,  қыздары  бар.  Екінші  ұлым  –  Вадим 

– 21-де. Ол да отбасылы, ұлдары өсіп келеді. 

Сондықтан,  мен  ата  болып  отырмын.  Үшін-

ші ұлым – Андрейдің жасы 12-де, егіздеріміз 

– Олег пен Анастасия 10-да. Олар экономика-

лық лицейде оқып жатыр. Қайсыбір замандар-

дағыша айтқанда – оқу озаттары, белсенділер 

және пионерлер. 



–  Керемет!  Эдуард  Валентинович,  неліктен 

құрылыс саласын таңдадыңыз?

– Бірінші сыныпта менің алғашқы ұстазым 

Мария  Дмитриевна  «Өскенде  кім  боласың?» 

деген сауалнама жүргізді. Барлығы ғарышкер, 

ұшқыш, дәрігер болуды армандайтын. Ал, мен 

болсам:  «Құрылысшы  боламын»  деп  жауап 

бердім.  «Неге?»  деген  сауалға    «Менің  әкем 

— құрылысшы! Менің де сол секілді болғым 

келеді!» деген жауап қайтардым.

Сенімді қорғаның – табыс кепілі 

– Өз кәсібіңіз туралы айтсаңыз. Оның ең қы-

зықты және ең ауыр тұсы қайсы? 

– Кәсібім туралы айту деген сөз – ол өзім 

басқарып  отырған    «Фасад  ЕХРО»  және 

«Cominvest  Group»  компанияларының  атқа-

ратын  жұмыстары  жайында  айту  деген  сөз. 

Біздің компанияларымыз қасбеттерді түрлі ма-

териалдармен – табиғи тастармен (гранит, тра-

вертин  және  т.б.),  композиттік  материалдар-

мен,  алюминиймен,  қабырға  панельдерімен 

қаптайды. Олар «Cominvest Group» компани-

ясында  зауыт  жағдайларында  әзірленеді,  ал 

«Фасад  ЕХРО»  жұмысшылары  оларды  ғи-

мараттардың  сыртын  безендіреді.  Сондай-ақ, 

біздің  компанияларымыз  шатырларды  жабу 

жұмыстарын да атқарады. 

Біздің  міндетіміз  –  ғимаратты  тек  қасбет 

жағынан  ғана  емес,  сонымен  қатар,  жоғарғы 

жағынан да бекіту және қорғау. 

Біздің жұмысымыздағы ең қиыны жылдың 

кез-келген  мезгілінде  ауа  райына  қарамастан 

(аптап,  жаңбыр,  қар,  аяз)  биіктікте  жұмыс 

істеу  (ағаштарда,  бесіктерде).  Алайда,  ең  ба-

стысы, жұмысшыларымыз қашанда алдарына 

қойылған міндеттерді орындап шығады. 

Біздің  кәсібіміздің  ең  қызықты  әрі 

жағымды сәті – нәтижені өз көзіңмен көру 

– бірден қазіргі заманғы қаланың архитек-

туралық  шедевріне  айналып  шыға  келетін 

әдемі, тамаша ғимараттар және қаламыздың 

тұрғындары  мен  қонақтарының  «БАЗИС» 

компаниясы салған ғимараттарға сүйсінген 

пікірлерін  есту.  Мұндай  сәттерде  барлық 

қиындықтарды  ұмытасың,  кеудеңді  мақта-

ныш кернейді! 



– Кезекті нысанды тапсырып жатқанда қан-

дай сезімді бастан кешесіз? 

– Қанағаттану. Себебі, бұл деген қаламы-

зға,  астанамыздың  тұрғындары  мен  қонақта-

рына жасалған тағы бір тарту емес пе.



– қарамағыңызда неше адам бар? Олармен 

қалай тіл табысасыз? 

–  «Фасад  ЕХРО»  ЖШС  400  адам  жұ-

мыс істейді, «Cominvest Group» ЖШС – 120 

адам. Жұмыс күнінің басым бөлігін құрылыс 

алаңында өткіземін, сондықтан, бір-бірімізбен 

оңай тіл табысамыз. 



– жаңа жасампаз істер мен бастамалар үшін 

күш-жігерді қайдан аласыз? 

–  Біріншіден,  маған  қашанда  жаңа  іс 

бастаған, ойға алған мақсатты орындап, нәти-

жені көрген ұнайды. 

Екіншіден, «БАЗИС» компаниясының ны-

сандары  қашанда  алға  қойылған  міндеттерді 

іске асыру үшін тың шешімдер іздеуді талап 

ететін қызықты және қайталанбас жобалар.

Үшіншіден, менің тірегім бар, ол — отба-

сым. 


– құрылыс алаңына барлығы бірдей болып 

келеді.  Алайда,  біреулер  мансап  сатысымен 

жоғарылай алады да, ал, екіншілер бір орында 

«қалып қояды». сіздің пікіріңізше, бұл неге бай-

ланысты? 

– Құрылыста кез-келген өзге салалардағы 

секілді барлығы бірдей генерал бола бермей-

ді. Бұл жерде көптеген факторлар себеп болуы 

мүмкін, олар – мінез, кәсіби және ұйымдасты-

рушылық қабілет және әлбетте, аздап сәттілік 

те серік болуы қажет. 

Ғимаратты жалғыз адамның салуы 

мүмкін емес

– сіз «қазақстанның құрметті құрылысшы-

сысыз». сіз үшін бұл атақтың орны қандай? 

–  Мен  үшін  «Қазақстанның  құрметті 

құрылысшысы» атағы – өзім бүкіл өмірімді ар-

наған кәсібіме деген мақтаныш. «Қазақстанның 

құрметті құрылысшысы» атағы – бұл тек менің 

ғана марапатым емес. Бұл сондай-ақ, «БАЗИС» 

компаниясының  барлық  қызметкерінің  және 

бірінші  кезекте  басшылығымыздың  марапа-

ты.  Менің  кіші  ұлым  айтқандай  «Ғимаратты 

жалғыз адамның салуы мүмкін емес!».



– Эдуард Валентинович, жұмыс тәжірибеңіз 

үлкен. Шәкірттеріңіз де аз емес шығар? 

– Әр адам өмір бойы білім жинайды да оны 

келер ұрпаққа беріп отырады деп ойлаймын. 

Кезінде  мен  де  әкемнен  үйрендім.  Ол  «БА-

ЗИС»  компаниясы  құрылған  күннен  бастап 

участок бастығы болып істеді. Әкем жақында 

ғана құрметті демалысқа шықты. Үлкен ұлым 

Шишовтар  династиясын  жалғастыруда,  ком-

панияда прораб болып еңбек етуде. 

–  Хоббиіңіз  бар  ма?  жұмыстан  өзге  немен 

әуестенесіз? 

–  Менің  жалғыз  хоббиім  –  балық  аулау. 

Жылдың кез-келген мезгілінде жұмыстан бос 

уақытта  итімді  алып  балық  аулауға  кетемін. 

Бұдан  өзге  қызығушылықтарым  –  аквариум, 

отбасы болып табиғат аясына шығу, кинотеа-

трға бару. 

– сіз үшін өмірдегі басты нәрсе не? 

Отбасы, жақындарымның денсаулығы мен 

сүйікті жұмысым. 

BN анықтамасы: 

Эдуард  Валентинович  Шишов  «БА-

ЗИС»  компаниясында  1992  жылдың  1 

қыркүйегінен бері еңбек етеді.

–  1992  –  1993  –  5-ші  дәрежелі  мон-

тажшы, Алматы;

– 1993 – 1996 – монтаждау участогы-

ның прорабы, Алматы;

– 1995 – 2001 – Қазақ бас архитекту-

ралық-құрылыс академиясында ӨАҚ ма-

мандығы  бойынша  жоғары  білім  алды. 

Мамандығы – инженер-құрылысшы;

– 1996 – 1998 – монтаждау участогы-

ның прорабы, Алматы мен Астанада. 

Жаңа астананы салуға Астанаға ісса-

парға  жіберіліп,  кейін  Астанаға  көшуді 

ұйғарды. 

–  1998  –  2001  –директордың  әр-

леу  жұмыстары  бойынша  орынбасары, 

Астана;


–  2001  –  2006  –  участок  бастығы, 

Астанада;

Қазір Астанада «Фасад ЕХРО» және 

«Cominvest  Group»  директоры.  Эдуард 

Валентинович  өте  жауапты  адам  және 

білгір  басшы.  Ол  барлық  жұмысты  са-

палы және жоғары деңгейде орындайды. 

9

BAZIS NEWS №11/ 01.11.2015



8

ҚАЗАҚСТАННың ҚұРМЕТТі ҚұРылыСШыСы




жүктеу 457,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау